Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың тәрбиелік мәнін ашу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2014 в 12:40, реферат

Описание работы

Мақал - мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы, болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Ерлікке, отаншылдыққа, елін, жерін сүюге үндейді.
Уақыт озған сайын мақал-мәтелдерге өзгерістер де енгізіледі. Өмірге керексіздері бірте-бірте қолданылудан шығып, жаңадан толықтырулар туындап жатады.

Файлы: 1 файл

Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың тәрбиелік мәнін ашу жолдары.doc

— 90.50 Кб (Скачать файл)

Болашақ мұғалімдерді мектептегі педагогикалық процесті жүзеге асыруға кәсіби даярлау жүйесі педагогика ғылымының осы саладағы жетістіктеріне негізделеді. Демек, мұғалімнің кәсіби даярлығының мазмұнын анықтауда педагогикалық ғылымда жинақталған теориялық мәліметтерді мектеп практикасындағы нақты жағдай мен салыстыру қажеттігі туындайды. Мұндай салыстырулар болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдірудің жетекші бағыттарын анықтауға негіз болады.

Зерттеуіміз болашақ мұғалімді экологиялық іс - әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге дарялау мәселесіне арналатындықтан, педагогтың мұндай әзірлігі «жеке тұлғаның адамгершілігі», «экологиялық іс - әрекет», «болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы» ұғымдарымен тығыз тәуелділікте болады. Мектептегі біртұтас педагогикалық процесте оқушылардың адамгершілік – экологиялық тәрбиесін жүзеге асыру үшін мұғалім осы ұғымдардың мәнін, құрылымын және мазмұнын, өзара байланыстарын меңгеруі керек. Осыған орай, ең алдымен, адамгершілік тәрбиесінің әлеуметтік және педагогикалық мәнін ашып, экологиялық іс - әрекеттің ерекшеліктерін қарастыру қажет, экологиялық іс - әрекеттің оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі өзіндік орнын талдап, психологиялық – педагогикалық ғылыми әдебиеттерде болашақ мұғалімнің жалпы кәсіби даярлығы және адамгершілік – экологиялық тәрбиесіне арнайы даярлығы проблемасының зерттелу дәрежесін анықтау қажет.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық қызметке жоғары оқу орнындағы даярлығы – күрделі жүйе, біз бұл жүйенің құрам бөліктері ретінде студенттердің қоғамдық пәндер, психологиялық – педагогикалық пәндер, арнаулы пәндер бойынша білім, іскерлік, дағдыларын және мектептегі педагогикалық практикадан жинақтаған алғашқы жеке тәжірибесін қарастырамыз. Осы құрам бөліктердің бірлігі болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке әзірлігін, оның ішінде экологиялық іс-әрекет процесінде оқушының адамгершілігін қалыптастыруға әзірлігін қамтамасыз етеді.

Болашақ мұғалімдердің экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге даярлығы жүйесінің әдіснаманлық негізін жоғары оқу орнында оқытылатын қоғамдық пәндер құрайды. Бүгінгі қоғамымыздағы өзгерістер жоғары оқу орынындағы білім мазмұнына, әсіресе қоғамдық пәндерге жаңа талаптар қояды. Қазіргі кезде педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орнында қоғамдық пәндерден «Философия», «Қазақстан тарихы», «Экономикалық теория негіздері», «Саясаттану», «Әлеуметтану» курстары, сонымен қтар студенттердің арнайы экологиялық білімін қалыптастыратын пән – «Қоршаған ортаны қорғау» курсы оқытылады.

Философияның оқытылуы студенттердің адамгершілік санасын, жалпы және дүниетанымдық мәдениетін және ойлау стилін қалыптастыруға жол ашады. Бұл сапаларды дамытуда «Философиядағы сана мәселесі», «Философиядағы адам мәселесі», «Мәдениеттің қалыптасу мәселелері» тақырыптарының мағызы зор. «Қоғам және табиғат», «Қазіргі ауқымды мәселелер» тақырыптары табиғаттың біртұтастығы жөніндегі экологиялық идеяны ұсынуға бағытталған, табиғат құбылыстарының диалектикалық өзара байланысы мен тәуелділігін түсінуге, табиғат пен қоғам дамуының бірлігі туралы және табиғат заңдары мен өндірістік мүмкіндіктері үйлестіру жөнінде ғылыми түсінікті қалыптастыруға жол ашады. Сонымен бірге бұл тақырыптар бойынша, философиялық білімдерді меңгеру барысында студенттер адам мен оны қоршаған табиғи орта арасындағы қатынастарға әлеуметтік факторлардың – білім мен тәрбие, саясат, құқық, экономика, мораль, дін әсер ететінін ұғынады, мұндай білім қоршаған табиғи ортаның жағдайы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Болашақ мұғалімдердің даярлығында Қазақстан тарихи курсы үлкен орын алады. Тарихилық принципіне сәйкес бұл пән қазақ халқының тұрмыс – тіршілігін оқып, білу арқылы оның табиғатқа қатынасының дамуын және қазақ қауымында адамгершіліктің, моральдің шығу тегін, қалыптасуын, әртүрлі қалыптасқан тәрбиелік, тұрмыстық, мәдени - әлеуметтік дәстүрлерін оқып, білу арқылы қазақ халқының шаруашылық қызметін (мал шаруашылығы, ішінара егіншілік пен аңшылық, балықшылық) таңдауы табиғи жағдайларға тікелей тәуелді екенін түсінеді.

«Экономикалық теория негіздері» курсынын да болашақ мұғалім даярлығы жүйесінде өзіндік орны бар. «Экология» және «экономика» терминдері түбірінің бір болуы – «oikos» грек тілінде – үй, шаруашылық дегенді білдіреді – адам мен табиғат арасындағы өзара әсерлесу мәселелерінің экономикалық теория үшін маңыздылығын көрсетеді. Экономикалық теория негіздері курсының мазмұнын қарастырғанда, студенттердің көңілін мына мәселелерге аудару керек: экономикалық проблемаларды шешуде экологиялық жағдайды ескеру, табиғи ресурстарды пайаланудың тиімді жолдарын анықтау, табиғи ресурстарды қорғаудың экономикалық тиімділігі, қоршаған орта ластануының әлеуметтік – экономикалық зардаптары, табиғи ресурстарды пайдаланудың әлеуметтік еспектісі. Сонымен бірге экономикалық теория негіздерін оқу арқылы студенттер кез – келген қоғамдық – экономикалық құрылыста «табиғат - қоғам» жүйесінде қарама – қайшылықтар жойылмайтынын, оларды елемеудің келеңсіз экономикалық, экологиялық, әлеуметтік салдары болатынын түсінуі керек.

Табиғат байлықтарын пайдалануда тиімді экономикалық саясаттын болмауы, басқаша айтқанда материалдық өндіріс саласында әр мемлекеттің өзіндік, көбіне қате түсінілетін мүдделерін көздеуі әлемдік көшкен экологиялық дағдарысқа әкеп соқтырды. Сондықтан студенттердің көңілін аударатын маңызды мәселе – табиғат байлықтарының сарқылмастығы туралы концепцияның қисынсыздығын түсіндіріп, табиғи ресурстар қорының қалыпқа келу мүмкіндіктері шектеулі екендігі туралы тұжырымды ұғындыру қажет. Экологиялық проблеманың экономикалық жағын талдай келе, студенттерді «өзінің техникалық және өндірістік қуатын арттыра отырып, адам үнемі «қарапайым» арифметикалық есепті шешуі тиіс: табиғаттан қанша алып, қанша қайтару керек, яғни қандай да болмасын экономикалық өзгеріс әкелетін жоба міндетті түрде сандық – сапалық талдаулардан, есептеулерден өтуі тиіс» деген философиялық тұжырымға жеткізу керек.

«Саясаттану» («Құқық негіздері») курсында адамның табиғаттағы қылығы мен іс - әрекетін құқықтық тұрғыда реттеу мәселесінің қарастырылуы – студенттердің кәсіби – экологиялық дайындығының маңызды бөлігі. Бұл мақсатта пәннің оқытылуы барысында табиғи ресрустарды қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі заң актілері сарапталады. Біздің елімізде қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының сәйкес баптарына көңіл бөлініп, Ата Заң тұжырымдаының «Қоршаған отаны қорғау туралы» заңында толығынан ашып көрсетілетіні сөз етіледі.

Бүгінгі қоғамдағы дағдарыс, соның ішінде «табиғат – адам – қоғам» жүйесіндегі қатынастардың күрт шиеленісуі әлеуметік саланың дамуындағы кшеуілдеуді, әлеуметтік саясаттағы кемшіліктерді және әлеуметтік сауатсыздықтың орын алуын көрсетеді. Мұның өзі адамзат тіршілігінің барлық салаларында, әсіресе мамандар даярлау ісінде әлеуметтік мақсаттардың бірінші кезекке қойылуын талап етеді.

 

Әдебиеттер

  1. Экологиялық білім бағдарламасы – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясының Респ. Баспа каб., 1999-65 б.
  2. Марьенко И.С. Нравственное становление личности школьника. – М.: Педагогика, 1985 – 104 с.
  3. Шукурова Н.Е. Система воспитания нравственных отношений современного школьника: Автореф. дис. ... доктора пед.наук. – М., 1988-38 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қызылорда гуманитарлық университеті

 

 

«Тарих және жаратылыстану пәндері» кафедрасы

 

 

 

 

Тақырыбы:   Халықтық педагогиканың  тағылымдары

                арқылы  ұлттық  тәлім-тәрбие

                     қалыптастырудың ғылыми негіздері

 

 

 

Баяндамашы: п.ғ.к., аға оқытушы Биманова Г.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда – 200__ж

Халықтық педагогиканың  тағылымдары арқылы ұлттық тәлім-тәрбие қалыптастырудың ғылыми негіздері

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени даму тұжырымдамасында «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз, ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық, моральдық байлықтарына қайтып оралу, мәдениеттің барлық салаларын, ұлттық мәдениеттердің қазыналары мен дербестігін мойындау», - деп атап көрсетілген.

Еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасындағы бұл бағыттың халықтық педагогикаға негізделуі кездейсоқтық емес. Себебі, қазіргі тәрбие жұмыстарында жалпы халық болып шешілетін мәселелер баршылық. Халықтық педагогиканың тағылымдары арқылы ұлттық тәрбие қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтауда  қазақтың белгілі тарихшы, этнограф, философ және этнопсихолог, этнопедагог ғалымдары өз еңбектерінде жан-жақты мазмұндық талдау жасады. Атап айтқанда тарихшылар: Л.Н.Гумилев, В.Радлов, А.Диваев, М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев т.б; этнографтар: Х.Арғынбаев, С.Қасиманов т.б; этномәдениеттанушылар: М.Тәжин, М.Тәтімов т.б., этнофилософтар: К.Бейсембиев, Н.Сәрсенбаев, Ә.Нысанбаев т.б.; фольклористер мен әдебиетшілер: М.Әуезов, Ғ.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, т.б.; этнопсихологтар: Ж.Аймауытов, М.Дулатов, т.б.; этнопедагогтар: Т.Тәжібаев, С.Қалиев, К.Қожахметова т.б. Сондай-ақ аталған ғалымдар халық педагогикасының этнологиялық бағыттарын белгілеп, мән-мазмұнына тоқталды.

Қазақ халқының педагогикасын тереңірек талдап, топтастырып, оқу үрдісіне ендіру үшін аталған ғалымдардың еңбектеріне  сүйендік. Қазақ халық педагогикасының қалыптасып дамып отыруына бірнеше факторлардың әсер еткені айқындалды:

  1. Әлеуметтік – экономикалық: мал, егін шаруашылығы, қолөнер т.б;
  2. Табиғат: дала, табиғат құпиялары, жан-жануарлар, аң-құстар т.б.;
  3. Халықтың рухани өмірі: наным-сенімі, ән-күй, шешендік өнері т.б.:

Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің мазмұндық ерекшеліктері:                    1) мағыналылығы (символы, халықтың дүниетанымы, ойы, арман-мүддесі), 2) ұрпақтан-ұрпаққа ауысуы, 3) жалғасып, жаңарып отыруы, 4) заман талабына, жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, қажеттілері толықтырылып, дамып, жаңа мағынаға ие болуы, 5) басқа халықтардың тәлім-тәрбие үлгілерімен байланыстылығы, ұқсастығы мен өзгешеліктері, 6) территорияға байланысты өзгеруі, 7) өз ұлтына ғана тән белгілерінің болуына байланысты қалыптасатындығын дәлелдейді. Қазақ халқына тән этнологиялық бағыттарын негіздеу үшін этнограф, тарихшы, философ ғалымдардың еңбектеріне тоқталған жөн. Ғалым В.Радлов қазақ халқының кәсіптік, тұрмыстық әдет-ғұрыптың ерекшеліктерін ескере келе, оның басқа түркі тектес халықтар тіршілігінен өзгеше сипаттарын ашып берді. Академик В.Радлов қазақ халқының дәстүрі мен сенімдерінің мал шаруашылығымен тікелей сабақтастығын, оның мазмұнының ерекшелігі климаттық табиғат жағдайына байланыстылығын, соның негізінде мал бағудың дәстүрлі дағдысы қалыптасқандығын атап өтеді. Дәстүр мен сенімдер мал бағуға байланысты ұрпақтан-ұрпаққа беріліп сақталып келген.

Этнограф – ғалым Әбубәкір Диваев қазақтың тұрмыс халінен, әдет – салтынан, тарихы мен күнкөріс кәсібінен мағлұматтар беруде үлкен еңбек сіңірген қайраткер. Ол бір сөзге түсінік бергенде, оның төркінін халықтың тұрмысынан іздеу қажет деген пікір ұсынады. Ол «айналайын», «садағаң кетейін» деген сөздердің шығуын әдетке байланысты қарастырады, ауру адамның басынан айналдырып әкелетін малды не затты садақа етіп берудің болғанын атап өтеді. Ер кісіге тән әйелдер есіміне де талдау жасап, Ұлтуған, Ұлболсын, Ұлмекен т.б. аттардың қойылу себебін ашады. Ғалымның еңбектерінде қазақ халқының кейбір ырымдарының түрі көрініс тапқан.

Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттың арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. «Әр халықтың мәдениеті өзіне тән  ерекшелігімен дараланып, көзге шалынады. Алайда басқа халықтың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдениет тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық жеке рухани байланысы, қарым-қатынасы арқылы олар бір-бірін мәдени байлығы жағынан толықтырады», - дейді С.Н.Артановский. яғни, белгілі бір ұлтта бар тәлім-тәрбие үлгілері екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен және өзіндік ерекшеліктерімен көрініс береді.

М.Жұмабаев «Халықтың тәлім - тәрбиесі, дәстүрі, әдет-ғұрып, тұрмыс салтынан жүйелі түрде білім берілмейтін болса, онда ол ұлттық мектеп болмайтыны хақ» - деп жазған.

Ә.Марғұлан мыс, темір дәуіріндегі құйма өнерінің түрлерін терең археологиялық зерттеулерден өткізіп, «Ғұн дәуіріндегі тасқа салынған суреттер көшпенділердің графикасы», - деген пікір айтқан.

Педагог – ғалым Қ.Жарықбаев әдет–ғұрыпты салт-дәстүрдің синонимі деп қарастырады.

Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесі мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін тәнті еткені тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы   саяхатшылар мен  зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің  моральдық-этикалық ерекшеліктері туралы, олардың  тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, ауылдағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұлттық таным, наным, сенім, ұғым, әдет-ғұрпы, ұстамды да қайырымды мінезі мен құлқы туралы жүзден астам рулардан бірігіп қалыптасқанына қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы туралы, осынау кең ұлы далада көшпенді өмір сүргеніне қарамастан біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті мен музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таңқаларлық үлгілері туралы   айтып, баяндайды. Мұның барлығы қазақ халқының қазіргі моральдық–психологиялық, мәдени-әлеуметтік ахуалының түп тамыры екендігін тарих, философия, филология, психология, педагогика, этнопсихология ғылымының зиялы ғалымдары дәлелдеді. Халық педагогикасы – табиғи педагогика. Түптеп келгенде, осы айтылғанның бәрі халық педагогикасының  тәлім-тәрбие қағидаларын былайша  жүйелеуге  мүмкіндік берді:

  • халық педагогикасы – ақиқатты шындық – аксиома;
  • халық педагогикасы – халық тәрбиесі;
  • халық педагогикасы халықтың тарихи өмірін, ұлттық санасын қорғайды;
  • халықтың тарихи жадынсыз дәстүр жоқ, дәстүрсіз мәдениет жоқ, руханиятсыз жеке тұлға жасалмайды, жеке тұлғасыз халық қалыптаспайды (Г.Н.Волков);
  • халық педагогикасы заман талабына сай  ізгілікті тұлға тәрбиелеуді көздейді;
  • халық педагогикасының тәлім-тәрбие беру әдістері жаңаланып отырады;

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық психология: табиғат факторы, нәсілдік фактор, адамның психикалық қасиеттерін бір арнаға тоғыстырады. Қазақ халқының адами қасиеттері: имандылық, мәрттік, қонақжайлық, батылдық, төзімділік қасиеттері тарих парақтарымен дәлелденді.

Халықтық педагогиканың этнологиялық бағыттары: әдеби фольклор, музыкалық  фольклор, таным ұғымдары, салттар, дәстүрлер, ата кәсіп, мал шаруашылығы салаларына бөлінеді. Зерттеу барысында ғалым Ә.Садуақасовтың этнологиялық бағыттарды жіктеген кестесі басшылыққа алынды.

Информация о работе Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың тәрбиелік мәнін ашу жолдары