Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2015 в 19:39, реферат

Описание работы

Өңдірістік практикамның мақсаты жоғары оқу орнындағы алған жалпы инженерлік пәндерді оқығаннан кейін алған теориялық білімімді жетілдіру, кеңейту. Өңдірістік практиканы өту алдыңда алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Мекеменің қызметімен, ақпараттық жүйесімен, техникалық құрылғыларымен, программалық қамтылуымен танысу;
ЖОО-да алған теориялық білімімді практикада қолдану;

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері;
«Қазақтелеком қызметтері» автоматтандырылған жұмыс орнын құру теориясы;
Автоматтандырылған жұмыс орнының тілдік құралдары және техникамен қамтамасыз етілуі.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Казактелеком.docx

— 54.14 Кб (Скачать файл)

 

  • «Бейне сұрату»: DVD болмаса да, TV-интерфейс арқылы үйден шықпай-ақ, кинофильмді таңдау және көру мүмкіндігі. Бұл жағдайда фильмнің көрсетілу сапасы DVD сапасына сәйкес келеді;
  • Телекөрсетілімді басқару мүмкіндігі: «үзіліс» түймешігін басу арқылы көрсетілімді тоқтату, бірнеше арналардағы телехабарларды бір уақытта «виртуалды» бейнемагнитофонға жазу және оларды кейінірек көру (бұл жағдайда тұтынушыға қосымша жабдықтың қажеті жоқ);
  • Виртуалды кинозал: үйден шықпай-ақ, кинопрокат хиттерін көру мүмкіндігі;
  • Ойындар, радиохабар, анықтамалық ақпарат алу (телефон анықтамалығы, қаланың/облыстың/елдің/әлемнің интерактивті картасы, пойыздардың/ұшақтардың кестелері, валютаның котировкасы, ауа райының болжамы) сияқты қосымша интерактивті сервистер, e-commerce және тағы басқалар.

       2009 жылы  Қоғам жобаның екінші кезеңі бойынша жұмыстарды аяқтады. Қазақстанның 10 ірі қалаларында және Астана, Алматы ққ IPTV аймақтық торабтары іске қосылды. Жоба Қазақстанның барлық облыстық және көпшілік аудандық орталықтарда сандық телевизия қызметтерін беру мүмкіндіктерін келешекте қамтамасыз етуді қарастырады.

       “Қазақтелеком”АҚ-мы  Республиканың телекоммуникациялық  рыногында көшбасшы орынды иеленеді, түрлі байланыс қызметтер буынын  көрсететін орталықтар желісі  кеңінен тараған. Олардың қатарында  дәстүрлі телефония және телеграф  қызметтері, деректер беру мен  Интернет қызметтері, интеллектуалдық (зияткерлік) және спутниктік желілер  және көптеген басқа қызметтер  бар. Компанияның Орталық офисі  Қазақстанның елордасы – Астана  қаласында орналасқан.  
        Компанияда 2005ж 31 желтоқсанына сәйкес компанияда 32602, жұмыс орны болды (2004ж 33220 жұмыс орын). Компания акциялары Қазақстан Республикасына және басқа миноритарлық акционерлерге тиесілі. “Қазақтелеком” компаниясының еліміздің әрбір облысында аймақтық бөлімшелері бар.  
        Компанияның клиенттері шамамен екі жарым миллион жеке және заңды тұлғалар болып табылады.  
       “Қазақтелеком” халықаралық оператор ретінде алыс шетелдердің 154 операторымен және ТМД мен Балтық елдерінің 23 операторымен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады. Қазақстандықтарды әлемнің 230-дан астам елімен байланыстырады.  
       “Қазақтелеком” - бүгінгі таңда тұрақты және игі беделі жыл сайын “үлкен    төрттік” аудиторлары тарапынан расталып отыратын бизнес-бағытталған компания. Компания ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде белсенді жұмыстар жүргізеді және жаңа технологиялар енгізу мен телекоммуникациялық қызметтердің аймақтық рыногын қалыптастыруды, бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды және Қазақстанның халықаралық телекоммуникация рыногындағы ұстанымын арттыруды қамтамассыз етеді.  
        Компанияның акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне және “көгілдір фишкалар” мемлекеттік пакеттерін жүзеге асыру бағдарламасына енген.  
       Fitch халықаралық рейтингтік агенттік “Қазақтелекомға” жергілікті және шетелдік валюта бойынша “ВВ” деңгейіндегі ұзақмерзімдік корпоративтік несиелік рейтинг тағайындады. Компанияның рейтингтік келешегін агенттіктер “тұрақты” деп бағалады.  
        Компания бизнес жобаларымен қатар ауылдық елді мекендерді телефон байланысымен қамту және мектептерді Интернет желісіне қосу жөнінде әлеуметтік міндеттерді шешеді.  
        Озық телекоммуникациялық технологияларды енгізу сапа менеджметі жүйесіне басты рөл берілетін басқару технологияларымен тиімді үйлеседі. Өткен жылы компания филиалдарын сертификаттау үдерісі табысты аяқталды. “Қазақтелеком” компаниясының клиентпен тікелей қатынас жүргізетін барлық филиалдары ISO 9001:2001 халықаралық сапа стандартына сәйкестікке сертификаттау аудитінен табысты түрде өтті.  
Қазақстанның жетекші байланыс операторының табысты қызметіне лайықты баға берген «Euromoney» халықаралық баспа үйі 2005 жылы       “Қазақтелекомды” ТМД-дағы үздік телекоммуникациялық компания ретінде таныды.  
       “Қазақтелеком” бүгінгі таңда – телекоммуникациялық бірегей қызметтер көрсететін және икемді тарифтік саясаты мен сервистің тиісті сапасымен ерекшеленетін компания.  
        Клиенттерге қызмет етудің және көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру, олардың түрлерін кеңейту компанияны дамыту саясатының негізгі алғышарттары болып табылады. Бұл мәселелер әсіресе байланыс рыногында ырықтандыру үрдістерін тереңдету және бәсекелестіктің артуы жағдайында, сондай-ақ Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі қарсаңында өзекті бола түсуде.  
        “Қазақтелеком” өзінің телекоммуникация саласындағы жүйе құрушы ретіндегі жауапкершілігін сезіне отырып, көшбасшы ұстанымын сақтап қалуға және Қазақстанның ақпараттық қоғамы мен бәсекелі экономикасын құруға лайықты үлес қосуға ұмтылады.  
        Телекоммуникация нарығын ырықтандыру бағдарламасы. Қазақстан Республика Үкіметінің 2004ж 2 қыркүйегінен №925 Қаулысына сәйкес компанияның қалааралық және халықаралық телефон байланысын ұсыну бойынша экслюзивті құқығы жойылды.  
         2005 ж компания қалааралық және халықаралық байланыс қызметін ұсынғаны үшін бютжетке 3,571,883 мың теңге көлемінде төлем енгізді және бұл сомма негізгі қызмет бойынша шығыстарда көрсетілді.  
         2005 ж компания мемлекеттін “ауылдық аймақты дамыту” бағдарламасын іске асыру мақсатында 300 млн тенге көлемінде ақша жұмсады.  
         Компания, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004ж 21 тамыз айынан №884 қаулысына “Өзгертулер мен толықтырулар енгізу” туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005ж 19 қантарынан №28 Қаулысын іске асыру мақсатында абонеттерге қалааралық байланыстын тарификациялық қадамын толық және толық емес 10 секундқа көшті.  
Қаржылық есеп беру. Ұсыну негізі – Ұсынылып отырған компанияның шоғырланған қаржылық есебі, Қаржылық есеп беру стандарты бойынша Халықаралық кеңес бекіткен, Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандартына (ХҚЕС - МСФО) сәйке жасалған және Қазақстанның мың теңгесінде көрсетілген. Топ, бухгалтерлік есепті ҚР - да (бұдан әрі БЕҚС - КСБУ) және РФ – да қабылданған бухгалтерлік есеп жайлар мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Берілген жайлар мен ережелер ХҚЕС – нан ерекшеленеді, сәйкесінше компанияның қаржылық есебі БЕҚС – ты бойынша жасалды, және ХҚЕС – на сәкес келу мақсатында оған түзетулер жасалды.  
Есеп беру кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін болып саналады. Қаржылық есепке, берілген мәліметтердін уақтылығына, толықтылығына және нақтылығына жауап беретін компанияның Бас бухгалтердің, Бас қаржы директорының, Вице – президенттің және Президенттің қолы қойылады.  
Лицензиялар."Қазақтелеком" АҚ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрлігі тарапынан 2004 жылдың 28 мамырсында берілген № АБА №000001 . лицензиясы негізінде жұмыс істейді.  
Лицензияның формасы: Бас лицензия;  
Әрекет аумағы: Қазақстан Республикасы;  
        Осы лицензияға сәйкес "Қазақтелеком" АҚ жалпылама пайдаланыстағы телекоммуникация тораптарын (ЖПТТ) дамытуды, енгізуді, қолдауды қамтамасыз ететін бірден-бір ұлттық оператор дәрежесіне ие және сонымен қатар ЖПТТ операторы, әрі Қазақстан Республикасы аумағындағы қалааралық және халықаралық байланыс қызметінің жеке-дара операторы жұмысын атқарады.  
         Компания бөлімшелері."Қазақтелеком" АҚ - Республикадағы ең үлкен компаниялардың бірі, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толық жұмыс кезеңі - қызметтерді өндіруден оны тұтынушыға сатуға дейін және оларды сатудан кейінгі қолдау - атқарылатын функциялардың көп түрлігінде және Қазақстан Республикасының барлық территориясында орналасқан құрылымдық бөлімшелер мен филиалдар санында көрсетілген.  
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамын стратегиялық дамытудың  
2005-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары.  
         Миссиясы. Қазақстан Республикасы телекоммуникациялар рыногының бастаушысы болу. Бір бірімен және бүкіл әлеммен қатынаста болу - сапалы, қолайлы және қарапайым. Халықаралық телекоммуникация ауқымына толық құқықты шоғырлану  
         Мақсаты. Телекоммуникация секторының ырықсыздануы және әлемдік экономиканың ғаламдануы жағдайында ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекелесе алатын, маркетингтік-бағдарланған, жаңартпалық, технологиялық, ұйымдық және экономикалық тиімді Компания құру.  
Қызмет көрсету спектрі. Желінің техникалық мүмкіндігін абонент қатынауы деңгейінен магистралдыққа дейін дамыту жолымен тұтынушыларға бүкіл республика аумағында Интернет желісіне кең жолақты қатынаудан корпоративтік клиенттерге көп делдалдық қызмет көрсетуге дейін телекоммуникациялық қызметтердің кең көлемді спектрін ұсыну. Ұтымды байланыс желісін құру.  
         Тарату өрісі. Қазақстан республикасының бүкіл аумағына, оның ішінде ауылдық жерде телекоммуникациялар қызметін көрсетуді тарату. Қазақстан Республикасын әлемдік экономикаға шоғырландыру, сыртқы рынокқа шығу. Ресей, Орталық Азия және Қытай телекоммуникациялық рыноктарында Қоғам тұғырларын енгізу және нығайту. Қазақстанның транзиттік әлеует мүмкіндіктерін тұтастай іске асыру.  
         Телекоммуникациялар қызметін тұтынушылар. Рыноктың жоғары кірісті сегменттерінде бизнеспен белсенді айналысу, жоғары табысты корпоративтік клиенттердің үлесін арттыру және қызмет түрлерін көбейту. Сараланған маркетинг арқылы Қоғам абоненттері санының тұрақтауын және көбеюін, оларға қызмет көрсетудің кең көлемді спектрін және жоғары сапалы сервис ұсынуды қамтамасыз ету.  
         Қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Дәстүрлі арналар (телефондар, факстар, ұтымды аппараттар, Сервис-бюро, Call-орталықтар және т.б.) бойынша да, Парасаттық желі негізінде де телекоммуникациялар қызмет көрсетулеріне қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Абоненттермен өзара әрекет жасаудың интерактивтік түрлерін енгізу (Интернет арқылы клиенттерге қашықтан қызмет көрсету, оның ішінде ұжымдық қатынау орындары, Интернет-кафе, аударымдық төлем түрлері, CRM-шешімдер және т.б. арқылы). 

       SIP-тұғырнаманы дамыту дәстүрлі офистік станциялар ұсынатын қызметтер жиынтығынан асып түсетін қызмет түрлері бар виртуалды офистік станция (Hosted PBX), виртуалды бірыңғай нөмір, әмбебап дыбыс поштасы және автоматты хатшы SIP телефониясының негізгі қызметтері болып табылады. Абонент кастомизирленген WEB-портал арқылы мультимедиялық қызметтерді өзі басқара алады. Абоненттік WEB-портал абоненттерді қызметтерді басқарудың ыңғайлы құралымен, web-интерфейс арқылы қосымша қызметтерді алу және жандандыру мүмкіндігімен, «click to dial» функциясының көмегімен тура порталдан қоңырау шалумен, тағы да басқадай қызметпен қамтамасыз ете алады.

       Қазақтелекомның хабарлауынша, компанияның телекоммуникация желілерінде телефон қызметтеріне жаңа абоненттерді қосу жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Қазақтелеком» АҚ желісіндегі анықталған жолақ саны биылғы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша 4 039 725-ті құраса, соның ішінде қалалық телекоммуникациялық желіге (ары қарай - ҚТЖ) тиесілісі 2 913 996, ауылдық телекоммуникациялық желіге (ары қарай – АТЖ) тиесілісі 1 125729», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 100 адамға шаққандағы телефон тығыздығы 24,5 нөмірді құрады. Нақтырақ айтар болсақ, ҚТЖ 31,99, АТЖ 15,46 нөмір.

Биылғы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша «Қазақтелеком» АҚ жергілікті телекоммуникациялық желісі 5 799 коммуникациялық пункт таныстырылып, соның ішінде ҚТЖ бойынша 2 950, АТЖ бойынша 2 849, деп хабарлайды компания.

«Қазақтелеком» АҚ компаниясы тобы бойынша Ғаламторға қолжетімділік қызметтерінің тұтынушылары саны 2014 жылдың 9 айында 4 172 638 адамды құрады.

Хабарламада айтылғандай, Қазнеттің белсенді дамуы мен төлем деңгейін өзгертпестен жылдамдықты арттыру үшін Ғаламтор желілеріне қолжетімділік қызметтерінің сипаттарын жақсарту бойынша бірқатар шаралар кешенін дайындады.

«Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Megaline Hit Optima тарифтік жоспарының сыртқы ғаламтор ресурсы трафигі көлемі екі рет ұлғайтылды, 10 Гбайттан 20 Гбайтқа дейін. Ал 1 шілдеден бастап MegalineHitOptima тарифтік жоспары бойынша ішкі ресурстарға қолжетімділік жылдамдығы секундына 2 Мбиттен 4 Мбитке дейін көбейтілді», - делінген хабарламада.

 

 

  1. Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері

       Ақпараттық жүйені (АЖ) қарастырудың технологиялық және функционалдық аспектілерінен тәуелді бірнеше құрамдас элементтерге бөлуге болады. Олардың құрамы: технологиялық, техникалық, бағдарламалық, лингвистикалық, математикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық және эргономикалық қамтитын көмекші жүйе.

АЖ технологиялық қамтуы қолданушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді автоматтандырушы, тапсырмаларды ЭЕМ және жұмыстың орнатылған режимінде басқарудың басұа да техникалық құралдарының көмегімен шешетін көмекші жүйеден тұрады.

       АЖ техникалық қамтуы ақпараттық технология (АТ) жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешенінен тұрады. Барлық техникалық құралдардың ішінен орталық орынды ЭЕМ алады. Құрамдас элементтері әдістемелік, басқарушы материалдар, осы көмекші техникалық құралдарға қызмет көрсететін техникалық құжаттама.

       Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенінің автоматтандырылған түрде орындалуы.

Ақпарат жүйесінің құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік – уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.

       Ақпараттық ресурстар дегеніміз – бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.

       Ақпараттық  жүйе ресурстарының келесілеріне  талаптар қойылады:

  • Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • Программалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • Математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар;
  • Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар;

        Қоғам  Қазақстан Республикасының байланыс  операторы ретінде жалпы пайдалымдағы  телекоммуникация желілерін және жекеменшік телекоммуникация жүйелерін құру, құрастыру, пайдалану және оларға техникалық күтім жасау қызметтерін жүзеге асырады. Халықаралық электр байланысы одағының Регламентіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің Байланыс әкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен, халықаралық ұйымдармен есеп айырысу құқығымен жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісі операторының, оның ішінде қалааралық және халықаралық байланыс операторының міндеттерін атқрады.

       Қоғам  мынадай қызмет түрлерін ұсыну  бойынша қызметті жүзеге асырады:

  1. Таксофон желісі, телеграф байланысы мен АТ-50 және телекс абоненттік телеграфтау желісі, деректер беру қызметтері, оның ішінде арналар мен пакеттерді коммутациялау қызметтерімен бірге , жалпы пайдаанымдағы телекоммуникация желісінің дыбыстық байланыс базалық қызметтерін;
  2. Телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлерін тарату үшін арналар мен байланыс жолдарын, оның ішінде цифрлыларын жалға беру;
  3. Қосымша қызметтер көрсету, оның ішінде, конференц байланыс, сөздік пошта, хабар күту, шақыру күту, шақыру жіберу, шақыруларды бұғаттау, шақыруларды селективтік қабылдау, шақырушы абоненттерді идентификациялау, шақыруларды іріктеу, жедел шақыру, қайта шақыра отырып нөмірді теру, деректер банкі қызметтері, бейнеконференциялар өткізу, интерактивтік ақпарат құралдар қызметі, “клиент сервер” типті жүйелерді пайдалану және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері немесе жеке телекоммуникация жүйелері арқылы көрсетуге болатын басқа да қызметтерді;
  4. Ақпараттық-анықтамалық қызметтердің және операторлар арқылы қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерінің барлық түрлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және өзге де қызметтермен тегін қосылыстарды;
  5. Бағдарламалық өңімдерді, жабдықтарды, консалтинг қызметтерін жеткізуден тұратын ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді енгізу және сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтер.
  6. Жоғары технологиялы байланыс қызметтерін:

а) зияткерлік байланыс желісі, кадрларды қайталап көрсету қызметтері;

б) интернетке коммутациямен қатынау;

в) бөлектелген каналдар арқылы интернетке қатынау;

г) ащық цифрлы арналарды ұйымдастыру;

д)VPDN (жеке коммутациялы виртуалды желілер);

е) бейнеконференцбайланыс;

ж) басқа да жоғары технологиялы байланыс қызметтері.

     7) сымсыз байланыс қызметтерін:

а) барлық пейджингтік және басқа да ұқсас сымсыз деректер мен хабарлар беру қызметтерін енгізу, пайдалану, қабылдау және беру;

б) барлық дербес байланыс қызметтері мен барлық дербес байланыс жүйелерін, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген транкингтік ұтқыр жүйелерді және стандарттардың ұялы байланыс қызметтерін қоса отырып, бірақ бұлармен шектеліп қоймай, енгізу, пайдалану, қабылдау және беру.

8)  спутниктік байланыс қызметтері: телекоммуникацияны              пайдаланушыларға спутниктік байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында радиожиілік спектрі мен геостанциялық және төменорбитальдық байланыс спутниктерінің орбталарын пайдалану.

Қоғам телекоммуникация саласында мынадай технологиялық жұмыстарды жүзеге асырады:

    • Жалпы республикалық, магистральдық және халықаралық байланыс жолдарын жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану;
    • Инженерлік-іздестіру, ғылыми зерттеу, сараптау, жобалау-конструкторлық жұмыстар;
    • Құрылыс-құрастыру, жөндеу және іске қосу-келтіру жұмыстары;
    • Инновациялық жұмыс;
    • Телекоммуникация саласындағы метрологиялық жұмыс;
    • Байланыс арналары арқылы ақпараттың барлық түрлерін толассыз беруді ұйымдастыру, жұмыстың сенімділігі мен сапасын арттыру және телекоммуникация желілерін тиімді пайдалану;
    • Қоғамның телекоммуникация желілерін тиімді пайдалану дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
    • Телекоммуникация ғимараттары мен объектілерінің күрделі құрылысын ұйымдастыру;
    • Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың мүдделеріне сай желінің трактілері мен арналарын ұтымды түрде бөліп таратуды, басымдылықпен бөлуді, сондай-ақ, резервте сақтауды қамтамасыз ету;
    • Қоғамның телекоммуникация желілерін қалыптастыру;
    • Қоғамның телекоммуникация желілері жұмысының сапасы туралы ақпарат жинау және талдау;
    • Телекоммуникация құралдарын пайдалануды  жетілдіру;
    • Телекоммуникация объектілерін, олардың өңдірістік-экономикалық жағынан тиімділігін арттыру мақсатында қайта құру;
    • Желінің жай-күйіндегі және қоғамның байланыс желісін нөмірлеудегі өзгерістер туралы пайдаланушылар мен байланыс операторларын хабардар ету;
    • Телекоммуникация бойынша халықаралық жобаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
    • Әртүрлі операторлармен және байланыс қызметің пайдаланушылармен өзара есеп айырылысуды жүзеге асыру;
    • Қоғамның мүддесі үшін халықаралық телекоммуникациялық және басқа да ұйымдар мен бірлестіктерге қатысу;
    • Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілерінің немесе қоғам пайдаланатын жеке желілердің көмегімен кез-келген басқа қызметтерді көрсету.

Қоғам басқа да қызметтерді жүзеге асырады, атап айтқанда:

    1. Қоғамға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте көзделген рұқсат етілген сыртқы экономикалық қызметті атқару;
    2. Сауда-сатып алу, делдалдық және коммерциялық жұмыстар;
    3. Менеджмент, маретинг, инжиниринг;
    4. Ақпараттық, сервистік және басқа да заңды, жеке, оның ішінде шетелдік тұлғалардың қаржылық қаражаттарын Қоғамның телекоммуникация желісін дамытуға жұмылдыру және шоғырландыру;
    5. Қоғамның құрылымдық бөлімшелері арасындағы шаруашылық және өндірістік өзара қарым-қатынастарды реттейтін нормативтер әзірлеу;
    6. Ішкі және сыртқы рынокта Қоғамның бағалы қағаздарын шығару және өткізу;
    7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу және сату;
    8. Қоғамның қаражаттарын салалық және өңірлік бағдарламалар мен жобаларға инвестициялау;
    9. Төте және портфельдік инвестициялау;
    10. Қоғам қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін алдыңғы қатарлы технологиялар, бірлескен өндірістер құру мақсатында өз қаражаттарымен басқа заңды тұлғалардың қызметіне қатысу;

 

Негізгі оңтайлы сәттер

        Акционерлер Компанияның корпоративтік басқару практикасына жағымды ықпал етеді, акционерлер құрамы үйлестірілген, акционерлер құқығы сонымен қатар миноритарлық жеткілікті деңгейде қалыптастырылған және қорғалған.

       Компанияда тәжірибелі директорлардан тұратын және құрамында тәуелсіз директорлардың жеткілікті санынан құралған Директорлар кеңесі (ДК) қалыптасқан және қызмет етеді. ДК құрылымында Аудит жөніндегі комитет пен Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитет құрылған. Компанияның ішкі құжаттарында ДК мен оның комитеттерінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі сәттері бекітілген, оның талаптарының көп бөлігі практика жүзінде орындалады. ДК саны мен ұзақтығы бойынша жеткілікті отырыстар өткізеді.

        Үлесақыларды төлеу жалпы алғанда, қалыптастырылған және практика жүзінде Үлесақы саясатына қайшы келмейді.

Компанияда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында бірқатар құжаттар мен саясаттар бекітілген, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты әзірленген. Сондай-ақ тәуекелдерді басқару саласында негізгі ішкі құжаттар бекітілген, тәуекел-менеджменті үрдісі мен рәсімдері қалыптастырылған, тәуекелдерді басқарудың ұйымдастыру құрылымы құрылған.

Информация о работе Қазақтелеком қызметтерінің ақпараттық жүйемен қамсыздандырылуы және қызмет түрлері