Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:35, курсовая работа
Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің рөлі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр турлі салаларында қолданылады.
Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономистердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр.
II Негізгі бөлім
2.1 Интерфейс туралы түсінік
2.2 Пайдаланушы интерфейс
2.3 Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері.
2.4 Адам-компьютер интерфейсі жүйенің бөлек компоненті ретінде.
Жоспар
I |
Кіріспе |
|
II |
Негізгі бөлім |
|
2.1 |
Интерфейс туралы түсінік |
|
2.2 |
Пайдаланушы интерфейс |
|
2.3 |
Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері. |
|
2.4 |
Адам-компьютер интерфейсі жүйенің бөлек компоненті ретінде. |
|
2.5 |
Кіріспе
Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің рөлі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр турлі салаларында қолданылады.
Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономистердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет.
Пайдаланушылық және программалы-аппараттык интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс.
Соңғы жылдары адам-компьютер
жүйесінде интерфейсті
- пайдаланушының клиенттік программамен өзара қарым-қатынас денгейдегі интерфейсі;
- клиенттік машинамен
сервер машина арасындагы
- сервердің шеттік программамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;
Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандайда бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамасыз ететін, аппаратты-программалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу протоколдарының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық процессор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдасгырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу протоколы және қосылудың конструктивті артықшылықтары.
Осылайша, қосымшамен жұмыс
істеп отырған пайдаланушы
Осы ұйымдардьң немесе жұмыс
тобының көбісімен кезінде
2.1 Интерфейс туралы түсінік
Интерфейс (Interface—inter—өзара, і face—бет жағы) — программалаушылардың кәсіптік тілінде — өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы.Есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы.Ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы
"Адам-компьютер" интерфейсін ұйымдастыру кезінде негізгі 2 есепті қарастыру қажет:
- акпаратты енгізу мен көрсетудің тиімді түрлерін құратын енгізу-шығаруды ұйымдастыру;
- диалогтың мәндік мазмұнын
арттыратын және ресми емес
қатынас процедураларын
Сапалы интерфейсті құру "пайдаланушы мүддесі бәрінен де артық" принципін және соған сәйкес бүкіл программалық өнімді құру әдістемесін іске асыруды қарастырады. Ағылшын тілді әдебиетте мұндай қарастыруды суреттеу үшін User-centered Design(UCD) - "жасалған зат пайдаланушыға арналған" термині қолданылады. Бәрінен басқа, бұл технология, интерфейсті ертерек жобалап, программалық өнімді құру кезінде ары қарай дамытуға негізделген.
Пайдаланушы интерфейсінің «жақсы» құрамы мынада - пайдаланушы программалық камтаманы басқарып отырғанын байқайды, ал керісінше емес.
Интерфейс қарапайымдылығы.
Қарапайым интерфейс бұл - пайдаланушының үйреншікті шешу әдістерін өзгертпейтін интерфейс. Дербес жағдайда қосымша берген жауаптар мен хабарламалар қосымша түсініктемелерді қажет етпеуі тиіс. Аталмыш пәндік облыста қолданылатын белгілеулер мен терминдер жүйесін сақтап қалу орынды болады. Пайдаланушыға таныс суреттер мен түсініктерді қолдану тапсырмаларды орындалу барысында интуитивті түсінікті интерфейсті қамтамасыз етеді.
Интерфейстің келісімділігі.
Келісімділік интерфейсі пайдаланушыларға білімдерін жаңа есептерге көшіруге және жаңа аспектілерді үйренуге мүмкіндік береді. Келісімділік интерфейстің барлық аспектілеріне маңызды. Оның ішінде команда аттары, ақпаратты визуалды түрде көрсету және интерактивті элементтердің тәртібі де бар. Жасалынып отырған программалық қамтамада келісімділік қасиетін іске асыру үшін оның әртүрлі аспектілерін ескеру қажет.
Интерфейстің иілгіштігі
Интерфейстің иілгіштігі - бұл пайдаланушының дайындық деңгейі мен өнімділік еңбегін ескеру қасиеті. Иілгіштік қасиет - енгізілген мәліметтердің немесе диалогтың құрылымын өзгертуді болжайды. Иілгіш интерфейс тұжырымдамасы қазіргі кездегі адам мен компьютер арасындағы негізгі зерттеу аумағы болып саналады. Негізгі мәселе - диалогты өзгертуді ұйымдастыруда емес, ал оған өзгерту енгізуде қандай белгілерді қолдануында. Бейімделудің үш түрі белгілі: нақты, толық және косметикалық.
Нақты бейімделу кезінде пайдаланушы диалогтық қолдау деңгейін таңдайды. Мундай бейімделудің қарапайым нұсқасы екі деңгей ережесін қолдануға негізделген. Оған сәйкес жүйе диалогтың екі түрін қамтамасыз етеді:
- толығымен, егжей-тегжейлі
(бастауыш пайдаланушылар үшін)
- қысқаша (дайындалған пайдаланушылар үшін)
Екі деңгей ережесі N-деңгейлі диалог ережесіне дейін ұлғаюы мүмкін. Бірақ оның бірнеше кемшілігі бар:
- дағдының біртіндеп жиналатыны туралы факт ескерілмейді;
- пайдаланушы жүйенің бір бөлігін жақсы біліп, бір бөлігін білмеуі мүмкін;
- пайдаланушы өзінің дайындық деңгейін өзі айқындауы, баға берудің объективтілігін төмендетеді.
Толық бейімделу кезінде диалогтық жүйе пайдаланушының моделін соңғы оқыту барысында болған өзгертулер нәтижесіне байланысты қарасгырады. Өз кезегінде пайдаланушының сипаттамасын анықтау мәселесі негізгі мәселе болып табылады. Оны шешу үшін сипаттама үшін нені пайдалану керектігін анықтау керек: пайдаланушының жауап беруге кеткен уақыты, оның қанша рет көмекке жүгінгенін немесе қате сипаты және сұралган көмек түрі.
Косметикалык бейімделу пайдаланушының жүрісін ескермей диалогтың иілгіштігін қамтамасыз етуі, бірақ диалогтың нақты стилін таңдамауы керек.
Мұндай бейімделуге келесі әдістерді қолдану аркылы жетуге болады:
- алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану;
- қысқартуларды қолдану;
- жауаптарды озық енгізу;
- көпдеңгейлік көмек;
- көптілділік.
Көптілділік интерфейстің мағынасы мынада, пайдаланушы қолданып отырған құрылғыларына байланысты емес, ал пайдаланушы берген және алған ақпараттар оның ана тілінің нормаларына сәйкес болуы қажет. Көптілділікті жүзеге асырудың мүмкін жолы - пайдаланушының қозғалысына жүйенің құралдар реакциясын құру (сұраныс-ақпараттар, көмек-ақпараттар, қателер туралы ақпарат). Ол программалау тілінің (құралдық құрылғылар) синтаксисінен жеке құрылады.
Интерфейстің эстетикалық тартымдылығы, визуалды компоненттерді жобалау программалық интерфейсті өңдеудің ең маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Пайдаланатын объектілерді мүлтіксіз визуалды түрде көрсету, әртүрлі объектілердің өзара қатынасы мен жүрісі туралы өте маңызды қосымша ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді. Әрбір экранга шыққан визуалды элементке пайдаланушы көңіл бөлуі қажет. Экранда берілген ақпаратты пайдаланушы түсініп қана қоймай, сонымен қатар оның маңызды аспектілеріне көңіл бөлетіндей графикалық ортаны қалыптастыру қажет.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, тиімді пайдаланушы интерфейсін құруға мүмкіндік беретін төмендегідей негізгі ережелерді қалыптастыруға болады:
- пайдаланушы интерфейсін жобалауды, қосымшаны құруда жеке кезең ретінде қарастыруға болады. Оның орындалуы мүмкін болғанша ерте басталған жөн;
- интерфейсті іске асыратын
аппаратты-программалык
- кұрастырылып отырған қосымша кіретін пәндік облыстың ерекшеліктері мен дәстурлерін ескеру қажет;
- интерфейсті құрастыру
процессі итерациялық түрде
- интерфейсті іске асыру
әдістері мен құрылғылары,
2.2 Пайдаланушы интерфейс
Пайдаланушы интерфейсі (Интерфейс пользователя (пользовательский интерфейс); user interface) — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану.
Негіздік WUI - стиль (Wеb User Interface)
иерархиялық құрылым менюіне
ұксас. Оны пайдаланушылар гиперсілтемелерді
қолданудан басқаларын, графикалық емес
интерфейс ортасында жұмыс