Оқытуда ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялары қолдану әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:30, лекция

Описание работы

Болашақ мамандардың, ақпарттық қоғам мүшелерінің ақпаратты жинау, тарату және өңдеудің техникалық құралдарының жаңа түрлерімен танысу приоритеті көптеген мемлекеттік бағдарламаларда және заңдарда көрініс тапқан. 1999 жылы қабылданған Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасының мазмұнында және «Білім туралы» заңда қойылған акценттерді еске түсірсек жеткілікті. Сонымен бірге білім жүйесінің спецификасы әр уақытта бір принципке негізделген: неғұрлым технология жаңа болған сайын, соғұрлым оқу үдерісінің практикасына әдістемелік тұрғыдан бұл технологияның негізгі сұрақтары аз қарастрылған болып келеді. Берілген сұрақтар кешені қатарында оқыту жүйесіне электрондық басылым мен ресурстар, телекоммуникация жүйелері мен глобалды компьютерлік желілерді енгізу мәселелері де қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Авторлар.doc

— 38.00 Кб (Скачать файл)

Авторлар: Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Бостанов Б.Ғ.

КІРІСПЕ

 

Болашақ мамандардың, ақпарттық қоғам мүшелерінің  ақпаратты жинау, тарату және өңдеудің техникалық  құралдарының жаңа түрлерімен танысу приоритеті көптеген мемлекеттік  бағдарламаларда және заңдарда көрініс тапқан. 1999 жылы қабылданған  Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасының мазмұнында  және «Білім туралы» заңда қойылған акценттерді еске түсірсек жеткілікті.  Сонымен бірге білім жүйесінің спецификасы әр уақытта бір принципке негізделген: неғұрлым технология жаңа болған сайын, соғұрлым оқу үдерісінің практикасына әдістемелік тұрғыдан бұл технологияның негізгі сұрақтары аз қарастрылған болып келеді. Берілген сұрақтар кешені қатарында оқыту жүйесіне электрондық басылым мен ресурстар, телекоммуникация жүйелері мен глобалды компьютерлік желілерді енгізу мәселелері де қарастырылған.

 

 Қазірігі  таңда Қазақстанда жаңа жүйелер  мен оқыту құралдарын тарату  жолына бөгет болатын мәселелер  қатарына оқыту мекемелерінің  техникалық жабдықталуы жеткіліксіздігі, педагогтардың мұндай құралдарды қолдануға дайын болмауы, оқу матриалының жоқтығы және т.б. кіреді. Педагогтардың, ЖОО түлектерінің ақпараттық жүйенің гармоникалық, әрі жан-жақты дамуына, республикада педагогтардың біліктілігін көтеру жүйесіндегі тыңдаушыларға берілген оқу әдістемесі  қазіргі бар проблемалар туғызатын кері ықпалды азайтуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

 

 Ақпаратты  тарату және ақпараттық технологиялардың  дамуы қоғам тіршілігінің барлық  саласына революциялық ықпалын  тигізіп, адамдардың өмірін, мәдениеті мінез-құлық стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі өзгертетін ақпараттандыру үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді.

 

 Ақпараттық  технологиялар саласында көзге  түсер прогресс  ғылыми басылымдарда  «ақпараттық қоғам» терминінің пайда болуы. Кейбір ғалымдар «ақпараттық қоғам» терминін өндірістің басты өнімі білім деп түсінеді.

 

 Қоғамға  ақпараттық қоғам статусын беру  критерийі ретінде адамзаттың  жинаған білім саны саналады, бұндай көрсеткішті қолдану өзін  ақтай алды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, біздің эрамыздың басынан бастап адамзатпен жиналған білімнің алғашқы рет екі еселенуі 1750 ж болыпты, екіншісі – ХХ ғасырдың басы, үшіншісі – 1950 ж. 1950 жылдан бастап әрбір 10 жыл сайын жалпы білім саны екі еселеніп отырды, 1970ж -5 жыл, 1991ж – жыл сайын.

 

 Қоғамды  ақпараттандыру және оның барлық  салаларының міндеттері қатарына  білімдендіру де кіреді. Өткен  ғасырдың 90-жылдарынан бастап  мемлекет  тарапынан қоғамды ақпаратандырудың  даму үдерісіне қажеттілік сезіле  бастады. 1990 жылы «Қоғамды ақпараттандыру тұжырымдамасы» қабылданды, ал ақпараттандыру түсінігі ғылыми, қоғамдық-саяси териясында кең қолданыла бастады. Компьютерлендіру түсінігін ығыстыра басталады.

 

 Ақпаратандыру түсінігінің  анықтамасы туралы  А.П.Ершов   өз басылымдарында былай дейді: «Ақпараттандыру -  қоғамда адамның маңызды әрекет түрлеріне сенімді, уақтылы білімді толықтай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені». А.П.Ершов сондай-ақ «ақпарат қоғамның  сәтті дамуына қабілеттілікті қалыптастыратын стратегиялық ресурсы болып кететінін атап көрсетті. Сонымен бірге ЮНЕСКО  қортындысы бойынша,  ақпараттандыру бұрын болған және жаңа білімдердің қалыптасуын жүйелеу мен қазіргі басқаруды одан ары жетілдіріп, дамыту үшін пайдалануын қамтамасыз ететін кең масштабта ақпаратты тарату және сақтау  әдістері болып табылады. Бір жағынан келтірілген екі анықтамалар да бір-біріне қарсы емес, екінші жағынан ақпараттандыру білім саласында анықтайды. Осылайша «білімді ақпараттандыру» терминін екі анықтаманың адаптациясы ретінде енгізуге болады.

 

 Білімді ақпараттандыру (БА) психологиялық-педагогикалық мақсатымен тәрбиелеу үшін білім саласында жаңа білімдерді қалыптастыруды жүйелеуін қамтамасыз ететін ақпаратты тарату, сақтау және өңдеу технологияларын пайдалануға бағытталған адам тіршілігінің ғылыми практикалық саласы болып табылады.

 

 Заманға сай білім жүйесінің әртүрлі салаларына ақпараттық технология (АТ) енгізу масштабты, әрі комплекстік сипатқа ие болып келеді.

 

 БА екі түрлі стратегиялық  мақсатқа жетуді көздейтінін  түсіну маңызды. Біріншісі - ақпараттық  және телекоммуникациялық технологиялар негізінде  оқу әрекетінің түрлерінің тиімділігін арттыру. Екіншісі – ақпараттық қоғам талаптарына сәйкес жаңаша ойлайтын мамандар типін дайындаудың сапасын арттыру.

 

 БА арнайы компьютерлік аппараттық  және программалық құралдарсыз  практикада қолданылмайды, мұндай құрадарды БА құрадары деп атайды.

 

 БА құралдары деп ақпараттық  және программалық қамтамасыз  етуді атаймыз, сонымен бірге  БА мақсаттарына жету үшін  олрадың мазмұны толықтырылуын  айтуға болады.

 

 Тек БА құралдарын пайдалану   білімдендіруде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын толыққанды қолдану үшін жеткіліксіз. Практикада  білімді ақпараттандырудың идеологиялық базамен толықтыруды сонымен бірге БА мақсаттарын жетуде әртүрлі білім саласындағы мамандардың қатысуыды қажет етеді.

 

 БА іске асыру бағытвна  тәуелсіз білім жүйесінің қызмет  етуіне әсерін тигізетін  адам  әрекетінің көп аспектілі саласы  болып табылады. БА жаңа оқыту  дисциплиналарды пайдаланатын ақпараттық  құралдар мен технологиялар, оқу  курсының дәстүрлі әдістерін  қайта қарастырады. Информатиканың құралдары мен мен әдістері көмегімен болашақ маман ретінде сұрақтарға жауап бере алуы  тиіс, қандай ақпараттық ресурстары бар,олар қайда орналасқан, оларды қалай алуға болады және өз мамандығының тімділігіг арттыру мақсатында қалай пайдалануға болады?

 

 БА құрамына  электрондық басылымдар мен ресурстарды  қолдану, ғылыми негізде құру  және экспертизадан өткізу кіреді. Бұл салада көптеген мәселелер  әлі де шешілмеген. Оларға ақпараттандыру  құралдарн мазмұнын ғылымилық,  мағыналылық және  стилистикалық мәдениет деңгейін көтеру, әрбір білімдендірудегі электрондық басылымдар мен ресурстар (БЭБР) арасында интерфейстік, технологиялық және ақпараттық байланыстардың қажеттігі жатады.

 

 Осыған  және тағы басқа  аспектілерге  байланысты электрондық басылымдар мен ресурстады (ЭБР)  қолдану, құру негіздерін үйрену әрбір жас және тәжірибелі педагогқа артық болмайды. Оқу-әдістемелік құралды қолданып оқытудың  мақсаттары мынадай:

Педагогтардың БЭБР қолданудын жағымды және жағымсыз аспектілермен танысуы;

ЭБР  қолдану  және құрамы туралы түсінк қалыптастыру;

БА құралдарының негізгі принциптері мен бағалау  әдістерінің сапасына қойылатын  талаптарды білу;

Педагогтардың ЭБР практика жүзінде қолдану  стратегиясын үйрену;

Қалыптасушы БА тілін үйрену.

 

Бұдан басқа ЭБР қолдану мен өңдеу ерекшеліктерін үйрену педагогтарға қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың атқаратын рөлі туралы түсінудің қосымша мүмкіндіктерін ұсынады.


Информация о работе Оқытуда ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялары қолдану әдістемесі