Построение сети NGN

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 08:42, доклад

Описание работы

Жамбыл ОТД-сы АҚ «Қазақтелеком» филиалы болып табылады. Тараз қаласы административті орталық және Жамбыл облысындағы ең ірі қала болып табылады. Ол облыстық оңтүстік-батыс бөлігінде салыстырмалы тегіс жерде орналасқан. ҚТС-да абоненттік желінің алтысандық нөмерлеу жүйесі қабылданған. Қазіргі уақытта Тараз қаласының көлемі, қалаға қатысты Жақын атқан ауылдарды санамағанда, 188,33 кв.км. құрайды. Қаланың өзінде облыс тұрғындарының 33,7% жуығы шоғырланған, бұның өзі 375000 адамды құрайды. Жалпы лайықталған сиымдылық 67507 номер болса, жалпы пайдаланыстағы сыйымдылық 65869 номерды құрайды, сыйымдылықты қолдану пайызы – 97,57%. Телефондар тығыздығы 100 адамға 19,6 бірлікті құрайды.

Файлы: 1 файл

диплом.doc

— 1.08 Мб (Скачать файл)

 

2 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН NGN ЖЕЛІСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

 

2.1Тараз қаласындағы ұйымдастырылатын желі

Келесі ұрпақ желісі (NGN) желінің жаңаша концепциясы болып  табылады, ол өз бойында дауыстық функцияларды, (QoS) қызметкөрсету сапасы мен коммутацияланатын  желіні біріктірген. NGN желісі қолданыстағы телекоммуникациялық желілердің эволюциясын білдіреді, ол желілер мен технологиялардың бірігуінен көрінеді. Осының арқасында телефонияның классикалық қызметтерінен бастап мәліметтерді таратудың әртүрлі қызметтерімен аяқталатын қызметтердің кең көлемін тіркеуге болады.

Жалпы қолданыстағы дәстүрлі желіден NGN желісіне өтудің құралған алгоритмін құрғанда әлемдік тәжірибеге сүйене отырып желінің барлық топологиясын өзгертеміз. Бұл енді кеңістіктік  танспорттық-коммутациялық жүйе болады. NGN желісіне қосылу Huawei құрылғысы Softswitch арқылы қосылатын болады.

Бастапқы сатыда дәстүрлі телефония жағынан TDM желісі – негізгі, NGN желісі – резервтік, қызметтер  жолағын кеңейіткен сайын NGN желісі негізгі болып табылады және мәліметтер тарату түйіндері арасындағы күшті транспортық өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. NGN желісін тұрғызуда бастапқы базалық сегментіне ОҚТЖ қолданыстағы желі бар болуы әсер етеді.

Жоғары айтылғандардан Тараз қаласының желісінде бұрын  тұрғызылған ОҚТЖ негізінде электронды коммутация "Softswitch" таратылған архитектуралы құрылғыларды қолдана отырып, келесі ұрпақ технологияларының принциптерін қолдануға үлкен мүмкіндік бар екенін көруге болады. Ол үшін басқару комплекстері мен шлюздар арасындағы виртуалды каналдар ұйымдастырылады. Ол АТС (43/45) ғимаратында орналасқан. Осылайша, сенімді және иілгіш қала желісін тұрғызуда сандық ағынды басқару үшін 1 "Softswitch"  қажет.

Тараз қаласында ұйымдастырылатын NGN желісі Қосымша Б-да көрсетілген.

Бірінші сатыда шлюздерге қолданыстағы сандық станциялар және  ADSL қосылу түйіндері қосылады. Осы әдіспен құрылған желілік  инфрақұрылым параллельді екі сұрақты шешеді. Олар: жоғарыжылдамдықты желіге қосылу және   Интернетке қосылу нүктелер санын көбейту сұрақтары. Осылайша, сатылық жолмен желінің «жатық» модернизациясы және барлық қолданыстағы станцияларды "Softswitch" құрылғысы негізінде   ортақ коммутация түйініне біріктіру мүмкін болады.

 

2.2 Жұмыстың техникалық сипаттамасы

Берілген жұмыста Тараз  қаласында NGN желісін дестелер коммутациясы технологиясымен ұйымдастырылуы қарастырылады. 

Келесі ұрпақ технологиясының NGN желісінің негізіне келесі компоненттер кіреді:

  • қосылу деңгейі;
  • дестелік транспорттық желілер деңгейі;
  • транспорттық шлюздер деңгейі;
  • бағдарламалық коммутаторлар деңгейі.

Қосылу деңгейі. Негізгі функциясы әр түрлі қолданушы топтарына қызметтердің максималды санына қосылуды қамтамасыз ету.Тараз қаласындығы АТС-терге қондырылатын қосылу деңгейінің негізгі компоненті ретінде мультисервистік абоненттік қосылу құрылғылары (IP AMG) қолданылады. Оларға дәстүрлі телефония қызметтері, кеңжолақты қосылу және ІР технологиясы бойынша 13800 аналогты порттарға қосылу, ADSL –дың 1576 порттары мен IP DSLAM құрылғыларының 19415 ADSL порттары біріктіріледі.

IP DSLAM құрылғысын  АТС-43/45 және АТС-2 ғимараттарында  орналастырамыз, және қосылу желісінің кеңейту үшін ADSL 2+ порттарды қосамыз. ADSL 2+ порттарының және IP DSLAM құрылғысының бөлінісі Қосыша В-да көрсетілген.

Дестелік траспорттық  желі деңгейі. Желінің осы деңгейінде дестелерді құру, басқару, дестелер коммутациясы және бірігулерді маршруттау жүзеге асырылады. Дестелік транспорттық желі деңгейінің негізгі компоненттері мультисервисті маршрутизаторлар және үлкен сыйымдылықты коммутаторлар болып табылады. Осы деңгей Тараз қаласында 2005ж. құрылды. (MetroEthernet желісі)

Осы жұмыста интернет желісіне кеңжолақты  қосылуды дамыту үшін  транспорттық ІР желісін тұрғызу  қарастырылады.

Транспортты шлюздер  деңгейі. Транспорттық шлюздер канал коммутациясымен дәстүрлі желілер мен дестелер коммутеция желілер арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуіне арналған. Жұыста ТМG –ді АҚТС ғимаратында орналастыру козделенеді. Осы құрылғының ОҚТЖ желілермен біріктіру үшін ОКС №7 сигнализациясын қолданылады. Қала желісіндегі ADSL қолданушылар санын кеңейту үшін қосымша 12 дана SSG  функционалдығы бар 7206VXR маршрутизаторларын қолданамыз. SSG-ді АТС 43/45 желісінің негізгі ядросының трафиктер агрегациялау түйініне орналастырамыз.

Бағдарламалық коммутаторлар  деңгейі. SoftSwitch  бағдарламалық коммутаторы транспорттық желіде трафик ағындарын орталықтанған интеллектуалды басқаруды жүзеге асырады. Ол IP AMG мен TMG арасында өтетін дауыстық шақыруларды келесі деңгей (қосымшалар деңгей) қызметтерін ұсына отырып логикалық басқаруды қамтамасыз етеді. Әр түрлі өндірушілердің құрылғылары желіге қосылу кезінде максималды иілгіштікті қамтамасыз ету үшін MGCP, H.248/Megaco, SIP, H.323 т.с.с. әр түрлі басқару протоколдары қолданылады. SoftSwitch–ке енгізілген иілгіштік бағдарламалық коммутатордың функционалдығын орталықтандыру немесе желі бойына таратуды қамтамасыз етеді, ол соның арқасында желінің жеткілікті сенімділігін тудырады.

 

2.3 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ЖЕЛІ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

 

2.3.1 Құрылғыны таңдау

Осы жұмысқа арналған құрылғыны таңдағанда келесі параметрлерді ескерген жөн:

  • құрылғылардың барлық түрлерінің өндіргіштігі мен масштабталуы;
  • сигнализация протоколдарының барлық түрлерін қолдау;
  • NGN архитектурасына сай болу керек.

NGN құрылғысын таңдау  үшін үш өндірушінің құрылғыларын  қарастырамыз: Nel Centrex. Veraz Networks и Huawei Technologies. Кесте 2.1 осы компанияларың NGN құрылғыларының  салыстырылуы келтірілген.

Кесте2.1 - Centrex, Veraz Networks, Huawei Technologies құрылғыларын салыстыру

Компания

Net Centrex (CCS)

Vera Networks (Control Switch, I-Gate)

Huawei Technologies (U-SYS)

Қолданылу

Франция мен Италияда қосылуы іске асырылған

АҚШ, Ресей,  Германияда қосылуы іске асырылған

Барлық жүйелер арасында әлемде ең көп қолданылады (Қытай, Англия, Ресей)

Номерлер өндіргіштігі

1 00000 дейін

1000000 аса

2000000 аса

NGN архетектурасына сәйкес келуі

Жоқ. CCS дауыстық графикті проксалу функциясын іске асырады

Иә

Иә

Протоколдарды қолдау

Конвертерлер көмегімен SIP. H.323. MGCP. ОКС№7 және PRI

SIP. H 323. MGCP. Н 248. ОКТ№7. DSS-1

S1P. Н323. MGCР. Н.248. ОКС№7. DSS-1


 

Кесте2.1 жалғасы

Абоненттік шлюздер

Шеттік өндірушілерден

Аяқталған мультисервистік  абоненттік шлюз

Аяқталған абон-неттік  шлюзі және мультисервистік қосылу жүйесі

Медиаресурстар сервері

CCS-те тұрғызылған

Шеттік өндірушілерден

Иә

Интеграцияланған IAD қосылу құрылғысы

Шеттік өндірушілерден

Шеттік өндірушілерден

4 тен 32 номерлерге  дейін өзінің қатары

Soft Phone программалық клиенті

Иә

Шеттік өндірушілерден

Иә


Кесте 2.1-ге талдау жасай отырып Huawei Technologies U-SYS компаниясының NGN құрылғылары барлық талаптарға сай келетінін көруге болады. U-SYS системасында, бізге қажетті, барлық қажетті сигнализация протоколдарын қолдануға болатын, жеткілікті өндіргіштікке ие барлық құрылғылар бар екенін көріп, Huawei Technologies U-SYS компаниясының жабдықтарын таңдаймыз.

2.3.2 Huawei Technologies U – SYS жүйесі құрылғысын сипаттау

NGN  желісі  қызметі  шақыруларды басқару функциясынан  жекеленген, ал шақыруларды басқару  функциясы ауыстыру функциясынан  жекеленген  ашық және таратылған  архитектурасыменен сипатталады. Интерфейстің және ашық хаттаманың көмегіменен оперативті және қолайлы көптеген қызметтерді ұсыну жүзеге асырылады, ал абоненттерге желі құрылымдарыменен және ауысу қызметтері терминалының типіне тәуелсіз, қызметті ықшамдауға мүмкіндік тудырады. Дестелі коммутациялы тіректі желісі телефон желісін, мәліметтерді тарату желісі және кабельді телебейне желілерінің интеграциясын жеделдетуге мүмкіндік береді. Желіні басқару деңгейінде басқару функциясын медиашлюздерден бөлуге ашық және тәуелсіз желілі басқару платформасы қолданылады. Тәуелсіз желіні басқару деңгейінде шақыруларды басқарудың негізгі функциялары бағдарламалы түрде, шақырудың маршрутталынуын, сигналды арақатынас және басқаруды қадағалауын жүзеге асырады, сонымен бірге қолданушыларға басқару хаттамаларын және ауысу қызметтерін өз қажеттіліктеріне байланысты жеңілдетуге мүмкіндік береді. NGN желісі PSTN, жалпы қолданыстағы жерлік жылжымалы желіменен PLMN, 3-ші ұрпақтың жылжымалы желісіменен 3G, интелектуалды желіменен IN, Internet желісіменен және медиашлюздің жалғағыш жолдарының және сигналдау шлюздерінің көмегіменен басқа желілерменен арақатынасқа түсе алады. Қарапайым қолданушылар NGN желісіне сөздік ақпаратты дестелі коммутация желісіменен тарата алатын терминалдық құрылғылар көмегіменен немесе мультимедиялық терминалдар арқылы қосыла алады. Ал желіге корпоративтік қолданушыларды қосу медиашлюз (MG) арқылы жүзеге асады, барлық өндірушілердің талаптарына лайық келетін интегралды қолжеткізу құрылғысының (IAD) көмегіменен жүзеге асырылады .

 

2.3.3 Иілгіш коммутатор

 

SoftX3000 дегеніміз үлкен  сиымдылықты, өнімділікті және  жоғарғы сипаттамалы иілгіш коммутатор, NGN желісінің басқару деңгейінде  сөздік байланыстар үшін қосылыстарды  және  шақыруларды басқару және IP-желісі арқылы мультимедиялық  қызметтерді және мәліметтерді тарату қызметтерін атқарады. SoftX3000 құрылғысы әртүрлі қызметтерді ұсыну мүмкіндігімен және үлкен желі аралық қатынастармен ерекшеленеді. Байланыстың дәстүрлік желісін NGN желісі арқылы арттыру және интеграциялау үшін SoftX3000 құрылғысын түрлі мақсаттарда қолдануға болады:

  • құрылғы толығыменен PSTN желісі қызметінің мүмкіндіктеріменен сәйкестендірілген және түрлі хаттамаларды қолдайды, айтатын болсақ медиашлюзді басқару хаттамасы (MGCP), Н.248 хаттамасы, байланыс сеансын инициализациялау хаттамасы (SIP) және Н.323 хаттамасы. Дәстүрлі телефондық терминалдар PSTN, MGCP қолдайтын дестелі терминалдар, Н.323, SIP немесе Н.323 терминалдары SoftX3000 құрылғысына қосылады. Сонымен қатар SoftX3000 құрылғысы мультимедия қызметінің ақырғы станциясы ретінде қолданылады;
  • SoftX3000 құрылғысы дәстүрлі PSTN желісінің сигналдауын, мысалы жалпы арналық сигналдау жүйесін ОКС7 (SS7), R2 сигналдау жүйесін, сандық абоненттік сигналдау жүйесін No.1 (DSS1) және V5 хаттаммасын қолдайды. SG, TMG, UMG және басқа шлюздер көмегіменен SoftX3000 құрылғылардың түрлі мүмкіндіктерінің әдістемелерін және түрлі транспорттық технологияларымен қамтиды. SoftX3000 құрылғысы сөздік байланыстың ақырғы станциясы, транзиттік станция және қалааралық станциясы ретінде жұмыс істейді;
  • SoftX3000 құрылғысы қара/ақ тізімді функцияны, шақырулардың аутентификациясын, шақыруларды қағып алу және басқа функциялар тізімін қолдайды. SoftX3000 құрылғысын шлюздік станция негізінде қолдануға болады;
  • SoftX3000 құрылғысы хабар таратудың төменгі жүйесін (МТР) қабылдайды және SoftX3000 құрылғысын сигналдаудың интеграцияланған шлюзі ретінде қолдануға болады;
  • SoftX3000 құрылғысы IN желісінде SSP және IP – SSP ретінде қолдануға мүмкіндік беретін INAP және INAP + интеллектуалды желілінің қолданбалы төменгі жүйесінің хаттамаларын қолдайды;
  • SoftX3000 құрылғысы Н.323 хаттамасын қолдайды және IP – желіде сөзді таратуда қызмет көрсетеді.

2.3.4 Әмбебап UMG8900 медиашлюзінің сипаттамасы

 

Әмбебап UMG8900 медиашлюзі арналарды коммутациялайтын дәстүрлік  желілерді модернизациялау кезінде 5 кластағы ақырғы станциялардың қосымшаларын қамтамасыз етіп қана қоймай, 4 класстық транзиттік станция функцияларын да қамтамасыз етеді. UMG8900 құрылғысы NGN желісіне өтуді қамтамасыздандыратын, қолданыстағы TDM интерфейстерін қолдай отырып PSTN желісін қадам бойынша модернизациялауды қамтамасыз етіледі. UMG8900 құрылымы Сурет 2.1-де көрсетілген:

 

 

Сурет 2.1- UMG8900 құрылымы

 

Сурет 2.1-де көрсетілгендей UMG8900 құрылғысы тондық сигналдардың ресурсын қамтамасыз етіледі және интелектуалды қызметтерді көрсету кезінде интелектуалды периферия функцияларын орындайды. SoftX3000  құрылғысыменен бірге немесе өзге UMG8900 өндірушілерінің сигналдық коммутаторларыменен PSTN желісінің барлық функцияларыменен, сонымен қатар шлюз функцияларын, SSP қызмет коммутациясы пунктінің, көпжақты конференция байланыстың функцияларыменен қамтамасыз етіледі:

Информация о работе Построение сети NGN