Жергілікті компьютерлік желілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 21:49, реферат

Описание работы

Кез-келген жұмысты дербес компьютердің көмегімен-аќ шешуге болады деген түсінік жалған. Мысалы, Мәскеуден Санкт-Петербургке дейінгі әуесапарында ќанша бос орын барын білетін аќпарат алғымыз келсе, және де ол аќпарат тез ескіріп, ауысып отырса, онда біз сол әуекомпаниясының немесе әуежайдың компьютерімен байланысу арќылы тез арада біле аламыз.
Ќазіргі кезде ірі және орташа фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындарда шамамен барлыќ компьютерлері әр түрлі телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан.

Файлы: 1 файл

Жергілікті компьютерлік желілер.docx

— 35.48 Кб (Скачать файл)

Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:

1.Шина – барлық  компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.

2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.

3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.

4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

- ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеу;

- бірнеше пайдаланушыны қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

- электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы; — желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;

- Интернетке қосылу мүмкіндігі.

Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады. Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар Компьютерлер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда Windows 2000 Professional операциялық жүйе DHCP (Dynamic Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіден бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан басқа компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады. Мұндай механизмді IP – адрестеу (Automatic IP – addressing) деп аталады. Компьютерлердің бір – бірімен байланыс жасау ережесі желілік хаттама деп аталады. Хаттама (протокол) – екі компьютердің бір –бірімен қатынасуныңы формалды ережелерінің жиынтығы. Microsoft фирмасы мекеме ішінде жлімн жұмс істеу үшін TCP/IP қолдануды ұсынады. NetWare сервері бар жергілікті желілерде пакеттерді желі бөліктері және редиректор арасында маршрутизациялану мүмкіндігін беретін IPX/SPX (Intеrnet Packet Exchange/Sequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады.Microsoft Фирмасының 3Com компаниясымен бірігіп құрған Point – to – Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы Internet арқылы сенімді байланыс құру мүмкіндігін береді.


Информация о работе Жергілікті компьютерлік желілер