Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:14, доклад
Қазақстандағы энергетиканың дамуы кеңестік кезеңнен бастау алады. Тәуелсіздікке дейін өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуына байланысты елдiң энергетикалық базасы да тым кенже болды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады.