Мазмұны
1. |
Кіріспе……………………………………………………………….. |
2 |
2. |
Негізгі бөлім.......................................................................................... |
3 |
2.1 |
ЖШС «Mercur Custom» туралы
мәлімет........................................ |
3 |
2.2 |
Интернет және сайт
жайлы жалпы түсінік |
5 |
2.3 |
РНР және даму тарихы |
|
2.4 |
HTML негiздерi |
|
2.5 |
Php және MYSQL |
|
3. |
Қорытынды..................................................................................... |
|
4. |
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі................................................... |
|
КІРІСПЕ
Мен Ермагамбетова Жанар, Алматы
Технологиялық Университетінің «Инжиниринг
және Ақпараттық Технологиялар» факультетінің
«Есептеу техникасы және бағдарламамен
қамтамасыз ету» мамандығының 4-курс студенті
20 қаңтар мен 2 наурыз аралығында «Mercur
Custom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде
диплом алды тәжірибеден өттім.
Диплом алды тәжірибеден өту
болашақ білікті маманның маңызды
дайындық кезеңі және университет қабырғасында
алған теориялық білімдерін өндірісте
бекітетін процес болып табылады. Диплом
алды өндірістік тәжірибе – программисттің
дербес өндірістік қызметке дайындығын
аяқтайтын кезең.
Менің тәжірибемнің міндеттері:
мамандық бойынша кәсіби білімімді жетілдіру
және жүйелеу, тәжірибе орнында берілген
тапсырмаларды мұқият, ұқыпты және дер
кезінде орындау, компанияның ұйымдық
құрылымын толық меңгеру және менің дипломдық
жұмысымның тақырыбы «Фотосалонның веб-сайтын
құру» бойынша материалдар жинап, сол
бойынша веб-сайт құру.
Диплом алды тәжірибеден өту
барысында ЖШС «Mercur Custom» компаниясының
ұжымымен және ішкі тәртібімен танысып,
жұмыстың орындалу барысын байқадым.
2 Негізгі бөлім
2.1 ЖШС «Mercur Custom» туралы
мәлімет
«Mercur Custom» ЖШС-і - 2000 жылы
құрылған, енді дамып келе жатқан жас ұжым
болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметтің
барлық, яғни кедендік рәсімдеу, жүктерді
сақтау, тасымалдау және сақтандыру салаларында
қызмет атқарады. Кеден лицензиясына ие
бола отырып, кедендік қызметтердің толық
жиынтығын ұсынады:
- Экспортты-импортты және транзитті
операциялар барысында жүктерді өңдеу;
- Мекеме қоймасының лицензиясымен
уақытша сақтау және кедендік қойма жүктердің
қысқа мерзімге, сонымен ұзақ мерзімге
де жауапты сақталуын қамтамасыз етеді;
- Жолаушылар және жүктер тасымалдау
құқығының лицензиясымен жүктерді автомобилді транспортпен тасымалдауды ұйымдастырады;
«Mercur Custom» ЖШС-і – әр клиентке
жеке ықпал етеді, мейлі ол ірі халықаралық
корпорация болсын, мейлі шағын кәсіпорын
болсада. Ол тек жүктерді тасымалдап қана
қоймай сапалы сервисті қамтамасыз етеді.
Нақты жағдайға байланысты, тапсырыс берушінің
қажеттілігіне сәйкесінше дайын логистикалық
сұлбалар бойынша немесе қажет жағдайда
қойылған талаптарға жауап беретін жаңа
сұлбаларды дайындайды. Компанияның басты
артықшылығы – он жылдан аса еңбек өтілі
бар және үнемі құбылмалы халықаралық және ішкі рыноктағы
жүк тасымалдау және логистикалық қызмет
саласына жақсы бейімделген қызметкерлердің
профессионалдығы.
Кеден қоймасы - кеден ақысы
салығы алынбайтын және тауарларға сақтау
кезеңiнде экономикалық саясат шаралары
(рұқсат беру, квота) қолданылмайтын акциздiк
(жанама салықсыз), әкелiнген тауарлар
кеден бақылауында болатын кеден тәртібі.
Кеден қоймасы тәртiбiне сәйкес тауарларды
сақтауға арналған, соған арнайы бөлiнiп,
жарақтандырылған кез келген жай немесе
басқа да орын кеден қоймасы деп танылады.
Кеден қоймасын мекемелер, ұйымдар және
басқа да заңды тұлғалар, адамдардың жекеменшiк
атауы бар, бiрақ заңды тұлға мәртебесi
жоқ бiрлестiктер, жеке меншiк кәсiпорны,
бар, Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес құрылған дара (отбасылық), жеке
кәсiпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
аумағында тiркелген, заңды тұлға құрмайтын
кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдар
(бұдан былай "қойма иесi") құра алады. Кеден қоймасының кез келген
адамның пайдалануына болатын ашық түрi,
белгiлi бiр адамдардың ғана тауар сақтауына
арналған жабық түрi болады. Кеден қоймасының аумағы кеден
бақылауының аймағы болып табылады.
Кеден қоймасының кедендік
режимі . Кеден қоймасының кедендік режимі (ағыл. customs regime of customs warehouse; нем. Zollverfahren ties Zollugers n) - Тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда
әкелінген тауарларды кедендік баждар,
салықтар алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден
қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда
немесе орындарда кедендік бақылауда
сақтауға арналған кедендік режим.
Кеден қоймасының кедендік режиміне,
тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез
келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін
немесе сақтаудын ерекше жағдайларын
талап ететін тауарлар мұндай тауарларды
сақтаудын талаптарына сәйкес жабдықталған
кеден қоймаларына орналастырылуы тиіс.
Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың
мерзімін тауарларды кеден қоймасына
орналастырушы тұлға белгілейді, бірақ
ол тауарлар кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған күннен бастап үш жылдан
аспауы керек.
Сақтау, тұтыну және сату үшін шектеулі
жарамдылық мерзімі бартауарлар өзге
кедендік режимге мәлімделуі және аталған
мерзімдер аяқталғанға дейінгі күнтізбелік
алпыс күннен кешіктірілмей кеден қоймасынан
әкетілуі тиіс.
Кеден қоймасында
сақтау. Кедендік сақтау халықаралық
шаруашылық шеңберінде кеңінен таралғанын
төмендегі анықтамалардан көруге болады:
- Біріншіден, ішкі экономикалық
қызметтің дамуына пайда әкелуімен қатар
(кеден қоймасының қызмет көрсетуінің
саласы транспорттық, экспедиторлық және
сақтандыру мекемелерінің қызмет көрсетулерімен
тығыз байланыстылығы және кеңеюі), кедендік
сақтау тауарлардың кедендік территорияда
артығымен болуына әкеледі. Бұл тұрақты
резерв , қандай да бір мемлекеттік шығындарға
алып келмейді және қандай да бір сыртқы
жағдайлардың әсерінен болған келеңсіз
жағдайлар (экономикалық дағдарыстар,
табиғи апат және т.с.с) кезінде пайдаланіға
қолайлы.
- Екіншіден, кедендік сақтау
шарттары бойынша бұл кезеңде кедендік
төлем төлемейді және импортер аймақтарға
меркетингтік зерттеу жүргізу арқылы
өз тауарларын өткізудің оңтайлы сәтін
таңдайды.
- Үшіншіден, кедендік сақтауды
пайдалану арқылы ішкі нарықтан пайдалы
бағамен ірі сатып алымдар жүргізіп,
және оны оған сұраныс артқан кезде сата
алады.
- Төртіншіден, кедендік сақтауды
пайдалану тұтынушыларға тауарды кепілді
қызмет көрсету бойынша ауыстырып беруге
мүмкіндік береді.Кедендік қоймалар ашық
және жеке түрдегі кедендік қоймалар болып
бөлінеді.
ВЭД–кедендік қойма
бағдарламасы. ВЭД–кедендік қойма бағдарламасы
кедендік қойма саласында кеңінен қолданылады.
ВЭД–қойма – кеден қоймасының
шарты бойынша талаптарға сай жүктердің
есебін жүргізетін, кеден қоймасының жұмысын
автоматтандыратын бағдарлама.
ВЭД–кедендік қойма – кеден
қоймасының қызметін бақылап отыратын,қоймалар
және кедендік қоймалар арасында құжат
алмасумен қамтамасыз ететін, сақталатын
және қоймаға сыятын жүктердің есебін
жүршізетін жүйе.
Бағдарламаның мүмкіндіктері:
қоймалар арасында құжат алмасу; кеден
органдарына электронды түрде құжаттар
жіберу; қоймаға келіп түскен жүктерді
рәсімделу мерзімін автоматты түрде бақылау;
көрсетілген талаптарға сәйкес кедендік
органдарға есеп беру мүмкіндігі; кедендік
рәсімделу аяқталған соң жүктерді шығаруды
бақылау; қоймада жүргізілген жұмыстар
мен көрсетілген қызметтердің бағаларын
ішкі қаржылық есепке автоматты түрде
енгізу; клиенттердің қарыздары мен төлемдерін
автоматты түрде есептеу және т.б.
Бұл бағдарламаны орнату үшін
ең төменгі жүйелік талапатар қажет:
- Microsoft Windows Vista басқару жүйесiндегі дербес компьютер;
- Дисктегі 200 Мб бос орын;
- оперативтiк жадтың 1 Гб;
- Pentuim 4-шi процессор және (x86 немесе x64) жоғары немесе AMD аналог;
- 1024х768-шi рұқсатымен дисплей және жоғары.
2.2 Интернет және
сайт жайлы жалпы түсінік
Интернет – үлкен және кіші компютерлік
желілердің бірігуі ғана емес, сонымен
қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық
кеңістіктегі қызметі болып табылады.
Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі
хаттамаларына негізделген және сәйкесінше
олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық
жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет
сөзінің мағынасында оның ең танымал қызметтерінің
біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі. Интернет
желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында
орындалса, онда ол Web парақтар түрінде
болады. Web парақтар кез келген түрдегі
мәліметтер: мәтіндер, сілтемелер, графика,
дыбыс, видео, анимациялар т.с.с тобынан
тұратын комплекстік құжаттар болып табылады.
Интернеттің өмірге келуі адамзат тарихында
коммуникациялық технологияның дамуына
негіз бола алады деп толық сеніммен айта
аламыз. Өйткені қазір жаста кәрі де өзіне
керекті затты сатып алу үшін немесе білім
алу үшін, адамдармен араласу үшін, керекті
құжат немесе затты іздеу үшін т.с.с көптеген
қызметтерді пайдалану үшін интернетке
барады. Осыдан бірнеше жыл алдын Тим Бренерс-Ли
дің ой туындысының нәтижесінде интернет
сөзі қолданысқа енді және әлемді қарапайым
гиперсілтемелер арқылы біріктіре алды.
Соның нәтижесінде бірнеше дамушы елдердің
экономикасы қарқынды түрде дамыды. Сондықтан
Тим Бренерс-Ли ді интернеттің атасы деп
атауға да болады.
Сайттар және олардың
адрестері. Сайт (ағылшынша site - орын,
тұрған орыны, позиция ) – бір ортақ
тақырыппен, дизайнмен біріктірілген,
өзара байланысты сілтемелер жүйесі бар
Интернет желісінде орналасқан беттердің
жиынтығы. Сайт бұл :
Мәртебе және уақыттың талабы!
Технология жағынан дамыған
қоғамда сайттың болуы бұл жетістік.
Сайт арқылы өзіңізді, өз жұмысыңызды,
өз бизнесіңізді өзіңіз қалағандай
етіп көрсете аласыз. Сіз онда мәтін,
фотосурет, сызбалар, суреттер қоя аласыз.
Шексіз аудитория!
Тура мағынасындағы шексіз
аудитория. Сіздің ақпаратыңызға дүние
жүзінің кез келген нүктесінен, кез келген
елден барлық интернет қолданушылары
қол жеткізе алады. Көптілді сайт жобалары
– әлемдік қоғамға нақты қадам.
Жарнамалық алаң!
Сіздің өнімдеріңізді немесе
қызметтеріңізді бәрі көреді және біледі.
Ақпаратты басқарудағы жедел
қимылдаушылық!
Сіз әр минут сайын веб-беттеріңізге
өзгертулер енгізсеңіз қолданушылар сол
сәтте жаңартылған нұсқаларды көреді.
Жаңалықтар енгізу немесе өзгертілген
жұмыс кестесі бұлардың бәрі барынша
қысқа мерзімде жаңартылып отырады.
Қаражатты және уақыт үнемдеуге мүмкіндік.
Кері байланыс және байланыс
нақты уақытта!
Пайдаланушылар сізбен электрондық
пошта арқылы жедел байланыса алады немесе
жазба қалдырады. Сіз олардың тілегіне
әрқашан тез жауап қайтара аласыз.
Әрбір сайт белгілі бір мақсатпен
жасалады. Ең бірінші олар желі қолданушыларына
қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін
қажетті болып табылады. Ақпараттық мазмұны
бойынша сайттарды былай бөлуге болады:
Сайт-визитка компания туралы
шағын ақпарат.
Корпоративті сайт – компания
жаңалықтары, қызметкерлері, қызмет түрлері
және тағы басқа туралы толық ақпарат.
Әдетте мұндай сайттар тауар немесе қызмет
түрлерін жарнамалау мақсатында
құрылады.
Жеке сайт – бір адам туралы,
оның жеке мәліметтері туралы сайт.
Интернет-дүкен. Бұл сайттардың
ерекше түрі. Бұл сайт арқылы сіз онлайн
жүйесінде компьютерден алыстамай
тауарларды сатасыз не сатып аласыз.
Кең таралған веб ресурстарға
мыналарды жатқызамыз:
Іздеу жүйелері (google.com, yandex.ru);
Пошталық ресурстар (mail.ru);
Хабарландырулар тақтасы ;
Форумдар ;
Файлайырбастаулар;
Видео немесе фото қоймалары.
Әрбір интернет сайттардың
әрқайсысы белгілі бір мақсатта құрылған.
Мысалы , файлайырбастаулар арқылы
үлкен көлемді файлдар жіберуге болады.
Қолжетімділігі бойынша сайттар
мынадай болады:
Ашық – барлық пайдаланушыларға
арналған.
Жартылай ашық – ақпараттың
бір бөлігі ашық, екінші бөлігі жабық.
Ақпаратты толық қарау үшін сайтта тіркелу
қажет. Тіркелу ақылы немесе тегін түрде
болуы мүмкін.
Жабық .
Қаладағы серверлерге шығу
үшін домендерді қолдануға болады. Ал
ондағы аудан, үйге қатынас жасау үшін
сайттар қолданылады. Қандай да бір мекемеге немесе жеке тұлғаның
және қандай да бір тақырыпқа арналған
желінің логикалық түрде аяқталған элементі.
Әрбір сайттың өз адресі болады, ол
әріптен турады.