Тизбек ушин ом занын окып уйрэну

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 19:42, лабораторная работа

Описание работы

Осы тұжырым негізінде жасалынған жаңа педагогикалық технологияның арнаулы талаптары бойынша мектепте өткізілген сабаққа қатысты деңгейлік тапсырмаларға арналған арнайы кітапша шығарылды. Онда төрт деңгей бойынша тапсырмалар дайындалған. Кітапшаның алғашқы бетінде Ом заңына байланысты негізгі тұжырымдамалар мен анықтамалар беріліп, формулалары мен сызба-нұсқа көрсетілген. Яғни, деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушының осы шағын сілтемеге сүйенуіне болады.

Файлы: 1 файл

Қарақұдық негізгі мектебі.docx

— 28.33 Кб (Скачать файл)

Қарақұдық  негізгі мектебі

 

Әжіғалиева Толқын Қуандыққызы

 

Физика пәнінің мұғалімі

 

Сыныбы:  8 \сегізінші\

 

 

Мақсаты: Ом заңын тұжырымдау, электр кедергісіне анықтама беру, тақырыпты түсіндіру

 

 

 

Міндеттері:

 

Білімділік:

 

Оқушыларды  Ом заңының тұжырымдамасымен таныстырып, формуласын есептер шығаруда қолдануға, электр кедергісіне анықтама беріп, кедергіні өлшейтін құралға, тізбекте белгіленуіне түсінік беру;

 

Дамытушылық:

 

Ток күші, кернеу, кедергіні  сипаттайтын  шамаларды есептеу арқылы ойлау  қабілеттерін, танымдық, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін, шығармашылық деңгейін арттыру;

 

Тәрбиелік:

 

Оқушыларды ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

 

 

Сабақтың типі: Аралас сабақ

 

 

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, жеке, топпен жұмыс

 

 

 

Қолданылған технология: деңгейлеп-саралап  оқыту

 

 

 

Көрнекіліктер: үлестірме қағаздар, плакаттар, суреттер, сызбалар

 

 

 

Техникалық құралдар: компьютер, электронды оқулық

 

 

 

Пәнаралық байланыс: математика, информатика, дене тәрбиесі

 

 

 

 

 

Сабақ барысы:

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут

 

Сәлемдесу.

 

Сынып кезекшісінің хабарламасы.

 

Сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

 

Оқушыларды сабақтың барысымен  таныстыру.

 

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 6 минут

 

Үйге берілген тапсырма:  § 37. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі.

 

Балалар, алдымен үй тапсырмасы  бойынша  алдымызға мақсат қояйық:

теориялық білімді практикада тексеру.

өз бетінше жұмыс жасау

достық көмек беру

алдыңғы қатардан көріну

 

Үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс

 

Суреттерде берілген тапсырмаларды  алып, сұраққа жауап береді.

 

Орта деңгейде оқитын оқушылар үшін:

 

Жауап алынған тапсырмалардың суреттерінен тізбек құрастырады.

 

Жоғары деңгейде оқитын оқушылар үшін:

 

Құрастырылған тізбектің схемасын сызып, берілгендері бойынша есеп шығарады.

 

 

 

ІІІ. Жаңа  сабақты түсіндіру.   15 минут

 

 

Жаңа сабақтың тақырыбы:  Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі

 

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.  /слайд/

 

Дәптермен жұмыс. / күннің жадын, тақырыпты жазу/

 

Біз осыған дейін  ток күші, кернеу деп аталатын  физикалық шамалармен таныс болдық.

 

Бүгінгі таныс болатын физикалық  шаманың бірі- электр кедергісі.

 

өткізгіштердің тізбектегі ток  күшін азайту, яғни электр тогына қарсы  әсер ету қасиетін электр кедергісі  деп атайды.  Кедергіні R әрпімен белгілейді.  Өткізгіштерде кедергі болады және әр түрлі өткізгіштің кедергісі әр түрлі болады.  әр түрлі өткізгіш деп отырғанымыз, мысалы өткізгіштерге, мыс, нихром, никелин, аллюминий сымдарын жатқызуға болады. әр түрлі өткізгіштердің кедергісінің әр түрлі болатындығы туралы алдағы тақырыптарда қарастыратын боламыз.

 

Бізге таныс болған ток күші, кернеу, кедергі ұғымдары электр тізбектерінде өтетін құбылыстармен байланысты. Осы  физикалық шамалардың арасында белгілі бір байланыс болуы мүмкін.  Осы байланысты алғаш рет жан-жақты зерттеген Г. Ом болды.  Ол ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашты.

 

Бұл заң Омның құрметіне Ом заңы деп аталды.

 

Ом заңының тұжырымдамасы:

 

Тізбектің бөлігіндегі ток күші-осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.

 

I=U/R

 

Кедергіні ХБЖ Оммен өрнектейді.   Ом заңына сәйкес  кедергіні  төмендегі  формуламен есептейді:

 

R=U/I

 

Тізбектегі кедергінің шартты белгісі:

 

Кедергіні өлшу үшін реостаттар деп аталатын құрал қолданылады.

 

Реостат тізбектегі кедергі өзгергенде, ток күшін баяулату үшін қажет.

 

Ом заңы бойынша тізбектегі кернеуді өлшеу үшін  U=IR формуласы қолданылады.

 

/дәптермен жұмыс: негізгі формулаларды  жазу/

 

 

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту   2 минут

 

Біз бүгін қандай жаңа ұғымдармен, өлшем бірлікпен, қандай заңдармен таныстық. Жалпы жаңа сабақтан нені түсіндік?

 

Тақатада ілінген плакаттағы кестені  толтыру

 

 

Нені білемін? 

Нені білдік? 

Нені білгім келеді?

 

 

 

  

  

 

 

 

 

 

Ү. Теорияны практикада қолдану. Есептер  шығару 8 минут

 

«Эстафеталық ойын»

 

Эстафета ойыны туралы не білеміз? Ойынның шарты қандай?

 

Оқушылар жауабы:

 

Олай болса қазір есепті де эстафета шарты бойынша шығаратын боламыз. Ол үшін екі топқа бөлініп топпен жұмыс жасайық.

 

Есептердің шартымен танысып төмендегі  ретпен тақтада орындайды.

 

Есептер мәтін есептер, суретті  есептер болып бөлінген.

 

1 оқушы-есептің берілгенін жазады

 

2 оқушы –берілген шамалардың өлшем бірліктерін жазады

 

3 оқушы- есептеуге қажетті формуланы жазады

 

4 оқушы-формуланың орнына қойып,  есептеулерді орындайды.

 

5 оқушы-жауаптың дұрыстығын тексереді.

 

 

 

ҮІ. Ой толғау. Шығармашылық жұмыс. 4 минут

 

Оқушыларға  алдын-ала берілген сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салады.

электр энергиясының күнделікті өмірдегі маңызы

жаңа үлгідегі электр энергиясын тұтынушы техникалық құралдар туралы не білемін?

жоғарыда аталған техникалық құралдар ерте кезде қандай үлгіде болды деп ойлайсың?

электр энергиясын үнемдеу туралы сенің ойың және басқаларға айтар кеңесің?

 

 

 

ҮІІ.  Ғалымдар туралы не білеміз? /тарихи мәлімет беру/  3 минут

 

 

Слайд арқылы берілген тарихи мәліметтер бойынша  электр құбылыстары заңдылықтарына еңбегі сіңген, тарихта қалған физик-ғалымдар туралы мағлұмат алу.

 

 

 

ҮІІІ. Бағалау   2 минут

 

Оқушыларға сабақ барысындағы  әрбір тапсырмасына белгілер таратылып отырады, соңында арифметикалық ортасын табу арқылы, бағаланады.

 

 

 

ІХ. Үйге тапсырма  1 минут

 

§38 оқу.  18-жаттығу №1-4-6 есеп

 

 

 

Х. Қорытындылау  2 минут

 

Рефлексия

 

Слайдта  түннің,  айдың, күннің суреттері берілген осы суреттерді пайдаланып, бүгінгі сабақты қорытындылау

 

Сабақ аяқталды.

 

 

Ақтөбе облысы, Ақтөбе  көлік, коммуникация және

жаңа технологиялар колледжі оқытушы:  Абишева С.М

 

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

 

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ом заңын қорытып шығару. Тізбек бөлігіндегі ток күші ол бөліктің кедергісіне тәуелді болатынын тәжірибе жүзінде тағайындау.

 

Дамытушылық мақсаты: күнделікті өмірмен  байланыстыра отырып, мысалдар құрастырып, есептер шығарып, дамыту.

 

Тәрбиелік мақсаты: еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен  ізденуге дағдыландыру.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

 

Сабақты оқыту тәсілдері: түсіндірмелі-иллюстративтік тәсіл,  репродукциялық тәсіл, деңгейлік тапсырма, компьютерді және басқа да құрал-жабдықтарды  пайдаланып түсіндіру.

 

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,  түзеткіш /выпрямитель/, амперметр, вольтметр, кілт, электр шамы, өткізгіш сымдар, деңгейлік тапсырмалар, плакаттар.

 

Сабақтың барысы:

 

І Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару. Тақта-бор дайындығын тексеру.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

 

Сабақты бастамас бұрын оқушылардың  сабққа дегшен назарын аудару мақсатында  оларды  орындарынан тұрғызып, мынадай  шарт қойылады.

 

-кез-келген электр тізбегінде  кездесетін 3  шама?

 

Ток күші, кереу, кедергі

 

Осы I, U, R шамаларына байланысты екі  бөлімнен тұратын, яғни:

«Сен маған, мен саған» сұрақтарға жауап беру.

«Тәжірибелер елінде»  I, U, R –ге  әр түрлі тәжірибелер көрсету

«Сен маған, мен саған» бөлімінің сұрақтары:

 

-электр тогы дегеніміз не?

 

-ток күші дегеніміз не?   Формуласы?

 

-кернеу дегеніміз не?

 

-ток күшін өлшейтін құрал  қалай аталады және тізбекке  қалаай жалғанады?

 

-электр тогының бағыты ретінде қандай бағыт таңдап алынған?

 

-кернеуді  өлшейтін құрал қалай  аталады? Және тізбекке қалай жалғанады?

 

-металдардағы электр тогы дегеніміз  не?

 

-кедергінің себебі деген не?

 

-вольт қай шаманың өлшем бірлігі?

 

-электр тогының көздерін ата?

 

-қарапайым электр тізбегі   қалай жасалады?

 

-электр тогының әсерлері?

 

 

 

ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру

 

            Жаңа айтып өткендей электр тізбегінің қандайында болса да кездесетін 3 шама- I, U, R. Бұл шамалар өзара тығы байланысты. Алдыңғы өткен тақырыптар бойынша тізбектегі ток күші өткізгіш ұштарындағы кернеуге тура пропорционал. Бір шаманың екінші шамаға қалай тәуелді болатынын анықтауға арналған тәжірибелерді жасағанда, басқа шамалардың барлығы да тұрақты болуға тиіс. Сондықтан ток күшінің керенуге тәуелділігін анықтағанда, өткізгіш ұштарындағы кернеудің тұрақты болуын қамтамасыз ету керек.

 

Тізбектегі ток күші кедергіге  қалай тәуелді?

 

Ол ток көзінен, кедергілері  әртүрлі-өткізгіштерден, вольтметрден, амперметр және кілттен тұратын электр  тізбегін қарастырамыз. Әртүрлі өткізгішпен жасалған тәжірибелердің нәтижесі мынадай болған:

 

 Тәжірибе Өткізгіш ұштарындағы кернеу, В Өткізгіш кедергісі, Ом Тізбектегі ток күші, А

1.

 

 

2.

 

3. 2

 

 

2

 

2 1

 

 

2

 

4 2

 

 

1

 

0,5

 

 

 

 

Тәжірибеден қорытынды: өткізгіштегі ток күші өткізгіш кедергісіне кері пропорционал болады. Ток күшінің тізбек бөлігінінің ұштарындағы кернеуге және осы бөліктің кедергісіне тәуелділігі бұл заңды 1827 жылы ашқан неміс физигі Омның есімімен Ом заңы деп аталады.

 

Тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура  пропорционал, оның кедергісіне кері пропорционал болады.

 

 

 

 

IV Анаграмма «Амперметр» шешу

Электр тогының әсерлерінің  бірі-магниттік

Ток күшінің өлшем бірлігі-ампер

Вольтметрді тізбекке қалай қосады?-параллель

Табиғатта адам әрі бөлуге болмайтын ең кішкентай зарядқа ие болатын заттың ең ұсақ бөлшегі?-электрон

Атомға электрондар келіп қосылса немесе ол  электронынан айырылып қалса, ол неге айналады?-иондар

Ток күшінің қосымша өлшем бірлігі?-миллиампер

Электр өрісінің  бар екендігін айтқан  ғалымның бірі?-Фарадай

Секундпен өлшенетін ол не? –уақыт

Зарядталған бөлшектердің реттеліп бағытталған қозғалысы?-электр тогы

 

V Жаңа сабақты бекіту

 

Түсіндірілген  жаңа тақырып «Ом заңы» бойынша есептер шығару, схемасын сызу.

Қалто фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4 В батареяға  қосылса, онда осы қалта фоонарының электр шамынан өтетін ток күші некге  тең болар еді?

 

Бер :

 

R=12  Ом

 

U=4.5 В

 

I-?

Қалто фонарының қыл сымының  кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4 В батареяға қосылса, онда ол  осы қалта фонарының электр шамынан  өтетін ток күші неге тең болар  еді?

 

Бер:

 

I =0,5 А                        ;

 

U=120 В

 

R-?

 

 

 

VІ  Бағалау

 

Сұраққа жауа берген, тәжірибе  жасаған оқушыларды бағалау

 

 

 

VІІ Үйге тапсырма

 

§ 44 Тізбек бөлігіне арналағн Ом заңы

 

21-жаттығу

 

 

Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрәмов атындағы

Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің

физика пәнінің оқытушысы

Бурамбаева Айнур Шамшадинқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Ом заңын қорытып шығару. Тізбек бөлігіндегі ток күші ол бөліктің кедергісіне тәуелді болатынын тәжірибе жүзінде тағайындау.

Дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен  байланыстыра отырып, мысалдар құрастырып, есептер шығарып, дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың оқыту әдістері: Шығармашылықпен  зерттеу, оқыту технологияларының  түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: баға рейтингісі, баға мониторингі, оқушыға үлестірілетін деңгейлік тапсырмалар, жалауша.

 

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Шапшаңдық гимнастикасы.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Логикалық есептер

Б) тақтамен жұмыс

В) Деңгейлік тапсырмаларды орындау

III. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгелдеп, назарларын  сабаққа аудару.

2. шапшаңдық гимнастикасы.

4 амалға ауызша есептеуге есептер беріледі, дәл болмаса да 2-3 санға қателескен жауап та дұрыс саналады.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Электр тогы дегеніміз не?

2. Ток күші дегеніміз не?

3. Кернеу дегеніміз не?

4. Кедергінің физикалық мағынасын  айт.

Деңгейлік тапсырмалар.

I. деңгей.

1. Қалта фонары қыл сымының  кедергісі 15 Ом болса және ол  кернеуі 4, 5 В батареяға қосылса,  онда осы қалта фонарының электр  шамынан өтетін ток күші неге  тең болар еді?

2. Кернеуі 120 В, ток күші 0, 5 А электр шамының кедергісін анықтаңдар.

3. Кедергісі 0, 25 Ом өткізгішке  ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек?

II. деңгей

1. Көлденең қимасының ауданы 0, 1мм  никель сымынан жасалған электр  қыздырғыштың спиральіндегі кернеу 220В болғанда тоқ күші 4А. Сымның  ұзындығы қандай?

2. Ұзындығы 150см және көлденең  қимасының ауданы 0, 025мм болатын  ток күші 250мА темір өткізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңдар.

III. деңгей.

1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8, 5 Ом мыс сымның массасы қандай?

IV- деңгей.

1. Қолда бір текті екі өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі. үлкен және неше есе үлкен.

Информация о работе Тизбек ушин ом занын окып уйрэну