Микрофондар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 13:49, реферат

Описание работы

микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындардыдыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліскеайналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радиохабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаныэтимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналғаайналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегіэлектр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқадиафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттікүнтаспага түсіріледі. Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді.

Файлы: 1 файл

микрофон.docx

— 60.29 Кб (Скачать файл)

Телефон арқылы сөйлескендердің  тұрпайы сөзін естуден жақын  арада арыла қоймасымыз анық. Ұялы байланыс этикеті тақырыбына жүргізілген  сауалнамада көпшілік телефонмен сөйлесу  мәдениеті туралы ереже қабылдау керек деген пікір айтты. Жаңа технологиялар озық дамыған жаһандану  заманында оқу орындарында «Ұялы  байланыс тұтынушыларына арналған этикет»  атты арнайы пән енгізу де артық  болмас еді. Осындай ережелерді ескергенде ғана біздегілер көпшілік орында телефонмен тартынып сөйлейтін дәрежеге жетеді.

-Телефон шырылдағанда  үшінші-төртінші қоңырауға дейін  көтеру керек;

-Визуалды байланыс жоқ  болғандықтан, екпін, сөйлеу жылдамдығы  сияқты факторлар маңызды рөл  ойнайды;

-Үй телефонына қоңырау  шалғанда кешірім сұрауды ұмытпаңыз;

-Телефонмен қысқа әрі  нақты айту керек;

- Үй телефонына хабарласу:  таңғы сағ. 9,00-ден кешкі 22,00 аралығында  ғана;

- Бейтаныс адамға телефон  соққанда нөмірін кімнен алғанын  айтуды ұмытпаңыз;

- Аз танитын тұлғамен 3-5 минут көлемінде ғана сөйлескен  жөн;

- Телефон шалған бойда  амандасқаннан кейін өзіңіздің  кім екеніңізді атаңыз;

- Талқыланатын мәселелер  тізімін дайындау артық етпейді;

- Телефон соғушыға керек  адам болмай қалса, хабарласқан  адамға “Бұл кім” деп сұрамай,  “Кім телефон соқты деп айтайын”  дегеніңіз дұрыс;

- “Білмеймін” деудің  орнына “анықтайын” дегеніңіз  жөн;

- Асықпай, нақты, әр  сөзіңізді ойланып айтыңыз;

- Кедергі жасамағаныңызды  анықтап алыңыз;

- Телефон арқылы бос  әңгімеге жол бермеңіз. Ішкі дүниеңізді  ақтарғыңыз келсе, көзбе-көз кездескен  артық;

- Біреу қателесіп сізді  терген жағдайда, бас салып айғайламай, “кешіріңіз, сіз нөмірмен қателестіңіз”  – деп сыпайы жауап беруге  де болады;

- Танысыңызға қонаққа  келетініңізді алдын ала ескертуде  телефонды пайдаланыңыз.

- Үй телефонына хабарласып: “Үйдесің бе?” деп сұрамаңыздар

 

 

 

Дауыс зорайтқыш — төменгі жиілікті электрлі сигналдарды дыбыстық жиілікке түрлендіретін құрылғы; радиоқабылдағышта,магнитофонда, электрофонда, дыбыс күшейткіш жүйеде сөзді, музыканы, басқада дыбыстарды] қатты жаңғырту үшін қажет. Түрлендіру әдісіне қарай ол электродинамикалық, электроакустикалық т. б. түрлерге бөлінеді. Сигналдарды түрлендіру үшін электрлі тербеліс көзіне қосылған жылжымалы катушкадағы төкпей тұрақты магнит өрісінің өзара әсерін пайдаланатын электродинамикалық түрі көп тараған. Катушка мен оған қатаң бекітілген диффузор дауыс зорайтқыштың қозғалмалы жүйесін құрайды. Диффузордың механикалық тербеліс (тура шағылдыратын дауыс зорайтқыш) тікелей, не рупор арқылы (рупорлы дауыс зорайтқыш) дыбыс толқындарын тудырады. Дауыс зорайтқыштың қуаттылығы пайдалану мақсатына байланысты (0,05 Вт-тан 150 Вт-қа дейін). Электродинамикалық дауыс зорайтқыштар тар жолақты (дыбысты қайта жаңғырту мысалы, 300—5000 Гц жиілік интервалында өтеді) және кең жолақты (мыс., 40—15.000 Гң) болады. Кең жолақты дауыс зорайтқышты жасау күрделірек, сол себепті әрқайсысы жиілік диапазонының белгілі учаскесінде дыбыс жаңғыртатын бірнеше дауыс зорайтқыштан тұратын акустикалық жүйе пайдаланылады. Тұрмыста <дауыс зорайтқыш» атауы радиотрансляция (сымдық хабар) желісінің абоненттік қабылдағышына қолданылады. Ауыз- екі сөйлеу тілінде дауыс зорайтқыштың синоним ретінде 20—40 жылдары, тіпті қазір де (көбінесе сымдық хабар желісінде) «репродуктор» термині қолданылады. Радиотрансляция желісі бойынша абоненттерге: бірінші — төменгі жиілікті, сигналдық ең үлкен кернеуі 15 В (Москва мен Ленинградта) не 30 В (басқа жерлерде); екінші және үшінші — ең жоғары жиілігі 78 және 12 кГц және соған сәйкес ең үлкен кернеуі 0,2 В болатын, үш программа таратылады. Тек бірінші программаны қабылдау үшін пластмасса не ағаш қорапты, үйлестіру трансформаторымен, дауыс қаттылығын реттеуішпен, радионүктеге қосатын шнурмен және штепселдік ашамен жабдықталған абоненттік дауыс зорайтқыштар («Москвич», «Сфера 301», «Юность 201», «Черемшина 306», «Зенит 301» т. б.) шығарылады. Бірінші программаны қабылдауда абоненттік дауыс зорайтқыш есебінде электрофон, магнитофон т. б. тұрмыстық дыбыстық техникалық құрылғылардың акустикалық желілерін пайдалануға болады. Радиотрансляция жүйесінің сигналдарын бұл құрылғылар күшейткішінің «радио» деп аталатын нүктесіне беріп, күшейткішсіз немесе арнайы трансформаторсыз акустикалық желілерді радиотрансляциялық жүйелерге тікелей қосуға болмайды. Мұндай жағдайда, біріншіден, жүйенің дыбысталу сапасы бұзылады, екіншіден, көрші пәтерлерде жоғары жиілікті программаны қабылдауда кедергілер пайда болады. Үш программаны да қабылдауға арналған үш программалы абоненттік дауыс зорайтқыштар («Маяк 202», «Маяк 204», «Про- метей 201», «Электроника 202» т. б.) шығарылады. Мұндай дауыс зорайтқыштардың екі штепсельдік ашасы бар, оның бірі («радио» жазуы бар) радиотрансляция жүйесіне, екіншісі — 127 В немесе 220 В кернеулік айнымалы топтың қоректену жүйесіне қосыл ады. «Радио» деген жазуы бар атаны кернеулі желінің розеткасына кездейсоқ қосудан сақ болған жөн, ол дауыс зорайтқышты істен шығарыл тастайды. Үш программалы дауыс зорайтқыштың айнымалы ток желісінен алатын қуаты 4—5 Вт-қа жетелі. Оны кәдімгі радиоқабылдағыш секілді пайдаланады. Төменгі жиілікті сигналдар радиоқабылдағыштың ультрақысқа толқын диапазонында қабылдайтын сигналының сапасынан кем болмайды, жоғарғы жиілікті сигналдық сапасы біршама нашарлау, алайда ол ұзын және орта толқындағы жергілікті радиосигнал қабылдау сапасынан төмен емес.[1]


Информация о работе Микрофондар