Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 16:08, дипломная работа
Жетісай қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында орналасқан. Мақтаарал ауданы - облыстың қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы.1927 жылдан бастап қала болған. Ал 1997 жылы 3 аудан: Мырзакент, Атакент, Асықата қосылып ірілендірілген. Қазіргі аудан орталығы - Жетісай қаласы. Жетісай қаласының облыс орталығы Шымкент қаласына дейін 220 км құрайды. Қазір Жетісай қаласының халқының саны 2009 жылғы санақ бойынша тоқсан төрт мың бес жүз, ал жалпы аудан көлемінде үш жүз алпыс бес мың адам тіркелген.