Костюмдегі тепе – теңдік, симметрия және ассиметрия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Жыл маусымына және қолдану ерекшелігіне қарай әртүрлі материалдан дайындалады, осыған орай олар жүн, жібек, мақта зығыр маталардан, сондай –ақ табиғи, синтетикалық және аралас талшықтардан тігілген киімдер деп бөлінеді. Адам дене бітіміне қонымдылығына қарай киім иықты, кеуделік, белдікті киім болып бөлінеді. Пальто, жакет,жейде, куртка, сарафан – иықты киімге; жеңсіз, киім – жилет тағы басқа түрлерін жатқызуға болады. Әрқилы қоғамдық өндірістік, спорттық, сәндік, формалық іс – әрекетке бай ланысты киім тұрмыстық және арнайы киім болып бөлінеді.

Содержание работы

Кіріспе ( жалпы киім)
І. Негізгі бөлім
1.1. Костюмді модельдеудегі тепе – теңдіктің маңызы.
1.2. Костюмдегі ассиметрия, симметрия заңдылығы.
ІІ. Практикалық. Тепе – теңдік, симметрия, ассиметрия заңдылығынан құрылған костюм формалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Костюмдегі тепе.docx

— 35.32 Кб (Скачать файл)

Костюмдегі     тепе – теңдік, симметрия және ассиметрия

Жоспар

Кіріспе ( жалпы  киім)

І. Негізгі бөлім

1.1.  Костюмді модельдеудегі  тепе – теңдіктің маңызы.

1.2. Костюмдегі ассиметрия, симметрия заңдылығы.

ІІ. Практикалық. Тепе – теңдік, симметрия, ассиметрия заңдылығынан құрылған костюм формалары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Киім – адам өміріндегі ең бірінші қажеттілікке жатады. Ерте кезде адамдар киімді өз организмдерінің  табиғат құбылыстарынан қорғану  үшін пайдаланған.   Киім – кешек  ұғымы адамның денесін толық  немесе жеке бөліктерін жауып тұратын, жамылғылар жиынтығы. Ол уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық  туралы белгілі бір ұғымды бейнелейтін  модамен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын  бұл көзқарастар өзгеріп мода ағымы да үнемі жаңарып отырады. Әр дәуірге, әрі тарихи кезеңдерге сай  киімнің өзіндік ерекше формасы  мен пішімі, бұйымдар жиынтығы бәрі қосылып арнайы бір стиль құрайды.  Қазіргі заман киім үлгісін дайындау үшін алдымен оның ыңғайлылығын, үнемділігін, тиімділігі мен эстетикалық сапасын  ескеру қажет. Себебі, дизайнер костюм үлгісі арқылы адамдарға белгілі  бір ақпаратты жеткізуге ұмытылады.

Қазіргі  заманғы  киім үгісі  адамның  жас  ерекшелігіне, әркімнің  киіну  максатына,  жыл  мезгіліне,  мата  түрімен  оны  дайындау тәсіліне  байланысты.  Киім ерлер  және әйелдер киімі  болып, ал жас ерекшеліктеріне  қарай  балалар  киімі, жастар,  орта жастағы  және  егде  жастағылар  киім  үлгісін  болып бөлінеді.

Киімді  пайдалану  мақсатына  қарай  киім  сыртқы  киім,ішкі киім, корсетті белді  қысып  тұратын  созылмалы  жалпақ  белбеулі  бұйымдар,  жағажайға  арналғен  киім  және  бас киімдер  болып  бөлінеді

Әр  киім  түрінің  пішіні  және  силуэтімен  айқындалған  модельдің  құрылымына  қарай  да, жең, жаға  пішүіміне  қарай  да  түрлері  болады. Сыртқы  киім  пальтолық  және  костюм – көйлектік  бұйымдар  болып  бөлінеді. Сыртқы   киім – корсеттік бұйымдар, іш киімдер  және  костюм – көйлектік  бұйымдар  сыртынан  киілетін  киім.

Киім жыл  мезгіліне  қарай  қолданылатын  киімдер  маусымдық  деп бөлінеді, олар: қыстық, жаздық, күздік, көктемдік, көктем –  күздік  және  жалпымаусымдық.

Жыл маусымына  және  қолдану  ерекшелігіне  қарай әртүрлі материалдан  дайындалады, осыған орай олар жүн, жібек,  мақта зығыр маталардан, сондай –ақ  табиғи,  синтетикалық  және  аралас талшықтардан  тігілген  киімдер  деп бөлінеді.  Адам  дене  бітіміне  қонымдылығына  қарай киім  иықты, кеуделік, белдікті  киім болып  бөлінеді. Пальто, жакет,жейде, куртка, сарафан  – иықты киімге; жеңсіз, киім –  жилет тағы  басқа түрлерін  жатқызуға  болады.  Әрқилы қоғамдық  өндірістік, спорттық, сәндік, формалық  іс – әрекетке  бай ланысты  киім тұрмыстық және арнайы  киім  болып бөлінеді.

Тұрмыстық  киім – бұл  күннделікті тұрмысқа және жұмысқа, мәдени орындар мен ойын- сауыққа, демалуға және үй шаруашылығына  арнап  киілетін киімдер.

Киімнің көркемдік – бейнелік  шешімі сәнді киімнің  барлық бөліктерінің  өзара сәйкестігінің адам ерекшелігімен  және қоршағаған  ортамен  байланысын  талап  етеді. Демалысқа арналған  киімдер – спортпен айналысуға, серуендеуге, теңіз жағасында демалуға арналған  немесе басқа да киілетін киімдер бар. 

Оларға қойылатын негізгі талаптар:  киімнің  ыңғайлылығы, қызмет көрсету  дәрежесі, сондай – ақ  әр адамның  өзін жеке тұлғағ ретінде сезіне білу,  сондықтан бұл киімде  спорттық киім мен трикотаждық  бұйымның  қосылған  элементі басым болады. Бұл киім түрі де басқа күнделікті  тұрмыстық киімдер сияқты  сән үлгісі  ықпалына ергіш.  Сондықтан оларда сол кездегі сән улгісіне  сәйкес силуэт, ұзындық,  композициялық құрылым көрініс табады.  

Қазіргі уақытта заман  талабына қарай костюм сәнді әрі  көркемдеп тігілуіне эстетикалық  талғамына, ыңғайлылығы, үнемділігін  сапасына қатты мән береді. Костюм киім киісіне қарағанда мәдени қолданыста көбірек пайдаланылады. Әр түрлі тарихи және экономикалық  өзгерістер  костюм пішінімен түрінің пайда болуына жол ашты. Оның дамуы сән мен стильдің ауысымымен қатар жүріп отырады.

Қазіргі заман киім үлгісін  дайындау үшін алдымен оның тыңғайлылығын, үнемділігін, тиімділігі мен эстетикалық  сапасын ескерту қажет. Себебі, дизайнер  костюм үлгісі арқылы көрерменге белгілі  бір ақпаратты жеткізуге ұмтылады. Модельер немесе дизайнерлердің шығармашылық еңбек етуге әсер ететін факторлардың бірі шынайы өмір мен қиялдан туындаған  туындылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Негізгі бөлім

1.1.  Костюмді  модельдеудегі тепе – теңдіктің  маңызы.

 

Киімнің негізгі атқаратын  эстетикалық және тұтыну қызметіне, яғни                       оның формасы, конструкциялық шешімі, материалды таңдап алуы, әшекейі мен  түсіне байланысты.

Костюм формасы ол-киімнің  сыртқы құрылымын білдіреді.

Эстетикалық шешімі дұрыс  ұйымдастырылған костюм формасы  өзінің мәнерлігімен көзге түседі: яғни силуэтті, сонымен қатар костюм пропортцияларының қатынасы дұрыс  орындалып бөлшектердің ритмдік  реттілігі айкын болып, костюм қолдануына түсінің үйлесілімділігі әсер етеді.

Костюм формасы қарапайым  немесе күрделі болып көптеген бір-бірімен  байланысты элементтержиынтығын құрайды. Форма элементтерінің біркелкі жалғасы  әрі біркелкі бағытта келесі формаға  ауысуын пластика атайды.

Киімнің негізгі атқаратын  эстетикалық және тұтыну қызметіне, яғни                       оның формасы, конструкциялық шешімі, материалды таңдап алуы, әшекейі мен  түсіне байланысты.

     Пластика -бұл форманың иілгіш қасиеті, ол бірнеше факторларға тәуелді болып әрі және оның образдық құрылымын айқындайды. Әсіресе материалдық пластикалық қасиетін ескеру қажет. Суретші модельерлер түрлі тігін материалдарымен – мата, трикатаж, мех, және тағы басқа материалдарының қасиетіне ие, олар жобаланатын костюмді қабылдауға әсер етеді. 

     Костюм формасын  кеңістіктегі көлемді обьекті   ретінде қарауға болады. Костюм  формасын киім силуэті айқындайды. Силуэт- бұйым формасының нобай сызықтары арқылы нақты ерекшеліктерін айқын көрсетеді. Киім силуэті адам денесіне киімнің қыналуына байланысты мынандай түрлерге жіктейді:жартылай қынамалы, қынамалы, тік, етекке қарай кеңейтілген, немесе тартылған, сонымен қатар түрлі геометриялық формалы болып келеді(тік төрт бұрыш, трпециялы, оваль, екі үшбұрыш, х-секілді, о-секілді т.б)

Киімнің геометриялық формасын өзгерту нәтижесінде яғни, жеке бөліктерінің көлемін ұлғайту немесе кішірейту  арқылы оның силуэтін өзгертуге болады. Сонымен қатар, форманның жеке элементін  ауыстыру арқылы оның басқада элеметтенін  өзгертуге әсер етеді. Киімдегі сызықтар, әшекейлер және киімнің түсі мен  мақтанның фактурасы, суретті және жеке бөліктерінің өлшемдері бәріде киім формасын қабылдауда көз бояушылық  әсер етеді. Сонымен, костюм формасын белгілі  геометрияық түрлерімен өлшемер, масса, силуэт және киім бетінің ерекшеліктері  арқылы айқындалады. Костюм формасы  жекелеген көлемдерімен және жеке костюм бөліктерінің түйіндесуімен, конструктивтішешім табу нәтижесінде пайда болады. Костюмнің  жеке бөліктерін түйіндестіретін сызықтар. Оларға біріктіруші рельефті, бүкпе, қима бүкпе тағы басқа тігілсе, онда олар конструктивті сәндік сызықтар деп аталады. Сонымен қатар киімдегі жолақтар, таспа баулар, мережка  және т.б. сәндік сызықтар жатады.

Киім формасын шығаруда қолданылатын материал өзінің пластикалық (иілгіштік) қасиетіне шаршаулану дәрежесімен  айқындалады: яғни олар жұмсақтығы, сусымалылығы айқын немесе қатаң бетілігімен  ерекшеленеді. Сондықтан киімнің  пластикалық қасиеті оның конструктивті  шешімі мен мата қасиетіне байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Костюмдегі  ассиметрия, симметрия заңдылығы.

 

Композицияның маңызын ашатын мүмкігндіктер төртке бөлінеді: олар, ырғақ, композицияның сюжетті ортасы, симметрия және ассиметрия, басты  тұлғаның екінші орынға орналасуы.

Ырғақ–композициядағы бейненің кезектесіп орналасуы, олардың белгілі  ретпен қайталануы, сонымен қатар  ондағы бейнеленген адамдар мен  жануарлар көрінісіндегі қимыл  қозғалысындағы қайталанулардың және олардың динамикалық ерекшеліктері.

Сюжеттік орталық заңдылығы  – өзіне ерекше назар аударатын, композициялық идялық мазмұнды ашатын картинаның басты бөлігі. Сюжеттік аралықта идеялық ойды білдіретін кейіпкер көрінісі немесе зат, табиғат көрінісі берілуі мүмкін. Композициялық ойды ашатыннегізгі көріністермен қатар  картинада қосалқы элементтер де болады. Олар идялық ойды толықтыру  қызметін атқарады.

Симметрия заңдылығы. Симметрия  атауы композицияның оң және сол  жақ бөлігінің салмағының, пішінінің, түсі мен реңінің тепе-теңдігін, ондағы элементтердің өзара үйлесімділігін сұңғақтығын қамтамасыз етеді. Симетрия ою-өрнекті бейнелеуде жиі қолданылады. Картиналарда симметриялық бөліну айқын  байқалмаса да көріністердің өлшемдері, саны, бояу түстерінің теңдей бөлінуіне  жағдай жасайды. Өлшем үлкендігін түс  өлшемдерінің қанықтығы т.б. мүмкіндіктері  арқылы тепе-теңдікке жақындатылады. Композициядағы бейнелеудің ассиметриялық орналасуы  кескіндемені салмағы, пішіні, өңі жағынан  тең екі бөлікке бөліп қойғандай  әсер қалдырмайды, ондағы бейнелер тынымсыз, бір-бірімен араласып, тепе-теңдік жағынан  ауытқып жатады, бірақ шығармадағы  жалпы тепе-теңдік композициялық  ырғақтылықтың үйлесімді берілуі  нәтижесінде сақталады.

 

 

 

ІІ. Практикалық. Тепе – теңдік, симметрия, ассиметрия заңдылығынан құрылған костюм формалары

 

Киім формасының қалыптасуына мода да үлкен әсер етеді.

Мода қоғамы әлеуметтік топтың  дамуына мүмкіндік болған жағдайда,  белгілі бір мәдени образдардын  жолында ғана тарайды. Модаға қарағанда, қоғамда әдет-ғұрып  пен заң әлеуметтік топтарда белгілі бір мәдени образдарды жақсырақ бекітеді. Мысалы, орта ғасырда Европадағы төменгі сатыдағы адамдарға ақшыл түстен киім киюге тиым салынды, өйткені тек басшылар мен байлар ғана ақшыл киім киюге рұқсат етілді, себебі ол онда мода ағымы еді. Қандай материалдан және қандай формада киім тігу керектігін король айтып отырды. Мысалыға, 1480 жылы Француз королі Карл-VІІІ жоғары дворяндардан басқалары алтын мен күміс әшекейлерін, жібек маталарынан киім киюіне рұқсат бермеді және сол адамнын шені немесе қызметі қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың шұлықтары мен аяқ-киімдері ұзын болуы керек деді. Неміс социологы Г.Зиммель ХІХ ғасырдың аяғында қоғамның ерекше белгілерін атап көрсетті:

  1. Қоғамда әлеуметік таптарының арасында ерекшелік болуы тиіс, яғни бөлінуі керек. (Сондықтан алғашқы қауымда мода болмаған).
  2. Төменгі саты адамдарының жоғары қоғамға тән ерекшеліктерінің байқалуы.

Динамикалылығы – яғни тұтынушыларға тез жайылуы.

Әлеуметтік дифференция  және қолайлылығы.

Ашық (коммуникация каналының  дамуы) жариялануы.

Шығын (тренажер материалының даму жүйесі).

Батыс Европада қала мәдениетінің дамуымен бірге 12-13 ғасырда мода пайда  болды, бірақ моданың туған жері, яғни король мен дворяндықтар кезінде  пайда болған қоғам дамуында мода әлеуметтік реттеуші  болып табылды.

Мода - әлеуметтік статусты білдіретін әдіс қана емес, сонымен  қатар , массалық коммуникация формасы, адамдардың арасындағы араласу, қарым  – қатынас жасау әдісі болып  табылады. Мода өзін - өзі сендіру, көндіру, механизмімен байланысты болады. ХІХ  ғасырдың өзінде –ақ көптеген зерттеушілер, соның ішінде Спенсер: “Мода дегеніз– бұл негізінде еліктеу болып  табылады”- деген. Шешуші рольді мода екі түрлі рольді атқаруға әсер етеді:

  1. Сыйластық
  2. Теңесу немесе жарысу

Мода ағымы қоғамдағы  орны мен оның өзіне деген, басқаша  деген қарым – қатынасын, әсерән ашып көрсетіп, өз заманынан әсерін тигізді.

Американдық социолог Дж. К. Гэлбрейт мынаны айтқан:   “ Мода стандарты мен образдарын игеру  белгілі бір психикалық реакцияға  байланысты”.

Сонымен, қорыта айтқанда мода үнемі жаңару үстінде болып көпшіліктің  көкейінен шығатын, әлеуметтік әрі  психологиялық әсері үлкен ағым. 

Силуэт- дегеніміз, адамдардың немесе басқа нәрселердің тұлғасының сырт нобайын ерекше түсетіндей әсерлеп  бейнелеу нәтижесі. Силуэт контурлы немесе таңба күйінде бейнеленеді.

Киім дизайынында форманы шығарудың жалпы заңдалықтарын композиция анықтайды. Композицияның мақсаты қолдануға тиімді әрі функциональды, конструктивті эстететикалық құндылыққа ие кіим үлгілерінің формасын дайындау. Костюм формасын жобалауда белгілі бір тәсілдерді қолдануды қажет етеді Атап айтсак олар:

          ұксастылық, контраст, нюанс;

          масштаб, масштабтылық;

          симметрия, ассиметрия;

          статика, динамика

Композицияның басты қағидасы: форма мен мазмұнның бірегейлілігі мен қурылымының тұтастығында.

Информация о работе Костюмдегі тепе – теңдік, симметрия және ассиметрия