Windows операциялық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 20:14, реферат

Описание работы

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер WINDOWS, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т.б.) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздіғ қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады.

Содержание работы

Кіріспе ....................................................................................................
1 WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
....................................................................................................................
1.1 Windows туралы жалпы мағлұматтар .....................................
1.2 WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары ........................
1.3 Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері .....

2. WINDOWS ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ....................
2.1 Терезе .............................................................................................
2.2 Жұмыс столы .................................................................................
2.3 Белгішелер, жарлықтар, бумалар...............................................
2.4 «Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме .................................
2.5 Мәлімет алмастыру буфері ........................................................
2.6 Windows-ті іске қосу.....................................................................
2.7 Windows жүйесімен жұмысты аяқтау .......................................

Файлы: 1 файл

Windows операциялық жүйесі - www.topreferat.kz.doc

— 957.50 Кб (Скачать файл)

Windows   жүйесінде   «Drag-and-Drop»     әдісімен  келесі   операцияларды  орындау  жиі  жүргізіледі:

  • үлкейтілмеген  терезелер  мен  белгішелердің  (пиктограммаларды)  орнын   ауыстыру.  Көп  жағдайларда,   тышқанның  сол  жақ   батырмасымен  бірге Ctrl  пернесін  бассақ,  онда  программалық   элементтерді  бір  топтан   екінші  топқа    көшіруге   болады;
  • графикалық  редактордың  жұмыс  аумағындағы  суреттің  белгіленген  фрагменттің   жаңа   орынға  ауыстыру  немесе оның   көшірмесін  алу.  Әдетте,   мұндай   фрагмент  рөлін  көбіне    басқа  графиктік   файлдан  мәтіндік құжатқа  қойылуға  тиіс  бейне  суреттер  атқарады;
  • Word  редакторында   мәтіндік   информацияның   белгіленген фрагментін  басқа   жерге ауыстыру   немесе  оның  көшірмесін  алу;
  • суреттер  мен   кестелердің    орнын   ауыстыру  және    көшірмелерін  алу;
  • мәтін   беттеріндегі   абзацтың   жаңа  жолын  және  оның  оң   жақ,  сол  жақ   шекараларын    көлденең    сызғыштың    жоғарғы  және  төменгі кішкене   ұшбұрыштарын   тасымалдау  арқылы   тағайындау;
  • дайын   белгішелер   (пиктограммалар)  жиынынан  әрбір адам    өзі  қолданатын   құрал-саймандар   тақтасын   құрастыру.

Қазіргі   жүйелерде  «Drag-and-Drop»     әдісін  программалаушылар    да  жиі   пайдаланылады,  олар  әртүрлі   объектілер  жиынынан өздерінің   программаларын    балалар   кубиктерінен    сурет  бейнелер    жинаған    тәрізді    құрастырады.

WYSIWYG  принципі  (не  көрсеңіз,  соны  аласыз).  Экранда мәтіндік  құжатты баспаға   дайындау  кезіндегі символдары    бейнесі   басылып   шыққан    қағаз бетіндегі    символдармен  бірдей  болады.  Бірақ  мұнда   көңіл  аударарлық  сәттер  де  жоқ  емес.    Windows  жүйесі   символдарды  экранда   бейнелегенде    олардың  шеттерін  нықтап  анық  етіп  көрсетеді,   ал  қағазда    таңбалар    бейнесі  дәл    экрандағыдай    болмай  қалуы   да  мүмкін.  Бұларды    бірдей  етіп  көрсету  үшін  арнаулы   операциялар    қолданылады,  олар  туралы   мәтін    редакторларын  оқу  кезінде айтылады.

OLE   технологиясы  -   объектілерді    байланыстыра  отырып  кірістіру   (Object Linking  and  Embedding  - OLE).   Бұл программаларды   кірістірудегі (интеграциялаудағы)  ең  басты   құрал    болып табылады.   Ол  бір программада   өңделген   объектіні   (мысалға,  Paint   графикалық   редакторында)  басқа   программалардың   құжаттары   арасына  (мысалы,  Word   редакторына)  енгізіп,  оны  негізгі,  яғни    бастапқы    программа     құралдарымен  редакциялауға   мүмкіндік  береді.

DDE технологиясы - объектілерді  динамикалық түрде   байланыстыру.  Объектілерді  басқа құжат не  программалық  қолданбаға  енгізе  отырып,  негізімен  байланыстырудың   ең  қуатты   түрі,   мұнда   объектіні    бастапқы   программада  түзетсек,   ол  түзету    онымен  DDE  технологиясы    арқылы   байланысқан    екінші    программада   да  автоматты  түрде    жүзеге  асады.

 

2.6.  Windows-ті  іске  қосу

 

Windows  98  операциялық   жүйесі  компьютер  ток  көзіне   қосылысымен  жедел  жадқа    жүктеле  бастайды.  Ал,  Windows  3.х  жүйесі  MS  DOS  үстіндегі    жапсырма  жүйе    болғандықтан   әдеттегі   қарапайым   программа  тәрізді   жүктеледі,   яғни  оны   іске   қосу   командалық    қатарда  win   командасын теріп,   енгізу   пернесін    басқанда  ғана   жүзеге  асады,  мысалы:  С: > win  командасын    тергеннен  кейін  экранға  Windows  жүйесі  жіктелу   кезіндегі    стандартты  бейне  шығады.   Оның  толық   жүктелу  уақыты   1-2    минутқа   созылады.  Егер  мұндай   уақыт   өткенде  де   стандартты  бейне  экранға  тұра  берсе,   онда   жүйенің   жұмыс  істеуінде   ақау   болғаны,  мұндайда   мамандар   көмегі   қажет  болады.

Windows   жүктелгеннен  кейін  экранға   «жұмыс  столы»  шығуы  тиіс,  Windows 3.х   жүйесінде   (шығады  да,  Windows  98-те  - жарлықтары    мен белгішелері   бар қалыптағы   көрініс пайда болады  (1-  сурет).

 

 

1 - сурет  Windows     экранның  жалпы көрінісі

 

2.7. Windows  жүйесімен   жұмысты  аяқтау

 

MS (PC) DOS  жүйесінде   немесе  сол  тәрізді  басқа   операциялық  орталарда  компьютерді   сөндіру   ісі     оп-оңай  орындалады,  оның  тоқ  келетін   қосқышын   ажыратса  болғаны. 

Бұл  мезетте  кейбір   программалар  жұмыс  істеп  жатса  да,  бұлай  ағыту   ешқандай   келеңсіз  жағдай   тудырмайды.

Ал  Windows  жүйесімен    жұмыс  істеу   барысында    компьютерді  өшірмес  бұрын   мынадай   әрекеттерді   орындау  қажет:

  • жұмыс  істеп тұрған   программаларды  жабу  (аяқтау);
  • Windows-тен шығып жұмысты аяқтау   ісін  орындау...

Тек  осыдан  кейін    компьютер   өшіріледі.   Неге  бұлай? 

Windows  жүйесі   компьютер   құрылғыларын  толық   пайдаланып,  оларды  толық    басқарып  отырады.  Бұл  сәттерде   Windows   уақытша   пайдаланылатын   файлдарды (типті. ТМР болып   келетін файлдар)  жасап алады.   Windows  жұмысты дұрыс аяқтаса,  ол  файлдар   өз-өзінен  жойылады.    Егер  жұмыс дұрыс    аяқталмаса,  ол  файлдар дискіде   қалып,  біраз   орын   алып  тұрады.

Сондықтан  Windows  жүйесінде  тұрып  жұмысты  аяқтау  үшін  мынадай   әрекеттер   орыдалуы  тиіс:

Windows  3.х  жүйесінде 

1. Тышқады   курсорды  Программа  диспетчерінің    жүйелік   батырмасына алып    барып,  оны  екі  рет  шерту  керек  немесе   бір  шерту  арқылы   Жүйелік  менюді   бейнелеп,   оның   операцияларының    (мүмкіндіктерінің)  ішінен  «Жабу»  командасын  таңдау   қажет.

2. «ОК»    басқару    батырмасын   таңдап    тышқанды   шерту   керек. 

Бұл  батырма  бастапқыда   тіктөртбұрышпен  қоршалып  белгіленіп  тұрады,   бұл  оның   үнсіз  келісім   бойынша  таңдалып  тұрғанының  белгісі.  Енді  Enter  пернесін  бассақ,   компьютер   сол  батырмаға  сәйкес  команданы  орындайды.

Windows  98   жүйесінде

1.  Тышқан   курсорын  Іске  қосу (Пуск  немесе  Start)   батырмасына   алып  барып,    оны бір рет шерту керек те,  меню    командаларының   ішінен   «Windows-бен жұмысты аяқтау» (Завершение  работы  с Windows)  командасын таңдау  қажет.  Мұнан  кейін  «Windows-бен  жұмысты  аяқтау»    атты  сұқбат  терезесі экранға    шығады.   Бұл  терезені   Alt+F4  пернелері    арқылы  да  шығаруға  болады.  Alt+F4  пернелері      кез келген   терезені   (программаны)  жабу  ісін  атқарады.

2. Экрандағы   сұқбат   терезесінде көрініп    тұрған   ауыстыру   тобындағы   «компьютерді  өшіру»  («Выключить  компьютер»)    жолын таңдап  алып,  «Иә»  («Да»)    басқару   батырмасын   басу    керек (2- сурет).

Ауыстыру   тобындағы   бір  әрекетті     таңдау  үшін – тышқан    курсорын  сол  әрекетке    сәйкес  дөңгелекке  не  мәтінге   алып   барып,  тышқады   бір  рет   шертсе   болғаны.

3.  Windows  жұмысын  аяқтап,  терезені    жапқанша   күте  тұрып,  соңынан   компьютерді   сөндіру    қажет. 

Егер  істеп   тұрған  бір программаның    жұмысын аяқтамай   кетсеңіз,  Windows  жүйесі   аяқталмаған программа   бар екендігін   айтып хабар береді  де,  сол   программаны   жабуды  ұсынады.

 

 

2 - сурет.   «Windows-пен   жұмысты  аяқтау»  сұқбат  терезесі.

 

 

 


Информация о работе Windows операциялық жүйесі