Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 16:06, лекция
Ғылым дамуының қазіргі кезеңі ғылымдар арасындағы барған сайын ұлғайып отырған байланыспен және ғылымдардың өзара сабақтасуымен және әсіресе математика мен физиканың білімнің басқа салаларымен байланысымен сипатталады. Мәселен, соңғы жылдары физиканың, биологияның, психологияның, математиканың, радиоэлектрониканың және басқа ғылымдардың деректерін инженерлік-техникалық міндеттерді шешу мақсатында тірі организмдерді зерттеу үшін пайдаланатын бионика ғылым пайда болды.
Физика курсының басқа пәндермен байланысы
Оқу пәндері арасындағы байланыстың мәні, міндеттері және формалары
Оқу пәндері арасындағы байланыс тиісті ғылымдар арасындағы байланыстың көрінісі болып табылады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өз саласында объективті өмір сүретін бірыңғай материалдық дүниені зерттейді.
Ғылым дамуының қазіргі кезеңі ғылымдар арасындағы барған сайын ұлғайып отырған байланыспен және ғылымдардың өзара сабақтасуымен және әсіресе математика мен физиканың білімнің басқа салаларымен байланысымен сипатталады. Мәселен, соңғы жылдары физиканың, биологияның, психологияның, математиканың, радиоэлектрониканың және басқа ғылымдардың деректерін инженерлік-техникалық міндеттерді шешу мақсатында тірі организмдерді зерттеу үшін пайдаланатын бионика ғылым пайда болды.
Оқу пәндері
арасында байланыс болудың кажеттілігі
сондай-
ақ оқытудың дидактикалық принциптерінен,
оқушылардың диалектикалық-материалистік
көзқарасын қалыптастыру мен тәрбие беру
міндеттерінен туындайды.
Пән аралық байланыстар оқушылардың табиғат құбылыстары туралы тұтастық түсінігін қалыптастыруға себін тигізеді, оқушылардың өздерінің білімдерін әр түрлі оқу пәндерін оқып үйрену кезінде және қоғамдық пайдалы еңбекте пайдалануларына көмектеседі.
Физика курсы үшін уақыттық байланыстардан табиғат тану және математика курстарымен болып өткен байланыстары ерекше маңызды. Атомның құрылысын оқып үйренумен байланысты физиканың химиямен ілеспелі байланыстары зор маңызға ие болады.
Информациялық байланыстардан ұғымдық және теориялық байланыстардың маңызы анағұрлым зор.
Физика сабақтарында көптеген пәндер үшін, әсіресе химия мен биология үшін, үлкен мәні бар материал оқып үйреніледі, бұл пәндер физикалық теорияларды, заңдарды және табиғат құбылыстарын зерттеуде физикалық методтарын пайдаланады. Физика сабақтарында оқушылар еңбек жолында және басқа пәндерді оқып үйрену кезінде қажет болатын бірқатар практикалық дағдылар мен шеберліктерге ие болады. Пән аралық байланыстар физиканы ойдағыдай оқып үйрену үшін де дәл сондай дәрежеде кажет.
Пән аралық байланыстарды ойдағыдай жүзеге асыру бүкіл оқытушылар ұжымының жұмысын жөнге салуға, бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді оқыту стиліне байланысты. Пән аралық байланыстарды жүзеге асыруда төмендегі негізгі бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
-бір пәндерді оқып үйрену окушылардың басқа пәндерді үйренуге дайындалуына жәрдемдесетіндей болуын есепке алып, әр түрлі пәндерді оқып үйренуді уақыт жағынан үйлестіріп отыру;
-оқушылардың
ғылыми ұғымдарын дамытудағы
және олардың бойында
-жалпы ұғымдарды,
шеберліктерді және дағдыларды
қалыптастыруда бірыңғай
-білімдерді
менгеруге және жалпы
-бір пәнді оқып үйренгенде оқушылардың басқа оқу пәндерін окып үйрену процесінде алған білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын кеңінен пайдалану;
-шектес пәндер
сабақтарында бір ғана
-әр түрлі
ғылымдарда қолданылатын
-әр түрлі
пәндер (физика химия, биология, география
және т. б.) сабақтарында оқып
үйренілетін құбылыстардың
Мектепте ғылым негіздерін оқып үйрену процесінде пән аралық, байланыстарды жүзеге асыру тәсілдері алуан түрлі. Физиканы оқып үйренудің алғашқы кезеңінде төмендегі тәсілдерді ұсынуға болады:
-жаңа материалды
оқып үйренуге байланысты
-қорытындылау сипатындағы қайталау, мұнда әр түрлі пәндерді оқып үйрену кезінде белгілі бір мәселелер жөнінде алған білім бір тұтас етіп біріктіреді (мысалы, оқушылардың физиканы, химияны және биологияны оқып үйрену процесінде энергия туралы алған білімдерін қорытындылау, соның нәтижесінде оқушылар энергияның сақталу және айналу заңын неғұрлым толық және терең түсінуге жетеді).
Физика
курсының математикамен
Математикалық
әдістерді тәжірибелік
Сонымен бірге физикаға жиын теориясының негізгі ұғымдары мен символдары жетекші рөл атқаратын осы заманғы математика тілін ендіруге көп кеңіл бөлу керек.
Алгебра курсының физика курсымен байланысы. Қазіргі уақытта оқушылар алгебра курсында шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін ерте оқып үйренеді, бұл ұғымдардың теориялық-көптік, түсініктерімен танысады. Мұның бәрі физика курсы үшін өте үлкен маңызға ие, өйткені физиканы жеткілікті түрде жоғары математикалық дәрежеде дер кезінде оқып үйренуге қажетті дайындығы болуына жәрдемдеседі. ІV—V сыныптарда алгебра курсында ең, қарапайым әріп формулалар, V сыныпта — теріс сандар енгізіледі, ал координата жазықтығын оқып үйренумен байланысты мектеп оқушылары графиктерді, атап айтқанда қозғалыстың, температураның т.б. графиктерін салумен танысады. VІ сыныпқа қарай оқушылар бүтін және бөлшек санды арифметикалық амалдарды көбейте алатын болады, шамаларды өлшеу, сандарды дөңгелектеу туралы ұғымдары болады. Арифметикалық орта мәнді таба алады, сызыктық теңдеулерді шешіп, есептер шығару үшін теңдеулер құру әдісін қолданады, VІ сыныпта алгебра сабақтарында оқушылар екі айнымалысы бар теңдеу туралы түсінік алады және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер системаларын шешудің тәсілдерімен танысады (графиктік тәсіл, қосу және ауыстыру тәсілі). Осы тұста пропорционалдық коэффициенті ұғымы, пропорционал және кері пропорционал айнымалылар ұғымы енгізіледі, функция ұғымы айқындалып, оның берілу тәсілдері (таблицалык, графиктік, аналитикалық) қарастырылады, у= х, у= — у—ах2; у=ах+b түріндегі функциялар оқып үйреніледі, олардың графиктері салынады.
Математика сабақтарында оқушылар жуық есептеулерді орындау жөнінде бірқатар
Оқушылардың өлшеу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру кезінде
ІV-сыныпта-ақ математика сабақтарында мектеп оқушыларының ұзындықты, уақытты, температураны, массаны өлшеу туралы бастапқы мәліметтер, өлшеу приборы шкаласы бөлігінің құны туралы, қозғалыс жылдамдығы туралы түсінік алғанын және өлшемдердің метрикалық системасын оқып үйренгенін физика мұғалімінің ескеруі қажет. Математика программасында кейбір шамалардың касиеттері мен оларды өлшеу теориясын оқып үйрену мәселелеріне физика программасына қарағанда едәуір көп көңіл бөлінеді. Қашықтықты, ауданды, көлемді, бұрыштың шамасын дәстүрде математикалық шамалар деп есептейді, математикада олардың негізгі қасиеттерін оқып үйренетін болғандықтан, оларды өлшеу теориясы да соның өзінде жасалған.
Массаны, температураны және басқа шамаларды физикалық шамалар деп атайды, өйткені оларды өлшеу методтары физикада талдап жасалған. Ғылыми, оқу және методикалық әдебиеттерде физикалық шама ұғымының әр түрлі анықтамалары бар. Алайда барлық анықтамалар үшін екі ортақ белгіні бөліп көрсетуге болады: 1) физикалық шаманы оқып үйрену объектісінің сандық сипаттамасы ретінде түсінеді; 2) физикалық шаманың анықтамасын оны кандай да бір тәсілмен өлшеу мүмкіндігімен тығыз байланыстырады.
Физика мен математиканың
мектептік курстарында
Геометрия курсының физика курсымен байланысы. Мектептегі математикалық білім берудің мазмұнындағы неғұрлым елеулі өзгерістер геометрия курсында, оның ішінде планиметрияда болды. Мұның өзі ең алдымен геометрияны оқып үйренудегі теориялық-жиындық тұрғыдан, геометриялық фигураны нүктелер жиыны ретінде түсіндіруден көрінеді.
Физика курсының химиямен байланысы. Физика мен химия бір-бірін өзара жиі толықтырып отырады, өйткені осы пәндер сабақтарында бір ғана құбылыстар мен процестер әр түрлі жағынан қарастырылады. Осы жерде факті жүзінде де ұғымдық та, теориялық та пән аралық байланыстар толық түрде көрінеді. Физика мен химия үшін өте маңызды, ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядтарының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы және т. б. жатады.
Физика мен химияның пән аралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде де бірдей теорияларды: молекула-кинетикалық және электрондық теорияны, атом құрылысы теориясын т. б. оқып үйренумен байланысты.
Физика мен химияны оқытудың өзара байланыстылығы заттардың атомдық-молекулалық құрылысын оқып үйренген кезде ерекше қажет. Атомдық-молекулалық теорияның элементтерін VІI сыныптағы физика сабақтарында оқып үйренеді, мұның өзі химияны оқытуға елеулі көмек көрсетеді. Молекула ұғымы кейін атомдар, химиялық элементтер мен валенттілік туралы ұғымдардың негізінде VІІ сыныптағы химия сабақтарында дамытылады. Атом мен молекула туралы ұғымдарды дамыту үшін химиялық формулаларды енгізудің, заттар мен химиялық реакциялардың химиялық қасиеттерін оқып үйренудің зор маңызы бар.
Химияны оқып үйренудің алғашқы айы ішінде оқушылар химиялық реакциялар барлық уақытта дерлік не жылудың бөлінуімен, не жұтылуымен қабаттаса жүретіні туралы түсінік алады. Жану, жылу бөліну арқылы жүретін реакцияға мысал бола алады. Химия сабақтарында алғаш бұл білімдерді физика сабақтарында дененің ішкі энергиясы және оны өзгертудің тәсілдері туралы ұғымдарды қалыптастыру кезінде, сондай-ақ жылу двигательдерін оқып үйрену кезінде пайдалану керек.
Физика мен химияны оқыту байланысының маңызды формалары — физикалық-химиялық немесе химиялық-физикалық есептер шығару, бірлескен, мәселен дінге қарсы, комплекстік экскурсиялар, кештер және қызықты физика және химия кештерін өткізу, физика-химия үйірмелерін ұйымдастыру, физиканы да, химияны да оқып үйренуге қажетті көрнекі құралдар жасап шығу (электролиз бен гальванизация, ерітіндідегі заттардың массасын пайызбен меншікті кедергісі бойынша анықтайтын приборлар және т. б.).
Оқушылардың химия сабақтарында алатын практикалық дағдылары: лабораториялық жабдықпен жұмыс істеу, өлшеу, есептеулерді орындау, формулаларды жазу және басқа дағдыларды ескеріп, пайдаланып отырған жөн.
Бұл ретте практикалық дағдыларды келісе отырып қалыптастыру керек (мысалы таразыға тарту), өйткені бірыңғай талаптар мен ережелердің жоқтығы оқушыларды оқытуға өте ұнамсыз әсер етеді.
Физика курсының биологиямен байланысы. Физика мен биологияның өзара байланысы — бұрыннан келе жатқан және жемісті байланыс. Биологияны дамытуға өз үлесін қосқан көптеген аса көрнекті физиктер мен іргелі физикалық заңдарды ашқан жаратылыс зерттеушілерді атауға болады. Бұлар дүние жүзіне белгілі физиктер — Гельмгольц, дәрігер Майер, ботаник К.А.Тимирязев және басқалар.
П.Н.Лебедев К.А.Тимирязевті жетпіс жасқа келуімен құттықтай келіп, оған: «Біз, физиктер, Сізді физик деп санаймыз!,— деді.
Физиканың биологиялық ғылымдармен байланысы соңғы ондаған жылдарда ерекше өріс алды, бұл кезде биофизика, агрофизика, бионика сияқты басқа да ғылымдар пайда болды. Бұл ғылым аралық байланыстар тиісті оқу пәндерін орта мектепте оқып үйренуден көрініс табады.
Биологиялық пәндерді (ботаниканы және зоологияны) оқып үйренгенде оқушылар жылу, температура, жарық, ылғалдылық және басқа осы сияқты физикалық ұғымдарды пайдаланады, газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің қасиеттерінің көрінісімен танысады, таразыны, лупаны, микроскопты және басқа кейбір приборлар мен құрал-саймандарды пайдаланудың алғашқы шеберліктеріне ие болады.
Тірі организмдерде ұдайы биотоктар болады. Жас өсімдіктер мен жануарлардағы биотоктардың шамасы азғана. Мысалы, өсімдіктердің ұсақ тамырларындағы ток күші небары 0,01 мк А/мм -ға тең.
Биологиялык объектілердің физикалық қасиеттерімен, олардың құрылыс ерекшеліктерімен немесе оларда болып жататын процестермен оқушыларды демонстрациялаудың көмегімен таныстыруға болады.
Физика курсының табиғат танумен және географиямен байланысы. VІ сынып оқушыларының табиғат тану курсы мен V сынып география курсынан алған физика жөнінде кейбір мәліметтері болады. ІV сыныптағы табиғат тану сабақтарында олар заттардың үш күйі туралы біледі. Ауаның қасиетін оқып үйренгенде оқушылар, мәселен, газдардың серпімділікке ие екенін және жылуды нашар өткізетінін біледі. Мектеп окушылары сондай-ақ қыздырған кездегі денелердің ұлғаюын оқып үйренеді, сөйтіп, осының негізінде оларға термометрдің кұрылысын, сондай-ақ граниттің бұзылуы, желдің пайда болуы және т. б. табиғат құбылыстарын түсіндіреді. Оқушылар су двигательдерінің жұмысы туралы (диірмендер мен су құбырлары), магниттік темір заттарды өзіне тарту қасиеттері мен магнит тілінін, бір ұшы солтүстікті көрсетіп тұратындай болып орналасу қасиеттері туралы біледі.
Информация о работе Физика курсының басқа пәндермен байланысы