Жергілікті компьютерлік желілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 21:49, реферат

Описание работы

Кез-келген жұмысты дербес компьютердің көмегімен-аќ шешуге болады деген түсінік жалған. Мысалы, Мәскеуден Санкт-Петербургке дейінгі әуесапарында ќанша бос орын барын білетін аќпарат алғымыз келсе, және де ол аќпарат тез ескіріп, ауысып отырса, онда біз сол әуекомпаниясының немесе әуежайдың компьютерімен байланысу арќылы тез арада біле аламыз.
Ќазіргі кезде ірі және орташа фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындарда шамамен барлыќ компьютерлері әр түрлі телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан.

Файлы: 1 файл

Жергілікті компьютерлік желілер.docx

— 35.48 Кб (Скачать файл)

Жергілікті  компьютерлік желілер 

 

Кез-келген жұмысты дербес компьютердің көмегімен-аќ шешуге болады деген түсінік жалған. Мысалы, Мәскеуден  Санкт-Петербургке дейінгі әуесапарында ќанша бос орын барын білетін  аќпарат алғымыз келсе, және де ол аќпарат тез ескіріп, ауысып отырса, онда біз сол әуекомпаниясының немесе әуежайдың компьютерімен байланысу  арќылы тез арада біле аламыз.

Ќазіргі кезде ірі және орташа фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындарда шамамен барлыќ компьютерлері әр түрлі телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан.

Телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп  атайды (КЖ).

Компьютерлік желілер  желгілікті (локальный) және ауќымды (глобальный) болып бөлінеді де, аппараттыќ және бағдарламалыќ ќамту ќұралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.

Жергілікті компьютерлік желі – ортаќ міндеттерді атќаруға арналған, белгілі ережелер бойынша  байланысќан өзара жаќын орналасќан компьютерлер жиыны.

Компьютерді жергілікті желіге ќосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының  компьютерлерінің бір-бірімен аќпарат  алмасу талабын ќамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен ќұралдар болуы  ќажет.

Компьютердің желілік  аппараттыќ және бағдарламалыќ ќұралдарын ќамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.

Негізгі желілік хаттамалар - ISO (International Standard Organization)  Халыќаралыќ стандарттар ұйымымен стандартталған және барлыќ желілік ќұралдар өндірушілерімен ќамтамасыз етіледі.

Хаттамалар:

·  желінің физикалыќ және электрлік параметрлерін;

·  орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, аќпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;

·  аќпаратты беру кезіндегі ќателікті табу және түзету реті және т.б. ќызметтерді орындайды.

Жергілікті компьютерлік желінің физикалыќ негіздері.

Компьютерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге  дейін) түрлі типті кабельдер  көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын ќұрылғы арќылы жүзеге асырылады. Адаптер  компьютердің аналыќ платасындағы кеңейту  слотына ќондырылады.

ЖКЖ үшін ќазіргі кезде  келесі аќпаратты берудің физикалыќ  орталары ќолданылады:

-  Жіңішке коаксиальды сым (сур.1) – ең арзан, біраќ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-150 м-ге дейін;

-  Жуан коаксиальды сым (сур.2) – жіңішке сымға ќарағанда ќымбат орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-500 м-ге дейін;

- Көпталшыќты сым (сур.4) – ең ќымбат нұсќа, көбінесе ќуатты компьютерлерге ќолданылады; компьютерлердің араќашыќтыќ ұзаќтығы 2 км-ге дейін;

- Сымсыз байланыс Wi-Fi (сур.5) – ауалыќ радиоканал ќолданылады;  бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды  ќажет етпейді, біраќ сымды  байланыстарға ќарағанда ќымбат.

Компьютерлерді ќосуға болатын  көптеген әдістер бар. Компьютерлердің  түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр ќосылу – деректер үшін жаңа маршрут.

Желі топологиясы –  бұл оның геометриялыќ пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне ќатысты  физикалыќ орналасуы.

Желі топологиясы түрлі  желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі  типі бар (жұлдызша, саќина, және шина).

«Жұлдызша» топлогиясы бар  желідегі барлыќ компьютерлер орталыќ  компьютермен немесе концентратормен  жалғастырылған. Мұндай желідегі екі  компьютер арасында тікелей ќосылу болмайды.

Мұндай жүйе ќарапайым  және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді.

Мұндай топологияның негізгі  жетістігі мынада: компьютерлер мен  концентратор арасындағы жекелеген  жалғағыштар істен шыќќанмен, бүкіл  желі жұмыс істей береді.

«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды, егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен  шығарады.

«Саќина» топологиясына  тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас саќина ќұраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйыќталған. Мұндай саќинада бір нүктеден ќозғау алған деректер аќыр аяғында желінің  басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер саќинада барлыќ уаќытта бір  бағытта ќозғалады.

«Саќинаның» Жұлдызшадан» бір  ерекшелігі – оған барлыќ желілік  компьютерлер арасында үзіліссіз жол  ќажет, өйткені желінің бір жері істен шыќса, бүкіл желі тоќтап ќалады. «саќинаның» тағы бір осал жері –  деректер біреулердің желілік компьютерлері  арќылы өтетіндіктен де, аќпаратты  бөгде ұстап ќалуына мүмкіндік  береді.

«Шина» топологиясы бір  жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп  аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлыќ желілік компьютерлер «шинаға» тікелей ќосылады. Мұндай желінің  үлгісі:

«Шина» топологиясы бар  желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі  шетінде арнайы бұќтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «саќина» жағдайындағыдай  желінің бір жеріндегі ќосылудың  бұзылуы жұмысты бірден тоќтатады. «Шина» желісіндегі деректердің  ќауіпсіздігі «саќина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің  деректері әр желілік компьютерлерден  өтеді.

Дектерді беру жылдамдығымен, оның ќұрамына сәйкес өзгешеленетін  деректерді бердуің түрлі технологиялары (тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.

Enthernet технологиясын 1973 жылы  бір топ американ зерттеушілері  Ralo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде  де, шина түрінде де ќұрыла  береді. Канал ретінде коаксиальды  кабель ќолданғанда, Enthernet желісі  шина сияќты кескінделеді. Егер  есулі ќос өткзгіш ќолданылған  болса, Enthernet желісі жұлдызша түрінде  кескінделеді.

Жергілікті есептеу желілері біріңғай және иерархиялыќ болып  бөлінеді.

Біріңғай желі – барлыќ компьютерлері тең ќұќылы және бірдей ќызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер саны біріктіру үшін ќолданылады. Біріңғай желілерде (жұлдызша топ, саќина, шина және token ring) сервер дегеніміз –  ресурстары осы сәтте басќа компьютерлерден  де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаќќа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, операциялыќ  жүйе ќұралдарымен жасалады. Ќажет  болған жағдайда ол өзін пайдаланушыға  арналған парольді де белгілейді.

Біріңғай желілердегі  операциялыќ жүйелер аќпараттыќ ресурстардың оќылуын және редакциялануын, бөтен компьютерден программаларды ќосуға мүмкінді беретін тікелей  басќарудың ќұралдарын ќамтамасыз етеді.

ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйеніің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар.

*MS Exchange программасы –  пошталыќ алмасу программасы,  ол хабарлар мен файлдардың  наќты пайдаланушыларға (жұмыс станцияларына)  немесе топтың барлыќ пайдаланушыларына  жіберілуін ќамтамасыз етеді.

*Shedulе программасы әркімнің  өз жұмысының кестесін жобалау  және ќажет болған жағдайда  ол жөнінен желідегі жұмыс  тобының басќа пайдаланушыларымен  бір пікірге келу, келісу ќұралы (мысалы, ортаќ жиналыстарды бірлесіп  істейтін жұмыстардың жай-жапсарын  пысыќтау үшін).

Иерархиялыќ желілер. Иерархиялыќ жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады. Иерархиялыќ желілердегі сервер – бөліктенетін ресурстардың тұраќты саќтау ќоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейдегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылыќты винчестерлерден, жоғары жылдамдыќты желілік картадан (100 Мбит/с және одан да көп) тұрады.

Серверде аќпаратты ұйымдастыру  және саќтау амалын арнайы адам – желінің  басќарушысы белгілейді. Бірнеше  пайдаланатын аќпараттың саќталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.

Жергілікті иерархиялыќ  желілерде мәліметтерді өңдеу екі  объектінің: клиент пен сервер арасына  бөлінген. Клиент, жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмысшы станциясы, бұл сөздің мағынасына жұмысшы станциясын пайдаланушыны  ќосуға болады. Біраќ сонымен бірге  жұмысшы станциясынан сервердің  ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компьютерлік программа  да «клиент» д/а.

Мәліметтерді өңдеу кезінде  клиент ќандай да бір күрделі н/е  арнаулы процедураларды орындау  үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы, файлды санау, жазбаларды іздестіруді  жүзеге асыру ж/е т.б. сервер өз кезегінде  клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны  орындайды да, ќорынытдысын клиентке ќайта жібереді. Әдетте сервер жалпы  пайдаланудағы мәліметтерді саќтауға, оларға енуге ж/е мәліметтерді клиентке жолдауға жауап береді. Мәліметтерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеудің нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы  түрде ұсынады. Кейде мәліметтерді өңдеуді сондай-аќ сервер де орындайды.

Иерархиялыќ желілердің жұмысын  басќаратын программалыќ ќамтамасыз ету 2 бөліктен тұрады:

1. Серверде орнатылған желілік операциялыќ жүйе;

2. Жұмыс станциясындағы программалыќ ќамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар ОЖ-нің басќаруында жұмыс істейтін программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі ОЖ-лер орнатылуы мүмкін.

Үлкен иерархиялыќ желілерде  желілік ОЖ ретінде Unix пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде ќазіргі  уаќытта Windows NT желілік Ож ќойылады. Мұндайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмысшы  станцияларында Windows NT Workstation клиенттік  бөлігі бөлігі орнатылады немесе клиенттің  программасы ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.

Серверде иерархиялыќ  желілерді пайдалану жолдарына  байланысты сервердің мынадай типтерін бөліп айтуға болады:

Файлдыќ сервер – бірлесіп өңдейтін файлдар, бірлесіп пайдаланатын программалар саќталатын және оларға пайдаланушы адамның ќолы жетуін ќамтамасыз етуші компьютер;

Деректер базаларының  сервері – деректер базасы файлдарын  саќтау, өңдеу, басќару және жұмыс  станцияларынан келіп түскен сұраныс  бойынша аќпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;

Басып шығару сервері –  басып шығару ќұрылғысы, ќолданушылардың  ќолы жетуге ќолайлы желілер ќосылған компьютер, ол басылым сұранысына ќызмет етеді, олардың орындалу кезегін  ұйымдастырады;

Пошта сервері – жергілікті желілер бойынша да, ішкі модем  бойынша да жіберілетін ж/е алынатын аќпараттар саќтаулы компьютер. Оны  пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы  кез келген уаќытта өз атына келген аќпаратын жібере алады.

 

 

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік сыныптағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады. Ақпарат – желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі, осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі. Компьютерлер жергілікті желіге желілк тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілік адаптер арқылы қосылады. Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады. Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады. Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады. Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппараттық және программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар. Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды.Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары:телефон, радио, релелік байланыс, талшықты – оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады. Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Жергілікті желілер Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет. Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Коммутатор мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді. Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер). Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі. Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т.б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.

Информация о работе Жергілікті компьютерлік желілер