Паблик рилейшнз(PR)-бұл ұйыммен қоғам арасындағы
өзара ұғысу, оң қарым-қатынас құру және
оны қолдауға бағытталған,жоспарланатын
шаралар. Қысқаша айтқанда, ол –фирманың
жағымды бейнесін құру мақсатында жасалған
көпшілікпен байланыс жүйесі.
Паблик рилейшнз(PR) маманның қызметері:
- Көпшілікке компания туралы жағымды ақпарат тарату және оған сендірі,оның ой-пікіріне әсер ету.
- Кәсіпорынның жақсы бет-бейнесін құру, фирманың жауапты қызметкерлерінің имиджін жасау;
- Басшыларыдң сөйлейтін сөздерімен баяндамаларын әзірлеу және түзету;
- Қайырымдылық шараларын және қонақтарды күтуді ұйымдастыру;
- Паблик рилейшнз(PR) компаниясының жоспарын жасау;
Паблик рилейшнз(PR) олардың түрлері:
- Паблисити(үгіт-насихат);
- Демеушілер
- Фирмалық стиль.
Паблик рилейшнз(PR) әдістері:
- Баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру. Баспасөз-конференциясы-жағымды көзқарасты жария ету, ресми мәлімдеу мен компания пікірлерін елге жариялау мақсатымен БАҚ өкілдерін шақыру;
- Жарнама. Жақсы жаранама фирма бейнесіне ықпал етеді;
- Мүдделерді алға жылжыту(лоббирование). Фирмалардың кәсіпкерлік қызметіне байланысты шешімдерді қабылдауға жағымды әсер туғызу мақсатында мемлекеттік билік және басқару органдарымен қарым-қатынас орнату;
- Фирмалық стиль. Оның мақсаты фирма тауарларын оңай танымды ету.
2 ЭЕМ-ң програмалық қамтамасыз
ету деңгейінің дамуы
2.1 Мәліметтер қоры программалаудың
негізгі тамыры
ЭЕМ-ң програмалық қамтамасыз
етуінің дамуына байланысты өзара
байланыстырылған жүйелерді сақтау,
өңдеуге мүмкіндік беретін басқару
жүйесі пайда болды. Бұл ой ДББЖ-де
іске асырылады. ДББЖ локальді емес ақпараттық
массиві бойынша байланыстырылған
ДБ-деп аталатын жүйемен іске асады.
ДК пайда болуына байланысты ДББЖ
таблициялық ақпараттарды өңдеуде
ең тиімді болып табылады. Қазіргі
кезде біздің мемлекетте көптеген организацияларда
ақпаратты өңдеу, сақтау қолымен
жүргізіледі, бұл көп уақытты
алады және қосымша шығындар әкеледі.
Сондықтан менің тақырыбымда
Жарнамалық агенстваның ДБ-ын Microsoft
Access программасында құру және оны Delphi
ортасында автоматтандыруды қарастырамын.Жарнамалық
агенстваны автоматтандыруда ДБ құруда
Microsoft Access программасын пайдаландым
енді оған толығырақ тоқтала кетсем.
Delphi-дегі мәліметтермен жұмыс істеудің
бірнеше құрауыштары бар. Әрбір
жинақ белгілі бір есептер
шеңберін шешу үшін қажет. Мұндай құрауыштардың
әр түрлілігі не үшін? Олардың барлығы
мәліметтерге қатынаудың әр түрлі технологияларын
қолданады және мүмкіндіктеріне
байланысты ерекшеленеді. Мәліметтер
қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) үлкен
көлемді (тиімді) мәліметтерді сенімді
сақтауды оларға тиімді қатынас құруды,
есептеу қорларын рационалды қолдануды
қамтамасыз ететін тілдік, программалық
және инструменталдық құралдар кешені
бойынша анықтама жазбаларды сақтаудың
компьютерлеген жүйесі болып табылады.
Әдетте, мәліметтер қоры (МҚ) кейбір пәндік
облыстар туралы мағлұматтардан тұратын,
яғни адамзаттың қызмет облыстары немесе
нақты әлем облыстары туралы мағлұматтардан
тұратын мәліметтерді сақтау және оларға
қатынау үшін құрылады. Мәліметтер
қоры Delphi-дің негізгі тамыры болып
табылады.
Мәліметтер қоры жергілікті
(клиенттің және бағдарлама орындалатын
компьютерінде орнатылған) және жойылған
(қашықтағы компьютердегі серверде
орнатылған) болып бөлінеді. Серверлік
мәліметтер қоры қашықтағы компьютерде
орналасады және серверлік бағдарламалық
жасақтама басқару негізінде
жұмыс атқарады. Оның басты ерекшеліктеріне
бір мәліметтер қорымен бірнеше
қолданушының жұмыс істеуі жатқызуға
болады және сондай-ақ желіге минимальды
жүктеме іске асырылады. мәліметтер
қорының желілік түрі де болады,
бірақ біз оларды қарастырмаймыз,
өткені олар желіге үлкен жүктеме
түсіреді және бағдарламашы үшін де, қолданушы
үшін де жұмыс істеуде қолайсыздық
тудырады. Сондықтан ондай мәліметтер
қорымен жұмыс істемейміз және істеуге
ұсыныс білдірмеймін. Неге деген сұрақ
туады. Себебі біздің бағдарламаңыз
желілік мәліметтер қорына жалғанса
онда ол ол серверден оның толық
көшірмесін көшіреді. Егер біз өзгеріс
енгізсек, онда біздің көшірмеміз толығымен
қайтадан кері көшіріледі. Бұл өте
қолайсыз, өйткені желіге көп жүктеме
түсіріледі. Клиент-сервер технлологиясында
клиент бағдарламасы серверге қандай
да бір мәліметтерді қабылдау үшін
қарапайым мәтіндік сұраныс жібереді.
Сервер оны өңдейді және оның қажетті
үлесін ғана қайтарады. Қандай да бір
мәліметтерге өзгеріс енгізетін
болсаңыз среверге тағы да сұраныс
жіберіледі, оны сервер өз қорында
өзгертеді. Осылайша, желіде ары-бері көшу
пайда болады, негізінен килобайттан
кіші орын алатын барлық мәліметтерді
сервер атақарады, тек мәтіндік сұраныстар
ғана. Ол клинеттің машинасы баяу жүктеледі
және ресурстарды көп талап етпейді.
Сервер клиентке аса қажет мәліметтерді
ғана жібереді, яғни барлық қорды көшіру
жүргізілмейді. Осыған орай, желілік
мәліметтер қоры ескірді және іс жүзіндде
де қолданылмайды. Оларды іс жүзінде
клиент-сервер технологиясы толығымен
ығыстырады. Ал жергілікті мәліметтер
қоры үнемі қолданылады. Мүмкін оларды
сақтау пішімі өзгеретін шығар немесе
қандай да бір жаңа функциялар қосылуы
мүмкін, бірақ мәліметтер қоры қолданыс
табады.
2.2 Деректер бзасын құру
және басқару жүйесі
AСCESS программасы ол –
кез-келген фирма, мекеме, шағын
кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі
турлы мағлұмат алу үшін, немесе
келісу үшін, арнайы қағаздар
толтырып, құжаттар дайыднап, қағаздардың
санын көбейтіп әуре болмайды.
Мұның бәрін осы программа
жасайды. Бұл пргораммада кесте
түрінде, сызба түрінде, кез-келген
фирманың толық мағлұматтары
болады. Оны алып қарап, онымен
тікелей жұмыс жасай беруге
болады. Яғни біз оны қысқаша
– ИКТ деп атаймыз. Microsoft Access программасы
қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың
құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы.
Бұл программа қазіргі таңда
компютерді осы бағытта пайдаланудың
нақты мысалдары көп емес Microsoft
Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын
бағдар. Microsoft Access программасы көбінесе,
баспа қызметерінде, жоба жасау,
типографиялық және топографиялық,
жалпы инженерлік саланың бәрін
де қызмет етеді. Сонымен қоса
конструктілік тәсілдердерді орындау,
кестелермен жұмыс жасау салаларын
да қамтиды.
Осы бөлімде біз Access мәліметтер
қорын қалай құрып қолдану
керектігі жайлы қарстырамыз. Ол
үшін біздің компьютерімізде MS Office және
оның құрауышы MS Access орнатылуы тиіс.
Access-те мәліметтер қоры құрылады, ал олармен
біз Delphi арқылы жұмыс істейміз. Жергілікті
мәліметтер қорының көпшілігі тек
бір ғана кестені сақтауы мүмкін
(dbase, Paradox, XML). Бірақ та бір файлда
бірнеше кестелер (мысалы, осы тарауда
қарастыратын Access) бекітілген жергілікті
қорлар өкілдері де кездеседі. Әрбір
кестеде жолды бірмәнді идентификациялайтын
бір ерекше өріс болуы тиіс. Ол өріс
кілттік өріс деп аталады. Бұл
өрістер бірнеше кестелерді байланыстыру
үшін қажет болады. Егер де біздің кестеміз
байланыспаса да кілттік өріс міндетті
түрде қажет. Айталық, біз телефон
туралы мәліметтер қорын жазып отырмыз
делік. Бізде «Жанарлардың»-дың бірнешеуі
кездеседі. Міне бұл жерде бізге
кілт көмектеседі. Кілт негізінде сандық
типті және егер мәліметтер қоры мүмкінідігі
болса ''autoincrement'' (автоматты үлкейіп/кішерейетін
сан немесе санағыш) қолданған дұрыс.
Мәліметтер қоры кестесіндегі
бағандар атаулары да сондай-ақ ерекше
болуы керек, бірақ бұл жерде
міндетті түрде сандық емес. Әрбір
баған (мәліметтер қоры өрісі) міндетті
түрде анықталған типті болуы
керек. Типтердің саны және олардың
түрлері мәліметтер қорының типіне
байланысты, мысалы dBase пішімі (dBҒ кеңейткішті
файлдар) 6 типті ғана қолдайды, ал Paradox
15-ке дейін.
Мәліметтер қоры бір файлда
(Access) немесе бірнешеуінде сақталынуы
мүмкін (Paradox, dBase). Дәлірек айтсақ, кестелер
мәліметтері әрдайым бір файлда
сақталынады, ал қосымша ақпарат
жекелеген файлдарда орналасуы
мүмкін. Қосымша ақпарат ретінде
индекстер, шектеулер немесе үнсіз
келісім бойынша нақты өрістер
үшін мәндер тізімі.
Индекстер дегеніміз ол-кестелердің
мәліметтері қандай да бір өзгертулерге
өте жиі әкелуі мүмкін, өйткені
қайсыбір жолды түзетпес бұрын оны
тауып алу қажет. Анықтамалықтар
негізінде қолданылатын статистикалық
кестелерде
сұралатын мәліметтерді шығару
алдында оны іздеу амалдарына
әкеліп соқтырады. Егер кесте өте
көп жолдардан тұрса іздеу
операциясы қыруар жұмысты алады. Индекстерді
бұл процедураны тездетуге арналған,
сондай-ақ сұрыптау кезінде жіберу
нүктесі ретінде де қолданылуы мүмкін.
Аталған кезеңде индекстелмеген
өрісті реттеу мүмкін емес екендігін
білу жеткілікті. Access- те кестеніи конструктор
режимінде құрамыз. Ашылған кестедегі
«Имя поля» өрісі- бұл жол 64 символдан
туруы мүмкін, шегіністерді қосқанда.
F1 ыстық пернесі арқылы әрбір
поля жайлы ақпарат аламыз.
«Тип данных» өрісі - бұл
поля үшін сақтауға болатын мәнді
сақтайды. Ол мына типтерде бола алады.
Енгізетін жолымызға керек типтерді
таңдап кестемізді белгілі бір атпен
сақтаймыз. ДБ-ң әрбір кестесінде
, бастапқы кілт жазбаны бір мәнді
идентификатордың өрістер немесе өрістер
жиыны бар болуы мүмкін. ДБ-ғы
кестеде, бастапқы кілт мәні әмбебап
болуы керек. Бастапқы кілттер кестелер
арасындағы байланысты орнатуды жеңілдетеді.
Егер кестеде мәндері әмбебап
әмбебап өрістер жоқ болса. ДБ
басқару жүйесінің кілттерінің
анықталуы бойынша автоматты
түрде индекстер құрады. Олар кестеде
сақталған деректерге кіру механизімін
көрсетеді.
2.3 Delphі тіліндегі қолданбалы
программалар
Borland Database Engine және ODBC деректеріне
кіру құрылғылары ретінде,Delphi қосымшасында
Microsoft Active X DataObject технологиясы қолданылады,ол
СОМ мүмкіншіліктеріне негізделген
атап айтқанда OLE DBи интерфейсіне.
ADO технологиясы құрастырушылардың
арасында OLEDB интерфейсінің жинағында
әрбір қазіргі заманғы Microsoft
операциялық жүйесі бар болуымен,
өзінің әмбебаптылығымен зор
атаққа ие.Сондықтан да Деректер
базасына кіру ұшін не бәрі
ADO-мен қосылатын провайдердін
көрсетіп және жаңағы программаны
кез-келген Деректер базасы бар
әрине ADO –ы құрылған компьютерге
тасымалдау жеткілікті. Delphi компонентер
палитрасында бірнеше компонентері
жинақталған АDO беті бар.Ол бізге
Деректер базасында толықталған
қосымшаны құруға мүмкіндік береді
және де осы мәліметтер қорының
байланысы ADO технологиясының нақты
бауымен іске асырылады: мәліметтер
жиынтығы Þ мәліметтер негізі (Data Source
компененті) Þ басқару және мәліметтерді
тартып алу компененттері (DBGrid, DBedit, және
басқа).
ADO бетінің компоненттерінің
сипаты:
Өз өнімдеріне ADO технологиясын
бейімдеген Microsoft – қа қарағанда Borland
фирмасы бізге әр түрлі технологиялар
арқылы жұмыс істейтін түрлі құралдарды
берді және тек қана онымен шектеліп
қалған жоқ. Мұндай жағдай басқа программистер
алдында үлкен абырой әкеледі. Бұған
қоса кез келген уақытта қолданылуы
мүмкін топтар да бар, бұл жерде мен
бізге жеткілікті құралдарға шолу жасау
керек.
ADO – ны қолдану
мәліметтермен жұмыс істеуге
қамтамассыз етеді. ADO – мен жұмыс
істеу үшін компьютерде ADO 2.1 және
одан жоғары нұсқалы жүйесі
орнатылуы қажет.
2.1-сурет. Құрауыштар палитрасының
ADO бетбелгісі
Компонентер өзара және
ДБ-мен 2.4-суреттегідей байланысады
2.4-сурет. Delphi-дағы АДО компоненттерінің
байланысы
- TADOConnection компоненті ADO деректер қоры объектілерімен байланысты басқаруға арналған. Ол ADO компонентінің деректер қорына сұраныс жасауды қамтамасыз етед.
TADOConnection компонентінің Connectionstring
қасиетін 2-рет шерткен кезде 2.2-суреттегідей
терезе пайда болады, Мұнда Build
батырмасын шертіп «Свойства
связи с данными» терезесін
ашамыз (2.3-сурет). Бұл терезеден Microsoft
Jet 4.0 OLE DB Provider-ді таңдап «Далее»
батырмасын шерту қажет, ол
автоматты түрде «Подключение»
вкладкасына көшеді, бұл вкладкадан көп
нүктені шерту арқылы ДБ қосамыз. Соңынан
байланысты 2.4-суреттен тексеріп «ОК»
батырмасын шертеміз.
2.2-сурет. Мәліметтер қорына
қосылуды құру терезесі
2.3-сурет. Қосылу жолын
құру терезесі
2.4-сурет. ДБ-мен қосылу
терезесі
- TADOTable компоненті Delphi қосымшасында OLE DB провайдері арқылы қосылған ДБ кестесін қолдануды қамтамасыз етеді. Өзінің функцианалды мүмкіндіктері және қолдану аясы бойынша стандартты кестеге тән. TADOTable компонентінің Connection қасиетінен ADOConnection компонентін, TableName қасиетінен кесте атауын көрсету керек. Бұл қосылулар орындалғаннан кейін Active қасиетін true мәніне теңестіру қажет.
- TADOQuery компоненті ADO арқылы деректермен жұмыс істеген кезде SQL сұраныстарын қолдануды қамтамасыз етеді. Өзінің функцианалдығы бойынша ол стандартты сұраныс компонентіне тән. Сұраныс тексті property SQL: TString қасиетімен беріледі. Сұраныс параметірі property Parameters: TParameters қасиетімен анықталады. Егер сұраныс мәліметтер жиынын қайтару керек болса, онда оны ашу үшін property Active: Boolean; қасиетін немесе procedure Open әдісін қолдану қажет. Кері жағдайда function ExecSQL: Integer әдісін қолдану жеткілікті. Өңделген сұраныстар санының жазбасын property RowsAffected: Integer.
Access мәліметтер қорымен
жұмыс істеу компьютерге Office бағдарламасымен
бірге орнатылуы мүмкін болатын
немесе жеке орнатылатын арнайы
АDО баптауы арқылы жүреді. Егер
біздің бағдарламамыз клиенттің
компьютерінде жұмыс істемейтін
болса, АDО-ны компьютерге орнатуды
қамдау қажет. Бұл жұмыста құауыштардың
барлығын жазып қажеті жоқ,
бірақ мәліметтер қорымен жұмыс
істеуге арналған кәсіптік қосымшалар
жазу мүмкін болатын қажетті
ақпаратты беруге болады.
3 «Жарнамалық агенство
қызметін » Delphi ортасында автоматтандыру
3.1 Есептің қойылымы