Өлшем құралдарын калибрлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 13:31, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда ДСҰ мүше елдерге қойылатын басты талап – өнім сапасының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету екені анық. Осыған байланысты Ресейде сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын жан жақты жетілдіру алға қойылған. Сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек.

Файлы: 1 файл

кіріспе Бексана.doc

— 149.00 Кб (Скачать файл)

Зертханада өлшеу құралдарына  тексеру жүргізу үшін белгіленген  бағдарлама мен процедура  болуы  тиіс. Мұндай бағдарламада сынау мен  калибрлеу  жұмыстарын жүргізген кезде пайдаланатын өлшеу және сынау жадықтарының физикалық шамалар бірлігінің эталондары ретінде қолданылатын стандарттық үлгілердің, физикалық шамалар бірлігінің эталондары ретінде қолданылатын стандартық үлгілердің, физикалық шамалар бірлігі этолондарын таңда, пайдалану, калибрлеу, тексеру,бақылау және енгізу.

Калибрлеуші зертханада халықаралық бірлік жүйесіне дейін  зертханада жүргізілген өлшемдер мен  калибірлеудің қадағалануын қамтамасыз ету үшін жабдықтарды тексеру  бағдарламасы жасалып, жұмыс істеуі керек. Калибрлеу зертханасы ӨЖ бірлігінің алғашқы эталондармен байланыстыратын калибрлеу мен салыстырулардың үзілмес тізбегі арқылы өлшеу құралдарының және өзінің бастапқы эталондарының байланысын білдіреді. ӨЖ бірлігіне байланыстыру ұлттық эталондар арқылы жетілдіріледі. Ұлттық эталондар іргелі физикалық константа негізінде ӨЖ бірлігімен тең заңдастырылған немесе ӨЖ бірлігін алғашқы іске асыруы болып табылатын алғашқы эталондар, немесе басқа ұлттық метрология институты мен калибрленетін екінші эталондар болуы мүмкін. Өлшеу құралдарының салыстыру жөніндегі бөтен ұйымдардың қызметін пайдаланған кезде бірліктер мөлшерін тапсыру бұл қызметті өз құзыреттілігін, өлшеу мүмкіндігін, қадағалай алатындығын көрсете алатын зертханалар қамтамасыз етуі тиіс. Осы зертханалар берген тексеру туралы куәлік және калибрлеу туралы сертификаттар өлшеу қателігімен (немесе белгісіздікті) және белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкестігінің константасын қоса, өлшеу нәтижелерін қосуы тиіс.

  • Осы стандарт талаптарына сәйкес калибрлеу зертханалары білікті деп табылады. Калибрлеудің осы түріне байланысты осы стандартқа сәйкестігіне аккредиттелген калибрлеу зертханасы берген, аккрадиттеу жөніндегі органның белгісі бар калибрлеу туралы сертификат көрсетілген калибрлеу мәліметтерінің қадағалана алатындығының жеткілікті дәлелі болып табылады.
  • ӨЖ жүйесінің бірліктерін қадағалауға тиісті алғашқы эталон арқылы (ВИМ-93,6,4 қара) немесе, ӨЖ тиісті бірліктері белгілерінде мағынасы белгілі және өлшемдер мен таразылардың бас конферениясымен (ӨТБК) және өлшемдер мен таразылардың халықаралық комитетімен (ӨТХК) ұсынылған табиғи константа арқылы жетуге болады.
  • Іргелі физикалық константалар негізінде меншікті алғашқы эталондар немесе ӨЖ тарататын бірліктері бар калибрлеу зертқаналары ӨЖ шамалар бірлігінің өлшемін тапсыруды қамтамасыз ету туралы тек ұлттық метрологиялық институттың басқа осындай эталондармен тікелей немесе жанама салыстырғаннан кейін ғана мәлімденуі мүмкін.
  • «Белгіленген метрологиялық талаптар» термині – калибрлеу туралы сертификатынан өлшемдердің қандай техникалық талаптармен, осы талаптарды қосып немесе оларға бір мағыналы сілтеу жолымен орындалғаны анық көрсетіледі деген сөз.
  • Егер «халықаралық эталон» немесе «ұлттық эталон» терминдері қадағаланумен байланысты пайдаланылса, онда бұл эталондарда ӨЖ жүйесі бірліктерінің жүзеге асыру үшін алғашқы эталондардың қасиеті бар деп есептелінеді.

Зертханада бар бастапқы эталондар, егер олардың сипаттамасы  күші жоқ деп мойындалмаса, басқа мақсаттарға емес, тек калибрлеу үшін пайдаланылуы керек. Бастапқы эталондар кез келген дәлелдемеге дейін және кейін тексерілуі тиіс.

Аралық тексерулер стандарттық  үлгілер, мүмкіндігінше, эталондармен немесе мемлекеттік стандарттық  үлгілеріне сақталған, ӨЖ-нің өлшеу  бірліктеріне байланыстырылуы керек. Кәсіпорынның стандарттық үлгілері техникалық және экономикалық орынды болғанша тексерілуі тиіс. Бастапқы, алғашқы эталондар, салыстыру эталондар немесе жұмыс эталондары мен стандарттық үлгілердің калибрлеу мәртебесіне сенімділікті қолдауға қажетті тексерулер белгілі процедураларға және кестелерге сәйкес жүргізіледі. Тасымалдау және сақтау зертханада ластануды немесе бұзылуды ескерту, және де оның тұтастығын сақтау үшін бастапқы эталондарды және стандарттық үлгілерді пацдалану, сақтау, тасымалдау, қауіпсіз қолданудың құжаттылығының процедуралары болуы тиіс. Егер бастапқы эталондар және стандарттық үлгілер тұрақты зертханадан тыс сынау, калибрлеу немесе үлгілерді іріктеу жүргізу үшін пайдаланса, онда қосымша процедуралар қажет болуы мүмкін. Егер зертхана сынау немесе калибрлеу үшін заттардың үлгілерін, материалдар немесе өнімдерді іріктейтін болса, онда зертхана үлгілерді іріктеу жоспары мен процедурасы болуы керек. Үлгілерді іріктейтін жерде үлгілерді іріктеу жоспары мен процедурасы болуы керек. Орынды болса,үлгілерді іріктеу жоспары статистикалық  әдістерге негізделуі керек. Үлгілерді іріктеу процесінде сынақтар мен калибрлну нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін бақыланып отыратын факторларды ескеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Елімізде енгізілген өнімді сертификаттауды қорыта келгенде өнім сапасын бақылау аккредиттелген зертхана калибрлеген өлшеу құралдарының көмегімен жүзеге асырылуы қажет.

Одан басқа, кәсіпорын мемлекеттік метрологиялық бақылаудан босатылғанымен, дамыған нарықтық қатынастарда нарықтық бақылауға кіреді және белгілі бір метрологиялық талаптарға бағынуы, пайдаланатын өлшеу құралдарының дәлдігін қадағалауы тиіс.

Сапа жүйесін метрологиялық  қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек.

Өлшеу құралдарын калибрлеу  туралы курстық жұмыста осы салаға қатысты заңдар мен нормативтік  құжаттарды қарастырдым және калибрлеу туралы мәселелер бойынша газет- журналдардың беттерін қамтыдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов.-2-е издание.- М.: ЮНИТИ,2000,.-460 с.
  2. Закон РФ «Об обеспечении единства измерений» от 27.04.93.
  3. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Авторский коллектив- специалисты Алматинского филиала ОАО «НацЭиС», ИльинаЛ.П.; Под научн. Ред. Ильиной Л.П.- Алматы: Казахстанская ассоциация маркетинга, 2003.
  4. Шишкин И.Ф. Основы метрологии, стандартизации и контроля качества: Учебное пособие.-М.:Изд-во стандартов, 1988.
  5. Лифиц И.М. Основы сандартизации, метрологии и сертификации: Учебник.-М.:Юрайт,2000.
  6. «Метрология» журналы

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Өлшем құралдарын калибрлеу