Құс шаруашылығындағы шыбынмен күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2015 в 18:50, реферат

Описание работы

Сіздердің назарларыңызға құс шаруашылығы жағдайында зоофильді шыбындармен күрестегі дезинсектанттардың салыстырмалы түрдегі тиімділігін зерттеудің нәтижелерін ұсынамыз.
Дезинсекция – бұл түрлі аллергиялар мен тері ауруланы туғызатын, сол арқылы экономикалық зиян келтіретін жұқпалы аурулардың тасығышы болып табылатын жәндіктерді жоюға арналған санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық шаралар кешені. Мұндай алдын алу шаралары зиянкестердің өмірі мен көбеюі үшін қолайсыздықтар туғызып, керісінше халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту үшін жүргізіледі.

Файлы: 1 файл

бизнес.docx

— 310.15 Кб (Скачать файл)

Құс шаруашылығындағы шыбынмен күрес

Сіздердің назарларыңызға құс шаруашылығы жағдайында зоофильді шыбындармен күрестегі дезинсектанттардың салыстырмалы түрдегі тиімділігін зерттеудің нәтижелерін ұсынамыз.

Дезинсекция – бұл түрлі аллергиялар мен тері ауруланы туғызатын, сол арқылы экономикалық зиян келтіретін жұқпалы аурулардың тасығышы болып табылатын жәндіктерді жоюға арналған санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық шаралар кешені. Мұндай алдын алу шаралары зиянкестердің өмірі мен көбеюі үшін қолайсыздықтар туғызып, керісінше халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту үшін жүргізіледі.

«Дезинсекция» терминін алғаш рет ғалым Н.Ф. Гамалей 1910-жылы қолданған. Ол француздың «des» – жою, құрту деген сөзі мен латынның «insectum» – жәндік деген сөзіне құралған. Дезинсекцияның негізгі мақсаты зиянды жәндіктерді жою мен санын реттеудің әдістері мен құралдарын ғылыми негізде әзірлеу болып табылады. Бірқатар ғылым түрлерімен (физика, химия, биология, гигиена, эпидемиология т.б.) тікелей байланыстағы дезинсекция мамандардан жалпы және арнайы сипаттағы  әртүрлі ілі-білімді талат етеді.

Жан-жануарлар мен құстар арасындағы эктопаразиттер арасында ең көп таралғандары кене, бүрге, қара күйе, зоофильді шыбындар, қара қоңыздар, тарақандар мен шегірткелер. Бұлар омыртқасыз ағзалар арасындағы саны ең көптері болып табылады. Олардың арасында адамға зияндысы да, пайдалаысы да бар. Зияндыларға ағаштарға, азық-түлікке, жүн-және тері өнімдеріне зиян келтіретіндер мен адам мен жан-жануарлардың түрлі жұқпалы ауруын тасымалдаушылар жатады. Сондықтан да дезинсекция медициналық, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы және тұрмыстық болып бөлінеді.

Урбанизацияның қарқынды процессі, қалалардың қоршаған табиғатқа етене сұғына түсуі – осының бәрі қала тұрғындарының табиғаттағы жұқпалы ауру көздерім, ауру таратушылармен байланысын арттыра түседі. Осыған байланысты дезинсекцияның негізгі міндетінің бірі – табиғаттағы жұқпалы ауру көздерінің санын реттеу арқылы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту болып табылады. Табиғатта өмір сүретін көптеген жәндіктер адамдарға тақау және адамдар тұрағында өмір сүруге тез бейімделеді, яғни синантропияланады (гректің «sine» – бірге және «antropos» – адам деген сөзінен алынған).

Жаз келісімен шыбынмен проблема басталады, өйткен олар адамның да, жануарлардың да ауруларын тасиды. Олар жылы кезде қилар мен тамақ қалдықтарында көбейіп, өсіп-жетіледі. Олар тіпті кейде қыста да жылы жерде өмір сүре береді.

Құс фабрикаларында өмір сүретін шыбындар екіқанаттылар (Diptera) тобына, қысқа мұрттылар (Brachycera) топшасына жатады. Өз биотүрлері бойынша тек қоңыздардан, көбелектерден кейін тұрады. Зоофильді шыбындар –биоценотикалық байланыстары бар (трофикалық, топикалық, форикалық) домалақ жәндіктер.

Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, зоофильлі шыбындардың 257 түрі бар екен, оның 89 жануарлар мен құстарға тікелей байланысты, ал қалғандары қи, өлексе, тамақ, жем-шөп арқылы байланысқа түседі. Muscidae, Calliphoridae, Sarcophagidae, Anthomyiidae, Sepsidae тұқымдас шыбындардың саны басқаларға қарағанда көп. Ветеринарияда алғашқы үші түр үлкен маңызға ие.

- Қан сормайтын шыбындар  қатарында Muscidae, Musca domestica, Fannia canicularis, Muscina stabulans, Musca autumnalis, Musca lavripara және Musca amica тұқымдастырды  атауға болады, ал қан соратындар мен жануарларда паразиттік түрде өмір сүретіндер – Stomoxys calcitrans, Lyperosia irritans и L. Titilans, сондай-ақ Muscadomestica, Muscina stabulans (бөлме, үй шыбындары), Fannia canicularis (шағын үй шыбындары) және Musca sorbens (базар шыбындары) тұқымдас шыбындар.

Жалайтын және шағатын-сортаны ауыз аппаратты зоофильді шыбындардың басым көпшілігі жаздың екінші жартысында және күздің басында пайда болады. Бұл уақытта құс фермаларындағы олардың саны 1 м2  жерге 30 дан 60 данаға дейін, ал тақау маңайларда 1 м210 -нан 16 данаға дейін жетеді.

Жыл бойы Muscidae тұқымдас шыбындар 5-7 рет ұрпақ таратады. Аналықтары өз өмірінде 600 дейін жұмыртқа салып, дернәсілдері қида, жануарлар мен құстардың өлекселерінде өсіп-жетіледі.

Бұл жәндіктер адамдар мен жануарлардың – туберкулез, бруцеллез, күйдіргі, оба, қорасан, шешек, туляремия, сүзек, сондай-ақ инвазиялық аурулар – трипаносомоз, боррелиоз, стефанофиляриоз, габронематоз және басқа да аурулардың тасығышы болады.

Шыбындармен күресудің қазіргі заманғы стратегиясы жәндіктерді олардың  дамуының әртүрлі кезеңінде жоюға, сондай-ақ олырдың шектен тыс көбейіп кетуінің алдын алатын шараларды топтастырады. Ең тиімді әдіс – шыбындардың жұмыртқалаған орныныдағы күрес болмақ. Соңғы жылдары құрамында пиретроидтары бар препараттар (пиретроидтар – синтетикалық инсектицидтер), мысалы, эктомин, неостомазан, бутокс, солфак көп қолданылады.

Құс өсіру шаруашылықтарындағы шыбындармен күрестің негізгі стратегиясы олрадың көбеюі мүмкін орындардың санын азайту. Жәндіктер, әдетте, жас қида тез көбейеді. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын ұсақталған шөп, де шыбындарлың жекелеген түрлері үшін өте жайлы орын. Бұлар көбінесе, қоршаулар мен азықтану астаулары маңында көп болады. Зиянкестерді өсіретін осындай жердерді жою – шыбындармен күресудің ең арзан жолы.

Шыбындармен күресуді күн жылынғанға дейін қолға алған жөн. Олардың көбейетін орындарын анықтап, олардан құтылу керек. Бұлай етпеген жағдайда, күн жылынысымен, шыбындардың көбеюін тоқтату қиын әрі қымбат болып кетеді.

Енді құс шаруашылығы жағдайында зоофильді шыбындармен күрестегі дезинсектанттардың салыстырмалы түрдегі тиімділігін зерттеу жөніндегі сынақ жұмыстарына жан-жақты тоқталып өтейік. Зерттеу жұмыстары 2010-2012-жылдары мамыр айынан қараша айына дейінгі аралықта Батыс Қазақстан облысындағы «Ақас» құс фабрикасында екі кезеңде жүргізілді. До 2009-жылға дейін шыбындармен күресте негізінен фумигация әдісімен хлорофосом, дихлофосом, ДДВФ (эстрозоль), сондай-ақ  дезинфекциядан кейін 10 л суға 50 г нормасында спрей ретінде хлорофос қолданылған.

Одан кейін спрей түріндегі Бутокс және Диазинон препараттары пайдаланылған. Бұл жұмыстарды күн сайын қолдану қажет болатын. Сондықтан да шыбындарға қарсы инсектициды (құрғақ түріндегі) паадаланып, оның әсер ету мерзімін анықтау қажет болды.

Бірінші, дайындық кезеңінде №1, 2 және 6 құсханалардағы шыбынның саны анықталды. Шыбынның санын анықтау үшін әр құсханаға жерден 1,5-2,0 м биіктікте 5 аулағыш («Мухолов» жабысқақ таспасы) орналастырылды. 24 сағаттан кейін оған жабысқан шыбындар саналды.

Бүгінде зиянды жәндіктермен күрес жолында көптеген препараттар қолданылады.  Құрамында шыбындарды еліктіргіш аттрактанттары аулағыштар өте тиімді әсер етуде. Оны жеген шыбын бірнеше минуттан кейін өліп қалады. Біз шыбындармен күресте қолданылатын Флай Байт және Квик Байт препараттары туралы айтпақпыз.

Флай Байт препараты – бөлмеде шыбын аулауға арналған ашық-сарғыш түсті ұсақ түйіршіктер, құрамында 98% қант болғандықтан Флай Байт зиянкестерді қатты еліктіреді.

Жәндіктер аулағышта жеп қоймау үшін оған ащщы зат – битрекс қосылған. Препараттың маңызды бөлігі – шыбынның жыныстық феромоны – мускалюр, немесе 9-цистрикозен (0,25%), ол  30 метрлік радиусқа дейінгі жәндіктерді өзіне тартады.

Флай Байт препаратының негізгі заты – карбамат тобындағы метомил (1,0%), онымен байланысқа түскен шыбын 3-5 минут ішінде өледі, ал дәрінің жоғары инсектицидтік белсенділігі 2,5-3 ай бойы, яғни шыбын маусымы аяқталғанша сақталады.

Флай Байт – қолдануға дайын зат, оны шыбын көп үймелейтін жерлерге жайпақ ыдысқа құйып қояды. Шығын нормасы 2,5 г/м2. Флай Байтті құрғақтай да, ылғал қалпында да пайдалануға болады, оны сулау шыбынды одан да көп еліктіреді. Препаратты тік жазықтыққа да жағып қоюға болады, ол үшін оны суға араластырып (100 г препаратты 50-80 мл суға), одан кейін есік пен терезенің жақтауына және т.б. жерлерге жағып қояды.

Квик Байт препараты да Флай Байт инсектициді сияқты дайын құрғақ, түйіршікті  еліктіргіш түрінде болады, түсі қызғылт. Квик Байтта да сол заттар – битрекс и мускалюр бар.

Квик Байт препаратының ерекшелігі онда әрекет еткіш  жаңа заттың – шыбындарды улайтын жоғары токсикалық әсері бар неоникотиноидтер тобына жататын имидаклопридтің (10,0%) болуы. Еліктіргіш түйіршік немесе паста (суға еріткенде) түрінде қолданылады, Квик Байт препаратының шығын нормасы небары 1,75 г/м2 ғана құрайды, бұл Флай Байт препаратына қарағанда 1,5 есе аз.

Зерттеудің екінші кезеңінде препараттардың тиімділігі мен олардың әсер ету мерзімінің ұзақтығы сынақтан өткізілді. №1 құсханадағы Флай Байт пен №2 құсханадағы Квик Байт құрғақ ұнтақ түрінде пластикалық табақшаларға салынып, 5-10 грамман бір-бірінен 3-5 метр қашықтықты қойылды.

Мұндай тәжірибе жалпы құс саны 7 750 бірлік болатын  осындай үш құсханада өткізілді. Құсхананың параметрі: 12 х 76 х 3 м. Жалпы ауданы 912 м2. Жалпы көлемі – 2 736 м3. Ауа температурасы – 17-32оС, ылғалдығы – 60-68%.

Флай Байт (№1 құсхана) мен Квик Байт(№2 құсхана) препаратының инсектицидтің тиімділігін және олардың әсерінің ұзақтығын анықтау үшін  мынадай шаралау қолданылды. Тәжірибелік құсханада «Мухолов» таспасы бірінші рет – өңдегеннен кейін, одан соң әр 21 күн сайын (мамырдан қарашаға дейін) ілініп отырылды. Таспа жәндіктердің сандық көрсеткіші анықталған орындарға қойылды. 24 сағаттан кейін оларды алып, жәндіктер саналды. Алынған тәжірибелік мәліметтерге Н.А. Плохинскийдің әдісі бойынша статистикалық талдау жасалды.

Алынған мәлімететрді өңдеу нәтижесінде мынадай қорытындылар жасалды. №1, 2 және 6 құсханаларда стандартты «Мухолов» аулағышына орналастырғаннан кейін 24 сағаттан соң түскен жәндіктердің саны 25-30 данады құраған.

Флай Байт препаратымен өңделген тәжірибелік №1 құсханада 24 сағаттан кейін бірнеше дана ғана жәндік қалған. Бақылау көрсеткендей, еліктіргішті жеген жәндіктер тез өліп қалған. Оны жеген шыбындар алдымен алдымен коматоздық жағдайға түсіп, мазасызданады, алдыңғы аяқтарымен басын, көзін, тұмсығы мен қанатын сипалайды. 30-40 секундтан кейін сртқы аяқтары паралич болып қалады. Мазасызданған шыбындар ызыңдап, бір жақ қанатымен шыр айналады. 3-4 минуттан кейін бүкіл денесі параличке ұшырап, тұмсығы салбырап қалады да шыбын өледі.

Квик Байт препаратымен өңделген №2 тәжірибелік құсханадаоның тиімділігі едәуір төмен болды. Шыбындарды еліктіру үшін әр 20-25 күн сайын 50-80 мл суға 100 г препарат қосып, ерітінді жасап отыруға тура келді.

Қорытындылай келе, Флай Байтпрепараты қолданылған құсханада бүкіл жаз бойы зоофильдік шыбынның жоқтығы байқалған. Ал Квик Байт қолданылған екінші жерде дезинсекцияның әсері Флай Байт препаратына қарағанда 8-10% төмен болған. Бақылау құсханасында осы мерзім ішінде зоофильдік шыбын саны 2-3 есе өскен.

Проведенные исследования Инсектицидтерге жүргізілген зерттеулер басқаларға қарағанда Флай Байт препаратының көп артықшылығы бар екенін көрсетті. Ол артықшылықтарға:

- инсектицидтік әсердің  жылдам;

- шыбынның тез азайып, тіпті құрып кетуі;

- жәндіктерден ұзақмерзімді сенімді қорғаныс;

- өңделетін нысанда дайындық  шараларын жүргізудің қажет болмауы;

- қолданудың ыңғайлылығы  мен қарапайымдылығы;

- құрғақ және ерітінді түрінде қолдануға болатындығы;

- адамдар мен жанауарлар  үшін қауіпсіздігі;

- кеңінен қолдану (препаратты  кез-келген нысанды, оның ішінде  тұрғын үйлерді, емдеу және балалар мекемелерін өңдеу) мүмкіндігі.

Біздің анықтама

Николай Федорович Гамалея (1859-1949) – профессор, медицина ғылымдарыныңдокторы, КСРО ҒА құрметті академигі (1940), КСРО ҒА корреспондент-мүшесі (1939), КСРО МҒА академигі (1945), ғалым-микробиолог әрі эпидемиолог, Одессадағы Бактериологиялық институттың негізін салушы.

Николай Федорович 1859-жылғы ақпанда Одессада туған. Гимназияны бітіргеннен кейін Новороссийск университетінің физика-математика факультетінің жаратылыстану бөлімііне оқуға түскен. Сонымен қатар, ол Страсбург университетінің Гоппе-Зейлер зертханасында биохимияны зерттеу арқылы өз білімін толықтыруды мақсат еткен. Гамалея үш жыл қатарына жазғы семестр кезінде Страсбургке барып, биохимия бойынша, одан кейін басқа да мамндықтар бойынша  дәрістер мен семинарларға қатысты.

1881 жылы Новороссийск университетін  ғылым кандидаты дәрежесінде  аяқтаған Гамалеямедициналық білімін  сол кездегі ең жоғары Петербургтегі  Әскери-медициналық академияда жалғастырады. 1883-жылы Николай Гамалея Әскери-медициналық  академияны аяқтап, Петербургте қалудан бас тартып, Одессаға оралады, онда жүйке аурулары клиникасында ординатор болып еңбек жолын бастайды, сондай-ақ үйінде микробиологиялық зертхана орнатады. 1885-жылы Пастер құтыруға қарсы сәтті екпе жасаған болатын, сондықтан да дәрігерлер қоғамы Мечниковтың кепілдемесімен Гамалеяны екпені дайындау әдісімен танысып қайтук үшін Парижге іссапармен жібереді. 1886-жылғы11-маусымда Одессада Ресейдегі бірінші, әлемдегі екінші құтыруға қарсы екпе жасауға арналған станса ашылады.

Н.Ф. Гамалея Одессадағы, Петроградтағы, Мәскеудегі көптеген зертханалар мен институттардың ұйымдастырушысы әрі басшысы болды. Ол Микробиологтардың, эпидемиологтар мен  инфекционистердің Бүкілодақтық ғылыми қоғамының тұңғыш әрі тұрақты төрағасы болды. Николай Федорович КСРО Ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды, Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Н.Ф. Гамалея екі Ленин орденімен,Еңбек Қызыл ту орданымен марапатталған.

Құс өсіру және жұмыртқа бастыру

Құс фабрикаларынан немесе құс өсіру стансаларынан 1-3 тәулік арасындағы балапан кезінде таңдап алу қажет. Балапан өсірудің өнімді, әрі тиімді жүйесі торда ұстау. Торда тұрған бройлерлер салмақты жылдам жинайды. 
 
Торды қолмен дайындауға болады. Әр балапанға ұзындығы 3 см. жемдеу орны тиеселі. Жемдеу орнында жем үнемі болуы қажет. Ең дұрысы дән толтырылатын цилиндр тәрізді аспалы жемдеу ыдысын пайдаланған жөн. Сонымен қатар әр балапанға 1,5 см. есебінде су ішетін астау қажет. 
Балапандар қатайғаннан кейін оларды құс қораға ауыстырады. Балапандардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін құс қораның бірқалыпты температурасын ұстап тұру қажет. Дұрыс күтіп-баптаса бұл тауық 48-70 күнде 1,5 килә салмақ мөлшерінде ет береді. 
Жемнің құрамында барлық дәрумендер мен минералды қоспалар болу керек. Балапан-бройлерлерді толық рационды құрама жеммен қоректендіреді. Алайда жем мен су тәулік бойы үзілмей тұруы қажет. Жас шамасы кезеңіне байланысты құрама жемнің үш түрін келесі тізбек түрінде пайдаланады. 
 
Үйректер пен қаздарды көбейтудің технологиясы 
 
Оларды көбейтудің бірнеше тәсілдері бар: күріктеусіз, аналық ұрғашы қаз арқылы және күрік бастыру арқылы. 
 
Үйректер мен қаздарды күріксіз көбейту тәсілі. Үйректер мен қаздарды күріксіз көбейту тәсілін қолдану барысында балапандар жарып шыға салысымен құс қорада + 32ºС температурасын сақтауды қамтамасыз етіп, оны 10 күн бойы күнаралатып 1ºС-ге төмендету керек. Бұдан кейінгі әрбір үш күн сайын 2ºС-ден төмендете отырып, қорадағы жылуды 8ºС-ге дейін төмендетпейінше осындай қалыпта ұстайды. Құс қораны балапандар тіршілігінің 22-күнінен бастап жылытпай-ақ қойса да болады немесе температура аяқ-астынан төмендеп кеткен жағдайда ғана жылыту керек. Оларды суға 14 күндік болған кезде күріксіз жіберуге болады, алайда су өте салқын және оның ағысы тым қатты болмау керек. Ауа райы мен сыртқы температураны ескере отырып, үйрек пен қаз балапандарын жайылымға үйрете бастайды. 
 
Күрікпен көбейту. Құстарға қолайлы жайылым ұйымдастырған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Қаз балапандарын буындары қатайған кезде немесе туа салысымен-ақ жайылымға жіберуге болады.  
 
Қаз бен үйрек балапандарын тор астында өсіруге болады. Қаздар мен үйректерді жұмыртқа шығаруға отырғызудың қолайлы мезгілі – наурыз айының аяғы, сәуірдің ортасы. Осы уақытта олардың жұмыртқа тууы тоқтап, жұмыртқа басу түйсігі пайда болады. Ерте жарып шыққан қаз бен үйрек балапандарының өсу кезеңі ең қолайлы мезгілмен тұспа-тұс келеді, себебі дәл осы уақытта олар жас, құнарлы шөппен қоректене алатын болады. Қаздар мен үйректер жұмыртқа басатын орын қараңғылау, таза, иіссіз, температурасы 12ºС-ден төмен болмауы керек. Жұмыртқа басу барысында құс қорада тыныштық болу керек, сондықтан өзге құстарды басқа жерге орналастырған дұрыс. Қаздар мен үйректер көбінесе жұмыртқа салған ұяларында ғана жұмыртқа басады. Егер жұмыртқаларды басқа жерге ауыстыратын болса, олар жұмыртқа басуын тоқтатуы мүмкін. Қаздың астына 11 – 13 жұмыртқа салады. Қаз бен үйрек балапандарын мұндай жолмен өсіру барысында жасанды жылытудың қажеті жоқ. 
 
Күрке тауық өсіру  
Күрке тауықтарды көбейтуді олардың ұрғашыларын жұмыртқаға 27-30 күн бастыру арқылы немесе жұмыртқаларды пайдалана отырып инкубаторда да жүзеге асыруға болады. Егер көбейтудің бастапқы кезеңінде инкубаторлық станциялар мен құс фабрикаларынан бір тәулік болған балапандарды алсаңыз, қиындықтар да аз болады. Немесе оларды инкубациялық жолмен де өсіруге болады.  
 
Балапандарды күрке тауықсыз шығарған кезде алдын ала лайықты орын дайындау қажет. Ең дұрысы – полиэтилен қаптамамен қапталған (төбесі мен алдынан басқа) тор. Жылыту үшін 250 Вт. лампаны қолданып, температураны 36°С-ден төмен түсірмеу қажет. Жем беретін ыдысын, су беру науасын және майда ойығы бар май шамды тордың суық жеріне орналастыру қажет. Төсенішті (ең дұрысы сабан немесе пішен) – күнделікті ауыстырып тұру қажет. 2-2,5 айдан кейін күрке тауық балапандарын құс қорасына ауыстыруға болады. Онда жел болмауы керек, жылытқыш шам қою қажет.  
 
Күрке тауық балапандарын алғашқы күндері ұсақтап туралған піскен жұмыртқалармен қоректендіреді. 5-10 күн аралығында азығына ұсақтап туралған ет, құмырсқа жұмыртқасын, жасыл пияз бен салат, тәтті ірімшік қосады. Оныншы күннен бастап өсіп қалған балапандар азығын қаймағы алынбаған сүтке араластырылған піскен картоп пен бидай кебегіне, буға піскен тарыға, бидайға, ұсақталған арпаға, ірімшікке, әртүрлі ас үй қалдықтарына, үстеме қосу керек болса әртүрлі көк шөптерге ауыстырады. Қаймағы алынбаған немесе алынған сүтті, жылы, бөлме температурасындағы суды (суға жұмыртқаның сарысын араластырып жіберсе пайдалы болады) 5-6 күннен бастап беруге болады. 

Информация о работе Құс шаруашылығындағы шыбынмен күрес