Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 13:31, курсовая работа
Бүгінгі таңда ДСҰ мүше елдерге қойылатын басты талап – өнім сапасының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету екені анық. Осыған байланысты Ресейде сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын жан жақты жетілдіру алға қойылған. Сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек.
Екінші әдіс үшін салыстырып тексерілетін және эталондық өлшеу құралы салыстырылатын құрал- компаратор қажет. Компараторға деген қажеттілік бір ғана шаманы өлшейтін құралдың көрсеткіштерін салыстыру мүмкін болмаған жағдайда туындайды. Мысалы, біреуі тұрақты токқа, екіншісі айнымалы токқа жарамды екі вольтметрдің көрсеткіштерін анықтаған жағдайда салыстырып тексеру (калибрлеу) сұлбасында аралық компаратор енгізіледі. Жоғарыда келтірілген мысалға компоратор қызметін атқаратын потенциометр қажет. Егер салыстырып тексерілетін (калибрленуші) және эталондық өлшеу құралдарының сигналдарына бірдей жауап берсе, компаратор қызметін кез келген өлшеу құралы атқара алады. Бұл әдістің артықшылығы, мамандардың ұйғарымы бойынша, екі шаманы салыстыру уақыттарының тізбектілігінде.
Тура өлшеу әдісі өлшеудің белгілі бір шектерінде сыналатын құралды тікелей эталонмен салыстыру мүмкін болған кезде қолданылады. Жалпы алғанда бүкіл әдістің қағидасы тікелей салыстыру әдісімен ұқсас, бірақ тура өлшеу әдісі арқылы әрбір диапазонның барлық сандық белгілерінде салыстыру жүргізіледі. Тура өлшеулер әдісі мысалы, тұрақты электр тогының вольтметрін салыстырып тексеру немесе калибрлеу үшін пайдаланылады.
Жанама өлшеу әдісі өлшенетін шаманың нақты мәнін тура өлшеулер арқылы анықтау мүмкін емес жағдайларды немесе жанама өлшеулер тура өлшеулерге қарағанда дәлірек болатын жағдайларға қолданылады. Бұл әдіс арқылы ең алдымен ізделінетін сипаттамалары емес, онымен белгілі бір тәуелділік арқылы байланысқан сипаттамалар анықталады. Мысалы, тұрақты тоқтың вольтметрін салыстырып тексеру (калибрлеу) кезінде эталондық амперметрмен тоқ күшімен бірге кедергі өлшенеді. Кернеудің есептік мәні калибрленетін вольтметр көрсеткіштерімен салыстырылады. Жанама өлшеулер әдісін автоматты салыстырып тексеру құралдарында пайдаланылады.
Өлшем бірлігі мөлшерлерінің эталоннан жұмысшы өлшем құралына дұрыс берілуін қамтамасыз ету үшін салыстырып тексеру сұлбалары жасалынады. Олар мемлекеттік эталонның, разрядты этолондық және жұмысшы өлшем құралдарының метрологиялық бағыныштылығын белгілейді.
Салыстырып тексеру схемаларын мемлекеттік және жергілікті деп бөледі. Мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын елде қолданылуға берілген түрдегі өлшеу құралдарының барлығына таралады. Жергілікті тексеру схемалары министрліктердің метрологиялық органдарына арналған, сондай-ақ олар бағынышты кәсіпорындардың өлшеу құралдарына да таралады. Одан басқа жергілікті схема нақты кәсіпорында пайдаланылатын өлшем құралдарына да жасалуы мүмкін. Барлық жергілікті тексеру схемалары мемлекеттік тексеру схемасы анықтаған бағыныштылық талаптарына сәйкес келуі керек (2-сурет). Мемлекеттік салыстырып тексеру (калибрлеу) схемалары мемлекеттік эталондарды ұстаушы РФ мемстандартының ғылыми – зерттеу институттары жасайды.
Кейбір жағдайларда бір эталонмен бейнелеуге мүмкін емес болады, сондықтан схемада бірнеше алғашқы эталондар пайдаланылуы мүмкін. Олар жиынтық өлшеудің бүкіл шкаласын бейнелейді. Мысалы, 1,5-тен 1.105 К дейінгі температура шкаласы екі мемлекеттік эталонмен бейнеленеді.
Мемлекеттік салыстырып тексеру схемалары РФ мемлекеттік стандартымен бекітіледі, ал жергілікті – ведмостволық кәсіпорын басшылығымен келіседі.
Жалпы түрде мемлекеттік салыстырып тексеру схемасының мазұнын қарастырайық.
Эталондар мен жұмысшы өлшем құралдарының атын әдетте тіктөртбұрыштарда енгізеді (мемлекеттік эталон үшін тіктөртбұрыш екі контурлы). Мұнда схеманың осы сатысы үшін метрологиялық сипаттамалар көрсетіледі. Схеманың төменгі жағында жұмысшы өлшем құралдары орналасқан. Дәлдік деңгейіне қарай (өлшеу қателігіне) олар бес категорияға бөлінеді:
Салыстырып тексеру (калибрлеу) схемасының әрбір сатысында бірлік мөлшерін беру тәртібі регламенттеледі. Салыстырып тексеру (калибрлеу) әдісінің атауы дөңгелекшелерде орналасады. Сонымен бірге онда тексеру әдісінің жіберілетін қателіктері көрсетіледі. Шама бірлігінің размерінің дұрыс берілуінің негізгі көрсеткіші болып салыстырып тексеру схемасының жоғарырақ тұрған және одан төмен тұрған сатыларының арасындағы өлшеу құралы қателіктерінің ара – қатынасы табылады. Идеалды түрде бұл ара – қатынас 1:10 болуы керек, бірақ тәжірибеде оған жету қиын және минималды жіберілетін ара – қатынасы 1:3. Бұл ара – қатынас мәні көп болған сайын, өлшеу құралы көрсеткішінің сенімділігі төмендей береді.
Нақты салыстырып тексеру схемаларын жасау кезінде келтірілген схеманы негізге алу керек. Салыстырып тексеру схемаларын қатаң ұстану және разрядты эталондарды дер кезінде тексеру жұмысшы өлшеу құралдарының өлшем бірліктерінің дәл, сенімді мөлшерлерін берудің қажетті шарты болып табылады.
Тексеріске жатпайтын өлшеу құралдары қолданысқа шығарылатын кезде салыстырылып тексеріледі. Сонымен қатар жөндеуден шыққан, шет елге шығарылатын өлшеу құралдары жасап шығарушының бекіткен қолдану мерзімінде салыстырылып тексеріледі. Ресейдегі өлшеу құралдарын салыстырып тексеру жүйесі өлшеу бірліктерінің біртұтастығы мен біркелкілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады. Салыстырып тексеру жүйесі өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталған және өлшеу құралдарының мөлшерін дұрыс ұйымдастыру және оның жүргізу талаптарының негізінде жұмыстар атқаратын қызметтік субъектілердің және салыстырып тексеру жұмыстарының жиынтығы.
Ресейдегі салыстырып тексеру жүйесінің атқаратын негізгі қызметтері:
2- сурет. Мемлекеттік салыстырып тексеру схемасының жалпы түрі
Өлшеу құралын салыстырып тексеру – метрологиялық органдары (сол органдарға өкілеттілігі бар басқа да ұйымдар) өлшеу құралдарының белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтап, растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру құқығы белгіленген тұлғаларға ғана беріледі. Аккредиттеу еркін келісім негізінде жүзеге асырылады. Салыстырып тексеру зертханасының заңды тұлғалық статусы болуы қажет немесе заңды тұлғаның бөлімшесі бола алады.
Салыстырып тексеру зертханасы келесі талаптарды қанағаттандырады:
Метрология және сертификаттау бойынша ұйымдар өкілетті органдарға берілген құжаттардың тобын (бекітілген үлгінің көшірмесі бойынша басшылық жасау, аккредиттеу қызметіне құқық беретін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің тәуелсіз сараптау бағасының актісі) толық қарастырған соң өз шешімдерін шығарады. Осы ұйымдардың шешімі оң болған жағдайда:
Салыстырып тексеру зертханасында өлшеу құралдары салыстырып тексеру мемлекеттік эталондық шама бірлігіне бағынатын салыстырып тексеру құралдарын қолдана отырып, салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкестік жүргізіледі. Салыстырып тексеру әдістемесін метрологиялық қызметтің заңды тұлғалары белгілейді және метрологиялық қызметтің заңды тұлғаларының тапсырмасы бойынша өлшеу құралын шығарушы, оны қолданушы немесе пайдаланушы да салыстырып тексеру әдістемесін дайындайды. Салыстырып тексеру әдістемесі міндетті түрде тапсырыс берушімен алдын ала келісіп алынады. Өлшеу құралын салыстырып тексеруді аралық уақыттар пайдаланылатыны белгілейді. Келесі болатын өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мерзімін өндірісте жөндеуден шыққанда, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың жағынан өлшеу құралдарын салыстырып тексеру қажет болғанда, оны салыстырып тексеру зертханасы белгілейді. Салыстырып тексеру нәтижесі бойынша қажетті хаттама толтырылады. Егер салыстырып тексеру нәтижесі көрсеткендей өлшеу құралдары қолдануға жарамды деп саналса, онда ол құрал салыстырып тексерілді деген белгімен таңбаланады немесе салыстырып тексерілгені туралы сертификат рәсімделінеді. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру сертификатын рәсімдеу салыстырып тексеруге ұсыныс беріп отырған заңды және жеке тұлғалар үшін қажет және ол міндетті. Салыстырып тексеру зертхананың шешімі бойынша өлшеу құралдары жарамсыз деп санаса, ол құралды өткізіп отырған заңды және жеке тұлғаларға міндетті түрде өлшеудің жүргізілгені туралы хаттаманы береді. Хаттама зертхана басшыларының және оны атқарған қызметшілерінің қолымен расталады. Салыстырып тексеру белгісімен таңбаланатын суреттер төмендегідей:
Салыстырып тексеру белгісін әзірлеуді заңды тұлғалардың өздері жүзеге асырады. Пайдалану мерзімі аяқталғанда салыстырып тексеру белгілері жойылады.
Метрологиялық жұмыста әріптестер арасындағы түсінісушілікті орнаиу мақсатында, жұмыстың мәнін түсіну үшін, өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі заңдылық нормалары бекітілген. РФ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» туралы Заңында «Өлшем бірлігін калибрлеу» туралы анықтама және калибрлеу процедурасы туралы атап жазылған. РФ метрология институтында калибрлеудің негізгі қаулысын нормативтік құжаттарды жасауды ұсынған.
3. Сынау және калибрлеу әдістерінің жарамдылығын бағалау
Зертхана өз жұмысында қызмет аясына сәйкес әдістер мен процедураларды пайдалануы қажет. Олар үлгілерді іріктеуді, оларға қарауды, тасымалдауды, сыналатын және калибрленетін бұйымдарды дайындап, сақтауды және, егер ыңғайлы болса, өлшемдердің белгісіздігін бағалауды, сондай – ақ сынау мен калибрлеу деректерін статистикалық талдау әдістерін қамтиды.
Зертхана барлық жабдықтарды пайдалану және басқару, сыналатын және калибрленетін бұйымдарға қарау және дайындау жөнінде нұсқаулықтардың болмауы сынақтар мен калибрлеудің нәтижелеріне күмән келтіретін жағдайларда пайдаланатын және басқаратын нұсқаулықтар болуы керек.
Зертхана жұмысына қатысты барлық нұсқаулықтар, стандарттар, басшылықтар және сілтеме деректері көкейтесті етіліп, қызметкерлердің қолы жететін болуы керек. Сынақтар мен калибрлеулер жағдайынан клиенттің рұқсатымен және келісімімен ауытқуға болады.
Сынақтарды және калибрлеулерді қалай өткізу туралы қысқаша және жеткілікті ақпараты бар халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар немесе басқа мойындалған техникалық шарттар ішкі процедура ретінде толықтырылуға немесе қайта рәсімделуіне мұқтаж емес, егер ол стандарттарды жарияланған күйінде зертхана қызметкерлері пайдалана алатындай болып жазылса. Әдістің балама түрі немесе қосымша толықтыру болған жағдайда қосымша құжаттаманы әзірлеу қажет болуы мүмкін.
Зертхана кленттерінің мұқтажын өтейтін немесе сынау мен калибрлеуге жарамды үлгілерді сұрыптау әдістерін қоса, сынау мен калибрлеу әдістерін пайдалану керек. Көбінесе халықаралық, аймақтық немесе ұлттық стандарттарды соңғы іс жүзіндегі басылымын пайдаланғандығына көз жеткізу керек, ол жарамаған немесе оны жасау мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда. Қажет болғанда келісімді қолдануды қамтамасыз ету үшін стандартқа қосымша толықтыруларды беруге болады.
Егер клиент пайдаланатын әдісті көрсетпесе, зертхана халықаралық, аймақтық немесе ұлттық стандарттарда келтірілген беделді техникалық ұйымдар ұсынған, тиісті ғылыми мақалалардағы немесе қабылданған әдістерді де қолдануы мүмкін. Таңдалынып алынған әдіс туралы клиентті хабардар ету керек. Сынақтарға немесе калибрлеуге кіріспей тұрып, зертхана стандарттық әдістерді дұрыс қолдана алатындығын дәлелдеуі керек.
Егер клиент ұсынған әдіс жарамсыз немесе ескірген деп танылса, ол туралы клиентке зертхана хабарлауы қажет. Егер калибрленгенде бірқатар реттеуші коэффициенттер енгізілуі қажет болса, онда зертханада олардың көшірмесін тиісті деңгейде маңыздандыруды қамтамасыз ететін процедуралар болуы керек (мысалы, компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі). Сынақтардың және калибрлеудің нәтижесін жоққа шығаратын сынау мен калибрлеу жабдықтарын реттеу, ақпараттық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуін қоса жоюы тиіс. Сынау мен калибрлеу немесе үлгілерді іріктеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігіне маңызды әсер ететін, сынау мен калибрлеу жұмыстары үшін пайдаланатын барлық өлшеу құралдары, қосалқы өлшеулерге арналған құралдарды қоса (мысалы қоршаған орта параметрлерін бақылау үшін пайдаланылар алдында тексерілуі (калибрленуі) тиіс).