Чеканочный пресс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 08:57, курсовая работа

Описание работы

Машина жасаудың басты міндеті - өнеркәсіптің барлық салаларын, ауылшаруашылығы мен ғылымды жоғары сапалы және жоғары өнімді механизмдермен, машиналармен, станоктармен және приборлармен қамтамасыз ету. Оның өндірісте жетекші роль атқаратындығы да осыдан.Машина жасаудың даму деңгейі едәуір дәрежеде еліміздің техникалық прогресс жолындағы жетістіктерін, қоғамның материалдық байлығының өсуін, халықтың әл-ауқатының және еңбек жағдайларының жақсаруын анықтайды.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Механизм туралы мағлұмат
3. Механизмнің құрылымдық анализі
4. Механизмнің кинематикалық анализі
а) орындар планы
б) жылдамдықтар планы
в) үдеулер планы
г) кинематикалық диаграммалар
5. Жұдырықшалы механизмнің синтезі
6. Кинематикалық диаграммаларды құру
7.Қорытынды
8. Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

кусты__ жумыс.docx

— 371.04 Кб (Скачать файл)

                                               

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Механизм туралы мағлұмат

3. Механизмнің құрылымдық  анализі

4. Механизмнің кинематикалық  анализі

    а) орындар  планы

    б) жылдамдықтар  планы

    в) үдеулер  планы

   г) кинематикалық диаграммалар

5. Жұдырықшалы механизмнің   синтезі

6. Кинематикалық диаграммаларды құру

7.Қорытынды

8. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе

Машина жасаудың басты  міндеті - өнеркәсіптің барлық салаларын, ауылшаруашылығы мен ғылымды  жоғары сапалы және жоғары өнімді механизмдермен, машиналармен, станоктармен және приборлармен қамтамасыз ету. Оның өндірісте жетекші  роль атқаратындығы да осыдан.Машина жасаудың даму деңгейі едәуір дәрежеде еліміздің техникалық прогресс жолындағы  жетістіктерін, қоғамның материалдық  байлығының өсуін, халықтың әл-ауқатының  және еңбек жағдайларының жақсаруын  анықтайды. Сондықтан да еліміздің  экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларында  машина жасауды дамытуға көп көңіл  бөлініп, жекелеген машиналар мен  технологиялық процестерді жетілдіру, өндірістің барлық саласын механикаландыру  мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары машиналар, жабдықтар, приборлар жасауға, оларды жаппай қолдануға  көшуді дәйекті түрде жүзеге асыру  міндеттері қойылған.Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жоғары талабына сай мамандар даярлау – аса  маңызды іс.

          Машина жасау салаларының мамандарына  – жаңа машиналар мен механизмдер  жобалайтын инженер-конструкторлар  үшін де, машина жасау өнеркәсібі  және оларды пайдалану саласында  істейтін инженер-механиктер үшін  де, ғылымның көптеген салаларымен  бірге машиналар мен механизмдер  теориясы /ММТ/ білімдері өте қажет.Әртүрлі  приборларда, машиналарда және  автоматты линияларда қолданылатын  механизмдерді жетілдіре түсуде, қазіргі талапқа сай жаңа машиналар  мен механизмдер жобасын жасауда  ММТ-ы ерекше орын алады.

       Машиналар  мен механизмдер теориясы механиканың  жалпы принциптері мен заңдарына  сүйене отырып, қазіргі бар механизмдерді  зерттейді және жаңа ерекше  механизмдер жүйесін жасау /жобалау/  әдістерін қарастырады. Машиналар  механизмдерінің теориясынан КУРСТЫҚ  ЖОБАЛАУ осы пәнді игеріп, оқудың  бір түрі болып есептеледі  және мұнда пәннің негізгі  бөлімдері қарастырылады.

     Машина жасау, ауыр өнер кәсіп салаларының комплексті халық шаруашылығына еңбек құрал- жабдықтарын, тұтыну заттары мен қорғаныс үшін қажетті өнімдер дайындайды.  Машина жасаудың басты міндеті – өнеркәсіптің барлық салаларын ауыл шаруашылығы мен ғылымды жоғары сапалы және жоғары өнімді механизмдермен, машинамен , станоктармен және приборлармен қамтамассыз ету. Оның социолистік өндірісте жетекші роль атқаратындығы осыдан. Машина жасау- СССР халық шаруашылығының техникамен қайта жарықтануының негізі болып табылады.Машина жасаудың даму деңгейі елеулі мөлшерде еліміздің техникалық прогресс жолындағы жетегін анықтайды. Бұл қоғамның материялдық байлығын өсіруге, еңбек жағдаймен жақсартуға және мемлекеттік қорғаныс мүмкіндігін нығайтуға өз әсерін тигізеді.

   1940 пен 1972 жылдары  аралығында жалпы машина жасау  саласы  өнімділігі 12 есе өсті. Бұл  жылдардамашина жасау СССР өнер  кәсіптер көлемі бойынша өнім  шығаруда, негізгі өндірістік қордың  құны мен  кәсіпорындағы жұмысшылар  саны жағынан бірінші орынға  шықты.

Қазіргі уақытта машина жасаудың станок  паркінің негізін жасайтын жоғарғы өнімді станоктар, пресс машиналар, құю және дәнекерлеу жабдықтары, жүк көтеру- транспорт пен тиеу- түсіру машиналары. Машина жасаудың өсуі өндіріс құрлымын жақсартудың, Қазақстан өнеркәсіптерін комплексті дамуының маңызды факторы болады. Бүкіл одақ бойынша машина жасаудағы еңбекті бөлісуде республиканың салмағы арты, осы саланың өнімі бойынша республиканың салмағы арты, осы саланың өнімі бойынша республиканың республикааралық қарым қатынасы кеңейді.Сонымен 1965 пен 1974 жылдар аралығында Қазақстанның кейбір маңызды машина жасайтын өндірістерінің жалпы одақтық өнімдегі үлесі ауыл шаруашылығы машиналар бойынша 1,4 проценттен 3,4 процентке, автомат құралдары және оның запас бөлшектері 0,8 процентке арты. Бұл жылдар ішінде республиканың машина жасаудағы өнімдерін шет елдерге экспортқа шығару ұлғайды.

Машиналар мен механизмдер  теориясы механиканың жалпы принциптері  мен заңдарына сүйене отырып, қазіргі  бар  механизмдерді зерттейді  және жаңа  ерекше механизмдер  жүйесін  жасау әдістерін  құрастырады. Машиналар  механизмдерінің  теориясынан КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС осы пәнді игеріп, оқудың бір түрі болып есептеледі және мұнда пәннің негізгі бөлімдері қарастырылады.

                 Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:

  • Пәннің материялдарын жақсылап ұғып, түсініп, білуге септігін тигізу;
  • Студентерді машиналар механизмдерін зерттеу және жұмыстың бастапқы кезендерінде өздігінше зерттеу, есептеу- графиктік жұмыстарын жүргізуге үйретіп, өзгерістер енгізіп, өздігінше  шешім қабылдауға және жаңалықтар ашуға бейімдеу;
  • механизмдерді жасаудың және зерттеудің жалпы тәсілдерін әр түрлі қызмет атқаратын белгілі машиналар мен жабдықтар және приборлар механизмдерін жасау және зерттеу үшін қолдана білуді үйрету;
  • студенттерді  жұмыстың есептің шығару жолдарын ізденуде шығармашылық ойлануға баулу;
  • жұмысты қорғау кезінде көпшілік алдында өзінің істеген жұмыстарының қорытындысын айтып, қабылдаған шешімдерін дәлелдеп, түсіндіріп баяндауына мүмкіндік беру;

                   

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

                                 Баспа (пресс) механизмі.

 

Баспа (пресс)-бұл механизм зат пішінін қысуға немесе сығуға арналған механизмі. Бұл механизмді белгілі бір заттың пішінін өзгертуіне және ауыр затты көтеруге немесе орын ауыстыруына және де ұстаханалық штапылау жұмыстары үшін арналған механизм болып табылады.

Бұрынғы кездерде ескі баспа (пресс) механизмдерінде мысалға зәйтүн майын алу үшін, арнайы доңғалақ пішінді аумақты ойығымен тас ұсынылды. Осы аумақты  тас тесігін зәйтүн майымен толтыру үшін, үстіне басқа тас қойылды яғни тас өз күш салмағымен зәйтүнді сығып зайтын майын алған.Ол зәйтүн майы арнайы тесік арқылы шығарылып отырған.

Баспа (пресс) механизмінің келесі түрлері бар

  1. Үйінділер (Валковые)
  2. Бұрандалы (Винтовые)
  3. Гидравликалық (Гидравлические)
  4. Сына (Клиновые)
  5. Кривошип (Кривошипные)
  6. Магнитті-импульсты  (Магнитно-импульсные)

 

     Бұрандалы тығыздауыш - бұл баспа (пресс) түріне, шток тығыз-дауыштың қозғалысы жоғары және төмен болып келеді. Бұл механизмнің жұмыс істеу принципы мынадай, ауыспалыққа әкеп соғатын жапыстырмалы


ручкалар немесе дөңгелектер  қозғалыс кезінде  аз күшке және аз ауыспалыққа үлкен күшпен әрекет жасайды. Жапыстырмалы ручкалар әдетте шар тәріздес болып келіп және момент күшімен ерекше күшті басқару үшін қолданылады.  

          Гидравликалық тығыздауыш – бұл еңқарапайым  гидравикалық машина болып келеді.Гидравикалық тығыздауыш ол үлкен қысымға әкеп соғу үшін арналған машина. Гидравликалық тығыздауыштың бұрынғы атауы «Брамма пресс» деп аталатын, себебі Гидравликалық тығыздауышты Джозефом Брамма 1795 жылдары ойлап тапқан болатын.


      Гидравликалық тығыздауыш- әр түрлі өлшемді екі хабарландырғыш гидравикалық цилиндірлі піскектерден (поршен) тұрады. Цилиндір гидравикалық сұйықтықпен толтырылады. Франциялық философ Блез Паскальтің заңы бойывнша тепе- тендік күйде жатқан сұйық не газға әсер етілген қысым сол сұйық не газдың кез- келген нүктесіне барлық бағытта бірдей таралады.Паскаль заңы- гидрастатиканың ең басты заңы болып келеді.Гидравикалық тығыздауыштың барлық зауыттар мен яғни оның өндірістерінде гидрастатиканың заңында негізделеді. Мысалға гидарвикалық тығыздауышт пен тұтқаның нәтижесімен салыстыруға болады, яғни күш әрекет і ретінде суықтықты пайдаланылады, ал күш әрекеті бет ауданының қатынасына тәуелді болып келеді.

       Гидравликалық жетек-  гидросорғы беретін сұйықтықтың, кысымы арқылы жұмыс машинасын өрекет етуге келтіретін құрылғы. Үдемелі ауыспалылық, әдетте, гидравликалық цилиндрдің көмегімен жүзеге асырылады, айналмалы қозғалысты байланыстыру үшін гидромотордықолданады. Гидравликалық жетек үлкен шекте жылдамдықты біркелкі өзгертуге және білдекгі тоқтатпай жұмыс қозғалыстарының бағытын кері қарай жүргізуге мүмкіндік береді; бірқалыпты жұмыс істеумен ерекшеленеді және барлық түрдегі металл кесетін білдектерде кеңінен қолданылады. Резервуардың май сорғы мен шүмек және реттығын арқылы цилиндрдің оң жақтағы қуысына поршень және онымен байланысқан білдектін үстелін беру қозғалысын жасауға мәжбүр ете отырып беріледі. Реттығын жеке шүмекпен басқарылатын сервоцилиндр арқылы қозғалысқа келеді. Үстелдің кері қимылдауы үшін шүмекті бүрады, реттығын сервоцилиндрмен алға қарай қозғалады және цилиндрдің сол жақтағы қуысын сорғымен байланыстырады.


 

          Кривошип тығыздауыш – механикалық тығыздауыштың тағы бір түрі болып келеді, яғни ол айналшақты тиек механикалық көріністі тетігін ұсынады.

    Айналшақты тығыздауыш түрлі бөлшектерді штамптау үшін қолданылады.Оның әрекетінің ұстанымы жорғалағыштың қайталама-ілгермелі  қозғалысына жетектің айланпас қозғалысының өзгерісіне негізделген. Айналшақ тығыздаушының жұмысының бір бөлігі мортабан (штамп) болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Механизмнің  құрылымдық анализі.

 

 

 

 

 

 

Сурет-1 Баспа( пресс) механизмы.

  1. Тірек;
  2. Айналшақ;
  3. Шатун;
  4. Тиек;
  5. Шатун;
  6. Тиек;
  7. Шатун;
  8. Тиек.

Механизмнің кинематикалық  жұптарын латынның бас әріптерімен  белгілеп, оның класы мен түрін  анықтаймыз:

  1. А(0,1)- V класты, айналмалы жазықтық, төменгі кинематикалық жұп;
  2. В(1,2)- V класты, айналмалы жазықтық, төменгі кинематикалық жұп;
  3. С(2,3)- V класты, айналмалы жазықтық, төменгі кинематикалық жұп;
  4. C`(2.6)- V класты, айналмалы жазықтық, төменгі кинематикалық жұп;
  5. C``(2.4)- V класты, айналмалы жазықтық, төменгі кинематикалық жұп;
  6. C```(3.0)- V класты, ілгерілемелі жазықтық, төменгі кинематикалық жұп;
  7. D(4.5)- V класты, ілгерілемелі жазықтық, төменгі кинематикалық жұп;
  8. D`(
  9. E(6.7)- V класты, айналмалы жазықтық, төменгі кинематикалық жұп;

10)E`(7.0)- V класты, ілгерілемелі жазықтық, төменгі кинематикалық жұп;

Механизм тек қана V класты төменгі кинематикалық жұптардан тұратын болғандықтан жазық механизм болып табылады. Жазық механизмнің еркіндік дәрежесі саны (W) Чебышев формуласымен анықталады:

                    W= 3n- 2p5 – p4

Мұндағы,  n- қозғалмалы звенолар саны;

                 p5 V класты кинематикалық жұп саны;

                 p4 – IV класты кинематикалық жұп саны;

 

                   W= 3∙7-2∙10= 1

Механизм 1- ші суретте көрсетілгендей келесі Ассур топтарына жіктейміз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Механизмнің кинематикалық анализі

Механизмдер кинематикасында  уақыт факторын еске ала отырып, әсер етуші күштерді ескермей звенолар мен олардың жеке нүктелерінің қозғалысын зерттейміз.

Механизмді кинематикалық  зерттеу кезінде әрбір звеноның орналасу қалпын, звено нүктелерінің орын ауыстыруын немесе звеноның бұрылу бұрыштарын, звенолар нүктелерінің сызықтық жылдамдықтарын және үдеулерін, звенолардың  бұрыштық жылдамдықтарын және бұрыштық үдеулерін және механизмнің тағы да басқа кинематикалық параметрлерін  анықтаймыз.

Механизмнің кинематикалық  параметрлерін білу – олардың  жұмысына дұрыс баға беру, машина жұмыс  процесінің жағдайын айқындау, машиналарды  зерттеу және конструкциялау үшін қажет.

 

                               а) орындар планы

Белгіленген масштабпен шартты белгілер бойынша жетекші звеноның 12 орнына сәйкес механизмнің орындар  планын құрамыз, яғни, жетекші звеноның орнына сәйкес қалған барлық жетектегі  звенолардың орындарын анықтап, жетектегі соңғы – орындаушы (жұмысшы) звеноның  жұмыстық жүрісі басталатын орнын бастапқы деп алып, механизмнің планын нөмірлеп шығамыз. Орындардың санын белгілеу жетекші  звеноның қозғалу бағытымен сәйкес жүргізіледі.

Орындар планының масштабын  таңдап аламыз

                           =                                                                              (4)

мұндағы – бірінші звено ұзындығының нақты мәні, м;

                  бірінші звено ұзындығының сызбалық мәні, мм.

Сызбалық мән таңдап алынады: мм

                          = =0,00285                                                            (5)        

Таңдап алынған масштабқа  сәйкес қалған  звенолар мен тіректер арақашықтықтары ұзындықтарының сызбалық мәндерін тауып аламыз:

                              ВС = = = 193мм                                                        (6)

                              СД= =  = 175мм                                                         (7)

                             CЕ = =  = 175мм                                                      (8)  

                                                                       

Есептелініп алынған сызбалық мәндер бойынша  “қию” әдісін қолдана  отырып,   механизмнің 12 орындар  планын саламыз.

А тірегінің орнын анықтап алып, АВ радиуспен шеңбер сызамыз. Шеңберді 12 бөлікке бөлеміз де, айналшақтың   В нүктесінің  сәйкесінш 12 орнын анықтаймыз. Содан соң, С,Д,Е  нүктелерінің айналшақтың 12 орнына сәйкес  “қию” әдісін қолданып орындарын тауып аламыз.

                       

           б) 12 орын үшін жылдамдықтар планы

Механизмнің жылдамдықтар планын құру жетекші звенодан басталады.       В нүктесінің жылдамдығы келесі формула бойынша анықталады:

Информация о работе Чеканочный пресс