Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 00:11, реферат
Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік, көрсеткіштер.
Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсеті, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін.
Қажеттілің сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылыұтағы ұажеттілік орналасады. Яғни, тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта қаласа сол уақытта, қандай түрде қаласа сол түрде алуы керек.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Сапа көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері
Квалиметрия негіздері, өнімнің сапасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ
Тақырыбы:
Орындаған: Нұрбек Г.
Алматы, 2013 жыл.
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Квалиметрия (лат. dualіs – сапасы қандай және гр. metron – өлшем, өлшеймін) – өнім сапасын cандық тұрғыда бағалау әдістерін зерттейтін және жүзеге асыратын ғылым саласы.
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402).
Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік, көрсеткіштер.
Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсеті, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін.
Қажеттілің сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылыұтағы ұажеттілік орналасады. Яғни, тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта қаласа сол уақытта, қандай түрде қаласа сол түрде алуы керек.
Көрсеткіштіктер сапалық және сандық болып бөлінеді.
Сапалық көрсеткіштер материалдың түсі, бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды өолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады
Сапа көрсеткіші – тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әр түрлі өлшемдермен келтіріледі немесе өлшемсіщ болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.
Өнім сапасы оның қасиеттерін анықтайтын сандық өлшеуіштері негізде бағаланады. Қазіргі заман ғылымы сапа көрсеткіштерін беретін, өнім қасиеттерінің сандық бағалау жүйесін ойлап тапты. Өнім көрсеткіштері келесідей топтастырылады:
Бағыттылық көрсеткіші тағайындау бойынша өнімді қолданудың пайлалы нәтижесін сипаттайды және өнімді қолдану облысын ерекшелейді. Өндірістік-техникалық тағайындау өнімі үшін өнімділік көрсеткіші негіз болуы мүмкін, ол бағаланатын өнім көмегімен шығарылу мүмкін өнім көлемі қандай немесе белгілі бір уақыт аралығында мүмкін көрсетілетін өндірістік қызмет көлемі қандай екенін көрсетеді.
Сенімділік көрсеткіші – өнімнің тоқтаусыздығы, жөндеуге жарамдылығы, сақталушылығы, және де ұзақ қолданылуы. Бағаланатын өнім ерекшелігіне байланысты сенімділік көрсеткіштері үшін аталған төрт көрсеткішті немесе кейбіреуін қолдануға болады.
Технологиялық көрсеткіш – өнімді дайындау және жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін тиімді конструкторлы-технологиялық шешімдерін сипаттайды. Әрине, тек технология көмегімен өнімді массалық шығару, материалдық шығындарын оңтайлы бөлу, өндірісті технологиялық дайындау кезінде уақыт және еңбек құралдары, өнімді дайындау және қолдану қамтамасыз етіледі.
Стандартизациялау және бірыңғайлау көрсеткіші – бұл өнімді стандарттармен, біріңғай және түпнұсқаулық құрама бөліктермен қамтамасыз ету. Өнімінің барлық бөлшектері стандартты, бірыңғай және түпнұсқаулық деп бөлінеді.
Эргономикалық көрсеткіштер адам мен өнімнің өзара әрекеттестігін, өнімді қолдану кезіңде пайда болатын адамның гигиеналық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерімен сәйкестігін көрсетеді. Мысалы, мұндай көрсеткіштерге келесілерді жатқызуға болады: тракторды басқаруға қажетті күш-жігер; тоңазтқыш есігінің тұтқасының орналасуы; жарықтық, температура, дымқылдық, шаңдығы, шуыл, дірілдеу, сәулелену, иісті газ концентрациясы және т.б.
Эстетикалық көрсеткіштері өнімнің ақпараттық айқындығын, оңтайлы нысаны, компазицияның тұтастылығы, орындау ерекшелігі және тауар түрінің тұрақтылығы.
Транспортталу көрсеткіші тасымалдау үшін өнімнің сәйкестігін көрсетеді.
Патентті-құқықтық көрсеткіштер бәсекеге қабілеттілікті анықтау кезіңде маңызды фактор болып табылатын өнімінің патенттік тазалығын және патенттік қорғануды сипаттайды. Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтау кезіңде өнімдерде жаңа техникалық шешімдердің болуын ескеру қажет.
Экологиялық көрсеткіштер – бұл өнімді дайындау немесе эксплутациялау кезіңде пайда болатын қоршаған ортаға зиянды ықпал ету деңгейі. Мысалы, зиянды қоспалардың болуы, газдар мен зиянды бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі, өнімді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде сәулеленуі.
Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді тұтыну, тасымалдау, сақтау, жөндеу, қызмет ету, монтаждау кезінде қызмет ететін персонал мен тұтынушылар үшін қауіпсіздік көзқарасы жағынан өнімді қолдану көрсеткішін сипаттайды.
Өнім сапасының сандық мәніндегі көрсеткіштері келесі әдістермен анықталады:
Өнім сапасы кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің, қызметтерінің және бөлімдерінің біріккен қызметі арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған орай, олардың жұмысының сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Сондықтан, бөлімшелер, қызметтер және бөлімдердің орындайтын жұмысының сипаты алуан түрлі болғандықтан, олардың әр қайсысы үшін белгілі бір сапа көрсеткіштер жиынтығын қолдануға болады. Мұндай көрсеткіштер тізімін төменде көрсетейік.
1. Бөлімшелердің өндірістік құрылымы
2. Қаржылық бөлім және бухгалтерия
3. Жоба-конструкторлық бөлім:
4. Маркетинг бөлімі:
5. Материалды-техникалық қамту бөлімі:
6. Ақпараттық қызметтер:
7. Жабдықтар саны:
Өнім деп анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған саналы түрдегі қызметтердің заттандырылған нәтижесі болып табылады.
Өнімнің сапасы – тағайындалуына
сәйкес анықталған қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жарамдылығын шарттайтын
өнімнің қаситетерінің
Өнімнің қасиеті - өнімді жасау, қолдану немесе эксплуатациялауды мүмкіндентіретін объективті ерекшеліе.
Өнімнің сапа көрсеткіші - өнімнің қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.
Сапа көрсеткіші
Бірліктік
Комплексті
Анықтайтын Интегралды
Пайдалы өнімнің
бағалы сапа көрсеткіштері
эксплуатациядан немесе өнімді
қолданудан нәтижелер
Өнімнің сапа көрсеткішінің негізгі мәні - өнімді салыстырмалы бағалау кезінде толық емес ретінде қабылданатын мән. Негізгі мән ретінде жақын уақытта қол жеткізген ең жақсы отандық және шетелдік өнімдердің үлгілерінің сапа көрсеткішінің мәні қабылдану қажет немесе тәжірибиелік жолмен тағайындалған перспективті үлгілердің көрсеткіш мәні, сонымен қатар өнім талаптарында берілген мәндер.
Сапа көрсеткіштерімен елеулі айырмашылықтары болса да өнімнің параметрлері тығыз байланысқан. Өнімнің параметрлері оның сапасын анықтайтын өнімнің қасиеттері секілді өнімнің басқа да қасиеттерін мөлшерлі сипаттайды.
Солайша «параметр» түсінігі «сапа көрсеткіші» түсінігіне қарағанда кең көлемді болып табылады. Өнімнің сапа көрсеткіші оның бірнеше параметрлеріне байланысты болуы мүмкін.
Өнімнің сапа деңгейі –
көрсеткіштердің негізге
Қорытынды
Квалиметрия - өнім сапасын бағалау әдісі пән (мәсәле) болып табылатын ғылым саласы.
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы.
Патентті-құқықтық көрсеткіштер бәсекеге қабілеттілікті анықтау кезіңде маңызды фактор болып табылатын өнімінің патенттік тазалығын және патенттік қорғануды сипаттайды. Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтау кезіңде өнімдерде жаңа техникалық шешімдердің болуын ескеру қажет.
Өнімнің сапасы – тағайындалуына
сәйкес анықталған қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жарамдылығын шарттайтын
өнімнің қаситетерінің
Өнімнің сапа көрсеткіші - өнімнің қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: