Стандарттау жүйесінің халық шаруашылықтағы маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 01:03, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында экономикалық, технкалық және ғылыми қатынастардың дамуына байланысты халық шаруашылығынығң барлық салаларын стандарттауға көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фималарда, түрлі кәсіп орындарда, өндіріс пен экономиканы басқаруда стандарттау мен сертификаттау өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына байланысты, стандарттау принциптерін қолданудың өрісі күннен күнге кеңеюде.

Содержание работы

Стандарттау жүйесінің халық шаруашылықтағы маңызы
Стандарт түрлері
Өнеркәсіп өнімдерін сертификаттау

Файлы: 1 файл

stand_ref_4.doc

— 87.50 Кб (Скачать файл)

                                                  ЖОСПАР

 

  1. Стандарттау  жүйесінің  халық шаруашылықтағы маңызы
  2. Стандарт  түрлері
  3. Өнеркәсіп өнімдерін сертификаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стандарттау жүйесінің халық шаруашылығындағы маңызы

 

    Қазіргі кезде ғылыми  техникалық  прогрестің  қарқынды  дамуына, халықтар  арасында  экономикалық, технкалық және  ғылыми қатынастардың дамуына байланысты халық шаруашылығынығң барлық салаларын стандарттауға көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фималарда, түрлі  кәсіп  орындарда, өндіріс пен экономиканы басқаруда стандарттау мен  сертификаттау  өте  қажет. Ғылым  мен  техниканың  алға басуына, өндірістің дамуына байланысты, стандарттау принциптерін қолданудың  өрісі  күннен  күнге  кеңеюде.

    Ғылыми  техникалық  прогрестің  қазіргі  замандағы   дамуы  ғылым мен техника  жетістіктерінің өнеркәсіппен, ауылшаруашылығымен, халық шаруашылығының басқада   салаларымен тығыз байланыстылығымен  сипатталады. Техниканың  өрлеуі  түрлі  құрал-жабдықтардың күрделенуімен, машиналар  мен  құралдардың бір-бірімен  байланысқан жүйелерін қолданумен, заттар мен материалдардың кеңейтілген номенклатуаларын пайдаланумен  байланысты. Өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындар арасында қарым- қатынастар дамуда, қажетті шикізаттар мен материалдарға  қойылатын  талаптар  өсуде. Техниканың әртүрлі  элементтерінінің  сенімділігі  ең  маңызды  мәселе  болып  табылады.

     1926 ж. Кеңес  одағында  алғашқы мемлекеттік  стандарттау  жүйесі  бидай өнімдері  мен  қара  металдардың стандарттарын  қабылдаудан басталады. Мемлекеттік стандартпен қатар, әрбір  кәсіпорында, минстрліктерде, бірлестіктерде, ғылыми-зерттеу институттарында, оқу орындарында  стандарттау бөлімщелері  жұмыс істейді. Халық  шаруашылығының кейбір салаларында стандарттау мен метрология  туралы арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері бар, өндірістің  тиімділігін, техникалық деңгейін және өндірілген өнімнің сапалығын  арттыру  жолында  жұмыс  істейтін  кәсіп  орындардың бәрінде  стандарттау  жүйесі  қолданылады.

     Халық   шаруашылығының  барлық  саласына  қажетті  стандарттарды  арнайы  ғалымдар  мен  мамандар  жасайды. Мемлекеттік  стандарт  жүйесінде  стандартау  мен  метрология  жөніндегі   зерттеулерді  ғылыми-зерттеу  және  конструкторлық мекемелер жүргізеді. Жаңа өнімдерді жобалау, технологиялық   процестерді  жетілдіру   және  өндірісті  басқару  үшін  өздерінің  күнделікті  жұмыстарында конструкторлар, жобалаушылары түрлі стандарттарды  пайдаланады. Сөйтіп, халық  шаруашылығында  жұмыс  істейтіндердің  бәрінің  өндірістегі қызметтері стандарттың талаптары мен ережелеріне сай  жүргізіледі.

       Стандарттар  мен техникалық шарттар (техникалық талаптар) экономиканың   нормативтік шаруашылығының  маңызды бөлігі. Дүние  жүзі  халықтары  арасында  экономикалық,  ғылыми-техникалық   ынтымақтастық   болуы, қарым – қатынастардың  тиімді дамуы, халықаралық сауда процестеріндегі техникалық  ұйымдастырыудың  негізі  болып  табылады.

     Біздің  еліміз  бен  шетел  арасында  ғылыми – техникалық, экономикалық  және  сауда   байланыстарын  жетілдіріп  тереңдету  үшін  стандарттаудың  маңызы  зор. Стандарттау туралы  жұмыстардың  барлығы  Стандарттаудың  Мемлекеттік  Жүйесінің  (СМЖ) ережелеріне  сәйкес  жүргізіледі. Бұл  жүйе  халық  шаруашылығының  барлық  саласындағы  стандарттау  жүмыстарын  реттеп, белгілі  тәртіппен  жүргізіп  отырады. СМЖ – ның  ережелері  мен  қағидалары  мынадай  мәселелерді  қамтиды.

  1. стандарттаудың  мақсаты  мен  міндеттері;
  2. стандарттауды   жүргізудің  әдістемелері;
  3. стандарттау  жұмыстарын  жоспарлаудың  тәртібі;
  4. мемлекеттік, салалық, кәсіптік стандарттарды және  стандарттаудың нормативтік–техникалық құжаттарын  жасаудың, ендіріудің, оларға  өзгерістер  кіргізудің  тәртібі;
  5. стандарттау  объектісі, стандарттаудың  категориясы  мен  түрлері;
  6. стандарттарды жасаудың, мазмұнын жазып дайындаудың  біріңғай  ережесі;
  7. стандарттарды  ендіру  мен  бұзбай  орындауды  мемлекеттік  қадағалау  мен  ведомоствалық  тексерудің  тәртібі, т.б.

Жаңа техниканы және еңбек пен материалдық қор экономикасын  игеруді тездетуде, өндірістің  тиімділігін  және  оның  нәтижесін  өсіруде өте маңызды рөл атқаратын Өндірісті  технологиялық дайындаудың біріңғай жүйесі (ӨТДБЖ) жөніндегі стандарттар болып табылады. Бұл стандарттар арқылы өнеркәсіптің әртүрлі салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, технологиялық құжаттарды  жасаудың  біріңғай  тәртібі енгізілді. ӨТДБЖ – ны  енгізу  нәтижесінде өндірісті дайындау  мен ұйымдастыру әдістерін түбегейлі өзгеруге  болады, өнеркәсіптен  шыққан  жаңа  заттар  мен  материалдарды  игерудің  мерзімі  1,5- 2  есе  қысқарады.

  Өнеркәсіп  салаларын   стандарттаудың  тағы  бір   түрі  Конструкторлық  құжаттардың   біріңғай  жүйесі (КҚБЖ) болып   табылады. Стандарттаудың  бұл  жүйесінде  өнеркәсіп  салаларына   қажетті  құжжаттар   бірыңғай  жасалынып  беріледі, сөйтіп  конструкторлық  бюорлардың  еңбек  шығыны  азаяды. Осындай  стандарттарға  байланысты  математикалық   модельдер (үлгілер), алгоритмдер  және   мәліметтер  банкі   құрылады. КҚБЖ –ны  ендірген  конструкторлық  бюролар  дисплейлермен  және  басқа  да   диалогтық  әрекет  құралдарымен  жабдықталады.

    Жоспарлау   және  басқару  процесіне  электрондық  есептеу   техникасын  енгізуде  техникалық – экономикалық  ақпараттардың   барлық  түрлерін  жіктеп  кодпен  жазудың   біріңғай  жүйесінің   маңызы   зор.

   Стандарттау   жүйесіне   тағы  бңр  мысал   ретінде  коррозияға  қарсы   күресу  проблемаларына  байланысты  стандарттарды  дайындау болып  табылады. Бұл стандарттар халық   шаруашылығының  барлық  саласында  қолданылатын  бұйымдар  мен  материалдарды   коррозиядан   қорғауға  арналған.

  Техникалық  прогрестің  өрлеуі   және  өнім  сапасының   артуы  үшін  стандарттардың  ғылыми – техниқалық  деңгейінің  жоғары  болуы қажет. Қазіргі  заманға сай өндірілетін өнімдердің  біртектес түрлеріне қойылатын техникалық талаптарды анықтайтын  стандарттарды жасауға шұғыл көшу қажет болады.

 

     Стандарттау   жүйесінің  негізгі  ұғымдары  мен  терминдері.

Стандарттаудың, ғылым  мен техниканың  түрлі  салалары  сияқты, ғылыми негізделген терминдері бар. Терминдердегі ретсіздік  мамандардың өзара түсінсуін, әдістемелік құралдарды жасауды  қиындатады, және халық шаруашылығын басқаруға электрондық-есептеу техникасын енгізуге  кедергі  жасайды.

   Стандарттау – дейтін термин ұзақ эволюциялық жолдан өткен. Стандарттау туралы  біздің  түсінігіміз ғылым мен техниканың, өндірістің  даму   сатыларымен  байланысты, Ұлттық  және халықаралық деңгейлердегі экономикалық байланыстардың  кеңеюуімен стандарттау   жүйесі  де  дамыды, соған  байланысты  терминдер  анықталынды. Стандарттаудың  халықаралық  ұйымы  (ИСО) 1952  жылы  Стандартаудың  ғылыми  принциптерін  зерттеу  комитетін  (СТАКО) құрды.     

    Сөйтіп, стандарттау,  стандарт, мамандандыру, үйлестіру (унификация), симпликаттау сияқты маңызды терминдердің  анықтамасы берілді. СТАКО ұсынған анықтамалар ИСО  кеңесінде қабылданып, Мемлекеттік стандарттау жүйесі белгілеген  анықтамалардың  негізін  құрды.

     ИСО құжаттарында  стандарттау  терминіне  мынадай анықтама беріледі: стандарттау – ғылым, техника және экономика салаларында көп рет қайталанылатын және осы салалардың  мақсаттарын тиімді дәрежеде ретке келтіретін  мәселелерді шешу  жолындағы әрекет.

     Стандарттауды  оның атқаратын жұмыстарының көлеміне  байланысты  ұлттық  және  халықаралық  деп  беріледі.

    • Ұлттық  стандарттау – бір  мемлекет   ішіндегі  стандарттау  жұмыстары.
    • Халықаралық стандарттау – бірнеше дербес мемлекеттердің  қатысындағы стандарттау жұмыстары.

Халықаралық стандарттаудың нәтижесінде халықаралық  стандарттар жасалынады, оларды сол дербес мемлекеттер  тікелей немесе өздерінің ұлттық стандарттарын жасауда  пайдаланады.

      Стандарт. Бұл терминді дұрыс анықтаудың мәні үлкен. Стандарттаудың  халықаралық  ұйымы (ИСО) мынадай  анықтама  береді: Стандарт: мүдделі  жақтардың бір –бірімен  бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған  түрде жасаған, ғылым  мен  техниқаның және практикалық тәжірибелердің нәтижелеріне негізделген, қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органдарымен қабылданған  техникалық  құжаттар.

     Бұрынғы кеңес одағында  стандарттаудың ерекшеліктеріне   байланысты мынадай анықтама  берілген: Стандарт--өнімге  қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік—техникалық  құжат; осы құжатты жасау, өндіру, пайдалану, сондай-ақ стандарттаудың  басқа  да  объектілеріне  қойылатын  талаптар  туралы ережелер.

  Нормативтік–техникалық құжаттардың  ішінде техникалық талаптар (шарттар)  ерекше  орын  алады, себебі  олар  өнімді  керекті  жерге   жеткізудің  негізгі  құжаттары болып  табылады.

  • Техникалық талаптар - өнімнің белгілі  бір  түріне  қойылатын талаптар туралы нормативтік—техникалық құжат. Бұл  анықтамадан  тұтынушыларға берілетін  өнімнің  сапасын  бақылап тексеруге қойылатын талаптар  туралы  құжаттардың  жинағы  өте қажет екендігін көреміз.
  • Үйлестіру (унификация) — стандарттаудың әдістерінің  бір  түрі; ол әдісте функционалдық міндеттері бірдей  элементтердің (типтер, түрлер, размерлер) жалпы саны  орынды  қысқартылады.
  • Типтеу—стандарттаудың тағы  бір  әдісі; бұл  әдісте  типтік  конструкциялық, технологиялық, ұйымдастырушылық және  басқа  да  типтік  шешімдер  жасалынып  қабылданады (кейбір  елдерде  бұл  терминнің  орнына – симплификация – термині қолданылады.)

Стандарттаудың  күрделі  және  әр  алуан  ұғымдарының  бірі—сапа. Сапа өнімнің (заттың, бұйымның) тұтыну құнының объективті  өлшемі.

  • Өнім  сапасы - өнімнің тиісті қажеттіліктерге жарамдылығын  көрсететін  қасиеттерінің жиынтығы.
  • Техникалық деңгей - өнім сапасының салыстырмалы  сипаттамасы; техникалық деңгей өнімнің техникалық  жетілдіруінің көрсеткіштерін базалық көрсеткіштермен  салыстырып  қарастыруға  негізделген.

Сапаның  ең  маңызды  көрсеткіштері  ретінде  өнімнің  беріктігін, ұзақ  уақытқа  шыдамдылығын  айтуға  болады.

   Өнімнің  беріктігі (немесе  сенімділігі) деп  өнімді  пайдаланудың, техникалық  күту  мен  жөндеудің  ақырғы  мерзіміне  дейін  оның (өнімнің ) қолданысқа  жарамды  қасиеттерін  сақтауын  айтады.

Стандарт  түрлері

Мемлекеттік стандарттау  жүйесі стандарттардың мынадай түрлерін  белгілеген:

       Жалпы  техникалық  шарттардың  стандарты;

       Жалпы  техникалық  талаптардың  стандарты;

       Параметрлердің  және  размерлердің  стандарты;

       Типтер, негізгі   параметрлер  және  размерлердің  стандарты;

       Конструкциялардың   және  размерлердің  стандарты;

       Маркалардың  (таңба) стандарты;

       Сортаменттер  стандарты;

       Техникалық  талаптардың  стандарты;

       Қабылдау  тәртібінің  стандарты;

       Тексеру  (сынау, талдау, өлшем ) әдістерінің  стандарты;

       Маркалау (таңбалау), буып-түю, тасымалдау және сақтау  тәртібінің  с-ы;

       Пайдалану   және  жөндеу  тәртібәінің   стандарты;

       Типтік  технологиялық  процес  стандарты   және  т.б..

      Жалпы  техникалық шарттардың стандарттары: белгілі бір  топтағы біртектес өнімдер үшін оларды пайдалану және қабылдау  тәртіптерін, тексеру  әдістерін, маркалау, тасымалдау  және  сақтау  тәртіптерін  белгілейді  және  талаптарды  жан-жақты  қамтитын  стандарт.

      Жалпы   тех-қ  талаптардың  стандартында: біртектес өнімдер  үшін  олардың  сапалылығын  қамтамасыз  ететін  жалпы талаптар  беріледі. Өнімнің түрі мен қолданылуына байланысты олардың  физика-механикалық, физика-химиялық, эстетикалық  қасиеттеріне  қойылатын  талаптар  белгіленеді.

       Маркалар  стандарты: материалдың маркалық  номенклатурасын, химиялық құрамын,  тұтыныстық қасиетін, тексеру әдістерін   белгілейді.

       Сортаменттер  стандарты: өнімнің   геометриялық  формасы  мен  размерін  белгілейді.

        Қабылдау тәртібінің  стандарты: өнімнің  белгілі  бір  түрі  мен  тобын  олардың  сапасы  мен  санына байланысты қабылдау  тәртібін  белгілейді.

        Тексеріс (сынақ) стандарты: сынаққа  қажетті сынамаларды  даярлаудың  реті, өнімнің  тұтыныстық  сипаттамаларын  тексеру  әдістері  белгіленеді. Бұл  стандартта  тексерудің  әр түрлі  берілген өнімнің  сапасын  күнделікті  тексеру, өнімді  жеткізіп  беруші  кәсіпорындардың  жаңа  өнімді  өндіруді  игеру  барысында  жүргізетін  типтік  тексеру;өнімнің  қойылған  талаптарға  сай  екендігін  мезгіл-мезгіл  тексеру.

        Типтік технологиялық процесс  стандартында: өнімнің белгілі   бір түрін өндіруде прогрессивтік  технологияны қолданып өнім  сапасының   бірыңғай  деңгейін  қамтамасыз  етудің   жолдары   мен  техникалық  құралдары белгіленген.

Информация о работе Стандарттау жүйесінің халық шаруашылықтағы маңызы