Еңбек саласындағы әлеуметтік серіктестік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 07:15, реферат

Описание работы

Әлеуметтік серіктестік - бұл еңбек қатынастарын және басқа да соларға байланысты қарым-қатынасты реттеу мәселесі бойынша жұмысшы мен жұмыс берушінің көзқарастарын келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған, жұмысшы (жұмысшы өкілдері), жұмыс беруші (жұмыс беруші өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі.

Файлы: 1 файл

енбек кук жайында.doc

— 51.00 Кб (Скачать файл)

Қызмет жобаларын  талқылау

Еңбек саласындағы әлеуметтік серіктестік

 
Әлеуметтік серіктестік - бұл еңбек қатынастарын және басқа да соларға байланысты қарым-қатынасты реттеу мәселесі бойынша жұмысшы мен жұмыс берушінің көзқарастарын келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған, жұмысшы (жұмысшы өкілдері), жұмыс беруші (жұмыс беруші өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі.  

 

Әлеуметтік  серіктестік органдары 

  1. Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын (республикалық деңгей) реттеу жөніндегі үшжақты республикалық комиссия
  2. Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын (салалық деңгей) реттеу жөніндегі салалық комиссия
  3. Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын (салалық деңгей) реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (аймақтық деңгей)
  4. Жұмысшы өкілдері мен жұмыс беруші арасында еңбек саласындағ өзара нақты міндеттерді бекітетін келісім немесе ұжымдық келісім-шарт формасындағы ұйым дейгейінде, ал шетел қатысушыларымен – Қазақстан Республикасының резиденттерімен халықаралық келісім-шарттар (келісім) мен Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде

Әлеуметтік  серіктестік формалары 

  1. Ұжымдық келісім-шарттар, келісімдер мен олардың қорытынды жобалары бойынша ұжымдық келісулер
  2. Еңбек қатынастары мен басқа да тығыз байланысты қатыр-қатынастарды, еңбек саласында жұмысшылардың құқына кепілдік беру және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіруді реттеу мәселесі бойынша өзара кеңестер өткізу
  3. Еңбек дауларына сотқа дейін рұқсат етуде жұмысшы өкілдері мен жұмыс берушілердің қатысуы

Әлеуметтік  серіктестік жақтары 

 

Әлеуметтік  серіктестік жақтары сәйкес атқарушы органдар тұлғасындағы мемлекет, жұмысшылар мен бекітілген тәртіптегі олардың  өкілі тұлғасындағы жұмыс берушілер  болып табылады. 

 

Әлеуметтік  серіктестіктің республикалық деңгейде ұйымдастырылуы 

 

Республикалық комиссия қатысушылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің, республикалық жұмысшылар бірлестіктері мен республикалық  жұмыс берушілер бірлестіктерінің уәкілетті өкілдері болып табылады. 

 

Жұмысшылардың республикалық  бірлестіктерінің уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының жартысынан көп облыстарының территориясы мен  республикалық маңызды қалалар  аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) бар  бірлестіктер болып табылады. 

 

Жұмыс берушілердің республикалық  бірлестігі уәкілетті өкілдері болып  жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің республикалық одағы (ассоциация) өкілдері, жеке кәсіпкерлік бойынша республикалық  бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестігі өкілдері табылады. 

 

Көрсетілген одақтар (ассоциация) ұсынысы олардың құрамына кіретін  республикалық қоғамдық бірлестіктердің  санына байланысты пропорционалды негізде  жүзеге асады. 

 

Әлеуметтік серіктестікті  салалық деңгейде ұйымдастыру 

 

Салалық комиссия қатысушылары қызмет саласына сәйкес мемлекеттік  органдардың уәкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмысшылар өкілдері болып табылады. 

 

Жұмысшылардың салалық бірлестіктерінің уәкілетті өкілдері республикалық  маңызды облыстар мен қалалар территорияларында құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) бар салалық кәсіби одақтар болып табылады. 

 

Жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері салалық ұйымдар өкілдері болып табылады. 

 

Әлеуметтік серіктестікті  аймақтық деңгейде ұйымдастыру 

 

Аймақық комиссия қатысушылары жергілікті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен  жұмысшылар өкілдері болып табылады.  

 

Жұмысшылардың аймақтық бірлестігінің  өкілетті өкілдері болып облыcтық, қалалық  және аудандық деңгейдегі кәсіби одақтар бірлестігі табылады. 

 

Аймақтық  деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері төмендегідей:

  1. Облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестігі, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік
  2. Қалалық, аудандық деңгейде — шағын кәсіпкерлік бойынша қалалық, аудандық бірлестіктер

Республикалық, салалық және аймақтық комиссиялардың құқы төмендегідей: 

  1. өз жиналыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында келісілген саясат өткізу проблемаларын қарастыру
  2. келісім жобасын жасағанда, көрсетілген келісімді іске асыру, комиссия шешімдерін орындау кезіндегі атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың көқарастарын келістіру
  3. атқарушы органдардан, жұмыс берушілер мен (немесе) жұмысшы өкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін келісімдердің бекітілген, бекітілетіні туралы ақпаратты сұрау
  4. өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру, егер жауапты тұлғамен орындалмаған болса сәйкес әлеуметтік серіктестікке орын алған заң бұзушылықты жойып, келісім шарттарын орындамағын үшін жауапты тұлғаны жауапқа тарту жөнінде ұсыныстармен ақпарат беру
  5. атқарушы органнан ұжымдық келіссөздер жүргізу үшін және келісім жобасын дайындау үшін, көрсетілген келісімнің орындалуын бақылауға қажетті әлеуметтік жағдай туралы ақпарат сұрау, алу
  6. өкілетті мемлекеттік органдардың қарауына беру үшін әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында нормативтік құқықтық актілер жасау жөнінде ұсыныс енгізу
  7. оқымыстылар мен мамандарды жұмылдыру арқылы жұмыс тобын құру
  8. атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, сонымен қатар тәуелсіз эксперттер қызметкерлерін отырысқа шақыру
  9. атқаруші органдар, жұмыс берушілер мен жұмысшылармен комиссияда бекітілген мерзімде қарасытурға және орындауға міндетті саналатын біріккен келісім және шешім қабылдау
  10. әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік серіктестік мәселесі бойынша өткізілетін шараларды ұйымдастырушыларымен келіскен тәртіппен халықаралық, республикалық, аймақаралық жиналыстар, конференциялар, конгресстер, семинарларды өткізуге қатысу

Жұмысшы өкілдері мынаған құқылы: 

  1. жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен көзқарастарын ұсыну және қорғау
  2. жобалар мен келісім қорытындыларын жасау бойынша жұмыс берушімен ұжымдық келісім-шарт жасасу, осы мақсатта еңбек қатынастары мәселесі бойынша қажетті ақпарат алу
  3. келісімдер немесе ұжымдық келісім-шарттарда қарастырылған әлеуметтік-экономикалық даму мәселесін шешуге қатысу
  4. Кодексте бекітілген тәртіптегі қоғамдық бақылауды жүзеге асыру
  5. еңбек заңдылығының бұзылуы мәселесі бойынша еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттік инспекторларымен өзара әрекет ету
  6. қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша шараларды білу және қабылдау үшін, келісімдер мен ұжымдық келісім-шарттарға сәйкес жұмыс орындарына бару
  7. еңбек қатынастары мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты заңнамалық актілер, бағдарламалардың жобасын жасау және қарау жөніндегі консультативті-келісім жұмыстарына қатысу
  8. күшіндегі Кодекспен бекітілген тәртіппен жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауларын реттеуге қатысу
  9. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен жиналыстар, шерулер, ереуілдер, пикеттер өткізу

 

 Назар аударыңыз!  

 

Жұмысшы өкілдерінің  құзыретін жүзеге асыруда жұмыс  берушінің кедергі келтіруіне жол  берілмейді.


Информация о работе Еңбек саласындағы әлеуметтік серіктестік