Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 19:35, курсовая работа

Описание работы

Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің ішінде дүние жүзіне кең тараған тілдердің бірі – Бейсик. BASIC (Beginner's All purpose Symbolic Instuctions Code ) – “Жаңадан үйренушілер үшін символдық нұсқаулар түріндегі көп мақсатты тіл ”сөйлемінің қысқарған сөз ретінде алынған түрі. Бейсиктің алғашқы жеңіл варианты 60 – жылдардың ортасында Америкада жарыққа шыққан болатын.Кейіннен әр елдің ғалымдары түрлі салалық информацияны өңдеуге мүмкіндік туғызатын тілдің 30 –дан аса дамытылған вариантарын жасап шықты.
Паскаль бағдарламалау тілі, XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы – философы Блез Паскальдың құрметіне аталып отыр.Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғары политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады.Паскаль тілі жжөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе

Негізгі бөлім
1.Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері.
1.1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау.
1.2 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау.
2.Тақырыпқа қатысты есеп шығару.
3.Графика.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

beysik_zhne_paskal_tilderinde_programma_kuru_erekshelikteri.doc

— 200.00 Кб (Скачать файл)

                                                

     

                                          Жоспар

 

   Кіріспе

 

   Негізгі  бөлім 

1.Паскаль және  Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері.   

1.1 Сызықты және  тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау.

1.2 Қайталанған  құрылымды алгоритмдерді программалау.

2.Тақырыпқа  қатысты есеп шығару.

3.Графика.

 

Қорытынды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Жоғарғы деңгейлі программалау  тілдерінің  ішінде дүние жүзіне кең тараған тілдердің бірі – Бейсик. BASIC (Beginner's All purpose Symbolic Instuctions Code ) – “Жаңадан үйренушілер үшін символдық нұсқаулар түріндегі көп мақсатты тіл ”сөйлемінің қысқарған сөз ретінде алынған түрі. Бейсиктің алғашқы жеңіл варианты 60 – жылдардың ортасында Америкада жарыққа шыққан болатын.Кейіннен әр елдің ғалымдары түрлі салалық информацияны өңдеуге мүмкіндік туғызатын тілдің 30 –дан аса дамытылған вариантарын жасап шықты.

        Паскаль бағдарламалау тілі, XVII ғасырда  өмір сүрген француз ғалымы – философы  Блез Паскальдың құрметіне аталып отыр.Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғары политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт  болып табылады.Паскаль тілі жжөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.

       Qbasic және Pascal  программалау тілінде  тілдердің алфавитінен бастап,алгоритмдердің  түрлері (сызықтық,тармақталу,қайталану), көмекші алгоритмдер, массивтер,жолдық  шамалар,берілгендер файлы мен жазу,графикалық режим тақырыптары бойынша іріктелген.Сонымен бірге программа құрылымы,олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары,берілгендерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру,сызықтық және тармақталушы құрылым бойынша программалау,цикл құрылымы бойынша программалау,пайдаланушының функциясы,көмекші программа (процедура), массивтер,жолдық шамалар Бейсик және Паскаль тілдерінде программалау тәсілдері қарастырылған. 

       

 

 

 

 

 

 

 

      1 Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері

 

        Экономика және  ғылым мен техника өркендеп  отырған бүгінгі уақытта программалау  негіздерін  жете  меңгеру информатика саласындағы басты мәселеге  айналып отыр.  Осы мақсатта ұсынылған оқу құралы  дидактикалық  бірліктерді ірілендіру  әдісіне  негіздеп,  салыстыру  тәсілі  бойынша  Pascal  және   Qbasic  программалау  тілдерін  қатар  оқытуды  қарастырады.

       Жалпы  жағдайда  зерттелетін   объектілердің  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  ойша  тағайындау  салыстыру деп аталады.  Салыстыру-

тиімді  дидактикалық  тәсілдердің  бірі. Информатика  пенінде  оқу мазмұнын салыстыра  игеру  өзара  тура  және  кері  байланыстар  арқылы  жүзеге  асырылады. Салыстыру  тәсілі  негізінде  жаңа  ұғымдарды  енгізіп,  бекітуге  болады. Бұл  кезде  алдымен  ұғыммдардың  ұқсастығы,  одан  кейін  айырмашылығы  көрсетіледі. Салыстыру  нәтижесінде  дұрыс  қорытынды  алу  үшін  мынадай  шарттар  орындалу  қажет:

      1.Біртекті  объектілерді  ғана  салыстыруға  болады.

      2.Объектілерді  ортақ  белгілері  арқылы  салыстыру  нәтижесі  жан-жақты,толық  қарастырылуы  тиіс. Оқушылардың  салыстыра  білу  дағдысын  қалыптастыру  үшін  салыстырылатын  объектінің  нақты  құрылымын  айқын  көрсету  қажет. Ол  үшін:

       а) игерілуге  тиіс  объектілердің   елеулі  белгілеріне  көңіл  бөлу;

       ә) осы  объектіні  басқадан  бөлектеп  тұратын  айырмашылық   белгілерін  табу;

       б) осы  белгілер  арқылы  объектілерді  салыстыру  қажет.

       Демек,  ұқсас  ұғымдарды   салыстыру  білім  мазмұнын  игеруді  жеңілдетеді, кейбір  ұғымдардың  қасиеттерін  формальды  жаттап  алудан  сақтандырады  және  информатикалық  ұғымдар  арасындағы  байланыстарды  тағайындауға  жәрдемін тигізеді, оқушылардың  өз  бетінше  іздену  іскерлігінің,  дағдысының  қалыптасуына  ықпал  етеді. Салыстыра  отырып  бақылау  және  өзгерісті  айыра  алу  адамның  ойлауын  дамытады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Программалардың  құрылымы

 

Qbasic тілінде

 

Pascal   тілінде

Input<айнымалылар  тізімі>

Тұрақтылар  бөлімі (Const);

Процедура және функциялар  бөлімі (Procedure,function);

Операторлар бөлімі;

Print<тізім>.

 

 

 

 

 

Program<атау>(input,output);

Таңбалар бөлімі (Label);

Тұрақтылар  бөлімі (Const);

Типтер бөлімі (Type);

Айнымалылар бөлімі (Var);

Процедура және функциялар бөлімі (Procedure,function);

Операторлар бөлімі (Begin,end).

 


 

 

      Qbasic және  Pascal тілінде программа   басында және  оның  денесінде   жиі  пайдаланылатын  сандық, жолдық  тұрақтыларды const операторы арқылы  сипаттауға  болады.Qbasic тіліндегі Input операторы Pascal тіліндегі read қызметші сөзі айнымалылырды енгізу үшін  пайдаланылады.Qbasic тілінде  айнымалыларды сипаттау міндетті емес.Qbasic  тілінде  бірнеше операторларды  бір  жолға  енгізу  кезінде  олардың  арасына қос нүкте қойылады, ал  Паскаль тілінде нүктелі үтір қойылады.Бұл  символ  алдында  және  соңында  жазылған  операторлар  жазылу  реті бойынша орындалуы  тиіс  екенін  білдіретін  белгі.Екі  тілде  де  программалау  қатарын  нөмірлеу  қажет  емес.  Қажет  болған  жағдайда  нөмерлеуге  болады. Qbasic  программалау   тілінде   айнымалыларды  экранға  шығару  print  операторы  арқылы  орындалады. Тізімге  өрнек, айнымалы  және  тұрақтылардың  енгізілуі  мүмкін.  Олар  нүктелі  үтір  немесе  үтір  арқылы  бөлініп жазылуы тиіс.Нүктелі  үтір  қойылған кезде экранда мәндер  тығыз  форматта (арақашықтығы  екі  позициялық  бос  орын),  ал  үтір  қойылған  кезде  зоналық  форматта (әр  мән  үшін  14  позициялық  орын)  көрінеді. Print   операторын  программаға  параметрсіз  енгізуге  де  болады.  Бұл кезде оператор  экранда  кезекті  бір  жолды  бос  тастап   кетеді. Print  операторының  мәндерді  экранға  шығару  түрі: Print  x,y  немесе  экранға  көрнекі  етіп  шығару  үшін Print “x, y=”; x, y  деп  жазуға  болады.

       Pascal  тілінде   program   (программа)   қызметші  сөзінен басталған бірінші жолды программа   тақырыбы  деп атайды.  Ол  программаның  келесі  бөлімдерінен   нүктелі үтір  арқылы  ажыратылып  жазылады.

      Атау  үшін  тіл  сөздігіне   жатпайтын  кез  келген  латын   алфавитінің  әріптерін  немесе  әріптер тізбегін  алуға болады. Оны PROGRAM  сөзінен соң бос орын  қалдырып  жазу  керек .  Паскаль тілінде белгілі мақсатта  пайдаланылатын  жүйелік файлдар бар. Сонда компьютер оларды  тақырыпта   бар деп автоматты түрде қабылдайды.

      Жадтан  мәндерді  монитор экранға шығару  Write  операторы арқылы  орындалады (Write- жазу). Мысалы  x ,y айнымалыларының мәндерін  экранға шығару  операторы – write (х , у). Х,У айнымалыларын write   операторының   параметрлері  деп атайды. Параметрлер  үтір  арқылы  бөлініп, жай  жақшалар  ішінде  жазылуы  тиіс.

       Write  операторының  жазылу  мысалдары:

  1. Экранға  х  айнымалысының  мәнін  шығару – Write (х);
  2. х, у  мәндерінің  арасына  бос  орын  қалдырып  экранға   шығару  қажет  болса – Write (х, '   ' , у);
  3. Жақша   ішіндегі  өрнектердің   мәндерін   экранға   шығару  -          Write (2*х-1, '   ' , у+1 );
  4. Нақты  айнымалының  мәнін  экранда  үлгі  бойынша  шығару –

  Write (х:n:m); Мұндағы  n – санның  бүтін  бөлігі,  m – санның  бөлшек                                 

бөлігі.

     Ескерту.  Экранға  бүтін  типті   айнымалының   мәнін  шығару  қажет  болса,  онда  Write (x:n);  түрінде  қолданылады.

5) Литерлік    шамаларды    немесе    тексті    экранға     шығару  -

    Write ('символдар тізбегі ');

6) х   мәнін   принтерге   шығару  Write (lst, x ); Мұндағы  LST (list  pleace ) – принтерге  шығаруға   арналған  стандартты  файл  атауы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Сызықты  және тармақты құрылымды алгоритмдерді                                                                                                       программалау

 

Тілдердің алфавиті

 

Qbasic   тілінде

Pascal   тілінде

1

2

Латын  алфавитінің  бас және кіші әріптері: A,B,…,Z; a,b,…,z  қазақ , орыс алфавитінің әріптері.

2. Араб  цифрлары: 0,1,2,..,9

3. Өрнек таңбалары: + қосу, - азайту, 

* көбейту, / бөлу, ^ дәрежелеу.

4. Қатынас таңбалары: 

= тең не меншіктеу белгісі ,> улкен, >= үлкен не тең , < кіші , <= кіші не тең , <> тең емес.

5.  Арнайы  символдар: 

.  нүкте

,  үтір

;  нүктелі үтір

:  қос нүкте

''  '' бос орын

( , ) ашу,жабу  жақшалары

“ , ”  ашу, жабу тырнақшалары

!  леп белгісі

?  сұрақ белгісі

#  нөмір

'  дәйекшк  – апостроф

_  астын сызу  белгісі

% процент

$  ақша бірлігінің  белгісі

&  амперсенд

1.Латын алфавитінің  бас және кіші әріптері:қазақ, орыс алфавитінің әріптері.

2. Араб цифрлары: 0,1,2,...,9

3. Өрнек таңбалары: + қосу, - азайту, * көбейту, / бөлу,дәрежелеу  санды өзіне - өзін көбейту  арқылы беріледі.

4. Қатынас таңбалары:  тең не меншіктеу белгісі, үлкен,  үлкен не тең, кіші, кіші не тең, тең емес.

5. Арнайы символдар:

.   нүкте

,   үтір 

;   нүктелі  үтір

:   қос  нүкте

'  ' бос орын

( , ) ашу,жабу  жақшасы

‘ , ’ ашу, жабу тырнақшалары

!  леп белгісі

?  сұрақ белгісі

#  нөмір

'   дәйекше  – апостроф

_  астын сызу  белгісі

% процент

$   ақша  бірлігінің белгісі

&  амперсенд


 

 

 

Qbasic  және  Pascal  программалау  тілдерінің стандартты  функциялары

 

 

Qbasic тілінде

Pascal  тілінде

Түсініктеме

SIN(x)

COS(x)

ATN(x)

LOG(x)

EXP(x)

X^2

SQR(x)

ABS(x)

FIX(x)

CINT(x)

INT(x)

PI

RND(x)

 

SGN(x)

 

 

TAN(x)

Sin(x)

Cos(x)

arctan(x)

In(x)

exp(x)

sqr(x)

sqrt(x)

abs(x)

trunc(x)

round(x)

int(x)

Pi(x)

Rnd(x)

 

Sgn(x)

 

-

 

Х-радиандық өлшем

X-радиандық өлшем

Argtgx(- )

Inx (x>0)

Көрсеткіштік  функция (e )

Х-тің  квадрат дәрежесі

Х-тің квадрат түбірі (x 0)

Х-тің абсолют  шамасы

Санның бүтін бөлігі

Санды бүтінге дейін дөңгелектеу

Санның бүтін бөлігі

 санының мәні ( = 3.1415… )

(0;1) аралығындағы  өндірілетін кездейсоқ нақты  сан

Сан таңбасы. Оның қабылдайтын мәндері: +1 (x>0), 0 (x=0 үшін ), -1(x<0 үшін)

Tgx(x радиандық өлшемде)


 

 Ескерту:

1) егер  х аргументі   INTEGER  типіне  жататын  болса,  онда  sqr (x),  abs(x) функциялары да  INTEGER   типті;

2) Round,  Trunc  функциялары   REAL  типті  мәндерді   INTEGER   типіне  өзгертеді, ал  Int –  REAL  типін  қалдырады;

3) стандартты  скалярлық   функциялар  қатарына  жатпайтын   тригонометриялық  функция  мәнін   есептеу  үшін  алдымен  оны  стандартты  функциялар  арқылы  өрнектейді;

4) негізгі оң  сан   болатын   х   дәрежесін ln(x)  және  exp(x)   функцияларын  пайдаланып  есептеуге болады (x>0), яғни 

х

=exp(n*ln(x))

 

Паскаль  тіліндегі стсндартты  функциялар:

1.  Ord(‘x ’) – ‘x ’ символының  кодын анықтайды.

     Мысалы,  ord(‘A’)=65;

2.  Chr(n) – коды бойынша  символды  анықтайды.

     Мысалы, chr (66)= ’B’;

3.  Succ (x) –REAL- дан  басқа   типтегі  мәндер  тізімінде   соңғы  мәнді    

     анықтайды.  Мысалы,  succ (46)= 47; succ (‘a’) = ‘b’ ;                                                        

4.  Pred (x) – succ (x) –ке   кері  функция.

     Мысалы, pred (47)= 46; pred (‘b’)=’a’.

Программалау  тілдерінде  енгізу  мен  шығаруды ұйымдастыру.

Операторлар форматтары

 

     Паскаль   тілінде  енгізу  операторының  жазылуының  жалпы  үлгісі:

READ (x1,x2,…,xn)

мұндағы x (k=1,2,…,n)  ендірілетін мәндерді  сәйкес  түрде қабылдайтын айнымалылар (read - оқу).

     Программаның  орындалу  барысында  read  операторы   кездессе ,  компьютер  айнымалылар   мәндерін  жадқа  ендіруді  күтіп  тоқтап  қалады. Мәндер  аралықтарына бос орын қалдырылып  пернетақтадан енгізілуі тиіс. Енгізу  аяқталған соң программаның орындалуы одан әрі жалғасады.

     READ операторының  алдында мәндерді жадқа ендірілуі  тис айнымалыларды write операторы  арқылы экранда көрсетіп қойған  дұрыс. Мысалы,  begin write (‘a,b,h = ?’); readln (a,b,h);

                  S:= (a+b)*h/2; write (‘s = ’, s:5:2);        

                  End.

Кейде  write, read – операторларының соңына ln жалғауын қосып, writeln, readln түрінде жазуға болады. Мысалы, readln(a,b,h); writeln(x:5:2);

Мұндай операторлар  орындалған соң курсор экранда өзінің тұрған орнынан келесі жолдың басына ауыстырылады да, кезекті оператордың орындалуы экранда осы жерден бастап көріне бастайды.Егер келесі жолды бос күйінде тастап кету қажет болса,программаға соңғы орындалатын ln жалғауы оператордан соң парыметрсіз writeln операторын енгізсе жеткілікті.

 

Тармақталу  командасы.Шартты операторлар

      Сызықты программада операторлар  ретіне қарай бірінен соң бірі  орындалады.Мұны программаның табиғи  реттілікпен орындалуы дейді.Тәжірибеде  көптеген есептер мұндай сызықтық  құрылымға  келе бермейді.Есептерді шешуде есептеу жолдары тәуелді болатын шарттар жиі кездеседі.

      Тармақталу  алгоритмі алгоритмдік тілінде   егер командасы арқылы жүзеге  асырылатындығын белгілі.Тармақталу  командасының толық және толық  емес түрі бар. Олар  мыналар:

 

 

Qbasic тілінде

Pascal тілінде

а) if <шарт> then S1 else S2;

 

ә) If <шарт> then S;

a) IF<шарт> then <оператор1> else <оператор2>;

 

ә) If <шарт> then <оператор>;


 

Құрама шарттардың жазылуы:

 

Математикада

0<x<1, x=0 немесе x 5

Бейсик тілінде

x>0 and x<1, x=0 or x<>5

Паскаль тілінде

(x>0) and(x<1), (x=0) or (x<>5)


 

       Программалау тілдерінде шартты өту операторы – IF. Бейсик тілінде шартсыз өту операторы бар, ол – GOTO. Шартсыз өту операторы GOTO есептеуді одан әрі жалғастыруда программаның келесі кезекте орындалатын операторын көрсету үшін,яғни программаның қандай да бір бөлігін орап өту үшін қолданылады.Оператордың жазылу үлгісі: GOTO k. Мұнда к – қатар нөмері; GOTO (өту) – оператордың аты; k – GOTO операторынан соң орындалатын операторлық қатардың нөмері.Осылайша GOTO операторы программаның табиғи реттілікпен орындалуын бұзады.Кейде бір жолға нөмер қою керек болады. Ол GOTO операторы үшін керек. Мұнда ұқсастық, тармақталу командасының жазылу үлгісі QBASIC және PASCAL  тілдерінде бірдей.Құрама шарттардың жазылуы да ұқсас. Тек PASCAL тілінде шарттар жақшаға алынып жазылады.

Информация о работе Паскаль және Бейсик тілдерінде программа құру ерекшеліктері