Физика курсының басқа пәндермен байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 16:06, лекция

Описание работы

Ғылым дамуының қазіргі кезеңі ғылымдар арасындағы барған сайын ұлғайып отырған байланыспен және ғылымдардың өзара сабақтасуымен және әсіресе математика мен физиканың білімнің басқа салаларымен байланысымен сипатталады. Мәселен, соңғы жылдары физиканың, биологияның, психологияның, математиканың, радиоэлектрониканың және басқа ғылымдардың деректерін инженерлік-техникалық міндеттерді шешу мақсатында тірі организмдерді зерттеу үшін пайдаланатын бионика ғылым пайда болды.

Файлы: 1 файл

Физика курсының басқа пәндермен байланысы.doc

— 67.00 Кб (Скачать файл)

V-сыныпта  географияны оқып үйрену кезінде оқушылар Жердің козғалысы, формасы мен өлшемдері туралы, атмосфераның құрылысы және сынап пен металл барометрлердің көмегімен атмосфералық қысымды өлшеу тәсілдері туралы түсінік алады. Оқушылардың денелердің жылулық ұлғаюы, су мен ауадағы конвекция туралы, табиғаттағы судың айналысы, адамның өзендер мен желдің энергиясын пайдалануы туралы және т. б. білімдері нығайып, терендей түседі.

Физиканы  оқытудың оку шеберханаларындағы сабақтармен  байланысы. Физиканы оқып үйренудің еңбекпен байланысы — политехникалық оқудың қажетті шарты. Бұл байланыс екі жақты сипатта болуға тиіс: бір жағынан, оқушылардың еңбекке баулу процесінде алған білімдері мен шеберліктерін физиканы оқытқанда пайдалану және екінші жағынан, физика сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын оқушыларды еңбекке баулу процесінде пайдалану керек. Физика сабақтарында окушылардың оқу шеберханаларында алған білімдері мен тәжірибесін пайдаланудың төмендегі жолдарын көрсетуге болады.

Физикалық құбылыстарды, заңдарды және оларды техникада  қолдануды оқып үйренген кезде оқушылардың  оқу шеберханаларындағы жұмыс тәжірибесіне сүйену.

Оқушылардың оқу шеберханаларындағы жұмыс тәжірибесіне сүйену проблемалық мәселе қоюдың негізгі қызметін атқаруы мүмкін. Мысалы, қыздырған кездегі денелердің ұлғаю кұбылысын оқып үйренуді мынадай сұрақ қоюдан бастауға болады: «Металл жонатын станоктарда өңдеу уақытында қызған детальдарды неліктен олар суынғанша өлшемейді?

Физика  курсының гуманитарлық пәндерді оқытумен  байланысы.  Кейде гуманитарлық пәндердің физикаға тікелей қатысы жоқ деп жаңсақ түсінеді де, сондықтан ол пәндермен байланысына тиісті көңіл бөлмейді. Ал шынында тарих, әдебиет сияқты пәндер оқушыларды физикаға да ортақ мәселелермен таныстырады, бірақ оларды басқа жағынан алып қарастырады.

Тарих сабақтарында мұндай мәселелерге ең алдымен еңбек  кұралдарының дамуы, өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардын, даму процесі, мәдениеттің, техниканың және ғылымның (оның ішінде физиканың да) дамуы, дәуір мен оның аса көрнекті кайраткерлерінің, оның ішінде ғалым-физиктердің де тарихи сипаттамасы, адамдардың санасында оларды қоршаған шындық болмыстың фантастикалық бейнесі ретінде, діннің пайда болуы және т. б. жатады.

Оқушыларға  ежелгі атомистердің көзкарастары туралы және Архимед туралы айтқанда, оқушылардың V-сыныпта ежелгі дүние тарихы сабақтарында алған білімдеріне сүйену керек.

Физика мен  тарихты оқыту байланысының жоғарыда санамалап көрсетілген негізгі формаларымен қатар, мыналарды ұсынуға болады:

1.Физика курсының  бірқатар тақырыптарын тарихи  ыңғайда 
баяндау (мысалы, Торричелли ашқан атмосфералык қысым туралы материалды солай баяндауға болады).

2. Жарқын тарихи фактілерді, ғалымдардың айтқан пікірлерін пайдалану, мысалы, Архимед күшін оқып үйрену кезінде, Архимедтің римдіктердің Сиракузыны коршауға алған кезінде қаза болғаны туралы оқушыларға айтып берген пайдалы; А.С.Поповтың мына сөзін келтіру керек: «Мен орыс адамымын  және өзімнің барлық  білімдерімді, өзімнің  бүкіл  еңбегімді,  өзімнің  бүкіл  жетістіктерімді  тек  менің Отаныма беруге құқым бар...".

3. Жақын түрде  көрсету (жақтауға асылған және  гирлермен бастырылған  магдебург   жарты  шарларымен  жасалған  тәжірибе мысал бола алады).

4.Тарихи мазмұнды  есептер шығару (Герон патшаның  тажы 
туралы белгілі есеп осындай есептің мысалы болып табылады).

5.Тарихи мазмұндағы  картиналарды, фотографияларды, диапозитивтерді  және кинофрагменттерді пайдалану.

Әдебиетпен байланыс ең алдымен физика сабақтарында белгілі бір физикалық құбылысты, тарихи жағдайды, ғалымның бейнесін және т.б. бейнелі түрде сипаттайтын көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттен немесе фольклордан мысалдар алып пайдаланудан көрінеді.

Әдебиетте белгілі бір физикалық құбылыстарды суреттеудің ғылыми дәлдігі мен дұрыстығы физикалық тұрғыдан бағаланып және талдап қарастырудан тұратын әдіс қызықты болады. Осыған сәйкес мысалдарды Я.Перельманның “Қызықты физикасы" және К.Н.Власованың «Физика сабақтарындағы ғылыми фантастика әлемі» кітабынан табуға болады.

Физика  мен информатика пәндерінің арасындағы өзара байланыс. Қазіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты. Осыған байланысты мектептегі оқу пәндері де бір-бірінен ажыратылуы мүмкін емес.

Пәнаралық байланыс мектептегі ғылым негіздерінің жан-жақты және терең меңгерілуінің дидактикалык шарты және құралы болып табылады. Пәнаралық байланыстарды белгілеу терең білім алуға, ғылыми түсініктер мен заңдылықтардың қалыптасуына, оқу-тәрбие процесінің жетілдірілуіне, ғылыми көзқарастың қалыптасуына, материалдық әлемнің бірлігі жөнінде түсінік алуға, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын білуге мүмкіндік жасайды. Бұдан басқа, пәнаралық байланыстар оқушылардың ғылыми білім деңгейінің жоғарылауына, логикалық ойлау қабілетінің, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.

Бүгінгі таңда  пәнаралық байланыстарды әдіскер  мамандар екі түрге топтап жүр. Олар: уакыттық және түсініктік. Уақыттық байланыс әртүрлі пәндер бағдарламаларын  ету кезіндегі келісімді болжайды, ал түсініктік байланыс жалпы әдістер негізінде ғылыми түсініктерді бірдей баян етеді.

Пәнаралық байланыстар  зерттеу тәсілдерінің ортақтығы  жөнінен де айкындалуы мүмкін. Іс жүзінде мұғалімге пәнаралық уақыттық байланыстардың үш түрімен жұмыс істеуіне тура келеді: болып өткен, ілеспелі (қатарлас) және перспективалық.

Болып өткен  пәнаралық байланыстар дегеніміз  — бір пәннің материалын өту кезінде  басқа пәндерден бұрын алған  білімдеріне сүйене отырып оқыту.

Ілеспелі пәнаралық  байланыстар дегеніміз — бірнеше пәндер бойынша бірқатар сұрақтар мен түсініктерді бір уақытта оқытуды көздейтін байланыс.

Перспективалық  пәнаралық байланыстар дегеніміз  — белгілі бір пәннен материалды өту, басқа пәндер бойынша оның қолданылуының  алдын алу үшін пайдаланылады.

Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы — ол бүкіл оқыту ісін, яғни бір мектептің барлық  жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге жұмылдырады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай:

- әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;

-әр түрлі пәндерді  оқып-үйренуде өтілетіп материалдарды  уақыт жағынан үйлестіріп отыру;

-оқушылардың ғылыми теориялар  мен заңдылықтарды игеруін, олардың     жинақтылығымен, шеберліктерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру;

-жалпы теориялық, білім  алуды және практикалық шеберліктер  мен дағдыларды бірыңғай әдіспен  жүзеге асыру;

-оқушыларға (білім  алу икемділік пен дағдыларды  қалыптастыру барысында) бірдей талап қою;

-оқушылардың  бір пәнді оқып-үйрену барысында  екінші бір пәннен білім алуға,  икемі мен дағдыларын кеңінен  пайдалана білуге әдеттендіру;

-әр түрлі пәндердің  зерттеу әдістерінің ортақтығын, ерекшелігін көрсете білу;

-пән сабақтарында оқытылатын құбылыстардың ортақ байланысын ашып, дұрыс диалектикалық  дүние танымын қалыптастыру.


Информация о работе Физика курсының басқа пәндермен байланысы