Джоуль-Ленц заңына арналған зертханалық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 19:26, лабораторная работа

Описание работы

Материяның жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен айналысатын, дамыған математикалық және эксперименттік зерттеу құралдары бар физика ғылымы білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым жоғары сатысына жетті. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау стилі бүкіл жаратылыстанымдық ойлау стиліне елеулі ықпалын тигізеді. Іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі ретінде ұсынылған әлемнің физикалық бейнесі оқушылардың дүниетанымын және біртұтас ғылыми-жаратылыстанымдық бейнесі туралы көзқарастарын қалыптастырудағы басым модель болып табылады.

Файлы: 1 файл

kz.doc

— 162.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФИЗИКА 

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

10-11 сыныптар

 

жаратылыстану-математикалық  бағыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аcтана 2010

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФИЗИКА

 

;алпы білім беретін мектептің 

жаратылыстану-математикалық  бағытындағы

10-11 сыныптарына  арналған

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2010

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

 

 

 

 

 

Бағдарлама  авторлары: Тоқбергенова У.Қ, Қазақбаева Д.М,

Кронгарт Б. А.

 

 

 

 

 

 

Жалпы білім беретін  мектептің жаратылыстану-математикалық  бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Физика» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 23 б.

 

 

 

 

 

 

                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   © Ы.Алтынсарин  атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010 

 

І. ТҮСІНІК ХАТ

 

Материяның жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен айналысатын, дамыған математикалық және эксперименттік зерттеу құралдары бар физика ғылымы білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым жоғары сатысына жетті. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау стилі бүкіл жаратылыстанымдық ойлау стиліне елеулі ықпалын тигізеді. Іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі ретінде ұсынылған әлемнің физикалық бейнесі оқушылардың дүниетанымын және біртұтас ғылыми-жаратылыстанымдық бейнесі туралы көзқарастарын қалыптастырудағы басым модель болып табылады.

Физика ғылымының дидактикалық принциптер негізінде оқу пәніне трансформациялануы оқу пәнін зерделеудің  объектілерін нақтылау арқылы қоршаған дүниенің сан алуан құбылыстарында орын тебетін табиғат заңдылықтарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Мектептегі физикалық білім беру беру мазмұнының даму тенденциясы физикалық ғылымның ғарыштық құбылыстар, Жер қойнауы мен планеталардағы құбылыстар, тіршілік дүниесіндегі және тірі объектілердің қасиеттері (биофизика, молекулалық биология), ақпараттық жүйе (шала өткізгіштік, ЭЕМ-нің негізі ретіндегі лазерлік және криогендік техника) салаларындағы зерттеу объектілерінің кеңеюімен байланысты.

 «Физика»  оқу пәнінің бағдарлы деңгейі  – белгілі бір бағыт пен  оқу бағдарын таңдап алған оқушылардың игеруі міндетті болып табылатын деңгей. Мазмұнның бағдарлы деңгейі жаратылыстану-математикалық бағыттың қайсыбір бағдарлары аясындағы  оқушылардың физикадан жалпы білімдік дайындығын кеңейтуді және тереңдетуді, сондай-ақ таңдап алған оқу бағдары немесе мамандық саласы (орта немесе жоғары кәсіби)  бойынша білім берудің келесі деңгейімен сабақтастықты қамтамасыз етеді. 

«Физика» оқу пәнін  жаратылыстану-математикалық бағытта  оқытудың басты мақсаттары оқушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, олардың интеллектуалдық қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарын дамыту, құндылық бағдарларын тәрбиелеу болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

– қазіргі заманғы  әлемнің физикалық бейнесінің негізінде  жатқан іргелі заңдар мен принциптер туралы; табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы  білімді игерту;

– бақылаулар жүргізе  алу, экспериментті жоспарлап, оны  жүзеге асыра білу, физикадан игерген  білімдерін әр түрлі табиғат құбылыстары  мен процестерді  түсіндіру үшін пайдала білу, физикадан игерген білімдерін күнделікті өмірдегі және зертханалық мәселелерді шешу, жобаларды орындау, әр түрлі іс-әрекет түрлерінде жаңа міндеттерді қоя алу үшін қолдана алу; ғылыми-жаратылыстану ақпаратының сенімділігін бағалай алу; игерген физикалық білімдерімен жұмыс істей алу үшін әр түрлі ақпарат көздерін және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана алу біліктерімен қарулану.

Мектептің жоғары сыныптарындағы «Физика» курсының мазмұны  іргелі физикалық теориялардың динамикалық  түрде дамитын жүйесі ретіндегі дүниенің физикалық бейнесі туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға бағытталған тұжырымдық идеяға сәйкес анықталады. Физиканың мазмұны осы іргелі теориялар төңірегіне топтастырылады.

«Физика» пәні бойынша білім беру мазмұны ғылымилық, жүйелілік, түсініктілік, біртұтастық, сабақтастық сияқты принциптер негізінде таңдалып алынған.

10-11-сыныптарға  арналған «Физика» оқу пәні  мазмұнының ұсынылып отырған  ауқымын меңгеру республикадағы физикалық білімнің халықаралық тәжірибеде қабылданған деңгейге пара-пар болуын қамтамасыз етеді.

Бағдарлы деңгейдегі  физика курсының мазмұнында жалпы мәдениетті қалыптастыру үшін қажет маңызды  білім, біліктермен қатар, оқушылардың  оқуын әрі қарай жалғастыруы  үшін физикадан дайындықтың жоғары болуын талап ететін білімдер мен  біліктерге үлкен көңіл бөлінген.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартының негізгі ережелеріне (2010 ж.) сәйкес типтік оқу жоспарында физиканы бағдарлы деңгейде оқытуға бөлінетін апталық сағат саны:

10-11 сыныптарда аптасына 6 сағатты, оқу жылында 204 сағатты,  оның ішінде:

10 сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты, 

11 сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты  құрайды. 

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі қолданбалы курстар мен таңдау курстары бойынша оқу бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға бағытталған. Оқыту бағдарына тәуелсіз, физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға мектеп физикадан қолданбалы курстарды таңдауға мүмкіндік беру арқылы пәнді зерделеуге бөлінетін сағат сандарын ұлғайта алады.

Келесі қосымша оқу  бағдарламалары ұсынылады: «Электротехника негіздері», «Көлік физикасы», «Медициналық техника», «Физика және техника», «Физикалық есептерді компьютер көмегімен шешу», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника негіздері», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу технологиясы», «Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері», «Физикадан эксперименттік есептер шешу» және т.б.

 

 

 

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

 

10-сынып

 

(барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағаттан)

Механика (22 сағат)

Кинематика (8 сағат)

 

Кинематиканың негiзгi түсiнiктерi мен теңдеулерi. Кинематика формулалары. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененiң қозғалысы. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Нүктенiң шеңбер бойымен қозғалысы.

 

Динамика (11 сағат)

 

Классикалық динамиканың  заңдары. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Импульстің сақталу заңы. Энергияның сақталу және айналу заңы. Кеплер заңдары.

Қатты дененің айналмалы  қозғалысы. Айналмалы қозғалысты сипаттайтын  кинематикалық және динамикалық  шамалар. Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның  екінші заңы. Гироскоп. 

Сұйықтар мен газдардың  қозғалысы (3сағат)

 

Бернулли теңдеуi. Тұтқыр сұйық. Денелердi сұйықтардың қапталдай ағуы. Қанаттың көтеруші күшi.

Көрсетiлiмдер
  1. Санақ жүйесiн модельдеу.
  2. Траекторияның таңдап алынған санақ жүйесiне байланыстылығы.
  3. Механикалық қозғалыстың түрлерi.
  4. Денелердiң инерция бойынша қозғалысы.
  5. Денелердiң инерттiлiгi.
  6. Өзара әрекеттесу кезiнде денелердiң үдеулерiнiң олардың массаларына тәуелдiлiгi.
  7. Салмақсыздық.
  8. Реактивтi қозғалыс.
  9. Зымыранның моделi.
  10. Ньютонның екiншi заңы.
  11. Ньютонның үшiншi заңы.
  12. Импульстiң сақталу заңы.
  13. Энергияның сақталу заңы.
  14. Денелер тепе-теңдiгiнiң түрлерi.
  15. Маятник. Серiппелi маятник.
  16. Ерiксiз тербелiстер. Резонанс.
  17. Гироскоп.

Лабораториялық  жұмыстар (Таңдауы бойынша 4 жұмыс 1 сағаттан)

1. Дененің ұшу қашықтығының  лақтыру бұрышына тәуелділігі. 

2. Ауырлық және серпiмдiлiк  күштерiнiң әрекетінен туындайтын денелердiң шеңбер бойымен қозғалысын зерделеу.

3. Еркiн түсу үдеуiн  анықтау.

4. Ньютонның екінші  заңын эксперименттік тексеру.

5. Көлбеу жазықтықтың  ПӘК-ң көлбеулік бұрышына тәуелділігі.

6. Үйкеліс коэффициентін  әр түрлі тәсілдермен анықтау.

7. Денелердің тұрақты күштің әрекетінен қозғалысын зерделеу.

8. Ауырлық  және  серпімділік күштері әрекетінен  туындайтын денелердің шеңбер  бойымен қозғалысын зерделеу.

9. Дененің кинетикалық  энергиясының өзгерісі кезіндегі  серпімділік күштерінің жұмысын  салыстыру.

10. Шарлардың серпімді  соқтығысуы кезіндегі импульстің  сақталу заңын зерделеу.

11. Ауырлық  және  серпімділік күштері әрекетінен  дененің қозғалысы кезіндегі  механикалық энергияның сақталуы.

12. Кинетикалық энергия  өзгерісінен дененің қозғалысы  кезіндегі күш жұмысын салыстыру.

 

Практикалық жұмыстар

  1. Эксперименттік есептер шығару
  2. Нүктенің қозғалысын компьютерлік модельдеу.

 

Молекулалық физика (28 сағат)

 

Молекулалық-кинетикалық  теория негiздерi (5 сағат)

 

Молекулалық-кинетикалық  теорияның негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. Молекулалардың өзара әрекеттесу күшi. Термодинамикалық тепе-теңдік. Температура зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде.

Идеал газ. Молекулалық-кинетикалық  теорияның негiзгi теңдеуi.

 

 

 

Газ заңдары (7 сағат)

 

Идеал газ күйінің  теңдеуі. Изопроцестер. Бойль-Мариот, Гей-Люссак, Шарль, Дальтон заңдары.  Газдарды техникада қолдану.

 

Термодинамика негiздерi (11 сағат)

 

Iшкi энергия. Iшкi энергияны  өзгерту тәсiлдерi. Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамикадағы жұмыс. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаттық процесс.

Циклді процес. Карно  циклі.Термодинамиканың екiншi заңы.

Жылу қозғалтқыштары және қоршаған ортаны қорғау.

 

Сұйық және қатты  денелер  (5 сағат)

 

Булану және қайнау. Қаныққан және қанықпаған бу.Заттың кризистiк  күйi. Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi. Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.

Кристалл және аморф  денелер. Қатты денелердің механикалық  қасиеттері. Сублимация.

 

Көрсетiлiмдер:

1 Жылулық қозғалыстың моделi.

2 Броундық қозғалыстың  моделi.

3 Штерн тәжiрибесiнiң  моделi.

4 Денелердiң iшкi энергиясының  жұмыс iстеу және жылу берiлу  кезiндегi өзгеруi.

5 Газ заңдары.

6 Сұйықтардың қайнау  температурасының тұрақтылығы.

7 Судың төменгi қысымда  қайнауы.

8 Ауаның ылғалдылығын  өлшеу.

9 Кристалдар.

10 Сұйықтардың беттiк  керiлуі. Сабын көпiршiктерi.

11 Кристалл денелердiң  балқуы және  қатаюы.

 

Лабораториялық  жұмыстар: (таңдауы бойынша 4 жұмыс 1 сағаттан)

        1.Изопроцестердi зерделеу.

  1. Заттардың меншiктi сыйымдылығын анықтау.
  2. Газдың қысымын әр түрлі тәсілдермен анықтау.
  3. Металдардың молярлық жылу сыйымдылығын салыстыру.
  4. Беттiк керiлудi әр түрлі тәсілдермен анықтау.
  5. Гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау.
  6. Созылу деформациясы кезіндегі серпімділік модулін анықтау.

Практикалық жұмыстар:

1.Эксперименттік және  мазмұнды  есептерді шығару

2.Молекулалық физика  заңдарын компьютерлік модельдеу.

Информация о работе Джоуль-Ленц заңына арналған зертханалық жұмыс