Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2015 в 12:43, контрольная работа
Описание работы
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
1. Саяси партиялардың пайда
болуы, мәні, белгілері
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық
жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда
Еуропада болған буржуазиялық революциялар
дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың
соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған,
басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр
түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен
нағыз саяси партиясына айналды.
«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан.
бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі
Грекияда пайда болған. Бірақ олардың
мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған.
Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай
маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада
XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда
бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау
құқығының енгізілуі бұқара халықтың
саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады.
Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз
мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла
бастады. Партия бірден көпшілік партияға
айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы
Макс Вебер саяси партиялардың дамуында
мынандай кезеңдерді көрсетті:
1. Аристократиялық үйірмелер.
2. Саяси клубтар.
3. Көпшілік партиялар.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның
айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен
сипатталады:
1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
2. Партия — адамдарды жергілікті ұйымнан
бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ
біріктіретін ұйым.
3. Партияның мақсаты — билікті колға алып.
жүзеге асыру:
4. Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен.
Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз
еткісі келеді.
адамдардың ерікті одағын айталы.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері
Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің
көтеген өлшем және белгілері бар.
Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар
мен белсен ділер санына қарай екіге бөлген:
Кадрлық:
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын
мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан
жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық
билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын
мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық
одағы, Жапония либералдық-демократиялық
партиясы, Француз коммунистік партиясы.
Бұқаралық
Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері
де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік
жар¬на төлемейді. Сайлаушылар партиясы
— бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің
сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру:
қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда
тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ
Парламенттік партия — екі қызмет атқарады:
парламентке бақылау жасайды, сайлауға
дайындалады.
Авангардтық партия — орталықтанған өзінің
барлық мүшелерінен партиянын жұмысына
белсенді катынасуын талап етеді.
Қауымдастық партиясы — ортак көзкарас,
ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді
талқылау үшін бірік-тіріледі.
Коммунистік партиялар — К.Маркстің ілімін
басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке
түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар — бұл
партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне
сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі
құндылықтары: әділеттілік, бостандық,
теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық-демократиялық — билік үшін
ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға
бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында
бәрінің, де тең болғанын қалайды.
Консервативтік партиялар — ірі буржуазияның
мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы
келеді.
Фашистік партиялар — адам құқықтары
мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты
уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік
мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.
Билеуші партиялар — билік қолға жеткен
соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен
сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни,
басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар — олар басқарушы
партияның саясатын сын көзбен бағалайды.
Қарсыластық қасиет тән.
Ресми партия — жұмысын ашық жүргізеді.
Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң
жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден
өтеді.
Жартылай ресми партия — формалды түрде
рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар — заң бойынша тыйым салынған,
жұмысын жасырын жүргізеді
Бірпартиялық — өзінен баска партияның
болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық
және авторитарлық коғамға тән. Мысалы:
бұрынғы
4. Қазақстандағы көппартиялылық
Қазақстанда ең алғаш Ә.Бөкейхановтың
бастауымен 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында
өкілдер съезі шақырылып, кадет партиясының
бөлімі (филиалы) кұрылды. Ол ешқандай
мәселені шешпеді. Қазақтардың, өзін-өзі
билеуі немесе автономиясы туралы сөз
де болған жоқ.
1917 жылы 21 қазанда Казак газетінде Алаш
партиясының бағдарламасын басып шығарды.
Онда: Ресей демократиялық федеративтік
республика, ал оған кіретін мемлекеттер
тәуелсіз болуы керек: мұндағы мемлекеттер
дініне, шыккан тегіне, жынысына қарамай
бәрі де тең, ақысыз білім алуы, басқарушылар
жергілікті халыктын тілін білуі керек,
т.с.с. жазылған.
1917 жылы желтоқсанда Орынборда жалпы қазақтың
екінші съезі шакырылып. «Алашорда» үкіметінің
құрылғандығын хабарлады. Басшысы Ә. Бөкейханов
болып сайланды. 1918 жылы карашада Алашорда
үкіметі кеңес әскерлерінін, күшімен талқандалды.
«Алаш» партиясынын. басшылары қуғын-сүргінге
ұшырады.
1917 жылы күзде «Үш жүз» деген партия құрылды.
Оның басшысы Қ. Тоғысов болды. Ал Кеңес
үкіметі уақытында жалғыз басқарушы партия
СОКП болды.
1986 жылы желтоқсан көтерісінен кейін,
«Желтоқсан» партиясы дүниеге келді.
Казаңстан социалистік партиясы (ҚСП)
Республиканың саяси өмірінде бұл партия
1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан
Компартиясының кезектен тыс съезі өзін
Қазақстанның социалистік пар¬тиясы деп
атау жөнінде шешім қабылдады.
Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын,
47 мыңнан артық КСП мүшелерін біріктіреді.
Партиядағылардың 42 пайыздан астамы 40
жастан асқандар. 24 пайызы 40-50 арасындағылар.
Олардың арасында көптеген мемлекеттік
жүйенің баскарушылары, халық депутаттары
бар.
КСП атқарушы органы болып — Политисполком
(саяси аткару комитеті) анықталған. Ұйымдық
жағынан пар¬тия территориялық, облыстық,
қалалык, аудандық атка¬ру комитеті және
бастауыш ұйым болып бөлінеді. Соңғы мәліметтер
бойынша ҚСП Оңтүстік Казақстан облысында
16,5 мың, Кызылорда облысында-5 мыңнан аса,
Солтүстік Казакстанда — 4 мыңнан аса,
Жамбыл облысында -4 мыңнан аса мүшелері
бар. 40-қа тарта ұлт пен ұлыс өкілдері КСП
мүшесі.
Партия Еуразия кеңестігіндегі Одақты
конфедеративтік негізде қайта құруға
мүдделік танытты. ҚСП мүше¬лері дүниедегі
адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі
социалистік теориялардың түрлі бағыттағы
тұғырнамаларының негізі болды деп есептеді.Оның
тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз
Алдамжаров сайланды. Партия бүгінгі күні
өз жұмысын тоқтатты. Қазаңстан халық
конгресі партиясы (ҚХКП)
Партия 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның
тен төрағалары болып, «Невада — Семей»
қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын,
саясаткер О.Сүлейменов пен «Аралды қорғау»
қоғамдық козғалысының жетекшісі, ақын.
саясаткер М.Шаханов сайланды. Кейіннен
М.Шаханов төрағалыктан кетіп «Арал —
Азия — Қазақстан» қозғалысына ауысты.
Сондыктан партияның төрағалық қызметін
В. Рогалев, Г. Ерғалиевалар атқарды. Оның
құрылтайшылары Семей — Невада, Арал —
Азия — Қазақстан қозғалыстары, Әйелдер
одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы. Қа¬зақ
тілі қоғамы мен республика жас құрылысшылары
ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар
болды.
Қазақстан халық бірлігі партиясы (ҚХБП)
Қазақстан халык бірлігі одағы 1995 жылы
акпан айы-нан бастап аталмыш партияға
айналды. Халык бірлігі одағының кұрылтай
съезі 1993 жылы ақпанда өтті. Онда саяси
Кеңес сайланып оның кұрамына 71 адам мүшелікке
енді. «Қазақстан халық бірлігі» одағының
лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды.
Одақтың төрағасы болып халық депутаты
С.Абдрахманов бекітілді. Басқару органдарына
мемлекеттік билікте отырған бірнеше
жас саясатшылар кірді. 1993 жылы 2 қазанда
халық бірлігі одағының бірінші съезі
болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында,
20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық
аудандарында құрылтай конференциялары
өткен болатын. Съезде одақтын лидері
Президент Н.На¬зарбаев сөйледі. Одақтың
төрағасы болып, К.Султанов сайланды. Сонымен
қатар съезд жаңа Жарғы мен Бағдарламасын
қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп,
соған қарамай мүшелікке алуда жекелік
принципті сақтау ұйғарылды. Халық бірлігі
одағының мақсат-мүддесі, іс-әрекетімен
көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде
«Жас алаш» және «Экспресс К» газеттері
белгіленді. Кейіннен одақ орыс және қазақ
тілдерінде «Время». «Дәуір» атты газет
шығарып тұрды. 1995 жылы Қ.Султанов Қытай
Халык Республикасына елші болып кетуіне
байланысты, одақтың төрағасы болып А.Бижанов
сайлан¬ды. 1999 жылы наурыз айында бұл партия
«Отан» партиясынын кұрамына кірді.
Қазақстан социал-демократиялык партиясы
(ҚСДП)
Партия 1990 жылғы 26-27 мамырда кұрылтай-конфе-ренциясында
құрылған. Конференцияға 34 өкіл катысты,
олар республиканың 15 облысының өкілдері
еді. Пар¬тия ресми тіркеуден өтпеген.
Партия мүшелерінің екі түрлі мәртебесі
белгіленген: белсенділер және жактау-шылар.
Белсенді мүшелер париялық жарна төлеуге,
партиялық қызмет, тапсырма алуға міндетті.
Екіншілерді іс жүзінде партияға іш тартушылар
деп үққан жөн. Пар тия мүшелерінің жалпы
саны мыңға жуық. Социал-демократиялық
партиянын, 10 облыстық бөлімшелері бар.
Партия төрағасы Дос Көшімов.
Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП)
1991 жылдың күзінде коммунистердің XIX съезі
өтті. Съезде 17 облыстан келген 148 өкіл,
87 арнайы шакырылған конақтар қатысты.
Онда саяси жағдай туралы баяндама тыңдалды.
Қазақстан Компартиясын жандандыру және
оның кезек күттірмес мәселелері жөнінде
әңгіме болды. Съезд делегаттары жүріп
жаткан реформаларға карсы шықпай. демократиялык
және әлеуметтік әділеттік орнату қажеттігі
жайлы пікірлер айтты.
» Желтоқсан» ұлттық-демократиялық
партиясы
1992 жылғы қазаннан бері республикалық
«Азат» партиясының құрамына енген. «Желтоқсан»
қозғалысының негізін 1986 жылғы Алматыдағы
желтоқсан оқиғасына қатысушылар калады.
Ұйымдық жағынан «Желтоксан» козғалысы
1989 жылы қалыптасты. Бұл қозғалысты ұйымдастыруға
тікелей себеп болған оның белсенділерінін
1986 жылғы Алматыдағы,желтоксан окиғаларының
себептері мен оған берілген ресми бағамен,
келіспеуі болды.
Қозғалыстың басында сазгер Хасен Қожа
Ахмет түр-ды. Ол ресми саясатпен келіспеуіне
байланысты жауапка тартылып, 1986 желтоксан
окиғасына қатысты тағы да сотка тартылды.
Дәл осы жағдай 1991 жылғы Казакстандағы
президенттік сайлау кезінде «Алаш», «Азат»
козғалыстарының Хасен Кожа Ахметтің
кандидатурасын колдауына себеп болған.
1990 жылы мамыр айында «Әділет», «Акикат».
«Аза-мат», «Жерұйык», «Кәусарбұлақ», «Форум»,
коғамдык ұйымдарының бастамасымен кұрылтай
съезі шакыры-лып «Желтоксан ‘ коғамдық
комитет негізінде «Желт оқсан» партиясың
құру жөнінде декларация кабылданды.
Құрылтай съезіне Алматыдан республиканың
бес об-лысынан, Кырғызстан, Өзбекстан,
Мәскеуден, КСРО-ның баска да аймақтарынан
келген 80 өкілі катысты.
Партияның лидерлері болып X.Қожа Ахмет
пен А. Нәлі-баев сайланды. Партия бағдарламасында
республиканыдық саяси-экономикалык тәуелсіздігі
үшін күрес, желтоксан кұрбандарын ақтауға
қол жеткізу, қазак тілінің мемлекеттігін
бекіту, шет елдердегі қандастарымызбен
тығыз байланыс орнату көрсетілген. Сонымен
қатар үлкен маңыз алып келе жаткан ислам
факторына да көңіл бөлген.
Қазақстан демократиялық прогресс партиясы
Құрылтай конференциясы 1991 жылы 24 қарашада
өт-ті. Республиканың алты облысында, негізінен
орыс тілді түрғындар басым облыстарда
1000-нан астам мүшелері бар. Партия ресми
тіркеуден өтпеген. Негізгі әрекеті саяси
саланы камтиды. Партия мемлекеттік құрылымдарды
Жоғарғы Кеңес пен Өкіметті қатаң сынға
алу мен айналысады. Партияның негізін
орыс тілді зиялы-лар тобы құрайды. Партияның
төрағасы А.Докучаева.
Бұл партиялардан басқа партиялар да бар.
Корыта келе қазіргі қоғамның өмірінде
саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның
бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті
қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін
құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін
топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі.
Олар қоғамның саяси дамуының маңызды
көрсеткіші болып саналады.
Қазаңстанның Демократиялык Партиясы
1995 жылдың 1-шілде айында кұрылды. Партияның
бастапқы кезеңіндегі төрағалары президенттін
кеңесшісі Төлеген Жүкеев және Алтынбек
Сәрсенбаев болды. Бұларды 1999 жылы наурыз
айында «Отан» партиясының құрамына кірді.
Республикалық социал-демократиялық «Отан»
партиясы
1999 жылы акпан айында Алматыда өткен құрылтай
съезінде Қазакстанның Демократнялык
плртиясы, Қазакстаннын Халык бірлігі
партиясы. Казакстаннын Либералдық және
«Казакстан-2030″ коғамдык қозғалыстарының
бірігуі барысында құрылды. Парламент
әлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар.
мемлекеттік кызметкерлер, студенттер,
ғылыми және шығармашылык зиялылар кауымы,
орта және кіші бизнес өкілдерінен тұрды.
Құрылтайға 400-ге жуык уәкіл катысты. Бұрынғы
экс-перимент С. Терещенко партияның төрағасы
болып сайланды (казіргі уакытта республнкалык
Отан» саяси партиясын партия төрағасынын
міндетін аткарды Амангелді Ермегияев
баскарады). 2004 жылы 12 наурызда кезектен
тыс VI съезінде партия тәрағасынын орынбасары
болып Казахстан Парламенті Мәжілісінің
төрағасы Жармұқан Тұяқбай мен бұрынғы
вице-премьер Александр Сергеевич Павлов
сайланды.
«Қазақстанның демократиялық таңдауы»
халықтың партиясы
21 ақпан 2004 жылы бұл партияның күрылтай
съезі Алматы каласында «Анкара» қонақ
үйінде өтті.Оған КТД-ның 1200 мүшесі атынан
сайланған 167 өкіл катысты. Құрылтайда
ұйымдастыру комитетінің төрағасы Асылбек
Кожахметов баяндама жасады. Халыктык
пар¬тия Казакстанның саяси билік жүйесіне
түбегейлі езгерістер енгізу аркылы онын.
демократия жолына біржолата түсуін камтамасыз
етуді басты максат етіп койып отыр. Ғалымжан
Жакиянов бірауыздан партияның лидері
болып танылды. Құрамы 33 адамнан тұратын
Саяси кеңес пен құрамы 7 адамнан тұратын
Саяси кенес Төралкасы сайланды. Осы күрылтай
съезінде партия Саяси Кенесінің тәрағасы
болып Асылбек Қожахметов сайланлы.
«Қазакстан әйелдері үйымдарының саяси
бірлестігі» партиясы
1999 жылы маусым айында кұрылтай съезін
өткізді. Осы жылы 11 тамызда Әділет министрлігінен
тіркеуден өткен. Негізгі мақсаты Казакстан
әйелдерінің саяси, экономикалык, әлеуметтік
және мәдени құқықтары мен бостандыңтарын
корғау және жүзеге асыру деп жариялады.
Бұлар Аграрлық партиямен бірігіп партиялык
тізіммен Парламент Мәжілісіне сайлауға
қатысты. Партия жетекшісі Раушан Бергибайқызы
Сарсембаева.
Қазақстанның «Патриоттар» партиясы (ҚАП)
Басқарушысы — Ғани Есенгелдіұлы Қасымов.
Мәжіліс депутаты, бүрынғы Кеден комитетінің
төрағасы, генерал. Партия 2000 жылы 1 шілдеде
өзінің қүрылтай съезін ша кырып, өмірге
келгенін жариялады. 2003 жылы 21 наурызда
Әділет министрлігінен қайта тіркеуден
өтті. Құрамында 51188 мүше бар. Олар казак
ұлтының топтасып бірігуіне, олардын Отанды
сүюшілік сезімдерін қалыптастыруға ат
салысатындыктарын, оны рухани тәрбие
арқылы іске асыратындықтарын жариялады.
Партия жетекшілері казіргі саяси билікті
сынаудан бас тартатындықтарын білдіргенімен,
Касымовтын өзі депутат ретінде халық
мүддесін корғау барысында үнемі белсенділік
танытып келеді.
Қазақстанның демократиялық
«Ақ жол» партиясы.
Партияның құрылтай съезі 2002 жылы 16 наурызда
болды. 3 сәуірде Әділет министірлігінен
тіркеуден өткені туралы куәлік алды.
Ақ жол өзінің негізгі мақсаты етіп Конституциядағы
адам құқығы мен бостандығы толық сақталуын
және билікті орталықсыздандыруды қойды.Партия
қатарында бүгінде 115000 мүше бар.Негізінен
олар мемлекет қызметкерлері,кәсіпкерлер,бюджет
саласының қызметкерлері мен зиялылар.
Тең төрағалары бұрынғы Парламент Мәжілісінің
депутаты Болат Мұқышұлы Әбілов, бұрынғы
Еңбек министрі Әлихан Бәйменов, бұрынғы
вице-премьер Ораз Әлиұлы Жандосов. Кейін
тағы екі төраға қосылды: Қазақстанның
Ресейдегі бұрынғы елшісі Алтынбек Сәрсенбаев
және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекттік
орталық бас директорының бірінші орынбасары
Людмила Аркадьевна Жуланова.
«Асар» партиясы
«Асар» қозғалысы 2003 жылы 25 қазанда саяси
партияға айналды. «Асар» партиясының
құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты.Партия
жетекшісі Дариға Назарбаева. «Асар» партиясыны
центристік бағыт ұстанады.
Қазақстанның демократиялық
партиясы
2004 жылы 29 сәуірде «Құқықтық Қазақстан»
азаматтық қозғалысы өзін Қазақстанның
демократиялық партиясы деп жариялады.Партия
қатарында 50000 –нан астам мүше бар. Мақсаты:
азаматтардың ел тәуелсіздігін баянды
ету жолындағы топтасуы деп санайды. КДП-ның
төрағасы – Мақсұт Нәрікбаев.
Консервативтік партия- ұйымдық
жағынан 19 ғасырдың ортасында тори партиясы
негізінде қалыптасты. Лейборист партиясы
1900 жылы негізі қаланды. Либералдық партия
19 ғасырдың ортасында виги партиясы негізінде
ұйымдасты. Ұлыбритания коммунистік партиясы
1920 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың
британдық конгресі 1868 жылы негізі қаланды.
Тред-юниондардың шотландық конгресі
1897 жылы негізі қаланды. Ағылшын-совет
достығы қоғамы 1946 жылы құрылды. КСРО-мен
мәдени байланыс қоғамы 1924 жылы негізі
қаланды. Жастардың коммунистік одағы
1922 жылы құрылды.Соғыс жылдарындағы консерваторлар
басқарған аралас үкіметтің құрамына
лейбористік және лиьералдық партиялардың
өкілдері де енді. Соғыс бітісімен бұл
аралас үкімет тарады да, 1945 жылы шілдеде
өткен парламент сайлауында екі басты
қарсыластар: консерваторлар және лейбористер
арасында билік үшін қайта басталды. Әдетте
олардың екуінің бірі жеңеді. Бұл саяси
маятник осы уақытқа дейін тербелуде.
Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда лейбористер
жеңді.
Екінші дүниежүзілік
соғыстан бері еңсесі көтерілмей келе
жатқан британиялық үшінші саяси күш,
яғни, либералдар бұл жолы алдындағы екі
саяси партиямен құйрық тістесетін жағдайға
жетіп отыр. Ал соңғы бір айдың ішінде
харизмасы күшті жас лидерінің арқасында
либералдар партиясы тіпті мәреге екінші
боп жетуге жуық қалды.Ағылшын парламентаризмінің
тарихында сирек болатын мұндай өзгерістің
басты себептеріне тоқталсақ.
"ЛЕЙБОРИСТЕРДІҢ"
ТҰЯҚ СЕРПЕР СӘТІ
Бірінші себеп, 1997 жылы
ағылшын консерватизмін күйрете жеңіп,
британиялық социал-демократтардың үстемдігін
орнатқан Тони Блэйр үш мәрте премьер-министр
креслосын сақтап қалғанымен, жылдан-жылға
лэйбористердің абыройы кеми берді. Блэйрдің
Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ-тың әскери
операцияларын барынша қолдауы елдің
наразылығын тудырды. Соғысқа қарсы әлемдегі
ең көп адам қатысқан шерулердің бірнешеуі
Лондонда өтті.
Лэйбористердің денсаулық
сақтау саласындағы реформалары да өте
сәтсіз тәжірибеге айналды. Әйгілі NHS,
яғни Ұлттық біртұтас денсаулық сақтау
саласы, дәрігерлері мардымсыз жалақы
алатын, сапасыз қызмет көрсететін аты
ғана тегін аудандық поликлиникалардың
жүйесі болып қалды. Балалар арасындағы
қайыршылық пен мектеп оқушыларының сауатсыздығы
жағынан Ұлыбритания соңғы оншақты жылда
Батыс Еуропа елдерінің орта шеніне жетпей
қалды.
Ең бастысы, партия
жетекшілігінен кетіп бара жатып, Тони
Блэйр Британиядағы «ең талантты қаржыгер,
бірақ ең талантсыз саясаткер» атанып
жүрген Гордон Браунды өз орнына қалдырып
кетті. Сөйтіп, социал-демократтардың
құлдырауы үшін барлық жағдайды жасады.
Лэйбористердің бұл жолғы мүшкіл халін
Гордон Броун ұстанған саясаттың салдары
деп айтуға келмес. Бұл – Тони Блэйрдің
жеңілісінің жалғасына көбірек ұқсайды.
Өйткені Ұлыбритания халқы социал-демократтар
десе, я лэйбористер десе тек Тони Блэйрді
көз алдына елестетін жағдайға жеткен.
Блэйр Даунинг Стриттің әйгілі 10-шы үйінде
он жыл тұрып билік құрды. Үш сайлауды
саяси шешендігінің арқасында жеңіп шықты.
Төртіншісіне қарай қарқыны әлсірегенде
дер кезінде саясат сахнасынан түсіп кетті.
Ал оның орнында қалған Гордон Браун үш
жыл ішінде теңселіп тұрған социал-демократтарды
одан сайын көрдің шетіне жақындатып қойды.
Әсіресе, қаржы дағдарысы Браунға «жығылғанға
жұдырық» болып тиді.
ЖАРТЫКЕШ КОНСЕРВАТИЗМ
Екінші себеп, социал-демократтарды
Парламенттен қуып шығамыз деп тепсініп
жүрген ұлыбританиялық консерваторлар
соңғы жылдары бір дұрыс жетекшіге, талантты
ұйымдастырушыға жарымай-ақ қойды. Бұл
факторды сирек саяси құбылысқа да, трагедияға
да теңеуге келеді. Ең көне парламентаризмнің
іргетасын қалаушы ең тәжірибелі партия
жиырма бірінші ғасырға құр сүлдерін сүйретіп
әзер жетті.
Маргарет Тэтчердің
трагедияға толы соңғы жылдарынан кейін
партия өз ішінен бірнеше фракцияға бөлініп
әлсіреді. Принциптері де ескірді. Оның
үстіне соғыстан кейінгі welfare state, яғни
«әлеуметтік мемлекеттің» тегін емхана
мен тегін мектеп, жұмыссыз адамдарға
беретін төлемақы сияқты жеңілдіктеріне
үйреніп қалған ұлыбританиялықтарды «мемлекет
тек реттеп отыратын институт, жекеменшік
сектордың мұқтаждығын жекеменшік сектор
өзі шешсін» деген консерваторлардың
ұраны одан сайын шошытады. Маргарет Тэтчердің
«Қоғам деген нәрсе жоқ. Мемлекет бар,
сосын жекеменшік сектор бар. Ал қоғам,
қоғамдық мұқтаждық деген бос сандырақ»
деген сипатты сөздері әлі күнге дейін
көптің жадынан кетпейді.