Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 09:01, реферат

Описание работы

Практикалық жұмыстар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті лабораториялық жұмысқа ұқсас. Кейбір оқу пәндерінің әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады. Практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау — анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы

Файлы: 1 файл

Практикалық жұмыстар.docx

— 34.29 Кб (Скачать файл)

 Практикалық жұмыстар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті лабораториялық жұмысқа ұқсас. Кейбір оқу пәндерінің әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады. Практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау — анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Практикалық жұмыстар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Практикалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты. Мысалы, физикадан практикалық жұмыс физикалық құбылыстарды түсіндіруге жөне бақылау біліктілігін дамытуға; заттарды алуға және ажырата білуге себепші болады; оқушыларды физикалық лабораториядағы жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстырады; заттармен, физикалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Биологиядан практикалық жұмысқа табиғи объектілерді анықтау бойынша жүргізілетін жұмыстар, эксперимент жатады. География сабағы бойынша жүргізілетін практикалық жұмыстар арқылы географиялық және топографиялық карталармен жұмыс істей білу, тұрғылықты жердің планын құру және т.б. біліктілігі қалыптасады. Оқытудың бастапқы сатысында практикалық жұмыстар жалықтырушы сипатта болады. Жұмыстың күрделілігі біртіндеп өзгереді: оқушылар көп уақыт алмайтын күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оқушылар практикалық жұмысты өз бетімен жүргізулеріне болады.

     2.7. Физиканы оқытуда практиканы қолдану.

Физика пәнін оқытуда құбылыстарды немесе объектінің қасиеті идеалдау арқылы теориялық түрде оқып-үйретіледі. Оқушылар осы абстракциялау әдісіндегі құбылыстарды көз алдына елестете алмай, оған қолданылатын заңдылықтарды түсінбейді, яғни күнделікті нақты өмірде көргендерін теориялық оқып-үйренгендерімен ұштастыра алмайды. Сондықтан физиканы оқытуда әртүрлі оқу эксперименттері кеңінен пайдаланылады. Егер сабақта қажетті  практика жасалмаса және бағдарламада көрсетілген міндетті зертханалық жұмыстар жүргізілмесе, онда ең жақсы баяндалды деген тақырыптың өзі де қанағаттанарлық деп есептелмейді. Практикалы жұмыстар қандайда бір құбылыс пен заңдылықтың иллюстрациясы ғана емес, ол білім көзі, әртүрлі теориялық қағидалардың дұрыстығының дәлелі болады, оқушылардың дағдылары мен білімін дамытады.

Оқытудың алғашқы кездерінде 7-8 сыныптарда оқушылар физика курсын жүйелі түрде оқып-үйренуге алғаш кіріскен кезде тәжірибелер ерекше мәнге ие болады. Мұнда сабақ сапасы көбінесе эксперименттің қаншалықты дұрыс алынғандығына, қалай дайындалғанына және қалай жүргізілгендігіне байланысты болады. Таңдап алынған тәжірибелер кез келген жағдайда белгілі бір ортақ талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

Біріншіден, сабақтың көпшілік бөлігін алмай, мұғалімнің әңгімесінің кейбір негізгі жақтарын ғана иллюстрациялап көрсетсе болғаны.

Екіншіден, тәжірибе жасауға арналған құралдар мен қондырғылар мұмкіндігінше өте қарапайым және оқушылардың назарын шаршатпайтындай алуан түрлі болуы қажет.

Мысалы, 9 сыныпта «Реактивті қозғалыс» тақырыбан өткенде, тығыз қағаздан қайық моделі және оған дезодарант ыдысынан жасалған стакан орнатылады. Стаканнан оңға қарай ыдыстың өзінің түтігі шығарылған. Модельді лабораториялық ваннадағы суға салып, стаканға толтыра су құйсақ, түтіктен оңға қарай белгілі жылдамдықпен ( =2gh, һ-стакандағы су деңгейі) су ағып шығады да, қайық солға қарай қозғалады. Оқушылар түтіктен ағып шыққан судың қайықты қозғалысқа келтіргенін байқайды. Ұсақ гір тастарынан жүк құрап, «қайыққа» салынады. Оқушылар қайықтағы жүктерді бір-бірлеп алып, ракета мен қайық моделінің қозғалыс принципі арасындағы ұқсастықты салыстырады.

Үшіншіден, әрбір тәжірибе бақыланатын құбылыстың жаңашылдығымен немесе тосын нәтижесімен байланысты қызықтыру элементтері енгізілетіндей болып ойластырылуы керек.

Осының барлығы оқушылардың назарын оңай аударуға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Білім көзін сыртқы дүние құбылыстарынан тәжірибеден іздеуге мәжбүр етеді және табиғаттың ақиқаттығы жайлы ғылым ретінде, физика туралы материалистік түсінікті қалыптастырады.

 

 

 Физикалық есептерді  шығаруға да компьютерді қолдану  өте қолайлы. 
- оқушыларға оқытылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық мағлұматтар алады. Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың оқытушыны техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта оқытушы мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.  
Тиімді ұйымдастырылған оқу сабақтарының әртүрлі формаларын үйлестіру оқушылардың қызығушылығы мен ынталарын арттырады. 
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ. Сабақтың түрлері мен жаңа материалдарды оқып үйрену сабақтары;  
практикалық шеберліктер мен дағдыларды дамыту сабақтары;  
бұрын өткен материалды қайталау және қорыту сабақтары;  
оқушылардың білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын тексеру сабақтары; аралас сабақтар.  
Оқушылардың оқу материалы бойынша үлгерімін тексеруді дұрыс ұйымдастыру қажет. 

II-тарау. Қызығушылықты арттыру әдістемелері.

Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде формализмнің элементтері кездесуде. Физика пәнін игеру, олар үшін тек кітап материалын оқу ғана болып отыр. Шын мәнісінде, физика пәнінде оқушылар табиғат заңдарын оқып, білуі тиіс.

Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады.

Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына, білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оқу процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім қойған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.

Оқу материалын ірі блоктарға бөліп оқытуда қорытындылау кестелерін слайдыға түсіріп пайдалануға болады. Мұнда тақырыпқа немесе тарауға құрылымдық-логикалық талдау жасалады: білімнің негізгі элементтері бөліп көрсетіледі, бұл тірек конспектілеріндегіден ірілеу қалыпта жасалады (неізгі ұғымдар, заңдылықтар, теориялар, эксперименттер, физикалық құбылыстардың техникада қолданылу мысалдары): олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстар тағайындалады. Одан кейін білім элементтері негізгі сипаттарына қарай класқа бөлінеді, графикалық және символикалық түрде анықталады және кестеге түсіріледі. Осындай кестелерді пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін трафареттер дайындалып, слайдының белгілі бір бөліктерін штрихтау немесе әртүрлі түске бояу қолданылады. Бұл әрекет суреттің немесе сызбаның жеке бөліктерін айқындап көрсетуге, оларды көрнекті етеді және есте жеңіл сақтауға мүмкіндік береді.

     32.3. Сапалық  есептерді  сабақта  қолдану әдістемесі.

Сапалық есептер ауызша шығарылады. Оқушыларда сапалық есептерді саналы тұрғыда шығару дағдысын тәрбиелеу үшін, мұғалімнің олармен белгілі бір жұмыс жүйесі және ойластырылған оқыту методикасы болуы керек. Есепті дұрыс таңдап алудың маңызы да аз емес. Есептің алғашқы кездерінде оқушылардың өз тәжірибесінен белгілі құбылысқа немесе фактілерге түсінік беру ұсынылатын есептер дұрыс болады. Бұлардан оқушылар өмірмен байланысты көреді.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында VII сыныптан бастап-ақ есептердің шартына оқушылар үшін жаңа деректерді, техникалық мәліметтерді енгізген жөн. Есептерді таңдап алуда мектептің айналасындағы өндірістің сипатын және жергілікті жағдайларды ескерудің маңызы зор.

Сапалық есептерді шығару үш кезеңнен тұрады: шартын оқу, есептің анализі және шешуі.

Есеп мазмұнын анализдеу кезінде ең алдымен оқушыларға берілген тақырыптан белгілі ортақ заңдылықтарды пайдаланады: осыдан кейін есептегі айтылған құбылыс нақты қалай түсіндірілуі тиіс екенін айқындайды. Сапалық есептерде шарттың анализі негізделген керекті жауаппен тығыз байланысты.

     Сапалық  есептер  сабақта  және  сабақтан  тыс  тапсырмалар  бергенде  қолданылады.  Сапалық  есептерді  шешу – физиканы  оқытуда  қазіргі  кезде  көп  қолданылады.  Мұнда  қызығушылықтың  пайда  болуы – табысты  оқытудың  қуатты  факторы  болып  табылады.  Проблеманы  шешу үшін  өз  білімін  пайдалану  оқушылардың  оқуға  деген  қызығушылығын  туғызады,  ал  ынтасын  туғызу  оқытудың  негізгі  нақты  мақсаты  болып  табылады.

    Қазақстанның  экономикалық  өркендеп  дамуы  үшін  мұндай  жұмыстар  өте  қажет.  Себебі  кейбір  сұрақтарды  жоғары  білімі  бар  азаматтарының  өздері  шеше  алмады,  бірақ  көпшіліктің  қызығушылығын  туғызды.  Сондықтан  да  Қазақстан  халқының  әдет-ғұрыптарына  байланысты  және  олардың  өмірі  жайлы  физикалық  сапалық  есептерді  қарастырдым.  Мысалы  мынадай  типтегі  есептер  жиі  кездеседі. «Қайсы  жылдамдықтар  үлкен,  15 м/с  па  әлде  72 км/сағ  па?».  Бұл  есепті  былай  айтсақ  қызық  болар  еді.  «Қасқырдың  жылдамдығы  15 м/с  болса,  онда  ол  жылдамдығы  72 км/сағ  киікті  қуып  жете  ала  ма?».

       Мүмкіндігінше  сабақта  осындай  шешкен  өте  тиімді.  Есептерді  құрастырғанда  әдеби кітаптар,  кейбір  тарихи  деректер,  аңыздар,  ертегілер,  ғылыми  жаңалықтарды  ескерген  дұрыс.  Ол  біздің  күнделікті  әлеміміз,  ол  жер,  су,  еліміз,  мәдениетіміз,  әдебиетіміз,  тарихымыз.  Міне  осының  бәріне  біз  өзіміздің  махаббатымызды  білдіреміз.

 

Сапалық  есептер

      Кинематика 

  1. Неге  шабандоз  шапқан  кезде  ұшақтағы  жолаушыдан  гөрі  қозғалыс  жылдамдығын  анық  сезінеді?
  2. Шабандоз  жазық  далада  шауып  келеді.  Оған  қарама-қарсы  түйеге  мінген  адам  келе  жатыр.  Неге  шабандозға  түйе  оған  перпендикуляр  емес,  белгілі  бір бұрышпен  келе  жатқан  сияқты  болып  көрінеді?
  3. Жаңбырлы  күні  киіз  үйден  үй  иесі  шелекке  су  толтыру  үшін  далаға  шығарып  қойды.  Егер  жел  соқса  судың  шелекке  толу  жылдамдығы  өзгере  ме?
  4. «Қасқырдың  жылдамдығы  15 м/с  болса  онда  ол жылдамдығы  72 км/сағ  киікті  қуып  жете  ала ма?»
  5. Қапшағайда  спортшы  су  шаңғысымен  жүр.  Спортшы  қайықтан  жылдам  қозғалуы  мүмкін  бе?

      Жауаптары:

      1. Атқа  мінген  адамның  бетіне  ауа  әсер  етеді,  сондықтан  да  қозғалысы  жақсы  байқалады.  Айналасындағы  заттар (бұталар, төбешіктер, киіз  үйлер)  жақында  орналасқандықтан,  қозғалыс  ара   қашықтығы  тез  өзгеріп,  жылдамдық  жақсы  сезіледі.  Оған  қатысты  ұшақ  жерден  алыста  ұшады  және  оған  қатысты  санақ  жүйесінің  жоқ  болуынан  үлкен  жылдамдық  сезілмейді.

      2.  Атқа  мінген  адам  түйеге  қарап  өз  қозғалысын  байқамайды,  бірақ  оған  түйе  өз  қозалысынан  басқа  салт  аттының  жылдамдығындай  тек  бағыты  қарама-қарсы  қозғалатындай  болып  көрінеді.  Нәтижесінде  салт  аттыға  түйе  белгілі  бұрышпен  келе  жатқан  сықылды  болып  көрінеді.

      3. Шелекке  су  тез  толмайды,  жел  горизонталь  соғып  тұр,  шелектің  суға  толуы  тек  жаңбыр  тамшысының  вертикаль  құраушысына  ғана   тәуелді.  Егер  жел  горизонтқа  бұрышпен  соқса,  онда  вертикаль  бағытталған  жылдамдыққа  ие  болады.  Сонда  ғана  ол  шелекке  судың   толуын  тездетуі  немесе  азайтуы  мүмкін  еді.

     4. Жоқ,  өйткені  72 км/сағ – 20 м/с,  ал  қасқырдың  жылдамдығы  15 м/с.

     5. Болады.  Егер  қайық  кенет  жылдамдық  қосса,  онда  спортшы  инерциямен  бірталай  уақыт  қайыққа  жақын  яғни одан тез  қозғалады.  Не болмаса  қайық  бұрылса,  спортшы  үлкен  радиуспен,  ал  қайық  кіші  радиуспен  қозғалады,  осыдан  спортшының  жылдамдығы  үлкен  болып  саналады.

 

     Динамика

  1. Неге  шауып  келе  жатқан  салт  атты  бұрылған  кезде  жылдамдығын  азайтады?
  2. Наурыз  айында  екі  топ  болып  арқан  тартысады.  Ньютонның  үшінші  заңы  бойынша  әсер  қарсы  әсерге  тең,  яғни  топтың  арқанға  әсер  күші  неге  тең?  Неге  бір  топ  екінші  топты  тартып  кетеді?

Жауаптары:

  1. Үлкен  жылдамдықта  ол  инерциямен  бұрылыстан  асып кетеді.
  2. Адамдар  тек  арқанға  ғана  емес,  жерге  де әсер  етеді,  сондықтан  да  әсерлер  әр  түрлі болады.

 

Статика 

  1. Неге  солтүстікте  адамдар  үйлерінің  төбесін  конус  тәрізді  етіп  жабады,  ал  қазақтың  киіз  үйінің  төбесі  шеңбер  болып  келеді?
  2. Неліктен  қазақ  қыздарының  бас  киімдері  биік болып келген?
  3. Алматының  телемұнарасының  жер  астындағы  бөлігінің  массасы  60  мың  тонна,  ал  жер  бетіндегі  бөлігі 6 мың  тонна.  Неге  бұлай  жасалған?
  4. Алматыдағы  ағаштан  жасалған  шіркеу  ешқандай  шегесіз  тұрғызылған.  Оны  бұзылудан  қандай  күш  ұстап  тұр  және  ғимаратты  тұрғызғанда  қандай  жай  механизмді  қолданған?
  5. Шәйнектің  шөлмегі  неліктен  оның  қақпағынан  жоғары  орналасады?

 

Жауаптары:

Информация о работе Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады