Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2015 в 19:39, реферат

Описание работы

Өңдірістік практикамның мақсаты жоғары оқу орнындағы алған жалпы инженерлік пәндерді оқығаннан кейін алған теориялық білімімді жетілдіру, кеңейту. Өңдірістік практиканы өту алдыңда алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Мекеменің қызметімен, ақпараттық жүйесімен, техникалық құрылғыларымен, программалық қамтылуымен танысу;
ЖОО-да алған теориялық білімімді практикада қолдану;

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері;
«Қазақтелеком қызметтері» автоматтандырылған жұмыс орнын құру теориясы;
Автоматтандырылған жұмыс орнының тілдік құралдары және техникамен қамтамасыз етілуі.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Казактелеком.docx

— 54.14 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Ақпараттық жүйелер факультеті

Жүйелік талдау және басқару кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Өңдірістік практикадан

 

Есеп беру

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

 

 

Мазмұны:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    •   «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
    • Қазақтелеком қызметтерінің  ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы  және қызмет түрлері;
    • «Қазақтелеком қызметтері» автоматтандырылған жұмыс орнын құру теориясы;
    • Автоматтандырылған жұмыс орнының тілдік құралдары және техникамен қамтамасыз етілуі.
  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясының Целиноград аудандық өңдірістік телекоммуникация торабы мекемесінде  25.05.2015-31.06.2015 аралығында өңдірістік практикадан өттім.

       Бұл  өңдірістік практикада мен ауылдарға  интернет  және телефон байланысы  үшін өткізілетін кабельдердің  сұлбаларын сыздым. Сонымен қатар кабельдердің түрлерімен, олардың муфтылар арқылы қалай бөлінетінін білдім.

        Өңдірістік практикамның мақсаты жоғары оқу орнындағы алған жалпы инженерлік пәндерді оқығаннан кейін  алған теориялық білімімді жетілдіру, кеңейту. Өңдірістік практиканы өту алдыңда алдыма келесі міндеттерді қойдым:

    1. Мекеменің қызметімен, ақпараттық жүйесімен, техникалық құрылғыларымен, программалық қамтылуымен танысу;
    2. ЖОО-да алған теориялық білімімді практикада қолдану;
    3. Практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толықтай орындау;
    4. Ішкі тәртіпті және жұмыс орынында қауіпсіздік техникасын сақтау;
    5. Өндірістік практика бойынша есепті оқу жоспарында бекітілген мерзімде дайындап және қорғау.

       Қоғам дамуының технологиялық, қаржы экономикалық, тарифтік,     инвестициялық, әкімшілік-шаруашылық, кадрлық, әлеуметтік, ақпараттық-жарнамалық және басқа да қызмет салаларын қамтитын жалпы даму тұжырымдамасын іске асыру. Сонымен  қатар байланыс арналары байынша барлық ақпарат түрлерін үздіксіз таратуды ұйымдастыру, телекоммуникация желілерін, соның ішінде жай-күйіндегі кез келген өзгерістер түрінде тиімді пайдалану.

 

 

 

 

 

 

«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы

«Қазақтелеком» акционерлік қоғам Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. 1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақстан телекоммуникациясы” ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” телекоммуникациялардың барлық желісін – телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы , жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілді. 2001-05 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 265 млн. АҚШ долларын құрайды. 1995жылдан бастап көрсетілген байланыс қызметтерінің жалпы көлемі ұлғая түсті. 1999 жылға дейін оның көлемі 43 пайызға артып, 29.5 млн. теңге болды. 1999 жылы жергілікті желіге 144 мың жаңа абонент қосылды. Телефон арналарының жалпы ұзындығы 2002 жылы 186.8 млн. арна-км, оның ішінде оптикалық кабельдерді қолданатын арналардың ұзындығы 130.6 млн. арна-км болды. Қалааралық және халықаралық телефон бйланысы арқылы сөйлесу көлемі жылына 310 млн.арна/км-ге жуық. Ауылдық жерлерде 162 станциялары қалпына келтірілді. 30 мыңнан астам телефон іске қосылды. Транс-Азия талшықты – оптикалық байланыс желісінің Қазақстандық телімі (1754 км) арқылы Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытай мен Еуропаға шықты. Осындай байланыс желісінің Шымкент-Ақтөбе-Атырау- Ресей бағытындағы батыс телімі (2500 км) салына бастады. Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында ең жоғары талаптарға сай келетін электронды станциялар іске қосылып, республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды. Жол қатынасы қиын шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандарға байланыс қызметін көрсету үшін ДАМА ұлттық спутниктік байланыс желісі орнатыла бастады, оның құрамына 250 станциялары кіреді, бұл желінің қызметін пайдаланатын абонент саны 2млн-ға жетті. “Қазақтелекомның” “Kazakhstan on-line” сауда таңбаымен көрсетілетін қызметі Қазақстанның 18 ірі қаласын қамтиды. Телекоммуникацияның негізгі телімдерін жаңғырту шеңберінде “Интернет аймағы” қызметі көрсетіледі. Ол телефоны мен модемді компьютері бар тұтынушылардың Интернетті пайдалануына жол ашты. Бұл жүйені жетілдіру мақсатымен 1999 “Қазақтелеком” өз абоненттеріне “Қазақстан интернеті” атты жаңа қызмет ұсынды. 2000 жылдың ортасына қарай интернетті пайдаланушылар саны 20 мыңға жетті. 1999 жылдан Қазақстанның барлық облысы орталықтарында, қалалары мен аудандарында әмбебап таксофондар орнатылды. Осы жылы қалааралық телефон станцияларын толық цифрлау бағдарламасы аяқталды.

        Астана мен Алматыда қалааралық коммутациялық орталықтарының салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық ақиқаттарына көшуге мүмкіндік берді. Барлық облыстардағы қазіргі заманғы  қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары  халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Ел тұрғындарының бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды.

       «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің кең ауқымын ұсына отырып, Қазақстанның ұлттық байланыс операторы және бұрынғы кеңестік аймақтағы қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялық компанияның бірі болып табылады. Қоғам мен оның еншілес мекемелері өндіретін өнімдері мен көрсететін қызмет түрлеріне сәйкес жеке құрылымы мен басқаруы бар екі нарықтық бизнес-сегментінде ұсынылған. Өндіретін өнімдері мен көрсететін қызмет түрлеріне сәйкес Эмитетінің қызметі нарықтың мынандай екі сегментіне бөлінуі мүмкін: бекітілген байланыс қызметінің сегменті сым байланысы қызметін, деректер

беру мен желіаралық қосылыстар қызметін ұсынады. Ұялы байланыс қызметінің сегменті сымсыз байланыс қызметін ұсынады. Қоғамның ҚР-ның әрбір облысында аймақтық бөлімшелері бар және ол елдің барлық аумағында байланыс қызметің қамтамасыз етеді. Топ «Астанателеком» мен «Алматытелеком» телекоммуникациялық орталықтарын қосқанда 24 филиалдан тұрады. 2009 жылғы 31 желтоқсандары бағалау мәліметтеріне сәйкес Компания 3.622 млн. астам  бекітілген байланыс желілеріне қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы телефонмен қамтамасыз ету тығыздығы орташа алғанда әр 100 адамға 25 телефонға тең (Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша). «Қазақтелеком» АҚ-ы жақын және алыс шетелдердегі  40-тан астам операторлармен тығыз қарым-қатынаста  жұмыс жасайды. Қоғам бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен, телекоммуникация торабын модернизациялау және сандық түрге ауыстырумен, жаңа технологияларды енгізумен, ауылдық мекендерді телефонмен қамтамасыз етумен және интернетке кеңжолақты кіруді дамытумен айналысады.

       Қоғам  қазіргі уақытта төменде көрсетілген  бірқатар ірі инвестициялық және  коммерциялық жобаларға қатысуда:

       Серпінді жобалар. «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық торабын Next Generation  Network технологиясына ауыстыру дәстүрлі дыбыс беру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар телефонмен көріп отырып сөйлесу, мультимедиялық конференция өткізу, дауыстық, жазбаша және мультимедиялық хабарларды беру қызметтері бар жаңа мультимедиялық  сервис түрлерін көрсету мүмкіндігін бере алады. Бұл жобаға сәйкес аналогтық телефон станцияларының абоненттері цифрлық телефон станцияларын пайдалану кезеңіне соқпай өтіп жаңа платформаға ауыстырылады. Конвергенттік желі дәстүрлі дыбыс беру мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар жаңа мультимедиялық сервис түрлерін: телефонмен көріп отырып сөйлесу, мультимедиялық конференция өткізу, дауыстық, жазбаша және мультимедиялық хабарларды беруге жағдай жасайды. 2005-2009 жылдары Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Петропавл, Шымкент, Көкшетау, Атырау қалаларында жергілікті NGN торабы іске қосылды.

       2008 жылдың  аяғында NGN желісінің жалпы сыйымдылығы 712 066 абонентті құрады. 2009 жылы NGN желісінің 191 968 порты эксплуатацияға берілді, нәтижесінде 31.12.09 жылы NGN желісінің сыйымдылығы 904 034 портты құрады.

       CDMA. Технологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыс телекоммуникация торабын жаңғырту және дамыту 2008 жылы «ВОСТОКТЕЛЕКОМ» ЖШС-мен бірге ауылдық мекендерге CDMA 450 торабының құрылысын салу жұмысы басталды. Жобаның мақсаты ауылдық мекендердің қатынасы қиын алыс және тұрғындары шағын аудандарын қысқа мерзімде телефонмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сымсыз WLL CDMA құрал-жабдығының негізінде телекоммуникацияның ауылдық торабын салу болып табылады. Бір CDMA станциясының қызмет аумағы ауылды жерде 25-35 шақырымды құрайды және 1000 абонентті қамтиды. 2008 жылы Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасына сай орындалатын «CDMA тезнологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін жаңғырту және дамыту» өтімді жобасының аумағында тұрғын саны елу адамнан асатын байланыс жүйесі жоқ елді мекендерді телефонмен қамтамасыз ету жұмыстары сәтті аяқталды. 2008-2009 ж.ж. аралығында «CDMA технологиясын пайдалану арқылы ауылдық байланыс телекоммуникациялар желілерін жетілдіру және дамыту» үздік жобасы шеңберінде 399 базалық бекеттерді орнату бойынша жұмыстар ойдағыдай аяқталды және 200000 абонент қосылды. Инвестициялық жобалар DWDM магистралдық торабын салу ең ерекше жобалардың ішінен талшықты – оптикалық кабель мен DWDM-ді спектральды тығыздау негізінде салынып жатқан ұлттық ақпараттық супермагистралының (ҰАСМ) құрылысын бітіру қажет. ҰАСМ-нің өткізгіштік қабілетін түбегейлі арттыруға көрші мемлекеттердің ұлттық байланыс тораптарының арасында қуатты интерфейс жобаларын жүзеге асыру жалғасуда. DWDM технологиясы (ITU-T Rec. G.692 және Rec .G.694.1 стандарты) бір мезгілде бірнеше ақпараттық каналдарды бір оптикалық талшық арқылы беруге мүмкіндік береді. Бұл каналдың өткізгіштік қабілетін арттырады. Сонымен, атап айтқанда, қазіргі уақытта еліміздің сандық телекоммуникациялық инфрақұрылымының негізін құру жұмысы аяқталды. Бұл өз кезегінде маңызды мемлекттік жобалардың бірі- «электрондық өкімет» жобасын қалыптастыруды ары қарай іске асыруға мүмкіндік береді және онан басқа   ҰАСМ  Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке араласуын қамтамасыз етті. ҰАСМ жобасын іске асыру Республиканың орта-азиялық аймақтағы ірі транзиттік ақпараттық орталыққа айналуын тездетеді. ҰАСМ-ның кең көлемде жұмыс жасалуы телефон мен интернет пайдаланушыларының саны бойынша Қазақстанның әлемнің ең дамыған 50 ел қатарына кіруіне мүмкіндік береді және республиканың әлемдік ақпараттық кеңістікке араласуын тездетеді. Халықаралық байланыс операторларымен түйісу шлюздерін ұйымдастыру қазіргі уақытта бар тораптарды ұлғайту және жаңаларды салу бойынша жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. «Қазақтелеком» АҚ-ның көршілес мемлекттермен желі тораптарында қуаттарды дамыту мақсатында операторлармен кездесулер өткізілуде және осының барысында шетелдік серіктестерге «Азия-Европа» транзиттік маршрутты ұйымдастыру шеңберінде қоғамның желісін одан әрі пайдалану мүмкіндіктері беріліп отыр. Кездесулер барысында қоғамның келесі серіктестерімен келісімдерге қол жеткізілді: «Узбектелеком» АК-Бейнеу елді мекені ауданында екінші шекаралық түйісудің құрылысы жөнінде (келісімді бекітетін хаттамаға қол қойылды); «МТТ» ААҚ и «ChinaTelecom» (ҚХР)-транзиттік сыйымдылықтарды ұсынудың үш жақты альянсын құру жөнінде(кездесу хаттамасына қол қою жүргізілуде);  «СЦС Совинтел» АҚБ және «China Unicom» (ҚХР)-транзиттік сыйымдылықтарды ұсынудың үш жақты альянсын құру жөнінде (кездесу хаттамасына қол қою жүргізілуде);

  • «China Network Communications» (ҚХР)-бірлескен түйісудің құрылысы жөнінде;
  • «ТрансТелеКом» компаниясымен (Россия)-бірлескен түйісудің құрылысы жөнінде Шекаралас мемлекеттермен келесі шлюздер салынды және пайдалануға берілді:
  • Үшарал-Достық-ҚХР-мен шекара;
  • Сары өзек-ҚХР-мен шекара;
  • Петропавл-Ресеймен шекара;

       IP/MPLS желісін дамыту 2005 жылы ҰАСМ негізінде өткізу қабілеті 622Мбит/с IP/MTLS ұлттық магистральды деректер беру желісі құрылды. 2009 жылы Алматы –Астана –Ақтөбе қалаларының арасында магистральдік желі 20Гбит/с - қа дейін, үлкен облыстық орталықтарда: Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Шымкент, Өскемен 2*10 Гбит/с-қа дейін және Қазақстанның басқа облыстық орталықтарында 2Гбит/с-қа дейін ұлғайтылды. Желі республиканың барлық облыс орталықтарын қамтиды және Metro Ethernet желілерін салуға және Қазақстанның барлық қалаларында интернет желісіне қатынау қызметін ұсынуға негіз болады, сондай-ақ NGN келесі буын желісін салу үшін тасымалдау ортасы болып табылады. Деректерді берудің магистральды желісі шағын бизнестен бастап мемелекеттік құрылымдарға дейін кез келген көлемдегі тапсырыс берушілерге желілердің қажетті қорғалуын мен өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ете отырып, виртуалды жеке желілер салып беруді қамтамасыз етеді. ҚР шұғыл және анықтама – ақпараттық қызметтерін шақыру кезінде нөмір теруді өзгерту жоба бойынша жұмыс. Пошта мен электр байланысы әкімшілігінің Еуропалық конференциясының (СЕРТ) ұсыныстарына және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Байланыс әкімшілігінің арасында 2006 жылғы 17 маусымда қол қойылған келісімге сәйкес жүргізілуде. 2009 жылдың қараша айында атқарылған жұмыстар нәтижесінде Қоғамның телекоммуникациялар желісінде «1UV» анықтама-ақпараттық қызметтерге нөмірлер кірісін біржолғы енгізу жүзеге асырылды, «0XY» нөмірлер кірісі эксплуатациядан шығарылды. Қазіргі уақытта 8, 8-10 префикстерін 0 және 00 ауыстыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, бұл 2010 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланды.

       Коммерциялық  жобалар. Трафикпен алмасу орталығын  құру интернеттін қазақстандық  сегментін дамыту және тәелсіз  провайдерлерді тарту мақсатында  «Қазақтелеком» АҚ-ның қатысуымен Қазақстанның тәуелсіз провайдерлерінің арасында трафикпен алмасудың бір орны болатын Ұлттық Трафикпен Алмасу Орталығын (ҰТАО) құру жобасы іске асты. Өз кезегінде ҰТАО провайдераралық арналарды ұйымдастырудағы шығындарды азайтуға және жаңа «ойыншылар» үшін «нарыққа кіруді» жеңілдетуге мүмкіндік береді. Оператор ҰТАО-ға қосылу арқылы қосымша күрделі шығынсыз оның кез келген қатысушыларымен трафикпен алмаса алады. Интернет Дата орталықтарын құру (IDC) Интернет Дата орталығы желілік және есептеу жабдықтарының, сондай-ақ арнайы бағдарламалық жасақтаманың кешені ретінде ұсынылады. Шын мәнінде IDC осы заманғы ақпараттық коммуникациялық қызметтердің кең ауқымын ұсынатын, деректерді өңдейтін қуатты орталық болып табылады. IP/TV жобасы кабельді телевиниямен салыстырғанда кең қызмет ауқымы бар цифрлы IPTV телевидиния қызметтерін енгізу жобасы болашағы бар инновациялық жоба болып табылады. Ол тұтынушыларға бірнеше ондаған телеарналарға кіруден басқа да мынандай ерекше мүмкіндіктердң ұсынады:

Информация о работе Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері