Жұмыстың идеясы қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып арзан және экологиялық таза энергияға қол жеткізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:01, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты – Қарқаралы қаласын кешенді энергиямен қамтамасыз ету үшін жел элестр станциясын және жергілікті отын түрімен жанатын қазандық салу.
Жұмыстың идеясы қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып арзан және экологиялық таза энергияға қол жеткізу.
Жұмыста орындалатын міндеттер:
- Электр энергиясын өндіру мақсатымен жел электр қондырғыларын орнатып, жел энергиясының тиімділігін пайдалану.
- Жел энергиясын өндіру барысында автоматтандырылған қондырғыларды қолдану.
- Қалаға жылу жетіспеушілікті толтыру мақсатымен пайданылмайтын биомассаның энергиясына зерттеу жүргізіп, бидай сабанын тікелей жағудағы энергияны зерттеу.
- Қайта жаңаратын энергия көздерін пайдаланудағы тиімділікті есеп жүзінде дәлелдеу.

Файлы: 1 файл

диплом готовый.docx

— 960.67 Кб (Скачать файл)

Бөлінетін түтінді газдарда күкірт оксидтерін азайту жөніндегі  іс-шаралар. Түтінді газдарда күкірт оксидтерінің құрамын азайтудың  негізгі бағыттары бар:

- жану режимін бақылауды  қамтамасыз ету;

- биік құбырлармен әлсіздендіру;

- атмосфераның жер бетіне жақын қабаттарда шығарындылардың концентрациясын азайта отырып, биік құбырларды салу, станцияларға жақын жерлерде ластану ауданын көбейтеді;

- кететін түтінді газдарды  жаққаннан кейін күкірт оксидтерінен  тазалау.

Күкірт диоксидінен бөлінетін  газдарды тазарту үшін химиялық әдістер қолданылады. Бұл бөлінетін газдардың көлемі үлкен болып, ал олардағы күкірт диоксидінің концентрациясы аз болуымен байланысты, газдар жоғары температурамен және шаңның біршама құрамының болуымен сипатталады. Сору үшін су, су ерітінділері мен сілтілі және сілтілі-топырақты металдардың тұздар суспензиясымен қолданылуы мүмкін. 

Бөлінетін түтінді газдарда азот оксидтерін азайту жөніндегі іс-шаралар. Барлық отын түрлерін жаққан кезде түтінді газдарда азот оксидтерінің құрамын азайтудың негізгі бағыттары:

- жану режимін бақылауды қамтамасыз ету;

- жанған кезде азот оксидтерінің түзілімін басу;

- артық ауаның коэффициентін азайту;

- сатылы жағу;

- түтінді газдардың рециркуляциясы;

- жанарғы конструкцияларының әсері;

- қайнап тұрған қабатты жаққышта өрттеу;

- жер бетіне жақын атмосфера қабаттарында шығарынды

- концентрациясын азайту үшін биік құбырлармен әлсірету.

Практикада бөлінетін  газдармен бірге біруақытта олар болған кезде оксид және азот диоксиді шығарылады. Абсорбциялық процестердің ең күрделі тұсы төменгі химиялық белсенділікпен және азот оксидінің  еруімен байланысты. Мұндай мәселені шешу жолдары: газдық фазада азот оксидінің  және азот диоксидінің толық тотығуы, азот оксиді мен азот диоксидінің  эквимолекулярлы қоспасының пайда  болуына алып келетін азот оксидінің  азот диоксидіне жартылай тотығуы, селективті абсорбенттерді пайдалану, сұйық фазада тотығу немесе сорудың сұйық фазалы катализаторларын пайдалану және азот оксидін белсенді химиялық қосындыларға ауыстыру.

Газдарды күкірт диоксиді мен азот оксидтерінен бір уақытта тазалау әдісі.  Құрамында SO2 және NO2 бар шығатын газдар күкіртті отынды жаққанда пайда болады. Оларды тазарту үшін кешенді әдістер қолданылады.  

Бөлінетін түтінді газдарда көміртегі оксидін азайту іс-шаралары. Толық жанбайтын отын өнімдеріне жану режимін бақылайтын концентрацияны азайтуға алып келетін көміртегі оксиді, формальдегид, көмірсутегі жатады. Көміртегі оксидтері шығарындыларын жанарғыларды және өрттеу режимдерінің әзірлемелері арқылы азайтуға болады. Сұйық отынды қолдану барысында көміртегі оксидінің пайда болуын азайтатын әдістердің бірі сумазутті эмульсия түрінде жағу болып табылады [2].

 

 

    1.  Зиянды газдарды есептеу

 

 

Эмиссиялардың техникалық үлестiк  нормативтерi 1,4-ке тең ауаның артық  коэффициентi кезiнде түтiндi газға  жатқызылады.

Түтінді газдарда күкірт оксидтері шығарындысының жиынтық мөлшерінің есептемесі:

 

                 т/жыл                  (5.1)

 

мұндағы В - қарастырылатын мерзімде г/с, т/жыл, т/ай және т.б. отынның жұмсалуы;

          Sr - отында жұмыс массасына шаққанда күкірттің құрамы, %;

          η' SO2 - қазандағы ұшпа күлмен байланыстырылған күкірт оксидтерінің үлесі;

          η''SO2 - қатты бөлшектермен бірге суланған күл аулағышында ауланатын күкірт оксидтерінің үлесі; 

          η''SO2 - құрғақ күл аулағыштар үшін (электрлі сүзгілер, батереялық циклондар) нөлге тең болып қабылданады.

 

0,02 2000/3600 0,5(1-0,04)(1-0)= 0,17 т/жыл                        

 

Түтінді газдарда азот оксидтері шығарындысының жиынтық мөлшерінің есептемесі:

 

, т/жыл                           (5.2)

 

мұндағы – отынның төменгі жануының жануы, Дж/кг;

 – 1 ГДж жылу үшін  азот оксидінің пайда болуының  мөлшері, кг/ГДж; 

           - техникалық шешімдерге байланысты азот оксидінің шығуының төмендеуінің коэфициенті. Өнімділігі 30 т/ч қазандықтар үшін

 

 т/жыл

 

Түтінді газдарда көміртегі оксидтері шығарындысының жиынтық мөлшерінің есептемесі:

 

, т/жыл                              (5.3)

 

мұндағы - жағылған отынның көміртегі оксидінің үлесі, т/кг;

- отынның химиялық толық  жанбауынан жылудың шығыны, ;

 

Жағылған отынның көміртегі  оксидінің үлесі мына формуламен анықталады:

 

т/кг                                                 (5.4)

 

мұндағы - отынның химиялық толық жанбауынан жылудың шығыны, ;

          R – отынның химиялық толық жанбауынан жылудың шығының өлшемдік коэффициенті, қатты отын үшін R=1.

 

 

 

 т/жыл

 

Есептеме қорытындысы  бойынша эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi отынның жануы кезіндегі жалпы түтiндi газдың шығуы СНжЕ ҚР санитарлық нормаларға сай келетінін және адам денсаулығына аз әсер ететінін байқауға болады, берілген талаптарға толығымен жауап береді.

 

 

    1.  Өрт қауіпсіздігі

 

 

Өрт - адамдардың өмірі мен  денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің  мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану [3].

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк  қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан  Республикасының заңдарына, өрт  қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке  қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық үрдістердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi. [1]

Жылытқыш қазандықтарға қызмет көрсететін кәсіпорынның басқарушысы барлық бөлмелерге өртке қарсы шараларды қадағалаушы ретінде басшы қызметкерлер арасынан жауаптыны тағайындауы міндетті, сонымен қатар өрт құрылғысының істе болуын және өрт сөндіру құралдарына жауапты болуы керек, өрт сөндіру құралдарының тексеру тәртібін бекітіп отыруы тиіс, қызметкерлерге өртке қарсы ережелерді жүргізіп отырун және өртке қарсы қауіпсіздік туралы білімдерін периодты тексеріп отыруы бақылануда болуы керек.

Қазандықта және басқа  учаскелерде жергілікті өрт күзетімен  келісілген және коммуналды жылытқыш қазандықтарға қызмет көрсететін кәсіпорынның басқарушысымен бекітілген өрт қауіпсіздігінің  нақты шаралары мен өртке қарсы  тәртіп бойынша ереже жасалуы  керек.

Қазандықтарды тексеру кезінде бақылауға алу қажет:

  • гехнологиялық регламентгердің орындалуы, технологиялық картасы бар аспап көрсеткіштерін тексеру, өндірістік жайларда бу мен газдың жылыстауын болдырмау мақсатында аппараттардың, құбыр жолдарының, қоймаларының беріктігі мен қымтагыштығын және жарылуы қауіпті концентрациялардың түзілуін тексеру;
  • технологиялық аппаратқа оларды бір уақытта беру кезінде жанатын бу, газ және оттегі арасында қауіпсіз қатынастарды қолдау;
  • аппаратта және қоймаларда өрт-жарылыс қауіпті өнімдердің олардың артық толық кетуін және өнімдердің жылыстауын болдырмау үшін деңгейін реттеу;
  • жалындау мен жарылыс көздерінің пайда болуының алдын алатын аппараттарда қауіпсіз температура мен кысымды қолдау, қысым күрт көтерілген кезде аппаратта ажыраудың болмауы үшін сақтандырғыш клапандар мен тегістеуші желілерді күтіп ұстау;
  • аппараттарды салқындату жүйесініц жарамдылығы;
  • олардың өздігінен жалындауының алдын алу үшін тотықтырғыштарды және жанғыш заттарды жеке сақтау.

Білуі тиіс: өрт сөндіру-техникалық жарақтармен және өрт сөндіру  автокөлік құрылғыларындағы жұмыс  ережесін және орналыстыруды, құрылғыны; оқшаулайтын противогаздарды пайдалану  және қарау ережесін, құрылғысын және олармен жұмыс істеу ережесін; өрт сөндіру қаупсіздігінің негізгі  бөлігі мен материалдарын; өрт сөндіру  және өрт сөндіру күзеті құрылымдарындағы қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін бұйрықтар мен нұсқаулықтарды; гарнизонды және қарауылды қызметтердің міндеттерін.

ҚНжЕ ІІ-2-80 сәйкес барлық өндірістерді өрт, жарылыс және жарылыс-өрт  қауіптіліктерді категорияларға бөлінеді. Жобаланған қазандық Г категориясы - қыздырылған немесе балқытылган күйдегі ыстықта жанбайтын заттар мен материалдар, оларды өңдеу үдерісі сәулелі жылуды, ұшқындар мен жалындарды бөле отырып қоса жүргізіледі; жанатын газдарды, сұйық және қатты заттарды жағады немесе отын ретінде кәдеге жарататын өндірістер жатады.

Ғимараттар, жайларды және ашық қондырғыларды жобалау кезінде  өндірістің өрт қауіптілігінің категориясын, осы ғимараттардың отка төзімділік дәрежесін, қолданылатын құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі шегін ескеру қажет. Су жылытқыш қазандық 3-дәрежелі категорияға негізгі конструкциялары жанбайтын, ал негізгі емес конструкциялары (қабат аралық жабындар және шатырдың жабындары) баяу жанатын болады, олардың от төзімділік шегі 0,25-2 сағат. Бұл жагдайда топтық әрекеттегі дренчерлік қондырғылар қолданылады, жайдағы қалыпты температура кезінде желіге судың шығуы (магистральдық су құбырынан) топтық әрекеттегі клапананмен жабылады. Клапан автоматты түрде немесе қолмен ашылады, бұл ретте дабыл сигналы беріледі. Кәсіпорындарда басқа өрт сөндірудің стационарлық қондырғылары — бу, ауа- көбікті, автоматты газды сөндіру құралдары және т.б. қолданылады [3].

Өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер етуінің алдын алу үшін ғимараттарды жобалау кезінде адамдардың ғимараттан жылдам эвакуация мүмкіндігі қарастырылған. Эвакуация уақыты жұмыс орнынан сыртқа шыққанға дейінгі ара қашықтықпен анықталады. Барынша қашық жұмыс орнынан эвакуациялық шығатын орынға дейінгі максимум ара қашықтық өндіріс категориясына байланысты, ғимараттың отқа төзімділік дәрежесі 100 м аспайды. Эвакуациялық шығатын орындардың саны екеуден кем болмауы тиіс. Эвакуациялық шығатын орындар (ҚНжЕ 2.01.02-85): бірінші қабат жайынан тікелей сыртқа карай немесе вестибюль, коридор, сатылы клетка арқылы; бірінші қабаттан басқа, кез келген қабат жайынан, сатылы клеткаға апаратын коридор арқылы, тікелей сыртқа шыға алатын немесе вестибюль арқылы; сол қабаттағы жайдан көршілес жайға жоғарыда көрсетілген шығатын жолдармен қамтамасыз етілген. [2]

 

 

  1. Өнеркәсіптік экология

 

 

Өнеркәсіптік  экология –  өнеркәсіптік өндіріспен биосфера өкілдері арасындағы өзарабайланысты зерттейтін, неғұрлым тиімді, экономикалық әдістерді  және биосфера обьектілерінің өзараретінің механизмдерін сақтай отырып, өндірісті  басқару және қалыптастыру құралдарын анықтайтын ғылым. 

Экологиялық қамтамасыздандыру  – бұл табиғи ортаның сапасын  қалыптастыру және сақтауға бағытталған, сонымен қатар ұлттық- шаруашылық, мәдени-тұрмыстық және басқа да обьектілерд , құрылымдарды  адам өмірінің жоғары дәрежесін қамтамасыз ету үшін жұмыс  істеу процесінде ұйымдастыру –  техникалық, әлеуметтік – экономикалық, құқықтық реттеу және басқа да іс-шаралардың жиынтығы.

Адамның өндірістік қызметінің кең ауқымды масштабтары әлемде үлкен позитивті өзгерістерге әкелді – яғни, мықты өнеркәсіптік және ауылшаруашылық потенциалдардың құрылуына, көліктің барлық түрлерінің кең ауқымда  дамуына, үлкен жер аумақтарының мелиорациясына, жалған климат жүйесін  құруға.  Сонымен қатар, қоршаған орта жағдайы күрт нашарлап кетті.  Атмосфераның кірленуі, субұрқақтардың ластануы, топырақтың қатты, сұйық және газдық қалдықтармен ластануы қорқынышты шамаларға жетуде, қайтажаңғыртылмайтын табиғат ресурстарының таусылуы, ең алдымен пайдалы қазбалардың  және сығылған судың азаюы. Келесі экосфера жағдайларының нашарлаулары адамзат  үшін алысқа баратын кері әсерге әкелуі мүмкін (аурулардың көбеюі, бала өлімдері, өмір сүрудің қысқаруы және т.б. Сондықтан  табиғат қорғанысы, оның ластанудан қорғалуы маңызды ғаламдық мәселелердің біріне айналды

Заманауи өнеркәсіптік экология- бұл биосфераға өнеркәсіптік қызметімен әсер етуді және техносферадағы эволюциясын  зертейтін, сонымен қатар адамзат  дамуында еш қасіретсіз техносферадан  ноосфераға өту жолын анықтайтын жеке дара ғылым.

Өнеркәсіптік экологияның  мақсаттары болып табылады: табиғи ресурстарды рационалды қолдану  мәселелерін шешу, қоршаған ортаны ластанудан сақтау (бірінші сатысында- шектеу), техногендік және биогеохимиялық заттардың айналуларын біріктіру, яғни өнеркәсіптік экология эколого- экономикалық жүйелердің тұрақты функциялану  құралы болып табылады.

Өнеркәсіптік экология алдындағы  маңызды мәселелер болып табылады:

  • Қоршаған ортаны ластауды бақылау;
  • Экологиялық жағдайлардың анализы; 
  • Ластаушы салаларын және ластау көздерін анықтау;
  • Табиат қорғау қызметінде материалдар шығынын төмендетуді есепке ала отырып қауіпті қалдықтарды тастаушы  ластау көздерін төмендетцу жолдарын табу;
  • Шаруашылық қызметіндегі жағдайларды болжау;
  • өнеркәсіптік технологияларды экологиялау;
  • ауаны және суды тазарту;
  • қатты өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды көміп сақтау немес қолдану мәселелері;
  • қоршаған ортаға өндірістің кері әсерін ескерту;
  • шикізаттарды және энергетикалық ресурстарды тиімді қолдану, оның ішінде екінші материалдық және энергетикалық ресурстар;
  • қабылданған шешімдердің салдарын есепке алу;
  • экологиялық шектеулерді есепке алумен жоспарлау;
  • қоршаған ортаның сапасын бақылау;
  • барлық технологиялық процестерді бақылау (шикізатты алудан қалдықтарды сақтауға дейін);
  • азқалдықты процестерді қолдану;
  • ресурстардың рециркуляциясы;
  • техникалық шешімдердің эколого- экономикалық зерттелуі.

Информация о работе Жұмыстың идеясы қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып арзан және экологиялық таза энергияға қол жеткізу