Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2015 в 12:43, контрольная работа

Описание работы

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

Файлы: 1 файл

1.docx

— 44.14 Кб (Скачать файл)

      Бірақ, соңғы бес жылда ұлыбританиялық консерватизмнің жарқ ете қалған жаңа лидері пайда болды. Оның аты – Дэвид Камерон. Гордон Брауннан 15 жас кіші болса да, саяси көрегендігі мен стратегиялық шешім жасау жағынан басым түсіп келе жатыр. Камерон жас британиялық буынды өзіне тарту үшін консервативтік принциптерді көп айта бермейді. Оның орнына көптің көңіліндегі мынадай екі мәселені жиі көтереді. Біріншісі – қоршаған ортаны ерекше қорғауға алу, екіншісі – білім беру жүйесін түбегейлі түрде өзгерту. Өзі парламенттегі жұмысына күнделікті велосипедпен қатынайды. Былтыр, «осымен жарты жылдың ішінде екінші велосипедімді ұрлап әкетті» деп полицияға арыз жазды. Сөйтіп, оппозициялық фракцияның жетекшісі "халыққа етене жақын саясаткер" атана бастаған. Мұның қасында Гордон Браун, кәнігі шенеунік болып көрінеді. Бірақ, саясаттанушылар мен сайлаушылар Дэвид Камеронның бойынан бір үлкен кемшілік байқайды. Консерваторлардың жас жетекшісі ешқашан атқарушы билікте жұмыс істеп көрмеген. Бұл жағынан келгенде Камеронға басқа түгіл өз консерватор қауымы күмәнмен қарайды. 
                                        ЖАСАРҒАН ЛИБЕРАЛИЗМ 
Үшінші себеп – аяқ-астынан саяси сенсацияға айналғалы тұрған Либералдар партиясының өзі. Либералдар ғасырлар бойы консерваторлардың саяси қарсыласы болып келгенімен, екінші дүниежүзілік соғыстан соң социалистік платформамен ел-жұртты үйіріп әкеткен лейбористердің тасасында қалып қойған еді. Бұлардың негізгі ұстанымы – жеке меншікті мемлекеттің қол сұғуынан қызғыштай қоритын консерваторлардан да, мемлекетті қамқоршы әкеге айналдырған лэйбористерден де бөлек. Либералдар – жеке тұлғаның дамуы мен бостандығына ерекше назар аударады. Кез келген формадағы коллективизмге қарсы. 

Британиялық либералдар партиясының биыл ерекше танымал болып кетуіне түрткі болған адам – бұның тіпті Дэвид Камероннан да жас саяси лидері, 1967 жылы туған Ник Клегг. Осы жолы Ник Клегг екі жолмен британиялық сайлаушыларды баурап алды. Біріншіден, Ұлыбританияның тарихында тұңғыш рет өткен үш партия жетекшісінің арасындағы теледебатта салиқалы, сабырлы және терең білімді саясаткер ретінде бірден көзге түсті. Екіншіден, өз партиясының қаржы мәселелері бойынша өкілі қылып дүниедегі ең беделді экономистердің бірі Винс Кэйблді тағайындады. Кэйбл - Ұлыбританияны қаржы дағдарысынан шығаруға еңбегі көп сіңген белгілі экономист.


Информация о работе Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері