Мектеп жасына дейінгі балаларда сан туралы түсініктерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 19:15, реферат

Описание работы

Сан мен санау туралы түсініктер санға дейінгі сандық қатынасты қалыптастырудан басталады: заттардың көлемі бойынша теңдік — теңсіздік, заттардың топтық саны бойынша теңдік — теңсіздік. Бала «артық», «кем», «тең» деген математикалық қатынастарды түсіне бастайды. Осыдан кейін ғана оларды санауға үйретуді және 10-ға дейінгі сандар туралы, сандардың бірізділігінің ара қатынасы туралы, санның жеке бірліктен және кіші екі саннан тұратын сандық құрамы туралы түсінік бере бастайды.
Балалардың «Қандай?» (заттың сапасы мен белгісі), «Қанша?» (заттардың саны), «Нешінші?» (басқа заттардың арасындағы орны) сұрақтарын саралап түсінуді үйрету маңызды.

Содержание работы

I Кіріспе:
а) Сан және санау түсініктері.
II Негізгі бөлім:
б) Бүтін мен бөлік арасындағы қатынасты түсіндіруді.
с) Заттарды қолмен ұстап санауға жаттықтыру.
III Қортынды:
Пайдаланған әдебиеттер: