Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 17:47, реферат

Описание работы

Халықаралық үйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық үйымдардың, үлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық үйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол үлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансүлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жүмылдырудың объективті қажеттілігінен туды.

Файлы: 1 файл

Халықаралық ұйымдар.docx

— 39.72 Кб (Скачать файл)

               ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ МЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КУРСЫ

 

 

 

 

 

 

       РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың маңызы

 

 

 

 

                                                                                          Орындаған:

                                                                                          Факультет:

                                                                                          Топ:

                                                                                          Тексерген:

 

 

 

                                                   Алматы 2013                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық үйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық үйымдардың, үлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық үйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол үлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансүлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жүмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бүқаралық халықаралық үйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жүмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық үйым -1874 ж. қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық үйымдардың қүрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін элем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық үйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық үйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық үйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде қүрылып, қызмет етеді.

Олар:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945),
  • Халықаралық валюта қоры (1945),
  • Бүкіләлемдік сауда ұйымы (1995),
  • Солтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949),
  • 'Мұнай экспорттаушыелдер үйымы (ОПЕК, 1960) және т.б.

Үкіметтік емес халықаралық  ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен  ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін  жеке түлғаларды біріктіреді, үкіметаралық үйымдарға қарағанда, халықаралық  қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары: *Парламентаралық одақ (1889),

  • Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894)
  • Рим клубы (1968),   Гринпис (1971) және т.б

Біріккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы Орта Жөніндегі  Бағдарламасы ЮНЕП (ағылш. United Nations Environment Programme — UNEP) — Бас Ассамблеяның мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретінде көмекші органы.

 ЮНЕП-тің ұраны: "Қоршаған  орта өркендеу жолында"

БҰҰ-ның 1972 ж. 5 — 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоқсанда құрылған. ЮНЕП-тің басты органдары — Басқару Кеңесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП-ке 70-ке жуық мемлекет мүше. Штаб-пәтері — Найробиде. Басқару Кеңесі қоршаған ортаға байланысты халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу және осы саладағы бағдарламаның қызметі мен үйлестірілуін басқаруды жүзеге асырумен, баяндамалар мен шолулар жасаумен, дүние жүзі бойынша қоршаған ортаның жағдайын үнемі бақылауда ұстаумен, т.б. көптеген шаралармен айналысады. Қоршаған ортаны саласындағы бағдарламалардың қосымша қаржыландыруын жүзеге асыру мақсатында, 1973 ж. 1 қаңтарда ерікті ЮНЕП қоры ашылды. ЮНЕП-тің көптеген биологиялық Конвенциясына Қазақстан Республикасы 1994 ж. қыркүйектен бері мүше. 1994 ж. қазанда Парижде жасалынған шөлге қарсы күрес Конвенциясына Қазақстан Республикасы да қол қойды. Қазіргі таңда Қазақстанның ЮНЕП-пен ынтымақтастық шеңберінде: Қоршаған орта қорғау жөніндегі дүниежүзілік қордың (ФГОС) қаржыландыруымен ЮНЕП-тің “Каспий теңізінің биологиялық сан алуандығы және оның жағалауын қорғау” бағдарламасын жүзеге асыру ісі, ЮНЕП-тің Еуропалық аймақтық бюросымен бірге Арал және Каспий теңіздері жағдайлары жөніндегі халықаралық Конвенция жасау мәселелері қарастырылуда. Қазақстанда ЮНЕП-тің табиғатты қорғау жөніндегі Заңын шығару және экологиялық Заңдарын енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Міндеттер

Қоршаған орта сферасындағы халықаралық қатынастарды жақсарту және лайықты саясат ұсыну.


  • Қоршаған ортаның жағдайын көрсету.

Қоршаған ортаға байланысты ақпаратты жинап, тарату.

  • Қоршаған ортаның тұрақтылығы туралы аймақтық программаларды дамыту.
  • Мемлекет дәрежесіндегі қоршаған ортаны өндіруге керекті қуат пен технологиялық қолдаумен жабдықтау.
  • Халықаралық қоршаған орта заңдарын дамытуға көмектесу.

Қоршаған ортаға байланысты тұжырымдама мен құралдарды қолдануға  және дамытуға керекті тәжірибелі ақылдармен жеткізіп отыру.

Құрылымы


ЮНЕП-тің құрылымы келесі алты бағыттардан тұрады:

  1. Ерте ескерту және бағалау
  2. Экологиялық саясаттың имплементациясы
  3. Технология, өндіріс және экономика
  4. Аймақтық ынтымақтастық
  5. Қоршаған орта заңы мен Конвенция
  6. Коммуникация мен Әлеуметтік ақпарат

 

Атқарушы директор


Қазіргі кезде ЮНЕП-тің  атқарушы директоры Ахим Штайнер. 2006 жылы төрт жылға директор болып белгіленді, осылайша Ахим Штайнер ЮНЕП тарихындағы  бесінші директор.

 

ЮНЕП-ті басқаратын кеңес мүшелері


ЮНЕП-ті басқаратын кеңес 58 мемлекеттен құрылып, үш-төрт жыл мерзімінде ауысып отырады.

  • 16 орын Африка мемлекеттері үшін
  • 13 орын Азия мемлекеттері үшін
  • 6 орын Шығыс Еуропа мемлекеттері үшін
  • 10 орын Латын Америкасы мен Кариб мемлекеттері үшін
  • 13 орын Батыс Еуропа және басқа мемлекеттер үшін

ЮНЕП әлемде


ЮНЕП жұмысшылары 100-ге жуық мемлекеттреден келеді. Олардың үштен-бірі (шамамен 1000 жұмысшы) Найробиде өмір сүреді және жұмыс жасайды. ЮНЕП-тің  кеңселері:

  • Африка: Найроби, Кения
  • Азия және Тынық мұхиты: Бангкок, Тайланд
  • Еуропа: Женева, Швейцария
  • Латын Америкасы мен Кариб бассейні: Мехико, Мексика
  • Солтүстік Америка: Вашингтон Колумбия аймағы, АҚШ
  • Батыс Азия: Манама, Бахрейн

 

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым жәнеМәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.

 
XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары  мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында  әскери әрекеттерден зардап шеккен  кітапхана және мұражай қорларын  қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш  білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей  байланыстар орнату арқылы Батыс  пен Шығыстың арасында мәдени  алмасуды дамыту; дамушы елдердегі  сауатсыздықты жойып, "негізгі  білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда,  Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу  Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін  сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен  Мәдени құндылықтарды сақтау  және қалпына келтіру бойынша  Халықаралық комитет жұмыс істей  бастады.

ЮНЕСКО негізгі  мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰҚаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:

  • болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;
  • білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;
  • заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;
  • мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;
  • арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

 

ФАО — БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы. Штаб-пәтері Римде орналасқан. Бұл арнайы мекеме 1945 жылдан бастап әлемдегі азық-түлік ресурстары мен ауыл шаруашылығы дамуының мәселелерімен айналысады. 1990 жылы ФАО әлемдегі 62 елдегі тропиктік ылғалды ормандарды (ғарыштық суреттерді пайдаланып) есепке алды. Сөйтіп орман ауданы (1,2 млрд га-дан артық) анықталды.

 

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) (Internatіonal labour organіzatіon, ILO) — үкіметті, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді тең құқықтар негізінде біріктірген халықаралық ұйым. ХЕҰ еңбек қатынастарының халықар. нормаларын және олардың орындалуын бақылау рәсімдерін әзірлейді. 1919 ж. Версаль шарты бойынша Ұлттар лигасының құрамдас бөлігі ретінде құрылған. 1939 — 1945 ж. 2-дүниежүз. соғыс кезеңінде штаб-пәтері Монреальда (Канада) орналасты. 1944 ж. мамырда Филадельфияда өткен Бас конференцияда ХЕҰ-ның соғыстан кейінгі кезеңге арналған мақсаттарын айқындайтын мәлімдеме қабылданды. 1946 ж. БҰҰ БасАссамблеясы ХЕҰ мен БҰҰ арасындағы келісімді бекітіп, ұйымды өзінің мамандандырылған мекемесі ретінде таныды. Женевада (Швейцария) орналасқан. КСРО 1934 — 1940 ж. ХЕҰ-на мүше болды, 1954 ж. қайта кірді. 1969 ж. ХЕҰ-на Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді. ХЕҰ-ның іргелі ұстанымы: еңбек тауар емес; сөз бостандығы мен бірігу бостандығы — тұрақты ілгерілеудің қажетті шарттары; кез келген жердегі қайыршылық — жалпы әл-ауқатқа төнген қатер. ХЕҰ-ның жарғы бойынша мақсаты: әлеум. әділеттілік, яғни нәсіліне, сеніміне немесе жынысына қарамастан барлық адамдардың өзінің материалдық игілігін жүзеге асыруға және еркіндік пен қадір-қасиетті сақтау, экон. тұрақтылық пен тең мүмкіндіктер жағдайында рухани дамуға құқықтары негізінде жалпыға бірдей және баянды бейбітшілікке қол жеткізу. ХЕҰ жұмыспен толық қамтамасыз етуге, тұрмыс деңгейін көтеруге, еңбек қауіпсіздігіне, еңбекшілердің денсаулығын сақтауға, адамның негізгі құқықтарының сақталуына жәрдемдеседі, экон. және әлеум. бағдарламалардың орындалуын, кәсіпкерлер мен еңбекшілердің арасындағы ынтымақтастыққа септігін тигізеді. Осы мақсатпен ХЕҰ еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартудың халықар. саясаты мен бағдарламасын әзірлейді, еңбек қатынастарының бірлесу еркіндігі, ұйымдасу құқығын қорғау, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, еңбекпен айналысудағы кемсітушілік, еңбекақыдағы тең құқылық, жалақы кепілдігі, келімсек еңбекшілердің құқықтары, әлеум. қамсыздандырудың ең төмен нормалары, еңбек инспекциясы, аналарды қорғау, ақы төленетін демалыс, жалданбалы қызметтер сияқты салаларда халықар. стандарттарды белгілейтін конвенциялар мен ұсыныстар қабылдайды. ХЕҰ конвенциясын бекіткен мемлекет оның ережелерін іске асыруға және Халықар. еңбек бюросына (ХЕБ) оның орындалғаны туралы тұрақты есеп беріп тұруға міндеттенеді. ХЕҰ-ның басшы органдары — Халықар. еңбек конференциясы, әкімшілік кеңес, ХЕБ.

Информация о работе Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың маңызы