Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 18:40, реферат
§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту
88. Осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес жартылай автоматты бұғаттау кезінде:
1) поездың аралықты иеленуіне рұқсат болып шығу немесе – өтпелік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші болып табылады;
2) дара жолды учаскелерде шығу бағдаршамын ашу үшін алдын ала оған поезд жөнелтілетін көрші станция бойынша кезекшіден бұғат-аппарат бойынша келісудің бұғаттау сигналын алу немесе бұғат-жүйені қозғалыстың тиісті бағытына ауыстыру қажет.
89. Поезды қабылдау алдында станция бойынша кезекші алдын ала қабылдау маршрутын дайындайды және кіру семафорын ашады немесе атқарушы постыға оны ашу туралы өкім береді.