Отчет по практике в ЖШС «Mercur Custom»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 13:39, отчет по практике

Описание работы

Диплом алды тәжірибеден өту болашақ білікті маманның маңызды дайындық кезеңі және университет қабырғасында алған теориялық білімдерін өндірісте бекітетін процес болып табылады. Диплом алды өндірістік тәжірибе – программисттің дербес өндірістік қызметке дайындығын аяқтайтын кезең.
Менің тәжірибемнің міндеттері: мамандық бойынша кәсіби білімімді жетілдіру және жүйелеу, тәжірибе орнында берілген тапсырмаларды мұқият, ұқыпты және дер кезінде орындау, компанияның ұйымдық құрылымын толық меңгеру және менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Фотосалонның веб-сайтын құру» бойынша материалдар жинап, сол бойынша веб-сайт құру.

Содержание работы

1. Кіріспе………………………………………………………………..
2. Негізгі бөлім..........................................................................................
2.1 ЖШС «Mercur Custom» туралы мәлімет........................................
2.2 Интернет және сайт жайлы жалпы түсінік
2.3 РНР және даму тарихы
2.4 HTML негiздерi
2.5 PHP және MYSQL
3. Қорытынды.....................................................................................
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................

Файлы: 1 файл

есесп беру.docx

— 947.47 Кб (Скачать файл)

Желіні жасаушылар арнайы, домендік аттарды, (DNS) серверін құрады. Олар автоматты түрде әріптік адрестерді (URL) цифрлыққа (ІР) ауыстырады. DNS өзінде сол адрестердің сәйкесіне таблицасы сақтайды.

Сайт адрестері бірнеше маңызды элементтерден тұрады. http:// - гипертестік құжаттарды теру протоколын білдіретін префикс.

WWW – ресурстың WWW жүйесіне  жататындығын білдіретін “сигналдық  жалауша”. Бұдан кейін адрес атының ең төмендегі  элементі – сайттың өз аты орналасады.

Беттер – біртұтас «ағзаны» -сайтты құрайтын жеке гипертекстік құжаттар.

Домендік зоналар. Интернеттің компьютерлерінің барлығының өз адрестері  (ІР-адресі) болады. Сервер ыңғайлы болғандықтан домендіқ зоналар деп аталатын логикалық топтарға біріктірілген. Бұл зоналар географиялық , тематикалық болуы мүмкін.

Географиялық  домендік зона (бірінші деңгейдегі зона) желіге өз компьютерлері арқылы қосылған әрбір мемлекетке беріледі. Ол ереже бойынша екі әріппен белгіленеді:

Ch – Қытай 

Fr – Франция

Ge – Германия

Jp – Жапония

Ru – Россия

Tw – Тайвань

Uc –Украина 

Ur –Ұлыбритания 

Тематикалық домендік зонаның географиялықтан қарағанда белгілі бір аймаққа қатысы жоқ. Ол әр елдегі ғана емес, әр контингенттегі компьютерлерді біріктіреді. Мұнда компьютерлер оларды басқаратын мекемелердің түрі бойынша топтастырылған. Ал домендік индекс үш және одан көп әріптермен белгіленеді:

Gov - өкіметтік мекемелер;

Com - кез келген коммерциялық  үйымдар;

Net - желілік қызметке қатысты  ұйымдар;

Nur - әскери мекемелер;

Int – халықаралық мекемелер;

Edu - білім беру мекемелері;

Shop - желілік магазин;

Museum – мұражай;

Biz – кез-келген бизнес-жоба;

Name - жеке беттер.

 

2.3 РНР және даму тарихы

 

РНР – бұл Web-серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және HTML-дің көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusion-ға қарағанда, РНР ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНР Windows NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache –дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі болмайды.

Сіздің құжат бетіңіздегі әртүрлі операциялардан басқа сіз РНР көмегімен НТТР-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орната аласыз. Сонымен қатар аутенфификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттай аласыз. РНР берілгендер қорына енуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл сізге PDF құжаттарды инерациялаудан, ХМL-дегі грамматикалық талдауды жасауға мүмкіндік береді.

РНР операторлары сіздің бетіңізге Web-беттерді қойып береді, сондықтан арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. Сіз РНР-кодының блогын <?php тегінен бастап, оны ?> тегімен аяқтайсыз. Бұл тегтердің арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпритацияланады.

 РНР тілінің синтаксисі  Си және Рerl синтаксисіне ұқсас  келеді сіз ауспалыларды оларды  пайдаланудан бұрын жарияламауыңыз  керек. Массивтермен Хэмтер оңай  жүзеге асырылады.

 Дегенмен РНР Apache құрылған  жағдайда бәрінен жылдам жұмыс  жасайды. РНР Web – сайтында оны Microsoft ІІS және Netscape Enterprise Server орналастырудың  реті бар. Егер сізде РНР ді  орнатуға бағдарламалық қамтамасыз етудің көшірмесі жоқ болса, оны сізге ресми Web –сайттан ала аласыз. Ол жерден сіз РНР дің барлық ерекшелігі мен қызмет бейнеленген түсіндірілген жетекшілікті таба аласыз.

РНР дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl тіліндегі қарапайым қосымшаны ойлап табуымен басталады. Ол қосымша вебсайтта пайдаланушылардың оның резюмесін сараптайды. Содан бұл қосымшамен бірнеше адам пайдаланғанда оны алғысы келетіндердің саны өсе түсті. Ледорф өзінің жаңалығын Personal Home Page Tools версия 1 деп аталады және оны еркін таратуға жібереді. Осы кезеңнен бастап РНР-дің танымалдылығы арта түсті.

 Ылғи кездесетін жәйт  сияқты оны өңдеу мен толықтыру  қажет болды. Оны жүзеге асыру  үшін Расмус Си-ға жазылған  пакеттің жаңа версиясын жасап  шығаруға осылайша құрал жұмыстың  атауға ие болады РНР /Fl /Personal Home Рage /Forms Interpreter/ ары қарай ол РНР 2 деген атаумен де белгілі  болады. Бұл версия қазіргі уақытта  осы күнгі РНР-ге ұқсас. Оның  синтаксисі және Perl тілі стилінде  ауыспалы атау алуы, болатын формаларды  автоматты интерпетациялауға берілгендермен  интеграциясына, және РНР операторларын html код беттерге орналастыруға  мүмкіндігі болатын. Сонымен қоса  бұның барлығы қате жылдам  жұмыс жасайтын болды. Өйткені  РНР Apаche серверіне компилирленген  еді. 1997 жылы РНР 50000-дай доменде  қолданылады.

 Дәл осы жылы 1997 де  РНР жобасына Зив Сураски мен  Энди Гутманс (Andi Gytmans) қосылды. Олар  Израил университеттерінің бірінде  студент болып жүріп, РНР ді  коммерциялық университеттік жобаға  пайдалануға тырысты. Осы жерде  олар көптеген қиындықтармен, бұл  технологияның шектеулі екеніне  кездесуге тура келді. Яғни Энди  мен Зив РНР 2-нің алғашқы кодын  үйрене отырып оған өңдеудің, әсіресе тілдің синтаксисіне  қайта өңдеу қажет деген тұжырымға  келді. Бірнеше ай көлемінде олар  бұл тапсырманы кереметтей орындай  білді. Оның үстіне бұл жұмыс  оларға университеттің оқу жүктемесі  ретінде сыналды.

 Жұмысты бітірген Зив  пен Энди Расмуспен байланысты. Ол РНР дегі барлық өзгерістерді  қуана қабылдады. Осы кезеңнен  бастап РНР технологиясын дамытумен  айналысатын РНР Group топтары пайда  болады. Бірлескен әрекет нәтижесінде  алынған өнім 1998 жылы РНР 3 деген атаумен жарық көрді.

 Бұл жердегі РНР 3-тің басты  ерекшелігі ядролық кеңеюіне  мүмкіндік туды. Бұл арнайыландырылған  модульді тудыратын РНР - дің әржақты  өңдеуіне әкелді. Олардың үлесі  РНР үлкен көлемдегі берілгендер  қоры мен хаттамалармен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырды. 1998 жылы РНР ді қолданушылардың саны 10000 жетті. Ал РНР интернет серверінің 10 пайыздай шамасына орнатылды. Баспаларда 20–дан астам мақала мен 2 кітап РНР жайында жарияланды.

 РНР 3-тің жарық көргеннен  соң Энди Тутамано және Зив  Сурски РНР-тің ядросын өңдеуге  кірісті. Ең бірінші кезектегі  мәселе өндірісті жоғарылатуды  шешу керек еді. Zend Engine деп аталатын  жақ қозғалыс бұл тапсырманы  нәтижелі орындады және 1999 жылы  пайда болды.

 РНР 4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты. Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4 тің мүмкіндіктері зор еді. РНР 4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады.

2000-2004 жылдар арасында 4 версияны  жұмсарту үшін белсенді жұмыстар  жалғасты. Шамамен сол кезден  бастап ақ РНР Group жаңа версияның  мүмкіндігін ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік  мүмкіндіктерін күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін  ірі жобаларды пайдалануға мүмкіндік  берді. 5-ші версияны жарыққа шығару  үшін қосымша уақыт бөлінді. Оған  көптеген мамандар қатысты олардың  ішінен Стерлинг Хьюза және  Маркус Бергерді атап өткен  жөн болар.

 Ақыры 2004 жылдың шілдесінде  РНР 5 ресми түрде жарыққа шығады. Бірінші кезекте жоспарланғандай  өңдеуде объектілермен жұмысты  барлық механизм жұмылдырылды. Егер  алдыңғы версияларда РНР –дегі  объектілік-жобалаушылық бағдарламалау  минимальды деңгейде мүмкін болатын  болса, ал РНР 5 объектілік бағдарламалауды  жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға  ие. Онымен қоса РНР ХМL мен  жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар  көзіне байыды.

РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапқаналар күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтілер SAX, DOM, және XSLT қазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа екі кеңейтулер қосылды-SimpleXML және SOAP.

Somple XML XML- берілгендермен  жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан алдын РНР-да ХМL мен жұмыс  бұншалықты қарапайым болмаған  еді.

SOAP -тың кеңеюі РНР  да ХМL – хабарламаның көмегімен басқа қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құрға мүмкіндік береді. Мысалы НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал веб-сервистермен интеграциялауға мүмкіндік туындайды.

РНР 5 My SQL (My SQL Improved) жаңа кеңeйтулер Му SQL – сервер версиясымен 4.1.2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. Му SQL - ға тек қана процедуралық емес сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды қосады.

SQLite–тің кеңеюі мәліметтерді  кәдімгі файлдарда сатайтын қоcымшаны  құрастыруға мүмкіндік береді. Ол SQL интерфейсін пайдалануға мүмкінік  тудырады. SQLite – нің маңызды ыңғайлылығы  – пайдаланылу қарапайымдылығы. SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен  жұмыс жаcау үшін мықты объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-нің басқа ерекшеліктері –жоғары  жылдамдық, басқарудағы күрделі  механизмдердің жоқ болуы және  оңай тізгіштік. Көптеген эксперттер  РНР -нің бұл кеңейюінің үлкен  танымалдылыққа ие болатындығын  жоспарлап отыр.

РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзіне төмендегілерді қосады.

  • Tidy –HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін.

  • Perl - Perl сценарийлерді пайдалану.

  • SPL – кластармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2 –нің кеңеюі.

  • РDО -PHP-нің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады.

  • PІMP-GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған жаңа кітапхана.

  • Бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері пайдаланылады.

  • РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен толықтырылған.

 

2.4 HTML негiздерi

 

HTML қабықшасы– беттiң  тақырыбы (HEAD) және негiзгi дескрипторлардан  тұратын денесi (BODY) орналасқан қарапайым  дескриптор. Тақырыбы және денесi бар HTML дескриптордың жазылу үлгiсi:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

</BODY>

</HTML>

мұндағы, <TITLE> </TITLE> жолы құжат тақырыбын бередi. Құжат тақырыбы келесi мәлiметтердi қамтиды:

 Беттiң аталуы: <TITLE> және </TITLE> дескриторлары беттiң  аталуын анықтайды. Ол HTML құжаттың  денесiнiң құрамына кiрмейдi.

Стиль: HTML құжатты басқарудың элементтерi мен стилдерiн тақырыпқа енгiзу қажет болған жағдайда қолданылады.

 Метаинформация: МЕТА  дескрипторы құжат авторы, кiлттiк  сөздер, арнайы әрекеттер қажет  болған жағдайда қолданылады.

Кез келген құжатты құрғанда оның басқару элементтерi мен стильдерi, авторы, кiлттiк сөздер жайлы мәлiметтер онша қажет бола бермейтiндiктен аталған дескрипторлардың барлығы бiрдей жиi қолданыста емес. Дегенмен әрбiр құжаттың атауы болуы тиiс, сондықтан <TITLE> дескрипторы жиi қолданылады.

Құжат денесiнiң құрылымы HTML құжаттың денесi орналасатын негiзгi бөлiгi <BODY> және </BODY> дескрипторлары арқылы iске асырылады. Құжат денесiне енгiзiлетiн информация келесiдей болуы мүмкiн:

 Мәтiн - құжат құрамында кездесетiн мәтiндер. Олар оқылуы жеңiл әрi түсiнiктi болу үшiн форматталуы да мүмкiн.

 Графикалық кескiн - қүжатта  жылжуға немесе информацияны  көрнекi түрде беру үшiн енгiзiлетiн  графикалық информация.

 Сiлтеме - Web түйiннiң iшiнде  оңай жылжуға және желiнiң басқа  да тұстарына жылдам өтуге  арналған сiлтемелер.

Мультимедиа және арнайы программалар - Видеороликтер, Java аплеттерiмен, Flash, Shockwave программаларымен жұмысты басқаратын дескрипторлар құжат денесiнде орналасуы тиiс.

 Түсiнiктемелер - құжатта қолданылып жатқан дескрипторлар мен әрекеттерге берiлетiн түсiнiктеменi құжат денесiнiң кез келген тұсына енгiзуге болады. Түсiнiктеме үлкен HTML-беттер құрғанда өте тиiмдi. Түсiнiктеме <!-- --> дескрипторы арқылы жазылады.

 Мәтiндi форматтау – HTML тiлiнiң ең қарапайым және ең  қуатты құралы. Себебi Web-бет форматталған  мәтiннен тұрғанда ғана түсiнiктi әрi әсем болып көрiнедi. Мәтiндi форматтауда  келесi дескрипторлар қолданылады:

  • <H1>..<H1>-<H6>..<H1>. Дескрипторлар диапазоны тақырыптар мен тақырып мазмұнына қолданылады;

  • <BR>. Каретканы қайтару дескрипторы;

  • <P>..</P>. Абзацты ашу/жабу дескрипторлары;

  • <B>..</B>. Мәтiндi жартылай қалың ету;

  • <I>..</I>. Мәтiндi көлбеу ету;

  • <U>..</U>. Мәтiн астын сызу.

 Абзац - мәтiнiнiң бетте  орналасуы дескрипторлардың align атрибутына меншiктелетiн мәндерге байланысты болады. Align атрибуты төрт түрлi мәннiң бiрiне ие болуы мүмкiн: left (сол жақ шетi бойынша), right (оң жақ шетi бойынша), center (бет ортасына), justify (мәтiн енi бойынша). Мысалы, жоғарыда келтiрiлген “Негiзгi HTML-бет” құжатындағы мәтiндi беттiң ортасына орналастыру үшiн HTML кодтың абзац дескрипторының align атрибутына center мәнiн меншiктеу керек. Абзацтармен жұмыс iстеудiң тағы бiр ерекшелiгi мәтiн жолдарының интервалын беруге болады. Мәтiн жолдарының арасындағы интервалдар style атрибуты арқылы анықталады. Жазылу үлгiсi: <P style= “line-height:27pt”>, мұндағы pt – интервал өлшем бiрлiгi – пункт.

Информация о работе Отчет по практике в ЖШС «Mercur Custom»