Построение сети NGN

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 08:42, доклад

Описание работы

Жамбыл ОТД-сы АҚ «Қазақтелеком» филиалы болып табылады. Тараз қаласы административті орталық және Жамбыл облысындағы ең ірі қала болып табылады. Ол облыстық оңтүстік-батыс бөлігінде салыстырмалы тегіс жерде орналасқан. ҚТС-да абоненттік желінің алтысандық нөмерлеу жүйесі қабылданған. Қазіргі уақытта Тараз қаласының көлемі, қалаға қатысты Жақын атқан ауылдарды санамағанда, 188,33 кв.км. құрайды. Қаланың өзінде облыс тұрғындарының 33,7% жуығы шоғырланған, бұның өзі 375000 адамды құрайды. Жалпы лайықталған сиымдылық 67507 номер болса, жалпы пайдаланыстағы сыйымдылық 65869 номерды құрайды, сыйымдылықты қолдану пайызы – 97,57%. Телефондар тығыздығы 100 адамға 19,6 бірлікті құрайды.

Файлы: 1 файл

диплом.doc

— 1.08 Мб (Скачать файл)

1 ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖЕЛІНІ ТАЛДАУ

1.1 Қолданыстағы желіні анализдеу

Жамбыл ОТД-сы АҚ «Қазақтелеком» филиалы болып табылады. Тараз қаласы административті орталық және Жамбыл облысындағы ең ірі қала болып табылады. Ол облыстық оңтүстік-батыс бөлігінде салыстырмалы тегіс жерде орналасқан. ҚТС-да абоненттік желінің алтысандық нөмерлеу жүйесі қабылданған. Қазіргі уақытта Тараз қаласының көлемі, қалаға қатысты Жақын атқан ауылдарды санамағанда, 188,33 кв.км. құрайды. Қаланың өзінде облыс тұрғындарының 33,7% жуығы шоғырланған, бұның өзі 375000 адамды құрайды. Жалпы лайықталған сиымдылық  67507 номер болса, жалпы пайдаланыстағы сыйымдылық 65869 номерды құрайды, сыйымдылықты қолдану пайызы  – 97,57%. Телефондар тығыздығы 100 адамға 19,6 бірлікті құрайды.

Тараз қаласының телефон желісінің сыйымдылығы :

  • Жалпы лайықталған —67507 номер;
  • Іске қосылған—65869 номер;
  • Бос тұрған—1638 номер;

ҚТС-тегі жұмыс істейтін АТС параметрлері (станцияның түрі, сыйымдылығы)  Кесте 1.1-де көрсетілген.

Кесте1.1 – АТС параметрлері

АТС нөмері

Жалпы лайықталған сыйымдылығы

1

АТС-2

8200

2

АТС-34

10320

3

АТС-43/45

9820

4

АТС-6

7476

5

АТС-7

7865

6

АТС Солнечный

8650

7

AТС-61

1743

8

АТС-62

2337

9

АТС-634

2466

10

АТС-66

1820

11

RSM-1

1470

12

RSM-2

2660

13

RSM-3

2680

Барлығы

 

67507


 

Кестеде көрсетілгендей Тараз қаласындағы жалпы лайықталған сыйымдылығы 670507 номер, ол 375000 адам үшін өте аз болып келеді.  Интернет желісін тұтынушылар саны өте аз. Сондықтан NGN желісіне өтуі ықтимал болады.

Транспортты желі SDH (Synchronous Digital Hierarchy - Синхронды Цифрлік Иерархия) жабдығының негізінде құрылған. Желі түйіндерінде бір-бірімен магистральды оптоталшықтық кабелімен байланысқан синхронды цифрлік мультиплексорлар (Synchronous Digital Multiplexer - SDM) орналасқан.

Қаланың транспортты желісі талшықты кабелдер арқылы құрылған, олар есептік тарату жүйелері арқылы тығыздалады, синхронды есептік иерархия  (SDH).  Транспорттық желінің құрылымы STM-4, деңгейлі сақинадан тұратын, сақиналық топологияда негізделген.

Қаланың байланысты ұйымдастыру  сұлбасы қосымша А–да  көрсетілген.

 

1.2 Жұмыстың мақсаты

Жұмыстың негізгі мақсаты: Тараз қаласында, NGN негізінде, Huawei құрылғысының көмегімен, сөз және басқа да мәліметтерді беру қызметін ұсыну, қаладағы бар цифрлық  арналарды тиімді пайдаланып желілердің өнімділігін арттыру арқылы, және дестелік коммутациялар технологиясы бойынша қызметтер көрсету негізінде  транспорттық желі құру.

Осы жұмыстың мақсаттарын  анықтау үшін, басқарушы әлемдік  телекоммуникация операторларымен  ұсынылған, NGN желілеріне өту стратегияларын қарастыру керек. NGN желілеріне өтуінің мүмкін стратегияларын үш негізгі топтарға бөлген жөн: революциялық, эволюциялық және «аралдық».

Бірінші стратегия екі  жағдайда қолайлы: жаңа желі құрастырылады; барлық эксплуатацияланатын коммутация мен тарату жабдықтары ауыстыруды қажет етеді. Революциялық стратегияның қолданылуының практикалық нұсқауы өте сирек кездеседі. 

Екінші стратегия - операторлардың желіні түрлендіру үшін нақты жоспар құруын мақұлдайды. Жалпы пайдалыныстағы телефон (ОҚТЖ) желісінің цифрленуі кезеңінде қабылданған, «үстіне қойылған» желі тұжырымдамасы осы келтірудің аналогі болып саналады.

Үшінші стратегия –  оператор қажеттілік барысында, ескірген коммутациялық станцияларын көрсетіп, «арал» тәрізді өзінің  NGN желісін  құрастыруын мақұлдайды.

Осы жұмыстың басты мақсаты  – абоненттерге қазіргі сапа мен  сенімділікті қамтамасыз етіп, телекоммуникация қызметтерінің қосымша түрлеріне  сұранысын қанағаттандыру арқасында, «Қазақтелеком» АҚ – ның телекоммуникация нарығында орнықтыру және қосымша табыс табу.

Технологиялық мақсаттар:

    • дауысты трафикті дестелі тарату технологиясының «тегіс» сәулетінің қолданылуы нәтижесінде, телефон желісінің әмбебап, тиімді, біріккен мультисервисті құрылымын құру;
    • жалпы пайдаланыстағы телекоммуникация желісін IP/MPLS деректерді тарату желісімен конвергенциялау;
    • ашық хаттамалар негізінде кез – келген қызметтер түрін енгізу үшін технологиялық негіз құру;
    • мониторинг және желі қорларымен басқарудың бітұтас жүйесін құру;
    • желі жұмысының сенімділігін арттыру.

Жұмыста мына сұрақтар қарастырылған:

  • желі құрастырудың ең тиімді нұсқауын анықтау;
  • жабдықты сипатталау;
  • жабдықты есептеу;
  • тіршілік қауіпсіздігі;
  • бизнес – жоспар (экономикалық тиімділікті есептеу).

 

1.3 Келесі ұрпақ технологиясына өту негіздері

Тараз қаласының қазіргі заман телекоммуникациялық қызметтер нарығы қолданушының сандық және сапа жағынан өзгерген сұранысымен, жаңа технологиялардың жылдан дамуымен, бәсекелестіктің шұғыл күшейуімен сипатталады. Номерлік сыйымдылықтың өсуінен туындаған ОҚТЖ трафигінің өсуі АҚТС-тер мен транзиттік станциялардың, қуаттарын үнемі өсіріп отыруы талап етеді. Оның үстіне, Жамбыл ОДТ-сының табыс көлемінің өсуі мен абсолюттік көрсеткіштегі өткізілген трафик көлемінің өсуі қасында соңғы бірнеше жылда дәстүрлі байланыс қызметтерін ұсынудан пайда көлемінің төмендеуі байқалады. Байқап отырған мәліметтер тасымалдау қосымша тұрақты өсу тенденциясы үлкен перспективаға алып келеді, яғни мәліметтер трафигінің көлемі телефон трафигінің көлемімен бір деңгейге көтеріледі.

Осыған байланысты қазіргі  жұмыс істеп тұрған желілер келесі ұрпақ желісіне (NGN) көшуі байқалады, олар телекоммуникациялық қызметтерді дыбыс, мәліметтер және бейне сияқты тәуелсіз тасымалдау жүйелерін бір жүйеге интеграциялау жолымен жаңа деңгейде қамтамасыз етеді және клиенттерге қосымша сервистер ұсынады.

NGN желісін құру мынадай  міндеттер шешуді қамтамасыз  етеді:

  • Дестелік тарату ортасы бар телекоммуникациялар желісін конвергенциялауды, деректер берудің дестелік желісі бойынша қалааралық және халықаралық телефон трафигін өткізу мен бағыттауды, телефондық және дестелік желілер арасындағы сигналдау хаттамаларын тарату мен өңдеуді;
  • әртүрлі топологиялық тұрақты және жалғанатын арналар ұйым- дастыруды;
  • VPN корпоративтік желілерін ұйымдастыруды;
  • қызмет көрсету сапасының әртүрлі деңгейлерін қамтамасыз етуді;
  • желінің сенімділігін қамтамасыз етуді.

2005-2006 жылдар – дестелік жалғанатын келесі ұрпақ (NGN) желісін құрудың бастапқы кезеңі. Барлық облыс орталықтарында Metro Ethernet желілері құрылысын салу жобаларын және IP/MPLS технологиясы бойынша деректер берудің магистралдық тасымалдау желісі құрылысын салу жобасын іске асыру. Қоғам филиалдарында мультисервистік шешімдерге негізделген қатынау желісін дамыту жобаларын жүзеге асыру, бұл жеке тұлғалар үшін «баршаға ADSL»-дан бастап корпоративтік VPN-ға дейін жаңа қызметтер көрсетуді республика көлемінде өсіре беруге мүмкіндік туғызады.

Бірінші кезең IP желісі бойынша  дауыс таратудың қажетті сапасын, NGN желісі жұмыс істеуінің ақпараттық қауіпсіздігін, биллингтік шағын жүйелердің сертификатталуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін, сондай-ақ NGN барлық элементтерін әкімшілік басқару мәселелерін шешуге бағытталған.

 

1.4 NGN анықтамасы

NGN - дестелер коммутация  технологиясын қолданатын, деректер, бейнелер және сөздерді таратуға  арналған, көпмақсаттық әмбебап желі.

NGN желісі ашық және  реттелген сәулетпен сипатталады,  онда қызметтер шақырумен басқару  фунцияларынан бөлінген, ал  шақырумен  басқару фунциялары тасымалдау  функцияларынан бөлінген. Ашық хаттамалардың  және интерфейстердің арқасында  көптген қызметтерді оперативті және иілгішті көрсету, ал абоненттерге  жүйелік жабдығының құрылымынан және  тасымалдау қызметтерінің терминалдарының түрлерінен тәуелсіз, өздерінің қалауынша қызметті ықтималдау мүмкіндігі беріледі. Дестелі коммутациялы тіректі желі телефондық желінің интеграциясын, деректерді тарату желісін және  кабелдік теледидар (КТД) желісін  жылдамдатуды рұқсат етеді. Тәуелсіз желілік басқару деңгейінде шақырумен басқарудың негізгі функциялары бағдарламалы түрде жүзеге асады, шақыруды маршруттауды, басқаруды бақылауды және сигнализацияның әсерлесуін  қоса, осылай қолданушылардың  керекті қажеттіліктеріне тасымалдау қызметтерін және басқару хаттамаларын ықтималдауға рұқсат беріледі. NGN жүйесі PSTN жүйесімен, PLMN ортақ қолданыстағы жер үстіндегі ұялы байланысымен, 3G 3-ші ұрпақты ұялы байланыстың желісімен, IN  интелектуалды желімен, Internet желісімен және тағы басқа желілермен жүйеаралық медиашлюздер, медиашлюздер жалғау жолдары және  сигнализация медиашлюздер арқылы өзара қатынасады.  Кәдімгі қолданушылар NGN желісіне рұқсатты терминалды жабдықтар, ол дестелі коммутациялы жүйелері бойынша дауыстық ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді және мультимедиялық терминалдар  арқылы қол жеткізеді.  Корпоративті  қолданушылардың желіге қосылуы (MG) медиашлюздері және интегралды рұқсат құрылғылары (IAD) арқылы іске асырылады, олар дауыстық байланыс, деректерді тарату және бейне ақпарат қызметтерін әртүрлі қолданушыларының талаптарына толық сәйкесті.

NGN желілеріне қойылатын  талаптар:

  • “мультисервистік”, қызмет технологияларының транспортты технологияларынан кедергісіз өту;
  • “кең жолақтылық”, тұтынушының сұраныстары бойынша, кең диапазонда ақпаратты тарату жылдамдығының иілімді және динамикалық өзгерту мүмкіндігі;
  • “мультимедиялылық”,  қосылыстардың күрделі конфигурацияларын пайдаланып, ақпараттарды (сөз, деректер, бейне, аудио) желіде тарату мүмкіндігі;
  • “интеллектуалдылық”, тұтынушы немесе қызметті жеткізушінің қосылыспен, телефон шақыртулармен және қызметтермен басқару мүмкіндігі;
  • “қатынау нұсқаулылығы”, қолданылатын технологияға байланыссыз, қызметтерге қатынау ұйымдастыруының мүмкіндігі;
  • “көп операторлылық”, қызметтер көрсету және қолданылатын салаға олардың сәйкес келуін қамтамасыздандыру үрдістерінде көп операторлардың қатысу мүмкіндігі.

Осылайша, келесі ұрпақтың байланыс желісі (NGN)—бұл басқаруы өте иілгіш келетін шексіз көп қызметтер түрін пайдалануға мүмкіндік беретін байланыс желісін тұрғызу, желі мәселелері унифициялау арқылы жаңа қызмет түрлерін құру және жекелеу, жүйенің шеткі түйініне қызметкөрсету функциясын шығару және дәстүрлі байланыс желілерімен интеграциялану концепциясы болып табылады.

 

1.5 NGN мультисервисті желілерді құру қағидалары

Мультисервисті желі құрудың бірнеше нұсқасы бар. Олардың бірі гомогенді инфрақұрылымды  қарастырады - бұл бірігуге қарастырылмаған желі толығымен дестелі бөліктенетін және коммутацияланатын дестелі регионалды байланыс желісі немесе байланысқа негізделген желісі (АТМ тәрізді). Осы айтылған архитектуралардың біреуі де жекеленген түрде мультисервисті желіні құруда тұтунышыларды қанағаттандыру мүмкіндіктері жоқ, бұл жергілікті есептеуіш және аймақты байланыс желілері үшін экономикалық және функционалдық талаптарын айырмашылығынан болып тұр. Кең аймаққа таралатын мультисервисті желінің ядросы болуы қажет – аймақтық байланыс желісі, перифериялі жергілікті есептеуіш желілермен айналған.

Қолданыстағы желі интеграциялы тасымалмен, қосылуымен (бірігумен), маршрутизациялаумен  және қызметпен сипатталады. Әр түрлі  қызмет көрсету үшін (телефонды байланыс, бейне, ақпарат тасымалдау), әр түрлі желілер арналған. Алғашқы желілерге қарағанда, қазіргі заман желілері (NGN) әр түрлі деңгейде ашық архетиктурасымен және көлденең өзара байланысымен сипатталады.

NGN-нің жалпы инфрақұрылымы, әр  түрлі қызмет көрсету үшін  қолданылатын дестелі технологияға негізделген транспортық деңгейде жүзеге асады.

Бастапқы нүктемен белгіленген  нүкте арасындағы ақпарат айнымалы бір принцип бойынша, яғни байланыс түрінен тәуелсіз түрде (телефонды шақыру, интернетте жұмыс істеу сеансы, бейне тасымалдау, бірнеше ойыншылармен желідегі ойын немесе фильмнің трансляциясы) жүзеге асады.

Қолданбалы деңгей логикалық және физикалық траспортты деңгейден  бөлінген, бұл әр түрлі желі сегменттерін бір бірінен тәуелсіз дамытуға мүмкіндік  береді. Әр түрлі қызметтер үшін (телефонды байланыс, электронды коммерция, сұраныс бойынша бейңе тасымалдау және тағы басқа) әр түрлі серверлер жауап береді, олар транспорттық деңгейден бөлінген. Жаңа қызметті енгізу үшін бар болғаны, траспорттық деңгейде желінің барлық тұтынушыларына тиімді болатын жаңа серверді енгізу.

Тұтынушыларды NGN-ге енгізу әр түрлі  технологиялар негізінде құрылған инерфейс арқылы жүзеге асады. NGN желісіне қосылу кең жолақты интерфейс  арқылы тиімдірек болуына қарамастан, барлық тұтынушыларға қолданылған  құрылысынан тәуелсіз, әмбебап рұқсат беріледі.

Информация о работе Построение сети NGN