Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 08:24, реферат
Максвелл электромагниттік индукция құбылысын түсіндірудің тамаша жолын ұсынды. Өткізгіш контурында токтың пайда болуын Максвелл бойынша құбылыстың негізгі мәселесі деп қарастыруға болмайды. Өйткені кез келген токты электр өрісі туғызады. Олай болса айнымалы магнит индукциясының ағынынан пайда болған электр өрісінің әсерінен индукциялық ток пайда болады. Өткізгіштік контур құбылыста тек электр өрісін туғызып, оны практикада қолдану үшін пайдаланылады. Сонымен Максвелл бойынша кез келген айнымалы магнит индукциясының ағын сызығы тұйық және магнит ағынын қоршайтын электр өрісін туғызады.