Энергетиканың дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:14, доклад

Описание работы

Қазақстандағы энергетиканың дамуы кеңестік кезеңнен бастау алады. Тәуелсіздікке дейін өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуына байланысты елдiң энергетикалық базасы да тым кенже болды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, олар­­да жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энерге­тикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады.

Файлы: 1 файл

энергетиканын дамуы.docx

— 18.57 Кб (Скачать файл)

Қазақстандағы энергетиканың дамуы кеңестік кезеңнен бастау алады. Тәуелсіздікке дейін өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуына байланысты елдiң энергетикалық базасы да тым кенже болды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, олар­­да жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энерге­тикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады.

 

Бiрiншi кезең 1918-1945 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша орташа деңгейдегі электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.

 

Екiншi кезеңде (1946-1958 ж.ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орта­лықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.

 

Үшiншi кезеңде (1959-1992 ж.ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқын­мен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.

 

Сөйтiп, Қазақстан 1992 жылдан бастап өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Таразда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары салынды.

 

Жалпы Қазақстан егемен ел ретінде даму барысында экономикалық өзгерістердің әртүр­лі сатыларынан өтіп келуде. Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміз нарықтық қатынастарды қалыптастыруды қолға алды, жалпы Қазақстан энергетикасын жоғары сатыға көтеруге бетбұрыс жасалды.

 

Соңғы 20 жылда халықтың көзқарасы өзгерді. Қазақстан халқы кәсіпкерлікке құлшынды, өз істерін ашып, күн көруге ұмтылды. Нарық халықты өзі үшін өнімді еңбектенуге ынта­ландырды.

 

Халықтың өмір сапасын арттыруда энергетикалық кешен ерекше орын алып, ол республи­­каның жалпы экономикасын жаңғыртудың негізі болып келеді. Осыған байланысты 1993 жылы «Қазақстан Республикасының электр энергетика бағдарламасының тұжырымдама­сы» жасалды, ол электр энергетика саласындағы негізгі даму мен басқару құрылымдарын өзгерту бағыттарын анықтады.     Біздің ел тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап-ақ электр энергетика саласын жетілдіру үшін көп күш жұмсады. Алға қойған мақ­саттар: энергия импортынан тәуелділікті азайту, энергетика өндірісінің тиімділігін көтеру болды. Осы жылдары өз ерекшеліктері бойынша электр энергетика саласы жаңа эконо­микалық жағдайда істеуге ең дайын болған сала болып табылды.

 

Қазақстан энергетиктерінің белсенді жұмысының нәтижесінде қазіргі таңда Қазақстанның электр энергетикалық саласы жоғары дәрежеге көтерілді. Жоғарыда айтылғандай 1992 жылы электр энергиясын тұтыну өз шыңына жетіп 100,4 млрд. кВт.сағ. болды. 1995 жылы Қазақстан энергетикасы тек ел қажеттілігін қанағаттандырып отырса, қазіргі таңда энергетикалық қормен өзін өзі қамдап, сыртқа сатуға шығара алатын елдердің қатарына қосылды.

 

Қазақстанның табиғи қорлары, ең алдымен, жалпы энергетикалық қорлары және техника­­лық, интеллектуалдық мүмкіндігі – халықтың ұлттық дәулеті болып табылады. Биылғы Тә­уелсіздіктің 20 жылдық белесі – толағай табыстарымызды саралап, халқымыздың жеткен жетістіктерін мақтан ететін кезең.


Информация о работе Энергетиканың дамуы