Стандартты мультимедия құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 21:52, реферат

Описание работы

Үлкен ЭЕМ-дер – бұл өте қуатты компьютерлер (суперкомпьютерлер), олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ-дер қызмет көрсетуі мен құрал-жабдықтары құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.

Содержание работы

Кіріспе

1. Компьютерді жүйелеу.
2. ДК туралы түсінік.ДК-дің құрылымы.
3. ДК-дің негізгі құрлығылары.
3.1. Жүйелік блок.
3.2. Монитор.
3.3. Пернетақта. Пернетақта құрылысы.
4. ДК-дің қосымша құрлығылары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Стандартты мультимедия құралдары 2.doc

— 885.00 Кб (Скачать файл)

   Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады: алфавитті-цифрлық;  цифрлық; функциялық және басқарушы.

  Алфавитті-цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған.Алфавитті-цифрлық – әріптер , цифрлар, түрлі басқа да символдар жазулы перне.Олар кәдімгі жазу машинасының пернелері сияқты. Әріптерді теру пернелерінің төменгі жағында  латын әріптері, жоғарғы жағында (жоғарғы регистрінде) орыс алфавиттерінің әріптері орналасқан (немесе керісінше).

    MS DOS  жүйесінде бас  әріптерді пернетақтадан теру  үшін  алдын ала Caps Lock пернесін  басып қою керек. Осы режимнен  кіші әріптерді теру режиміне ауысу үшін  Caps Lock пернесін екінші рет басып қою керек.

     MS DOS қосылған компьютерде  орыс/қазақ алфавиттерінің әріптерін  теру алдында  орыс әріптерді  теруге арналған  арнайы программаны компьютердің  ішкі жадына енгізіп  алу қажет. 

     Функционалық  пернелер. Бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді  (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.). Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі программалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1…F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады. 

   Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. <Num Lock> пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады. 

    Басқару пернелері.    Басқару пернелері автоматты түрде арнайы командаларды орындауға арналған :

Enter: бір жолды пернетақтадан  терілген деректер соңын белгілеп  не жадқа енгізіп , кусорды  келесі  жолдың басына өткізу;

Пернетақтадан терілген команданы орындау.Әдетте бұл пернені енгізу пернесі деп атайды.

Shift-регистрді ауыстыру, жоғарғы регистрге өту.Пернелердің жоғарғы жағында жазулы символдарды теру үшін осы пернені  басып тұру керек.

Backspase-кусордың сол  жағындағы  символды өшіріп , кусорды сол  орынға кері қайтару.

 

     

   Пернетақтада жоғарыда аталған  пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға  <Enter>(енгізу пернесі),  <Delete>(жою пернесі),  <Backspace>(артқа қарай өшіру),  <Caps lock>(үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады. 

   Кейбір амалдарды орындау  үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін  Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады, яғни

 

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

 

     Принтер. Принтер  немесе басу құрылғысы- информацияны қағазға басып шығаруға арналған құрылғы.

   Барлық принтерлер текстік информацияларды шығарады, олардың көбісі суреттер мен сызбаларды, ал кейбір принтерлер түрлі-түсті кескіндерді де шығара алады.

    Қазіргі уақытта пайдалынатын принтерлерді  әрекет ету принципі бойынша  үш топқа бөледі: матрицалық, бүріккіш(струйные) және лазерлік.

 

                         

 

 

 

                                      1.Матрицалық  принтер.       

                               

 

    Матрицалық принтерде кесін бояғыш таспа бойынша  ине соғатын нүктеден пайда болады. Электр магнитке келіп  түскен басқару  сигналының  ықпалымен инелер қағазға із қалдыра отырып, таспадан бояуды «қағып шығарады».

 

                    2.Бүріккіш принтер.

 

                   

 

      Бүріккіш принтерде кескін пысылдақтың (сопел) көмегімен беріледі. Басудың бұл әдісі  матрицалық принтермен салыстырғанда ең жоғары сапада басылуды қамтамасыз етеді әрі түрлі-түсті етіп басуға өте қолайлы болады.

 

                     3. Лазерлік принтер.

                            

 

      Лазерлік принтерлер қазіргі уақытта жақсы  сапамен басуды қамтамасыз етеді. Бұл принтерде  басу үшін  ксерография принципі пайдалынады: кескін бояу түйіршіктері  электр тартылатын арнайы  барабаннан қағазға көшіріледі. Әдеттегі ксерокөшірмелі аппараттан айырмашылығы- басушы барабан компьютердің командасы бойынша  лазердің көмегімен электрленеді. Лазерлік принтерлер  өте қымбат болса да құжаттарды сапалы басатын ең қолайлы құрылғы болып табылады.

 

     Сканер .Сканер-қағаздың немесе басқа да машиналық емес тасушыдан информацияны компьютерлерге енгізетін құрылғы. Сканер мәтінді , графикалық кескінді енгізуде пайдаланылады.

  Сеанер компьютерге суретті де енгізе алады.  Арнайы программамен қамтамасыз етілген компьютердің көмегңмен сканер арқылы енгізілген картинкалардағы  символдарды  танып-білуге болады. Бұл қағазға басылған, кейде қолжазбадағы мәтінді компьютерге жылдам енгізуге мүмкіндік береді. Сканерлер шағын (ол бүкіл қағаз парақтарын толық санайды) және қол (ручной)  сканер (оны суреттің немесе мәтіннің  үстінен жүргізу керек), қара-ақ, түрлі-түсті болады.

     Сканерлер бір-бірінен  түстер немесе сұр түс белгілерін  қаншалықты дәрежеде  ұйғара алатын қабілетімен айырықшаланады.  Сканерлердің негізгі екі түрі болады:

 

         ·        -  Қол сканері

         ·        -  Планшетті сканер

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

                                          Қол сканері.

                                                   

                                                                   

             

    Қол сканерлері қазіргі супермаркеттерде қолданылып жүрген штрих-кодты оқитын сканерлерге ұқсайды. Бұндай сканерлерді пайдаланып ақпаратты компьютерге енгізу үшін оны қолмен ұстап отырып, қағаздың үстімен өткізіп шығу керек.

                 

                                Планшетті сканерлер

                                          

                                          

 

     Планшетті сканерлер кәдімгі ксероксқа ұқсайды: бұндай сканерлердің қақпағы ашылып, ішіне қажетті сурет немесе мәтін орналастырылады да сканер өзіне қажетті ақпаратты көшіріп алады.   Планшетті сканерлердің барлығы дерлік қазір түрлі түсті болады.

 Тышқан.

                                                                                                                                                                              

                                                

Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті  немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.  

 Соңғы кезге дейін ішінде  темір шар орналасқан механикалық  тышқандар қолданылып келген  болатын. Бұл тышқандардың ішінде  орналасқан темір шар өзара перпендикуляр орналасқан екі шағын білікті айналдырып, компьютерге «оңға-солға» және «жоғары-төмен» деген  жылжыту сигналдарын береді. Бұл тышқандарды арасында тазалап отыру қажет болды. Қазір олардың орнына оптикалық тышқандар жиі қолданылады . Оптикалық тышқанның бұрынғы механикалық тышқаннан айырмашылығы - тышқанды жылжытатын ауыр шариктер мен ролик біліктерінің болмауы. Бұл тышқандардың ортасында орналасқан арнайы жарық сәулелері кілемшенің бетіне шағылысып, экрандағы тышқанның курсорын жылжытатын арнайы командаларға ауысады.

 Модем.  

                                                                                                                                                                     

                                                    Сыртқы       және        Iшкі модемдер 

Модем немесе модемдік плата бір-бірінен алшақ орналасқан  компьютерлерді телефон желісі арқылы өзара байланыстыру үшін қолданылады. Модем (екі сөздің қосындысынан шыққан модулятор/демодулятор) – телефон желісі арқылы сырттан келіп түскен аналогті сигналды сандық кодқа өзгерту үшін немесе осыған кері әрекетті орындау үшін қолданылатын құрылғы. Модемнің ақпаратты өткізу жылдамдығы Кбит/секундпен (қабылдау - 56 Кбит/c, жөнелту - 33 Кбит/c) өлшенеді.   Модемнің ішкі (жүйелік блоктың ішінде орналасады) және сырқы (жүйелік блоктан бөлекорналасып, онымен кабель арқылы байланысады) түрлері болады.  Ішкі модемдерді бөлек сатып алудың қажеті жоқ, олар жүйелік блоктың ішінде, аналық плата орналасады. Бұл модемге келіп түскен барлық мәліметті арнайы драйвер немесе процессордың өзі өңдейді. Сондықтан жұмыс кезінде бұндай модемдер процессорға артық салмақ түсіреді және бұлардың программалық жабтықтамасы операциялық жүйеге тәуелді болады.  Сыртқы модемдердің бағасы қымбат болғанымен, жұмыс істеу сенімділігі мен байланыс сапасы жоғары. Модемнің алдыңғы панелінде жұмыс режимі туралы мәлімет беріп отыратын жарық индикаторлары орналасады.

    Модемдердің сонымен  қатар дауыстық модем, факс-модем  және ADSL-модем деген түрлері бар.  Дауыстық модемдер дауыстық хабарламаларды (голосовые сообщения) жіберуге мүмкіндік береді және автожауапберуші қызметін атқара алады. Факс-модемдер факс-машинаға немесе өзі секілді факс-модемдерге факстарды жөнелтіп, қабылдай алады. Соңғы кездері ADSL-модемдер қолданысқа еніп келеді. Еліміздегі танымал Megaline қызметін пайдалану үшін осындай модемдердің болуы қажет. ADSL-модемдерді пайдаланып интернетке шығу үшін телефон желісінің өзі болса жеткілікті («сегіздіктің» қажеті жоқ).  Бұл модемдер компьютерді интернетпен үздіксіз байланыстырып тұрады және бұрынғы модемдер секілді арасында «қосылып» тұрудың қажеті жоқ.  ADSL-модемдердің ақпаратты өткізу жылдамдығы өте жоғары (қабылдау 8 Мбит/с, жөнелту 1 Мбит/с-ке дейін).

                                                            Қорытынды

  Дербес компьютер  пайдаланушымен диалогтік режимде  жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК негізінен қарапайым құжаттарды  бастап, баспа беттеріне дейін  әр түрлі мәтін дайындау, есептеулерді  орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с. жұмыстарға арналған.

Дербес компьютердің  пайдалы ерекшеліктері:

 

1)      адамның компьютермен  қатынас жасау тәсілінің қолайлылығы;

 

2)      құнының арзандығы;

 

3)      көлемінің шағындығы  мен қоршаған орта жағдайына  арнайы талап қоймайтындығы (кез-келген жерде орнатуға болады);

 

4)      құрылымының «ашықтығы»  нәтижесінде пайдаланушылар әр  түрлі шалғай құрылғылар қосып  және компьютер жетілдіре отырып, ДК-нің мүмкіндіктерін кеңіте  алады;

 

5)      жаңа нұсқалары  мен модельдерінің программалық және құрылғылық үйлесімділігі;

 

6)      әр түрлі қолдану  салаларына арналған программмалық  құралдарының мол болуы;

 

7)      жұмыс істеудегі  жоғары сенімділігі;

 

    Дербес компьютерлер  соңғы 20 жылда қарқынды дамып  келеді. Олар пайдаланушы деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білуі қажет емес. Қазіргі дербес компьютерлер көлемі шағын, құны жоғары емес бола тұрып, 70-жылдардың үлкен ЭЕМ-деріне, 80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90-жылдардың бірінші жартысының микро ЭЕМ-деріне қарағанда, өнімділіктері жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

                    

1.О.Камардинов. Информатика. Алматы. «Қарасай» баспасы, 2008.18-34 бет  

 

2.Г.Ә. Жапсарова. Информатика негіздері. «Экономика» баспасы,2006.18-32 бет

 

3.Ж.Қ.Манасов, Қ.Қ. Мақұлов, А.С. Бижанова, А.Ж. Есенбаева. Алматы, 2002.14-15 бет

 

4.Балапанов,Бөрібаев,Дәулетқұлов.Жаңа информациялық технологиялар:информатикадан 30 сабақ.2004.27-29 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Стандартты мультимедия құралдары