Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 11:06, реферат
Жарықтың толқындық сипаты білінетін құбылыстардың біреуі дифракция құбылысы болады. Дифракция деп жарықтың түзу сызықты жолдан бұрылу құбылысы айтылады. Жарықтың осындай қасиеті бар екендігін мынадай тәжірибе жасап білуге болады. Егер бір тар саңылаудан өткен жарык, шоғының жолында, саңылаудан 40 см жерде, оған параллель етіп тартылған диаметрі 0,2 миллиметрдей жіңішке сым түрған болса, сонда 2 метрдей жердегі ақ экранға түскен сымның геометриялық көлеңкесінің дәл ортасына жіңішке ақ жолақ пайда болады. Бүл тәжірибеден жарық толқыны сымды орағытып барып көлеңке алкабына түскені байқалады. Демек бөгетке кездесіп жарықтың жолы кисаяды.