Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:30, лекция
Болашақ мамандардың, ақпарттық қоғам мүшелерінің ақпаратты жинау, тарату және өңдеудің техникалық құралдарының жаңа түрлерімен танысу приоритеті көптеген мемлекеттік бағдарламаларда және заңдарда көрініс тапқан. 1999 жылы қабылданған Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасының мазмұнында және «Білім туралы» заңда қойылған акценттерді еске түсірсек жеткілікті. Сонымен бірге білім жүйесінің спецификасы әр уақытта бір принципке негізделген: неғұрлым технология жаңа болған сайын, соғұрлым оқу үдерісінің практикасына әдістемелік тұрғыдан бұл технологияның негізгі сұрақтары аз қарастрылған болып келеді. Берілген сұрақтар кешені қатарында оқыту жүйесіне электрондық басылым мен ресурстар, телекоммуникация жүйелері мен глобалды компьютерлік желілерді енгізу мәселелері де қарастырылған.