Стандартты мультимедия құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 21:52, реферат

Описание работы

Үлкен ЭЕМ-дер – бұл өте қуатты компьютерлер (суперкомпьютерлер), олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ-дер қызмет көрсетуі мен құрал-жабдықтары құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.

Содержание работы

Кіріспе

1. Компьютерді жүйелеу.
2. ДК туралы түсінік.ДК-дің құрылымы.
3. ДК-дің негізгі құрлығылары.
3.1. Жүйелік блок.
3.2. Монитор.
3.3. Пернетақта. Пернетақта құрылысы.
4. ДК-дің қосымша құрлығылары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Стандартты мультимедия құралдары 2.doc

— 885.00 Кб (Скачать файл)

   Аналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.   

  Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғыларменбайланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.

Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:  

·        жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді

  ·        енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.

Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.  

       Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі барлық программалардың командаларын осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор аналық платаның орта тұсында орналасады. Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш орналастырылады. Қазіргі кездегі процессорларда кремнийдің өте кішкене кристалында ойып жасалған миллиондаған транзисторлар бар. Оның өлшемі қолдың үлкен саусағының тырнағындай-ақ.Процессордың негізгі сипаттамасы – оның тактілік жиілігі.  Тактілік жиілік мегагерцпен және гигагерцпен өлшенеді. 1 мегагерц - процессор секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз. Микропроцессордағы транзисторлардың саны неғұрлым көп болған сайын оның тактілік жиілігі, сәйкесінше оның жылдамдығы да соғұрлым жоғары болады. Мысалға, қазіргі ең танымал процессорлардың бірі Pentium 4 процессорында 42 миллион транзистор орналасады.  

Сипаттамасы

Pentium II

Pentium III

Pentium 4

Транзисторлардың саны

7.5 млн.

9.5 млн.

42 млн.

Тактілік жиілігі

0.45 ГГц 

1 ГГц 

1.4 ГГц және одан жоғары


 

   

                                                        Оперативті жад

                    

         Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті  жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді.Қазіргі операциялық жүйелер бірнеше бағдарламаларды қатар орындауға мүмкіндік береді және әрбір бағдарлама (немесе деректер файлы) жадтың өзіне бөлініп, арнайы бөлігіне жүктеледі. Оперативті жадтың көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады.   Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде  қолданылатын барлық деректер мен командаларды оперативті жадты қолданбай-ақ неге қатқыл дискінің өзінде сақтамасқа деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл мүмкін емес, өйткені процессор қатқыл дискінің жадымен салыстырғанда оперативті жадтың ұяшықтарымен мыңдаған есе жылдам байланысады.    

     Компьютердегі бағдарламалар  мен деректерді ұзақ уақытқа сақтау үшін қатқыл диск немесе винчестер қолданылады.

                  

      Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Қатқыл дискінің басты параметрі ретінде оның ақпарат сыйымдылығын айтуға болады. Қатқыл дискідегі ақпарат гигабайтпен (1 гигабайт = 1024 мегабайт) өлшенеді. Қазіргі қатқыл дисклерде 80-160 гигабайтқа дейін ақпарат сыйғызуға болады.   Қатқыл дискіге  «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың сүйікті мылтығына ұқсас келетін. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды.   Қатқыл дискінің «қатқыл» деген атауына қарамастан, бұл құрылғы аса күтімді қажет етеді. Қатқыл дискіні қатты соққылардан, вибрациядан, магниттік өрістерден және суық пен ыстықтан қорғау қажет. Қатқыл дискіні басқа жерге тасымалдағанда аса ұқыпты, абай болу қажет.

      Видеоадаптер (графикалық карта, видеокарта) – процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.   Алғашқы дербес компьютерлерде видеоадаптерлер болған жоқ. Оның орнына оперативті жадта видеодеректерді сақтау үшін кішкене ғана аймақ бөлінетін. Қазіргі видеоадаптерлердің өз есептегіш процессорлары (видеопроцессор) болады. Аналық тақшаның кейбір модельдерінде видеоадаптердің қызметін чипсеттің арнайы микросхемалары атқарады. Бұндай видеоадаптерлерді аналық тақшамен біріктірілген дейді. Ал егер видеодаптер бөлек құрылғы ретінде орналасса, оны видеокарта дейді. Видеокартаның қосқышы жүйелік блоктың артқы тақтасына шығып тұрады. Осы қосқышқа монитор жалғанады. 

 Дыбыстық адаптер (дыбыстық карта, музыкалық тақша деп те аталады.) Дыбыстық адаптер компьютерде дыбыспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  

 Алғашқы пайда болған IBM PC дербес компьютерлері  дыбыстық құралдармен жабдықталған жоқ. Дербес компьютерлер алғаш пайда болғаннан кейін он жылға жуық офистік техника ретінде қолданылып, дыбыстық құрылғылардың онша керегі де болған жоқ. Ол кезде компьютерде дыбыс шығаратын жалғыз құрылғы - компьютерде ақау туралы хабар беретін динамик болатын. Қазіргі кезде дыбыстық құралдар стандартты болып есептеледі. Ол үшін аналық тақшада дыбыстық адаптер орнатылады. Дыбыстық адаптердің аналық тақшаға жеке құрылғы ретінде қосылатын түрлері болады, оларды дыбыстық карта деп атайды. Дыбыстық картаның қосқыштары жүйелік блоктың артқы жағында орналасады. Дыбысты есту үшін осы қосқыштарға дыбыс колонкаларын немесе құлаққаптарды жалғау керек. Осы қосқыштардың біріне дыбысты жазу үшін қолданылатын микрофонды жалғауға да болады. 

Желілік карта (немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы, желілік адаптер) - бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.

Желілік картаның негізгі параметрі – оның ақпаратты жеткізу жылдамдығы – мегабайт/секундпен өлшенеді.  Желілік картаның орташа жылдамдығы 10 мегабайттан 100 мегабайтқа дейін жетеді.

    Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х – 52х. Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет, ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады.  

  Коммуникациялық порттар. Жүйелік блокты принтер, сканер, тышқан, пернетақта секілді сыртқы құрылғылармен байланыстыру үшін осындай порттар қолданылады. Порт дегеніміз – жай ғана сыртқы құрылғыны қосатын шұңғыл тесік емес, олардың кейбіреулерінде шағын микросхемалар орналасып, программалық басқарылады.        

Порт түрлері 

  · COM (тізбекті порт)

   · LTP (параллель порт)

  · USB (жоғары жылдамдықты тізбекті порт)

  · PS/2 (тышқан мен пернетақтаны жалғайтын әмбебеп порт)

       Жүйелік блогы сыртқы түрі бойынша корпусының формасымен айрықшаланады. Дербес компьютердің корпусын деңгейлес (горизонталь) және сатылас(вертикаль) етіп шығарады. Сатылас етіп жасалған корпус габарит бойынша ажыратылып көрсетіледі: көп мөлшерлі, орта мөлшерлі, аз мөлшерлі.Деңгейлес етіп жасалған  корпустардың ішінен тегістерді және ерекше тегістері  бөліп көрсетіледі.Корпус үшін формалардан  басқа факторлар пішіні (фомфактор) деп аталатын параматрлердің де маңызы зор. Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметрлерге байланысты болады.Бүгінгі күні негізінен екі факторлар пішініндегі корпустар  пайдалынады: АТ,АТХ. Корпустың факторлық пішіні  аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі тақташасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде  келісімде  болуы керек.

 

 

    1. Дисплей (монитор)

     Монитор -  деректерді  көрсетіп ұсынатын құрылғы . Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады.    Монитор – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.   Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.  

  Монитордың экранындағы кез  келген көрініс (кескін) түрлі түсті  нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады.    Монитор экранындағы кескін вакумдық колбаға тығындалған, өткір бағытталған  электрондар шоғырын люминофорлық жабуды сәулеге түсіру, яғни сәуле арқылы қарап байқау нәтижесінде пайда болады.Түрлі-түсті кесінді  алуы үшін люминофорлық  жабу  қызыл, жасыл және көк  түсті болып жанатын  үш тұрпатты жолаққа немесе нүктелерге ие болады. Барлық үш сәуле  экранда бір нүктеде тоғысып, кескін анық көрінуі үшін  люминоформаның  алдына  ұдайы саңылау қалдырылатын  қалқа-панелін қояды.монитордың бір бөлігі вертикаьдық сыммен жарықтандырылған, бұл кескіннің  анық та қанық,әрі жарық болуын күшейтеді. Саңылаулар арасындағы қадам неғұрлым қысқа болса, кескін соғұрлым дәл әрі нақты болады. Қолқа қадамы милиметр үлгісімен өлшенеді. Қазіргі уақытта   0,25-0,27 мм. Қалқа қадамындағы  мониторлар кеңінен қолданыла

    Алғашқы түрлі түсті  мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған.  

   Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар  танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.

    LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз.

  Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.

    СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау  үшін т.б.   қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді  жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды.     Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды.

      Дисплейдің  негізгі тұтыну параметрлері- экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің  ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.

Монитордың мөлшері диогонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың  арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі- дюйм. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі  экранды мониторлар шығарылады.

    Стандартты мөлшерлері 14, 15, 17, 19, 20, 21. Бүгінгі таңда 15 және 17,19,21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар  болып табылады.

 

 

    1. Пернетақта (клавиатура). Пернетақта құрылысы

 

 

 

                   

 

 

 

            Компьютерге бастапқы информацияны енгізуде, сондай-ақ оның жұмысын басқаруда пернетақта пайдалынады. Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде  бірыңғайластырылған, яғни бірегейлендірілген әрі 101/102 стандарттарында  немесе 108 пернелік  пернетақтада орналасқан.  

 

Пернетақта бірнеше  регистррежимдердің  бірінде жұмыс істейді. Режимдерді былайша бөлуге болады:

-Бас әріптерді / жол әріптерін енгізу(кішкентай) ;

- орыс/ латын символдарын енгізу;

-қою/ауыстыру;

-цифрлық енгізілім/ цифрлық пернетақтадан  басқару.

Информация о работе Стандартты мультимедия құралдары