Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 09:01, реферат

Описание работы

Практикалық жұмыстар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті лабораториялық жұмысқа ұқсас. Кейбір оқу пәндерінің әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады. Практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау — анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы

Файлы: 1 файл

Практикалық жұмыстар.docx

— 34.29 Кб (Скачать файл)
  1. Солтүстікке  қар көп түседі,  ал  жазық  далада  қар  көп  түспейді.  Далада  қатты  жел  соғады,  ал  киіз  үйдің  төбесіне  әсер ететін  желдің  аэродинамикалық  кедергісі  аз  болады.
  2. Биік  бас киім  қыздардың  басы  мен  арқасын  тік  ұстауға  көмектеседі.  Кішкене  ауытқыса  болды,  ыңғайсыз болып,  мойынға  кедергі  түсіреді.  Ал  арқасы  мен  басын  тік  ұстау  қыздардың  сымбатты  болып  өсуіне  көмектеседі.
  3. Ол  берік  тұру  үшін  қойылған.  Жер  сілкінісіне ол  тербеледі,  ауырлық  центрі  төмен  орналасқандықтан  құламайды.
  4. Үйкеліс  күші.  Сына.
  5. Шәйнек  және  оның  тұмсығы – қатынас  ыдыстарға  жатады.  Егер  тұмсығы  төмен  болса,  онда  шәйнекке  су  құя  алмайтын  едік.

 

  Қысым. 

     1. Неге  шөл  далада  аттан  гөрі  түйемен  жүрген  ыңғайлы?

     2. Неліктен  орындықта  қатты  да,  киіз  үйде көрпешеге  отырған  жұмсақ болып  сезіледі?

     3. Қасқыр  мен  киіктің  массалары  жуық  шамамен  бірдей.  Қасқырдың  жерге  түсіретін  қысымы  16 кПа,  ал  киіктікі  50 кПа.  Қасқырдың  табанының  ауданы  үлкен  бе,  әлде  киіктің  тұяғының  ауданы  үлкен  бе?

Жауаптары:

  1. Негізгі  себептердің  бірі – түйенің  табаны  жалпақ  болғандықтан,  ол  құмға  батпайды.  Түйе  ауыр  болғанымен,  оның  тұяғының  ауданы  аттың  тұяғының  ауданынан  жалпақ  болғандықтан,  түсіретін  қысымы  аз.
  2. Орындықта  отырғанда  біз  аз  ауданда  отырамыз.  Ал  жұмсақ  жерде  отырғанда  үлкен  ауданда  отырамыз  да,  қысым  аз  түседі.
  3. Қасқырдың  табан  ауданы  үлкен.

 

2.5. Физика  өмірде.

      Физиканы  оқыту  барысында  оқушылардың  таным белсенділігін,  шығармашылық  қабілетін,  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  үшін оқытушы  әр  сабағын  жаңа  технологиялық  үлгідегі  сабақ  үлгілерін  қолдана  отырып,  үнемі  ізденіспен  қызғылықты  етіп  өткізуі  қажет.  Біздің  басты  міндетіміз  оқушыны  тұлға  етіп  шығару.  Олай  болса,  оқушыны  өз  ойын  жинақы ,  тұжырымды,  әр  күнделікті  өмірмен  байланыстыра  отырып  жүйелі  айтуға  баулуымыз  қажет.  Осы  бағытқа  мына  кесте  сәйкес  келеді.

 Физикалық

шаманың аты

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Өрнектеу  формуласы

Физика және өмір


 

Бұл  кестенің  көздейтін  мақсаты  ойын  жан-жаққа  шашыратпай  көрсетілген  бөлімдер  бойынша  бір  жүйеде  нақты  айтуға  дағдыланады  және  күнделікті  өмірден  мысал  келтіруді  де әдетке  айналдырады.  Өмірден алынған  мысал  есептер,  күнделікті  өмірмен  байланыстырылған  әрбір  ой,  өз  сөзің  оқушының  есінде  ұзақ  сақталатын  және  қоршаған  ортаның  өзі  физика  екенін  түсінген  оқушыда  физиканың  барлық  салаларына  деген  қызығушылық  қалыптасуы  мүмкін.  Сондықтан  әр  сабақты  оқушыларға  күнделікті  өмірден  мысал  келтіру  арқылы  қорытындылaса,  пәнге  деген  қызығушылық  артатыны  сөзсіз.

 


Информация о работе Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады