Рид-Соломон кодын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 11:40, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Телекоммуникация желілерінде Рид-Соломон кодын қолдану және зерттеу болып табылады. Жобаның басты мақсаты қазіргі телекоммуникация жүйелерінде мәліметтердің берілуі үшін Рид-Соломон кодын қолдану арқылы бағдарлама жобасын құру. Рид-Соломон кодтары деректерді сақтау және жіберу құрылғыларында қателерді табу және түзету үшін кеңінен қолданылады. Осылайша, Рид-Соломон кодының ақпаратты жеткізу кезінде қолданылуын зерттеп, бағдарлама жасау арқылы құрылымын түсіндіру. Яғни теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту.

Файлы: 1 файл

Айдоска дип.doc

— 1.27 Мб (Скачать файл)

Visual Studio .Net өңдеу ортасы  – бұл уақытпен тексерілген  бағдарламалық өнім.  Бірақ бұл  нұсқаның .Net идеясымен байланысқан  жаңалықтары оны бағдарламалық  өнімдерді құруда жаңа белесті  анықтайтын принциптi жаңа өңдеу деп санауға мүмкiндiк бередi.

Өңдеу ортасы енді ашық тілдік орта болып табылады. Яғни Microsoft фирмасының ортасымен қосылған: Visual C++ .Net , Visual C# .Net, J# .Net, Visual Basic .Net бағдарламалау тiлдерiмен қатар ортаға кез келген бағдарламалау тілдері, басқа да фирма-өндірушілер өндірген компиляторлар да қосыла алады.  Мұндай кеңейтулерді Visual Studio  ортасы жетерліктей көп жасады, олар iс жүзiнде барлық белгiлi тiлдер үшiн мүмкін болады: Fortran және Cobol, RPG және Component Pascal, Oberon және SmallTalk.

Microsoft Visual Studio –бағдарламалық қамсыздандырудың интегралды құрастыру ортасын және басқа да инструменталды құралдардан тұратын Майкрософт компаниясының өнімі. Бұл өнімдер консольдық қосымшалармен қатар графикалық интерфейстегі қосымшаларды да, оның ішінде Windows Forms технологиясының қолдауымен, сонымен бірге веб-сайттар, веб-қосымшалар, веб-қызметтерді  өндіре алады. Ол өнімдерді өзіндік және барлық платформалар үшiн басқарылатын кодтарда жасайды, ол платформалар: Microsoft Windows, Windows Mobile, Windows CE,.NET Framework, .NET Compact Framework и Microsoft Silverlight.

Visual Studio бағдарламалау  ортасы IntelliSense технологиясының қолдауымен  өзіне бастапқы код редакторынан  және кодтың қарапайым рефакторингісінің  мүмкіндігінен тұрады. Кірістірілген дұрыстаушысы бастапқы код дейгейінің дұрыстаушысы  және машиналық дұрыстаушысы ретінде жұмыс істей алады. Басқа кірістірілген инструменттер веб-редактор, класстар дизайнын және деректер қорының схемасының дизайнын, қосымша  графикалық интерфейсін жасауды жеңілдету үшін редактор формаларынан тұрады. Visual Studio әр деңгейде функционалдылықты кеңейту үшін басқа қосымшаларды (плагиндер) қосуға және құрастыруға мүмкіндік береді, оның ішінде бастапқы код нұсқасын бақылау жүйелерін (мысалға Subversion және Visual SourceSafe) қолдауды қосу, жаңа инстументтер жиынтығын (мысалға редактілеу және пәндiк - бағытталған бағдарламалау тiлдерiнің визуалды жобаілеу коды немесе басқа да бағдарламалық қамсыздандыруды құрастырудың аспектілеріне (Team Foundation Server-мен жұмыс үшін Team Explorer клиенті) арналған инструменттер) қосуға мүмкіндік береді [20].   

 

 

3.2 С# объекті-бағдарланған бағдарламалау тілі

 

 

Заманауи программалық платформаларды және прогаммалауды  автоматтандырудың құрал-жабдықтарын  қолдану ақпараттық жүйенің программалық қамтамасыздандыруын құрудың ажырамас талабы болып табылады. Microsoft компаниясының .NET платформасы көптеген программалық жүйе құрастырушыларының тәжірибесі шоғырланған жаңа құрастыру жүйесі болып табылады. Арнайы .NET платформасы үшін

Microsoft компаниясы C# –  толық функционалды объекті-бағдарланған  бағдарламалау тілін құрастырып  шығарды. Бұл тіл C++, Java тілдерінің  ең жақсы сапаларын өзіне алды. Қуатты функционалдығына қарамастан, C# тілі қарапайым, сенімді және  қауіпсіз тіл болып табылады. C# тілін мақсатты түрде Windows-қолданбаларын, сонымен қатар, Web-қолданбаларын құруға қолданады.

C# тілі (1998-2001ж. С# тілі  бойынша жұмыс істейді, 1.0 – 2002ж., 2.0 – 2005ж., 3.0 –2008ж., 4.0 – 2010ж.) бағдарламалау  тілі облысында ең ірі жаңалық болып табылады. Бұл бағдарламалау тілі 21-ғасырда құрылған. Microsoft қойнауында жарыққа шығып, ол өзінің бірінші қадамында-ақ күшті қолдауға ие болды. Бұл тілді халықаралық қауымдастық мойындаған. C# тілі жаңа тіл және интенсивті түрде дамып жатыр. Тілдің әрбір жаңа нұсқасында жаңа қасиеттер қосылып отырады.

C# тілін құрған топтың  жетекшісі Microsoft қызметкері Андерс  Хейлсберг. Ол бағдарламалаушылар  әлеміне Microsoft-ке келмей тұрып  белгілі болған. Хейлсберг ең  атақты құрастыру ортасының бірі – Delphi-дің жетекші құрастырушыларының қатарында болды. Microsoft-та ол Java – J++ тілдерінің нұсқаларын құруға қатысты. Андерс Хейлсбергтің өзі айтып кеткендей, C# компонентті бағдарламалау тілі ретінде құрылды, бұл тілдің басты қасиеті, яғни құрылған компонентті қайталап қолдану мүмкіндігін береді. Компилятор арқылы құрылған компоненттер өзі құжатталатын, сондай-ақ программалық кодтан өзге құрамында компонентті сипаттайтын метаақпарат бар, сондықтан әртүрлі платформада орындалуы да мүмкін [21].

Басқа маңызды факторлардан келесілерді атап өтсек болады:

  • C# .NET Framework каркасы мен параллель құрылды және бірге дамыпт жатыр, яғни толық  түрде   оның  барлық    мүмкіндіктерін    ескереді;
  • C# толығымен объекті-бағдарланған тіл болып табылады;
  • C# мұрагерлік және әмбебаптану мүмкіндігі бар қуатты объектілік тіл

болып табылады;

  • C# C++ тілінің мұрагері болып табылады. Тілдің жалпы синтаксисі және оның жалпы операторлары С++-тан C#-қа ауысуды жеңілдетеді;
  • өзінің ата-анасының негізгі қасиеттерін сақтай отырып, тіл қарапайым

және сенімдіболды;

  • операциялық жүйеге қондырма болып келген .NET Framework

каркасының арқасын-да, C# бағдарламалаушылары виртуалдық машинамен жұмыс істеудің артықшылықтарын алады;

  • .NET Framework C# -та қолданбаның алуан түрлілік типін қолдайды;
  • сенімді және тиімді кодты құруды жүзеге асыруда C#-тың жетістігіне

әсер ететін маңызды  факторлардың бірі болып табылады.

C# тілі қандай бағытта  дамып жатыр? 3.0. нұсқасында пайда  болған жаңалықтарды атап өтейік. Бірінші орында – C#-та сапалы  түрде жаңа типті жобалардың құрылу мүмкіндігі. Әрине, жобалардың жаңа типтерін тілдің жаңалықтарына қатыстыруға болмайды. Бұл мүмкіндіктерді .NET Framework 3.5 каркасы мен Visual Studio 2008 береді. Бірақ, тіл, құрастыру ортасы, каркас ортасы тығыз байланысты болғандықтан, C#-та бағдарламалаушының көзқарасы бойынша, C#-та программалық жобаларды құру мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейген.

Екінші орында – LINQ (Language Integrated Query, Интегралданған сұраныс тілі –Visual Studio 2008-бен бірге 2007 жылы қарашаның  соңында шықты) атауына ие болған жаңа сайманның пайда болуы. Бүгінгі таңда C#-та бірде-бір маңызды жоба сыртқы мәліметтер көздерімен алмасусыз жүрмейді, олар - мәліметтер базасы, Интернет және өзге де қойма көздерімен. Мұндай жағдайларда арнайы объектілер (ADO.NET немесе оның алдыңғы нұсқалары) қолдануға тура келді.

ADO (ағыл., ActiveX Data Objects - «ActiveX мәліметтерінің объектілері»)- ActiveX компонентінің технологиясына негізделген және Microsoft компаниясы (MS Access, MS SQL Server) құрастырған мәліметтерге қол жетімділік үшін арналған қолданбаны бағдарламалау интерфейсі . ADO әр түрлі үлгідегі көздерден мәліметтерді (реляционды мәліметтер базасы, мәтіндік файлдар және т.б.) объекті-бағдарланған түрде ұсынуға мүмкіндік береді. ADO мен жұмыс кезінде SQL (Structured Query Language, Құрылымдалған сұраныстар тілі) – сұраныстың арнайы тілін қолдану керек болатын. LINQ арқасында сұраныстар тілі C# бағдарламалау тілінің бөлігі болып тұр. Сонымен бағдарламалаушылардың бұрынғы арманы жүзеге асты, яғни бағдарламалау тіліне тиісті жабдықтарды қолдану арқылы, өзге жабдық пен тілдің көмегінсіз түрлі сыртқы көздерде орналасқан мәліметтермен жұмыс жасау.

Бағдарламалаудың функционалды стиліне тән лямбда-өрнегі, анонимді типтер және функциялармен жұмыс  істеу мүмкіндігі. Андерс Хейлсберг бағдарламалаудың императивті және функционалды стилін араластыру құрастырушылардың міндетін жеңілдетеді, себебі функционалды стиль құрастырушыға не істеу керек екенін айтады [21].

С# тілінің 4.0 нұсқасы Visual Studio-ның жаңа нұсқасымен бірге, 2010 жылы сәуір айында шықты. C# 5.0. нұсқасымен жұмыс жалғасуда. Тілдің дамуындағы үш негізгі тенденцияны атап өтуге болады: – декларативтілік, динамикалық және параллелділік. Құрастырушылар C# тіліне процедуралық тілдің дәстүрлі мүмкіндіктерін кеңейтетін қасиет беруге тырысып жатыр.

Visual Studio 2010 жаңа нұсқасында  бағдарламалаудың жаңа динамикалық  тілдері шықты: «темір жылан»  – Iron Python және Iron Ruby. C# 4.0-те динамикалық  айнымалылар беру мүмкіндігі енгізілген [22].

Параллелді есептеулер жақын 5-10 жылда бағдарламалаушының күнделікті жұмысында нақты болмақ. Осы бағытта техника дамып жатыр. Бағдарламалау тілі осы тенденцияны қолдауы керек. Компилятор қызмет ретінде және т.б мүмкіндіктер C# 5.0-те жобалануда.

Visual Studio Integrated Development Environment (IDE) – құрастырудың

интегралданған ортасы саймандар жиынтығынан тұрады және Visual Studio ұсынған қолданатын бағдарламалау тіліне тәуелсіз. Visual Studio-да келесі бағдарламалау тілінде жұмыс істеуге болады: басқарылатын C++ - Manadged C++, Visual Basic.NET, C#, F#.

C#-та жазылған және Visual Studio 2010-да орындауға жіберілген жобаның қорытындысы IL-коды (Intermediate Language, Аралық тіл – ассемблерлік тіл) бар жинақтама (assembly) болып табылады. Жинақтама бір компьютерде, бір платформада құрылуы мүмкін, бірақ басқа типті процессоры бар басқа операциялық жүйеде, басқа компьютерде орындала-ды. Жинақтаманың орындалуы үшін .NET Framework-тің сәйкес келетін нұсқасының компьютерде орнатылуы қажетті және жеткілікті болып табылады.

 

 

3.3 С# бағдарламалау тілінің негізгі сипаттамалары

 

 

.NET Microsoft платформасы  үшін арнайы жаңадан шыққан  тіл – С# программалық тілі  болып табылады. С# – бұл синтаксисі Java синтаксисіне өте қатты ұқсайтын  программалық тіл болып табылады. (бірақ, тұтастай ондай емес). Мысалы, С#-та (Java-да сияқты) кластың анықтамалары бір (*.cs) файлдан тұрады. Ал, C++-те кластың анықтамалары бастапқыға (*.h) және жүзеге асырылатынға (*.срр) болып бөлінген. Бірақ, С#-ті Java-ның клоны деп айту дұрыс болмас еді. С# пен Java C++-тің синтактикалық құрылысына негізделген. Егер Java-ны көптеген байланыстарға қарай отырып C++-тің тазаланған түрі дейтін болсақ, онда С# Java-ның тазаланған түрі деп айтуымызға болады [23].

С#-тың синтактикалық  құрылымы тек қана C++-тен алынбаған, сонымен қатар, Visual Basic –тен мұрагерленген. Мысалы, С#-та Visual Basic-тегідей кластың қасиеті қолданылады. C++-тегідей, С#-та да өзіміздің жасаған типтерімізге “перегрузка операторов” жасай аламыз. (Java-да мұндай мүмкіндіктер қарастырылмаған). С# – бұл, жалпы айтқанда, әр түрлі тілдердің жиынтығы болып табылады. Қорыта келе,  С#-тың басты ерекшеліктерін тағы да айқындап кетейік.

  • Сілтеменің еш қажеті жоқ. С# программаларында олардың қажеттілігі

шамалы, бірақ егер сізге  олар керек болатын болса, онда  қолдануыңызға болады;

  • Жадының басқарылуы автоматты түрде орындалады;
  • С#-та құрылыспен және кластың қасиетімен жұмыс жасауға өзіндік

синтактикалық құрылыстар қарастырылған;

  • С#-та көптеген операциялар C++-тен мұрагерлікпен келген;
  • Программаның интерфейсін толықтай көру қарастырылған;
  • Және де аспектті-бағытталған программалық технологиялар толығымен қамтамасыз етілген.

С# тілі бағдарламалау тілдерін құру облысында өте белгілі жаңа өнім болып келеді. С# тілінің негізгі конструкцияларына тоқталатын болсақ, олар төмендегідей.

Айнымалыларды жариялау және инициализациялау:

 

Айнымалы_типі айнымалы_аты [=мағынасы];

 

Мысалдар:

 

int x; //x айнымалысын жариялау

x=100; //x айнымалысын инициализациялау

long w,z=100; //w және z айнымалыларын  жариялау және

              //z– ті инициализациялау

long q=100*z; //айнымалыны динамикалық 

              //инициализациялаумен жариялау 

 

С# тілі деректер типін қатаң бақылайтын бағдарламалау тілі болып табылады. С# тілінде деректердің кірістірілген типтерінің екі негізгі категориясы ерекшеленеді: қарапайым типтер және сілтемелік типтер. С#   бағдарламалау тіліндегі деректердің қарапайым типтерінің негізгі сипаттамалары төмендегі кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1.  Деректердің қарапайым типтерінің негізгі сипаттамалары

 

      Типі

Сипаттамасы

Көлемі, бит

      Bool

Мағынасы ақиқат\жалған

1

      Byte

8-биттік таңбасыз бүтін

8

      Char

Символ 

16

 Decimal

Финанстық есептеулер үшін сандық тип

128

   Double

   Қалқымалы нүктесі бар екі еселі дәлдіктің саны

64

     Float

Қалқымалы нүктесі бар  сан

32

       Int

Таңбалы бүтін 

32

      Long

Ұзын таңбалы бүтін

64

      Sbyte

8-биттік таңбалы бүтін

8

      Short

Қысқа бүтін

16

      Uint

Таңбасыз бүтін

32

     Ulong

Таңбасыз ұзын бүтін

64

   Ushort

Таңбасыз қысқа бүтін

16

Информация о работе Рид-Соломон кодын