Құс шаруашылығындағы шыбынмен күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2015 в 18:50, реферат

Описание работы

Сіздердің назарларыңызға құс шаруашылығы жағдайында зоофильді шыбындармен күрестегі дезинсектанттардың салыстырмалы түрдегі тиімділігін зерттеудің нәтижелерін ұсынамыз.
Дезинсекция – бұл түрлі аллергиялар мен тері ауруланы туғызатын, сол арқылы экономикалық зиян келтіретін жұқпалы аурулардың тасығышы болып табылатын жәндіктерді жоюға арналған санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық шаралар кешені. Мұндай алдын алу шаралары зиянкестердің өмірі мен көбеюі үшін қолайсыздықтар туғызып, керісінше халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту үшін жүргізіледі.

Файлы: 1 файл

бизнес.docx

— 310.15 Кб (Скачать файл)

Асыранды құс өсіру

Үй құстары — құс шаруашылығының негізі. Адамзатқа маңызды азық-түліктік өнімдері — ет және жұмыртқа, қауырсын және мамық беретін асыранды құстар үй құстары деп аталады. Үй құстары да үй хайуанаттарына жатады. Осындай жоғары сапалы өнім беретін тауық, үйрек, қаз, күркетауық тәрізді елімізде кең тараған құстарды өсіретін шаруашылықтар, мал шаруашылығының бірінен саналатын құс шаруашылығы болып табылады. Өз қажетіне қарай адам үй құстарын сапасы бойынша қолтұқымдарға бөледі. Қолтұқым дегеніміз — белгілі бір асыранды жануардан сапасы мүлде басқа жаңа тұқым алу, яғни сұрыптау арқылы алынған асыранды. 
Халықты үй құстарынан алынатын тағамдық өнімдермен үздіксіз қамтамасыз етуде құсшаруашылық өндірісі ҮЙ құстары қолтұқымының сан алуані түрлерін пайдаланады. Қазір республикамызда құс шаруашылығы жүйесі біртіндеп қолға алынып келеді.  Қолтұқым шығаратын тәжірибе фабрикалары мен ғылыми институттар үй құстарының жаңа қолтұқымын шығарып, жетілдірумен шұғылданады. 
Тағамдық азық-түлікте тауық жұмыртқасы жоғары бағаланатыны мәлім. Аулада «қыт-қыттап», аяғымен жер тарпып, жемін іздейтін асыранды тауықтың арғы тегі — жабайы банкив тауығы болып табылады. Жабайы тауықты адамның қолға үйреткеніне де 4 жарым мыңнан астам жыл өтті, қазір тауықтар бастапқы тегінен мүлде өзгеріп, көп жұмыртқалайды, салмағы да ауыр, мінез-қылығында, түр-түсінде де өзгерістер өте көп. Адамдар қолдан сұрыптау арқылы тауықтардың сан алуан қолтұқымдарын шығарды.  
Мысалы орыстың ақ тауығы және летторн тауығы бір жылда 200—240 жұмыртқа береді, тіпті 300 жұмыртқа сыйлайтын да кездері болады. Ал кохинхин деп аталатын қолтұқымның қоразы 5 кг, мекнені 4,5 кг тартады, бұл — етті тауықтар қолтұқымы, жылына 130—150 жұмыртқадан артық бере алмайды. Нью-гемпшир, род-айланд, орловтық тауықтардың қоразы 4,5 кг, мекнені 3 кг тартады да бір жылда 160—200 жұмыртқа береді (етті-жұмыртқалы қолтұқым). 
Тауықтардың сәндік үшін өсірілетін (феникс), сондай-ақ төелескіш (тапалтақ төбелескіш) қолтұқымдары да бар. Сөйтіп, та-уық қолтұқымдары жұмыртқалағыш, етті, етті-жұмыртқалы, төбелескіш, сәндік үшін өсірілетін қолтұқымдарға жіктеледі. 
Тауықтәрізділерге жататын күркетауық — асыранды құстардың ең үлкені. Оның аппақ балғын еті кімді болса да тұшындырмай қоймайды. Асыранды күркетауықтың арғы тегі — солтүстік америкалық жабайы күркетауық. Бізде мөскеулік ақ күркетауық пен қолареңді күркетауықтардың қолтұқымдары тараған, олардың кораздарының салмағы 10—16 кг, мекнені — 6—8 кг тартады. Күркетауықтардың басы мен мойын бөлігінде қауырсын жок, сондықтан бұдыр-бұдырлы қатпарланған терісі кезге оғаш көрінеді. Тұмсығының үстіңгі жағынан етті өсінді салбырап тұрады, ол аталығында едәуір ұзын болады. Мекнені кәп жұмыртқа бермегенмен (жылына 30—50 жұмыртқа), тауық пен үйректің жұмыртқасын басып, балапандарын өрбітуге жәрдемін тигізеді, яғни жүмыртқа басатын күрік ретінде пайдалануға болады. 
Үйрек те — пайдалы құстардың бірі. Жұмыртқасы онша дәмді болмағанымен еті, қауырсыны мен мамығы шаруашылыққа көп пайда келтіреді. Асыранды үйректің арғы тегі — жабайы барылдауық үйрек. Үйректің аталығы кежек деп аталады. Жабайы үй-ректің аналығы ұя жасағанда өз төсінен мамық жұлып төсейді де, жұмыртқа басқан кезде, өзі ұядан кеткенде жұмыртқаларды мамықпен орайды, сөйтіп жұмыртқа жылуын сақтап қалады. Асыранды үйректің барлық қолтұқымдары жабайы барылдауық үйрек-тен шығарылды. Ең көп таралған үйрек қолтұқымы — пекиндік үйрек. Ол тез семіріп, шапшаң өседі, кежегінің тірілей салмағы — 4 кг, аналығы — 3—3,5 кг болады. 
Қаз — үйрек тәрізді суда жүзетін құс. Адамдар асыранды қазды ежелден бері жабайы сұр қаздан қолға үйретіп, өсіріп келеді. Қаздардың қолдан сұрыптау арқылы алынған қолтұқымдары өте көп. Қаздың аталығы атақаз деп аталады. Кең тараған холмогорлық қаздың тірілей орташа салмағы 7,5—8 кг, кейде 9—12 килограмға да жетеді, ал жылына 20—25 жұмыртқа туады. Қазды семірту оңай, оның еті мол болады.Каздың балапанын мамыр деп атады. 
   Құс шаруашылығы — мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы дегеніміз — орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен желдету жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасы мен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу, куту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температура мен ылғалдылық сақталатын құрылғылардан — инкубаторлардан шығады

Құстардың жұмыртқалауының сиреуі және оның негізгі себептері

Құс өсірумен айналысатын адамдар құсты тек табыс табу,  қорек ету үшін ғана  емес,  кейде  жай  өсіреді.  Мысалы,  олар жұмыртқа  жинағанды жақсы  көруі мүмкін.  Себебі, ол  байырғы заманнан жеткен  аң аулау,  қорек жинау сияқты  инстинкпен байланысты  болуы мүмкін.  Сондықтан  өсіріп отырған тауықтарыңыздың жұмартқаларын жинауға  шыққан  сайын,  олар бүгін  көп жұмыртқа  тапқан шығар деп  үміттенеміз.  Егер  тауықтарыңыз  жұмыртқа табуды сиретсе немесе тоқтатса,  ондай  жағдай болып тұрады,  оның  себептерін  білген жөн.  Бұл  себептердің бәрін  бақылауға болатындықтан, жұрмытқаны қайта көптеп  жинауға мүмкіндігіңіз  бар. 

Құстардың жұмыртқалауды сиретуінің  себептері: 
1. Жарық берудің шарттары мен  ұзақтығы 
Тәуліктің жарық  кезеңінің  қысқа болуы  құстардың жұмыртқалауды сиретулерінің негізгі себебінің бірі болып  табылады. Мекиен тауық  тәулігіне орта есеппен  ең жоқ  дегенде 12 сағаттай жарыққа мұқтаж, бұл  кезең  тауықтың аналық бездерінің дамуын  стимуляциялау  процесі басталу  үшін керек. Әдетте  қыс мезгілінде, табиғи жарық сөзі  қысқарған  кезде, құс қораға 14−15  сағатқа жасанды жарық  көзі орнатылады.  
   
2. Түлеу: 
Түлеу  дегеніміз - құс терісі эпидермисінің  құрылымдық  элементтері мен  қауырсындарының оқтын-оқтын  жаңарып тұруы.  Жұмыртқалау кезеңі аяқталған соң  ересек  құс  түлей бастайды,  бұл организмнің  қоршаған орта жағдайына  бейімделу реакциясының салдары.  Түлеу кезінде құстардың көпшілігі  жұмыртқалауды тоқтатады,  аналық бездері атрофияға  ұшырайды.  Әрине,  бұл процесті бақылауға мүмкіндік береті  әдістер көп,  олар туралы мына жерден  оқуға болады.  Бірақ,  құстар түлей  бастаса,  бұл табиғи процестің аяқталуына  мүмкіндік берген дұрыс,  сонда келесі маусымда  мекиендер  жұмыртқаны  көбірек беретін болады.  
   
3. Күрік болу: 
Мекиен  күрік болған  кезде,  жұмыртқалауды тоқтатады.  Ол  жұмыртқа басуға отырып, балапан  шығара бастайды.  Күрік болуды тоқтатудың  бірнеше  жолы бар, бірақ  олар  гумандық әрекеттер  болмағандықтан,  олай етпеген жөн.  Күрік болу  процесі  туралы мына жерден оқыңыздар. 
   
4. Өз жұмыртқаларын жеп қою: 
Құстар кей кездері өз жұмытртқаларын деп қоюы мүмкін,  мамандардың айтуынша,  теңгерілмеген  жеммен қоректентен кезде,  ақуыз  немесе кальций  сияқты  компоненттер  жетіспеген  кезде құстар  сондай әрекеттерге барады. Онымен қоймай,  тауық қорада бір  мекиен  жұмыртқа  жеуге әдеттенсе,  басқа тауықтарда оған  еруі  мүмкін.  Мұның алдын  алу үшін ең алдымен құстаржы минералдық және ақуыздық қорекпен  жеткілікті деңгейде қамтамасыз  ету керек.  Және  құстың ұясына  гипстен жасалған  жұмыртқа муляжын  салып қоюға  болады.  Ол үшін жұмыртқаны теседі де, ішіндесін  құйып алады.  Сосын тесік арқылы ішке  гипс немесе алебастр салып, су құйып,  қатырады.  Мұндай муляж ұяда  жұмыртқа  әрдайым жату керек.  Тауықтар жұмыртқаны бірнеше рет  жарып көрмек болып, ол  әрекеттерінен ештеңе шықпаған соң,  жаман  әдеттерінен арылады.  
   
5. Жыртқыштар: 
Құстардың жұмыртқаларын деуге дәніккен  жыртқыштар көп. Сол жыртқыштарды тауық қораға жолатпау  үшін  қолдан келген шараларды  қабылдау керек.  
6.Тауық қораның тар болуы: 
Құстардың жұмыртқалауды  тоқтатуына  жайдың тарлығы да себеп болуы мүмкін.  Сол үшін мынадай көрсеткішті сақтаған жөн:  жұмыртқалайтын  тауық  тұқымдары үшін - 5−6 бас тауық/м2,  бройлер үшін-12−18 бас/м2, түйеқұстар үшін— 4,5−5,0 бас/м2, үйректер мен мускус аналықтар үшін — 8, украин мекиендері — 10 бас/м 2. т.б. 
   
7. Ұяның орнын  өзгерту: 
Тауықтар  жұмыртқа салатын өз ұяларына тек үйренеді және  ұя орнын  ауыстыру  олардың  жұмыртқалауды сиретуіне себеп болуы мүмкін.  
8. Құс аурулары: 
Жұмыртқалаудың төмендеуіне  құс аурулары  да себеп  болуы мүмкін.  Ең алдымен,  құстың  қандай аурумен ауыратынын  анықтап,  басқа құстардың ауруды  жұқтыруына жол бермеу керек.  Тұрақты вакцинация жасап тұрған  жақсы.  Оған қоса, құстардың  қоректену жағдайын  бақылап отырыңыз,  егер олар жем жеулерін азайтса,  араларында ауру тараған болуы мүмкін.  
9. Ауа температурасының күрт  өзгеруі 
Құстар  жақсы жұмыртқалайтын  оңтайлы температура  17−20 ºС шамасында. Кейде  температура  күрт өзгеріп кетсе де,  олар жұмыртқалауды  сиретуі  ықтимал.  
10. Қораның желдетілмеуі: 
Тауық  қораның желдетілмеуі  салдарынан  іште аммиак жиналып қалады, ал ол өз  кезегінде құстарды  түрлі тыныс жолы ауруларына шалдықтыруы мүмкін.  Нәтижесінде, олар жұмыртқалауды сирете бастайды. 
11. Дұрыс қоректендірмеу: 
Құстарды  нашар, кейде  баланс сақтамай қоректендіру  де  жұмыртқалаудың сиреу себептерінің бірі.  Егер  құстардұрыс жұмыртқаласын десеңіз,  оларды  дұрыс  жемдеңіз.  
12. Артық қоректендіру: 
Кейде  құстарды артық,  шамадан тыс қоректендіру де  жұмыртқалауды сиретуге  себеп болуы мүмкін.  Құстарды оларға қажет мөлшерден  артық жемдеудің  қажеті шамалы.  
13. Су бермеу: 
Жұмыртқа құрамының  75%  су құрайтыны белгілі, сондықтан да құстардың алдында үнемі  таза су болуы керек.  
14. Құстарды жаю: 
Құстарды  анда-санда сыртқа шығарып,  жайып тұру керек.  Бірақ бақылап отыруыңыз  керек.  Әйтпесе,  олар  жұмытқалаған жерлерін жасыруы мүмкін. Ең дұрысы оларға  жайлы  ұя жасап қойыңыз, сонда олардың қайда жұмыртқалағанын  іздеп, сабылмайсыз. 
   
15. Құстың қартаюы: 
Құстардың өнімділігі  алғашқы жыл  екені  баршаға мәлім.  Екінші жылы, табиғи немесе жасанды  жолмен түлеген соң басталатын екінші жұмыртқалау маусымында  тауықтардың өнімділігі  былтырғыдан 15−20%  төмендейді. Осылайша,  жыл  сайын тауықтың жұмыртқалау көрсеткіші төмендей  береді, сондықтан  олардың қатарын біртіндеп  жаңартып отыру керек.  
16. Стресс: 
Стресс  дегенді білмейтін  құстың,  басқа  мекиендерге қарағанда  көбірек және жақсы  жұмыртқалайтынын  біліп жүріңіз.

Балапан өсіру тәжірибесі

Балапан өсіру  тәжірибесі  
Тұқымды құс асырағыңыз келсе, ең алдымен  балапандарды  дұрыс күтімге алыңыз.  Оларға  дұрыс  жағдай, күтім жасалмаса, асыл тұқымды деген  құстардың өзі өнім бермейтін  болады.  Сондықтан  балапандарды алғашқы күннен бастап  барынша жайлы жағдайда өсуі керек.  Біз  осы мақсат  үшін  балапандарға арналған  «балабақша» конструкциясын  назарларыңызға  ұсынамыз.  Оны біз  «Клуша»  шкафы  деп  атаймыз. 
Ол  фанерадан жасалған үлкен жәшік.  Ол үшін  «ондық»  фанераны пайдалану керек, себебі  балапандарды әдетте  қыс мезгілінде  бастырамыз,  ал  мұндай  қалың фанера  жылуды шкафтың ішінде сақтауға  көмектеседі.  Ең бастысы  іші  желденіп тұру үшін  екі  жерден,  әдеттен  есіктің  үсті мен  астынан  ені  1 см  саңылау  жасау керек.  Және  есіктің астынан  биіктігі  10 см  табалдырық  қалдырамыз. 

 
Үйшіктің биіктігі  бір метрдей болуы керек және  ол  сондай шамалас  биіктікте  орналасуы тиіс.  Бұл  өзіңізге  ыңғайлы  болады,  еңкеймей жұмыс істейтін боласыз.  Еденнің ауданын  балапан санына қарап, өзіңіз  ыңғайлай аласыз.  Әдетте  1 кв.м ауданға  20-25 балапан  сыяды.  Еденге құм төсейміз,  бірақ алдымен  зарарсыздандыру  үшін  құмды  қыздырып  аласыз.  Оның үстінен  ұсақталған  дән  себесіз –  бірінші күні  балапандар  астаудағы  жемді  таба қоймайды,  ал  аяқ  астындағы  дәнді  кез-келген балапан  көретіні анық.  
Қалай болғанда,  ұсақталған дән салынған және  жылы су  құйылған астаулар  үйшіктің ішінде болуы  міндетті.  Алғашқы кезде жем үшін  ұнтақталған  дән (манка),  жүгері  беруге болады. Марганцовка немесе  басқа препараттарды суға қоспаймыз, себебі егер  үйшіктің ішіндегі санитарлық жағдай  жақсы болса,  препараттар  құстарға зиян келтіруі мүмкін деп санаймыз.  Себебі құстардың  ішек микрофлорасы қалыптасады және бұл жағдай  оларға жемді сіңіруге көмектеседі. Егер ол микрофлора  микробтарын  сіз  «жоятын» болсаңыз,  балапандарға қиын  болады.  
Жем салынған, су құйылған  ыдыстарды шкафтың  бүйір  қабырғаларының біріне орнатамыз және олардың үстінен люминесценттік  шам жағамыз  – бұл шам  қыздырмайды,  оның міндеті  жем мен суға жарық  түсіру, себебі  қараңғылау  жерде балалапандар  жем  жей қоймайды.  Ыдыстарды бір  бірінен  алшақтау орналасқан  дұрыс, оған  қоса су құйылған  ыдыстың астына бірдеңе қойған жөн,  сонда су  таза тұрады.  Ал  ыдыстарды таңдағанда,  құстар аяқтарын оңайлықпен  сала алмайтын,  оңай сынбайтын  ыдыстарды  таңдаған жөн.  
Кейде  балапандарға жем шоқуды,  су ішуді үйретуге тура келеді. Ол үшін олардың қастарына  үлкендеу балапанды  отырғызу  керек.  Бірақ  әдетте саусақпен  жем салынған  астауды қолмен «шоқысаңыз», ал  су  құйылған ыдысқа шайдың самасын салсаңыз  болды.  
«Клуша» –  ол  ішінде  жылыту элементі бар пластина.  Оны қарсы беттегі қабырғаға  орнатамыз.  Жылытқыш пластинаны  құстардың аяғының астына емес,  жоғарылау,  табиғаттағыдай,  аналарының бауырына жатып жылынатындай жерге орнату керек.  Егер  балапандарды астынан жылытатын болсақ,  яғни еденді жылы ететін болсақ, олар аз қозғалып, жата беретін  болатын, аз  қоректенеді,  нәтижесінде  баяу өседі.  
Қыста қызуы  қаттылау  жылытқышты, ал  көктемді сәл әлсіздеу  пластинаны қолданамыз.  
«Клушаны»  орналастырған кезде, балапандардың қимылдарын бағу керек.  Алғашқы  кезде пластинаны еденнен 10 см  жоғарылау орнатқан жөн. Егер  балапандарға жайлы болса, онда онда соның астына  келіп жататын болады, анда-санда  орындарынан тұрып жем жеп, су  ішіп қайтады.  Егер  олар ыстықтаса,  жылытқыштың астына  емес,  үйшіктің басқа бөлігіне  барып  жатады.  Сондай кезде  жылытқышты тағы бірнеше см көтеру керек.  Егер  балапандар  пластинаның астына топтасып жатса,  онда  олардың тоңғаны,  онда жылытқышты  төмендеу түсіріңіз.  Бәрі дұрыс болсын десеңіз, температураны өлшеп тұрған жөн.  Бірінші күні 32-34 градусты ұстаймыз,  кейіннен  пластинаны  көтеріп, температураны  біртіндеп  азайтамыз.  Ең бастысы  балапандардың  жағдайын бақылап отыруды естен шығармаңыз, сонда бәрі  жақсы болады.  
Біз  көп балапан бастыратын болғандықтан, бізде  мұндай үш  шкаф бар.  Біріншісінде  балапандар  7 күн тұрса, екіншісінде – 3-4  апта, ал үшіншісін  –2  ай жасқа дейін  тұрады.  Одан кейін  есейіп қалған  оларды вольерге ауыстырамыз.  Жаңа  балапандарды  «Клушаға»  салар  кезде,  шкафтардың ішін  тазалаймыз,  зарарсыздандырамыз. Аз балапан  ұстайтындарға  әр жастағыларға арнап  шкаф  жасаудың  қажеті жоқ.  

Қазақстандағы еттік құс шаруашылығының заманауи жағдайы

Қазіргі уақытта  кез келген отбасын тауық етінен немесе жұмыртқадан жасалған тағамсыз елестету қиын шығар. Алайда еліміздегі құс шаруашылығы нарығындағы жағдай қандай екені және әрбір қазақстандықтың өнімдік себетінің кез келген  азық-түлігі қандай орасан еңбекпен  келетіні туралы ойланатындар аз.

Осы мақалада біз Қазақстандағы құс шаруашылығының даму тарихын, заманауи жағдайын қысқаша сипаттауға тырысамыз.

Құс шауаршылығы мал шауаршылығындағы тиімді, нәтижелі және жылдам өтелімді салалардың бірі болып табылады. Қазақстанда құс шаруашылығын дамытудың қалыптасу және дамуының үлкен тарихы бар. Қазақстанда өткен ғасырдың 90 жж аяғында ет және жұмыртқа бағытындағы 70 құс фабрикасы жұмыс істеді. Жыл сайын бұл кәсіпорындар 3,5 млн-нан астам жұмыртқа және 140 мың тонна құс етін беріп отырды. Алайда мемлекетсіздендіру, азық өндіру үшін жыртылған жерлердің жетіспеушілігі, өнеркәсіптік өнімдерге бағаның төмендеуі және т.б. бірқатар оқиғалардан соң, мұндай жүкті көтере алмай, өз өндірістерін тоқтатты.

Қазіргі уақытта құс шаруашылығы даму сатысында және егер жұмыртқалық құс шаруашылығында жеткілікті база болып, толық түрде тұрғындар қажеттілігін қамтамасыз етсе, құс еті көп жағдайда импорт есебінен алыс және жақын шетелдерден аса сапалы емес өнімдермен орны толтырылады.

Ауыл шаруашылығының облыстық департаменттерінің деректері бойынша  Қазақстан аумағында қазіргі уақытта 56-ға жуық құс фабрикасы жұмыс істейді, оның 17-сі ет, ал 39-ы жұмыртқа бағытында. Ет және жұмыртқалық құс шаруашылығының базасы республиканың 11 облысына шоғырланған, оның бесеуі саланың көшбасшылары болып саналады – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары.

Қазақстан Республикасы тұрғындарының отандық өндірістегі құс етімен қамтамасыз етілу деңгейі бүгінгі күні тұтынудың ұлттық нормаларынан төмен.  Құс етін тұтыну бір адамға жылына шамамен 13,7 кг  құрайды, бұл 18 кг деңгейінде тіркелген халықаралық нормалардан аз ғана төмен. Сонымен қоса, басқа елдердің тәжірибесі тұтынуды 36-44 кг-ға дейін өсіруге болатынын көрсетеді, мысалы Қытай немесе АҚШ  деңгейіне дейін.

Саланың дамуын ұстап тұрған негізгі факторлардың бірі тұқымдық материалдың жоқтығы болып табылады. Аталған проблеманы шешу үшін Қазақсаттанның құс шаруашылығы кәсіпорындары әлемнің әртүрлі елдерінен тәуліктік тауықтарды және инкубациялық жұмыртқаларды әкеледі. Тұқымдық құс шаруашылығын дамытудың талдауы жұмыртқа және құс етін өндіру үшін негізінен шамамен  тең өнімдік сапалармен сипатталатын 5-6 кросстық құс пайдаланылатындығын көрсетеді. Алайда, бұл тұқымның құны отандық құс шаруашылығы үшін өте жоғары болып табылады және мұндай тұқымдық материалды сатып алу мүмкіндігі барлығында бола бермейді.

Сонымен бірге соңғы үш жылда еттік құс шаруашылығында жағдай тұрақтанды әрі негізінен өзгеріссіз болып тұр. Өндіріс, құс етін тұтыну,  сонымен қатар құс саны көрсеткіштерінің ауытқуы болмашы ғана (1-диаграмма).

Диаграмма 1. Құс етін өндіру және тұтыну

Алайда ҚР Агенттігінің статистика бойынша деректеріне сенсек, 2012 және 1990 жж көрсеткіштерін салыстыру аса мәз емес.  Барлық санаттардағы шаруашылықтарда 2011 жылғы құс саны 1990 жылға қарағанда 50,3%-ды құрайды, ал ет өндіру көлемі 1990жылғы деңгейден   32,5 %-ға ғана жетеді.

Сонымен қатар тұтыну көлемінің өсуі және отандық қуаттың жеткіліксіздігіне байланысты, құс еті импорты соңғы жылдары жоғары болып отыр. Құс етінің негізгі импорттаушысы АҚШ, олар жыл сайын біздің елімізге 100 мың тонна қатырылған немесе «Буштың аяғы» аталып кеткен тауық етін әкеледі.

1-кесте. Құс етінің импорты мен экспортының көлемі

Атауы

бірлік

2010

2011

2012

Импорт

Мың тонна

127,4

159,2

126,9

Оның ішінде

       

АҚШ

Мың тонна

104,7

116,6

110,0

Ресей

Мың тонна

4,3

18,4

8,6

Бразилия

Мың тонна

0,6

0,5

0,5

Тұтынудан импорт үлесі

%

55,3%

60,9%

53,3%


Қазақстанда пайдаланылатын құс еті

Құс шаруашылығының саласы өзінің жоғарғы өнімділігімен және тез өзін-өзі ақтауымен ерекшеленеді, ол олардың қарқынды өсуімен байланысты болады, ал бұл ерекшелігі олардың тұқымына байланысты. Қазіргі уақытта құс шаруашылығында елдің жекелеген өңірі үшін арнайы өсірілетін құстардың бірнеше түрлері бар. Құстардың барлық түрлерін 3 негізгі топқа бөлуге болады. 

Бірінші топқа жұмыртқа әкелетін құстар жатады, олар жұмыртқа өндірісі үшін өсіріледі. Бұл топқа жататын құстардың денесі әдетте ірі, сүйегі жеңіл және жүні жұмсақ келеді. Мұндай тауықтардың салмағы 1,3-1,5 кг болады, тауықтың салмағы қаншалықты шамалы болса, соншалықты ол тамақты аз қажет етеді және тиісінше соңғы өнімнің өзіндік құны азаяды. 

Тауықтардың екінші тобы ет алу үшін өсіріледі. Бұл топқа ірі, етті және төзімді тауықтар жатады, олардың аяқтары қысқа келеді, сүйегі мықты және жүні тармақты болып келеді. 

Үшінші топқа тауықтардың комбинирленген түрі жатады. Олар ет те, жұмыртқа да бере алады. Тауықтардың мұндай түрлері жұмыртқа беретін және етті тауық түрлерін будандастыру жолымен алынады. Тауықтардың әртүрінен алынған түрі құстардың өнімділігін арттырды және жұмыртқа әкелу қабілеттілігін көтерді. 

Информация о работе Құс шаруашылығындағы шыбынмен күрес