Операциялық жүйелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 19:19, лекция

Описание работы

Операциялық жүйелер пәнін оқытудың мақсаты ЭЕМ жүйелері мен желілерінің жұмыс режимдерін, үрдістерін басқару әдістері мен жабдықтарын, ақпаратты енгізу-шығаруды, файлдық жүйелерді, басқару режимдерін, сонымен қатар файлдарды ұйымдастыру және қорғау тәсілдерін, жадыны үлестіру және қорғау әдістерін, көппроцессорлы жүйелер мен желілерді басқару жабдықтарын оқып-үйренуді көздейді.

Файлы: 1 файл

лекции по ОС каз для ЦДО.docx

— 534.65 Кб (Скачать файл)

Қатынас құру мүмкіндігі субъектінің ерігіне тәуелді емес. Мұндай басқару субъектінің және объектінің қауіпсіздік тамғаларын салыстыру негізінде жүргізіледі.

Егер субъектінің құпиялылық деңгейі объектінің құпиялылық деңгейінен кем болмаса, ал объектінің қауіпсіздік тамғасында көрсетілген барлық санаттар субъектінің тамғасында болса (яғни, осындай екі шарт орындалса), онда субъект объектіден кез келген ақпаратты оқи алады. Мысалы, «өте құпия» субъект «өте құпия» және «құпия» файлдарын оқи алады. Бұл жағдайда «субъектінің қауіпсіздік тамғасы объектінің қауіпсіздік тамғасынан басым» деп атайды.

Қатынас құруға рұқсат етілмеген арналарды ақпараттың түрін өзгертуге, ақпаратты жоғалтуға және сыртқа келтіруге бағытталған әсерлерден сенімді түрде сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты бөгеттердің біріңғай жүйесін құру. Жүйе жұмысын қалыпты режимде көзделмеген осындай оқиғалардың біреуінің пайда болуы рұқсат етілмеген қатынас құру деп саналады.

   

 

ТАҚЫРЫП 9. ФАЙЛДЫҚ ЖҮЙЕ

 

Мақсаты: Файлдық  жүйенің  негізгі  компоненттерімен  және негізгі функцияларымен таныстыру.

Кілттік сөздер: файлдық жүйе, каталог, дескрипторлар.

 

Дәріс жоспары (1 сағат)

  1. Файлдык жүйенің негізгі функциялары.
  2. Файлдық жүйенің компоненттері (құрауыштары)

Әдебиеттер:2, 3, 6, 7, 8, 9

 

Файл – атау берілген кез келген ұзындықты байттар тізбегі. Файлға ат беріп, дискіде сақтауды ұйымдастыру операциялық жүйенің мүмкіндігіне байланысты.Дискіні форматтау кезінде ол сақиналық жолдардан тұратын бөліктерге, ал әр жол өлшемі 512 байттан тұратын секторларға бөлініп қойылады. Сектор – берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлік өлшемі. Әдетте ол файлдың толық атын сақтауға кішілік етеді. MS DOS, Windows ОЖ-лері үшін кластер деп аталатын қатар орналасқан бірнеше секторлар тобын пайдаланады, ал кластердің өлшемі винчестер көлеміне байланысты анықталады. ОЖ қуатына байланысты, кластерлер үшін бөлінетін орын – 8, 16, 32 не 64 сектор. Дискіде файлдың қай кластерден бастап жазылатыны FAT деп аталатын арнайы кестеде белгіленеді, оны файлдарды орналастыру кестесі деп атайды. MS DOS, Windows 95 жүйелерінде осы кестеде пайдаланатыны – 16 разрядтық өрістер. Өрістерге 216=65536 жазбаларды сыйдыруға болатындықтан, мұндай файлдық жүйе FAT16 деп аталады. Ол көп дегенде 2 Гбайт көлемді винчестермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кездің Windows 98, Windows 2000, XP сияқты операциялық жүйелері файлдарды орналастыратын 32 разрядтық өрістермен жұмыс істей алады. Мұндай файлдық жүйелерге FAT32 атауы берілген.

Кез келген ОЖ үшін файлдық жүйенің орындайтын іс-әрекеттері:

    • файл құру және оған ат беру;
    • каталог (бума) құру және оған ат беру;
    • файлдарды бір дискідегі каталогтардың бірінен екіншісіне не бір дискіден екіншісіне көшіру, іздеу;
    • файлды не каталогты жою;
    • автоматты түрде файлдың көшірмесін сақтап қою және т.б.

Бұрынғы жүйелерде  файл атауы үшін, кеңейтілуі қосылғанда, ең көбі 11 символдан тұратын тізбек алынатын. Windows 95- те ол үшін 255-ке дейінгі  символдар тізбегін алу жоспарланған. Ол атаулары бойынша түрлі файлдарды  бір-бірінен тез ажыратып, мазмұндарын  бірден білуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Файл атауында пайдалануға болмайтын  символдар да бар. Олар тоғыз:

* (жұлдызша)

/ (оң көлбеу сызық)

\ (сол көлбеу сызық)

: (қос нүкте)

| (тік сызық)

< (кіші белгісі)

> (үлкен белгісі)

? (сұрақ белгісі)

“ (тырнақша)


 

ОЖ – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын бағдарлама немесе біріктірілген бағдарламалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару бағдарламалары утилиттер – жұмысты жеңілдететін бағдарламалар және тағы басқалар кіреді.

ОЖ дербес компьютердің аппаратурасының жалғасы сияқты, ол атқаратын істерді мынадай үш топқа жіктеуге болады:

  1. мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;
  2. ЭЕМ-нің сыртқы ортамен байланыстыру;
  3. мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.

Компьютерлердің әртүрлі модельдерінде қолданылатын ОЖ-лердің мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОЖ түрлеріне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер – Windows бағдарламалары жатады.

 

 

10 ТАҚЫРЫП. ФАЙЛДЫҚ ЖҮЙЕ

 

Мақсаты:Файлды ұйымдастыру тәсілдері, файлға қол жеткізу құқықтары, оларды қорғау мүмкіндіктері туралы мәлімет беру.

Кілттік сөздер: файл, менеджер, қорғау, сақтау, дискіні кэширлеу.

 

 Дәріс жоспары (1 сағат)

  1. Файлдарды ұйымдастыру тәсілдері.
  2. Файлдық жүйенің менеджері.
  3. Файлдарды корғау мен сақтау.

Әдебиеттер: 2, 3, 6, 7, 8

 

Файлдарды ұйымдастыру тәсілдері

Қазіргі кездегі барлық дискілік операциялық  жүйелер файлдық жүйенің құрылуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе деректерді дискіге сақтау үшін және оларға қатынауды  қамтамасыз етуге арналған. Файлдық  жүйені ұйымдастырудың принципі - кестелік болып келеді. Қатты диск кеңістігі үш өлшемді матрица сияқты қарастырылады. Оның өлшемдері болып кеңістіктің, цилиндрдің және сектордың нөмірлері табылады. Цилиндрге әртүрлі кеңістіктерге жататын және айналу осінен бірдей қашықтықта орналасқан барлық жолдардың жиынтығы жатады. Қажетті немесе басқа файл дискінің қай жеріне жазылғаны туралы мәліметтер дискінің жүйелік аймағында сақталады.  Қызметші деректердің пішімі нақты файлдық жүйемен анықталады. Файлдық жүйе дегеніміз белгілі бір атпен аталған мәліметтер мен бағдарламалар жиыны.  Қызметші мәліметтердің тұтастығын бұзу дискіде жазылған деректерді қолдану мүмкіндігінен айырады. Сондықтан жүйелік аймаққа сенімділік бойынша өзгеше талаптар қойылады. Осы деректердің тұтастығы, қайшылықтары және сенімділігі үнемі операциялық жүйе құралдарымен бақыланып отырады.

Деректерді сақтаудың ең кіші физикалық  бірлігі сектор болып табы-лады. Сектордық өлшемі 512 байтқа тең. Теориялық  тұрғыдан әрбір сектор үшін өзіндік  адрестелу мүмкіндігі бар. Файлдық  жүйені ұйымдастыру үшін деректердің  үлкен бөлігі деп аталатын кластер  қолданылады, ол бірнеше сектордан  құралады. Кластер 4 сектордан құралған (2048 байт). Бірақ үлкен көлемді  дискілер үшін бұл қолайлы емес, ал кейбір файлдық жүйелер үшін тіпті  мүмкін емес.

MS-DOS, OS/2, Windows 95 және тағы да басқа  операциялық жүйелер 16-разрядты  өрістен тұратын файлдар орналасатын  кестелер (FAT-кестелер) негізіндегі  файлдық жүйені қолданады. Мұндай файлдық жүйе FAT16 деп аталады. Ол FAT-кестелерге деректерді сақтау бірліктерінің тұрған орын-дары туралы 65 536 жазбаны (216) орналастыруға мүмкіндік береді. 1-ден 2 Гбайтқа дейінгі көлемдегі дискілер үшін  кластердің ұзындығы 32 Кбайтты (64 сектор) құрайды. Бұл жұмыс кеңістігі толық шығындалды деген сөз емес,  өйткені кез келген файл (тіпті өте кішкентай) бүкіл кластерді басып алады. Ал кластерге файлдарды орналастыру кестесіндегі тек бір адрестік жазба сәйкес келеді. Тіпті файл өте үлкен, әрі бірнеше кластерде орналасса, бәрібір оның соңында тұтас кластерді аздап шығындайтын қандай да бір қалдық пайда болады.

Көлемі 2 Гбайтқа жуық қатты дискілер үшін осы файлдық жүйенің тиімсіздігімен байланысты шығындар өте маңызды, әрі  сақталынатын файлдардың орташа өлшемінен  тәуелді дискінің бүкіл көлемінің 25%-тен 40%-ке дейінгі орнын құруы  мүмкін. Өлшемі 2 Гбайттан артық дискілермен FAT16 файлдық жүйесі мүлдем жұмыс  істемейді.

Windows 98-ден бастап Windows-тың басқа  да ОЖ-рі (Windows 98, Windows Me, Windows 2000, Windows XP) FAT-кестелері негізіндегі файлдық  жүйенің жаңа версиясын қолдайды. Ол файлдарды орналастыру кестесіндегі 32-разрядты өрісті FAT32 файлдық жүйесі. 8 Гбайтқа дейінгі көлемдегі дискілер  үшін бұл жүйе 4 Кбайт (8 сектор) өлшеміндегі кластерді қамтамасыз  етеді. 

Windows NT және Windows XP операциялық жүйелері  басқа файлдық жүйені - NTFS қолдайды. Онда файлдардың сақталуы басқаша  ұйымдасқан, қызметші ақпарат файлдардың  Бас кестесінде (MFT) cақталады. NTFS жүйесінде  кластер өлшемі диск өлшеміне  тәуелді емес және FAT32-ге қарағанда  потенциалды,  үлкен көлемді дискілер  үшін бұл жүйе тиімді жұмыс  атқарады. Алайда қазіргі компьютерлердің  типтік сипаттамаларының есебімен  алып қарасақ, FAT32 және NTFS-тің тиімділігін  қазіргі кезде бірдей деп айтуға  болады. 

Файлдар мен қапшықтар деген  не?

Дискілердегі (қатқыл дискілердегі, дискеттердегі, магниттік оптикалық дискілердегі, компьютерлік жинақы дискілердегі және т.б.) ақпарат файлдарда сақталады. Файл – бұл дискідегі немесе басқа  ақпарат тасуыштағы атау берілген аймақ. Файлдарда бағдарламалардың мәтіні, бағдарламаны орындауға дайын құжаттар және кез келген басқа мәліметтер сақталады.

Windows-та тапсырмалардың көпшілігін  орындауда файлдармен және қапшықтармен  жұмыс істеуді қамтиды. Компьютерде  файлдарды сақтау жүйесі ретінде  Windows, картотеканың мазмұны сақталынатын  қағаз қапшыққа ұқсас, қапшықтың  құрылымын пайдаланады. 

Файл

Бағдарлама  сияқты сондай атау берілген мәліметтер жинағы, бағдарлама пайдаланатын мәліметтер жинағы немесе пайдаланушы дайындаған құжат. Файл мәліметтердің бір жинағын  екіншісінен ажыратуға  компьютерге  мүмкіндік беретін сақтаудың  негізгі бірлігі болып саналады. Файлға жинақталған  мәліметтерді пайдаланушы  шығарып оқи алады, өзгерте алады, аластай алады, сақтай алады немесе принтер сияқты немесе электрондық  пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғыларына  жөнелте алады.  

Қапшық

Пайдаланушының  графикалық интерфейстеріндегі бағдарламалар  мен файлдарға арналған, кеңсе  қапшығының түріндей таңбаша көмегімен  экранда бейнеленетін,  контейнер. Қапшықтар дискідегі бағдарламалар  мен құжаттарды ретке келтіру  үшін пайдаланылады және файлды да, сондай ақ басқа қапшықтарды да қамти  алады.

Қапшықтарда типтері әр түрлі  файлдар – құжаттар, музыкалық  клиптер, кескіндер, бейнелер, бағдарламалар  және б. болады. Жаңа қапшықтар дайындауға және оларға басқа орындардан –  басқа қапшықтардан, басқа компьютерлерден  немесе Интернеттен файлдарды көшірмелеуге немесе орын ауыстыруға болады. Қапшықтардың ішінде қапшықтар дайындауға болады.  

Мысалы, егерде файлдарды  дайындау мен сақтау үшін «Менің құжаттарым»  қапшығы пайдаланылса, онда осы файлдарды  орналастыру үшін осы қапшықтың  ішінде жаңа қапшық дайындауға болады. Егерде жаңа қапшықты басқа орынға ауыстыру қажет болса, онда оны еш қиындықсыз ішіндегілермен бірге мауспен  жаңа орынға тасымалдауға болады. 

Жарлық

Компьютерде немесе желіде қатынауға болатын  бағдарлама, файл, қапшық, диск, веб-бет, принтер немесе басқа компьютер  сияқты кез келген элементке сілтеме. Жарлықты жұмыс үстелі, Іске қосу менюі  сияқты әр түрлі аймақтарға немесе нақты қапшықтарға орналастыруға  болады.

Файлдардың  атауы

Операциялық жүйе немесе басқа бағдарламалар  файлға қатынай алу үшін файлдардардың  белгілері бар болуы тиіс. Бұл  белгіні әдетте файлдың атауы деп атайды.

Windows XP операциялық  жұйесінде файлдарды белгілеу  екі бөліктен тұрады: атау мен  кеңеюден. Жиірек атауы мен кеңеюді  бірге файлдың атауы деп атайды. Бұл ешқандай шатастыруды тудырмайды. Файлдың атауында 1-ден 254-ке дейін  символдар бола алады. Мысалы,

command.com

paper.doc

autoexec.bat

Файлдардың атауларында  келесі символдарды пайдалануға  болады:

    1. Атау мен кеңею бас және жолдық латын әріптерінен, цифр мн символдардан тұра алады - _ $ # & @ ! % ( ) { } ' ' ~ - тіптен файлдың атауы бірден артық нүктелерден тұра алады.
    2. Бос аралықтар
    3. Символдар +,; = []
    4. 127-ден артық тамғалары бар барлық символдар, жекелей алғанда, орысша әріптер.

Сонымен, файлдардың ұзын атауларында  басқарушылар деп аталатындардан (31-ге дейінті тамғалары бар) және \  / : * ? " < > ! символдардан басқа барлық символдарды пайдалануға болады.

Бұл файлдар мен каталогтарға көрнекті жіне түсінікті атауларды  телуге мүмкіндік береді. Мысалы, өнімдердің бағалары туралы Астанаға жіберілетін  хаттың файлын былай атауға балады:  Өнімдердің бағалары туралы Астанаға хат. Осы атауға файлды дайындаған бағдарламаға сәйкес келетін кеңеюді үстемелеу  тілегі болады, мысалы Microsoft Word үшін  .DOC — бұл файлмен жұмыс істеуді  жеңілдетеді. Сонымен, файлдың атауы: Өнімдердің бағалары туралы Астанаға хат.doc.

Файлдардың  ұзын атауларында символдар регистрі (яғни бас және жол әріптерінің  арасындағы айырымы) сақталады —  бұл файлдардың атауының жеңіл оқылуын  қамтамасыз етуге мұмкіндік береді. Алайда бір каталогта (төмендегіге  қараңдар)  тек әріптер регистрімен  ерекшеленетін атауы бар файлдар  рұқсат етілмейді. Мысалы, бір каталогта  Өнімдердің бағалары туралы Астанаға хат.doc файлы және ӨНІМДЕРДІҢ БАҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ АСТАНАҒА ХАТ. DОС файлы болмайды.

Информация о работе Операциялық жүйелер