Адам ұлпаларының маңызды липидтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 21:46, реферат

Описание работы

Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ,эфир, ыстық этонол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтер де мал, адам және барлық тканьдері клеткаларының құрамыны кіреді. Липид – гректің Lipos – май деген сөзінен шыққан.
Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет — олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында).

Содержание работы

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
А) Адам ұлпаларының маңызды липидтері.
Б) Адам ұлпасындағы негізгі фосфолипидтер мен гликолипидтері, глицерофосфолипидтер, сфингофосфолипидтер, гликофосфолипидтер.
В) Липидтердің негізгі қызметтері.
Д) Сфинголипидоздар.
Е) Эйкозаноидтардың және олардың метоболизмді реттеудегі қызметтері мен физиологиялық белгілері.
Е) Антиоксиданттар.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

липидтер.docx

— 67.32 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

                            Жоспар

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

А) Адам ұлпаларының маңызды липидтері.

Б) Адам ұлпасындағы негізгі фосфолипидтер мен гликолипидтері, глицерофосфолипидтер, сфингофосфолипидтер, гликофосфолипидтер.

В) Липидтердің негізгі қызметтері.

Д) Сфинголипидоздар.

Е) Эйкозаноидтардың және олардың метоболизмді реттеудегі қызметтері мен физиологиялық белгілері.

Е) Антиоксиданттар.

ІІІ.  Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ,эфир, ыстық этонол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтер де мал, адам және барлық тканьдері клеткаларының құрамыны кіреді. Липид – гректің Lipos – май деген сөзінен шыққан.

Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет — олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында). Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты (грекше hydor — су және phobos — қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады. Липидтердің ішінде көп таралғаны және ең негізгісі — майлар. Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт — глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұратындығы мынадай формулада бейнеленген:

R1, R2, R3 радикалдарының орнына кез келген пальмитин, стеарин, олеин және т.б. қышқылдары болуы мүмкін. Майлар: жануар ,өсімдік майлары және т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Майлардың бір-бірінен айырмашылығы — олардың құрамына кіретін май қышқылдарының сипатына байланысты. Май кышқылдары: қаныққан және қанықпаған больп екі топқа бөлінеді. Қаныққан май қьшқылдары бір байланысты, оларга пальмитин, стеарин қышқылдары және т.б. жатады. Ал қанықпаған май қьшқылдары қос байланыс түзеді, оларға олеин, линол және т.б қышқылдар жатады. Жануар майларының құрамында қаныққан қышқылдар көп, сондықтан олар бөлме температурасында да қатты күйде болады. Мысалы, сиыр майының құрамында глицерин, пальмитин және стеарин қышқылдары бар. Пальмитин қышқылы 43°С-та, ал стеарин қышқылы 60°С-та ғана ериді. Яғни, су қайнағанда глицерин су молекуласымен байланыс түзеді де, ал май қышқылдары сұйықтықтың беткі қабатында қалықтап, гидрофобты қасиет керсететіндігін күнделікті түрмыстан аңғаруға болады. Өсімдік майының құрамында канықпаған май қышқылдары көп болады. Осыған байланысты олар жеңіл ериді және бөлме температурасында сұйык күйін сақтайды. Мысалы, зәйтүн майы глицеринмен байланысқан олеин қышқылының қалдығынан тұрады. Көптеген жасушалардағы майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5—-10%-ын құрайды. Алайда құрамының 90%-ға жуығы майдан тұратын жасушалар да болады. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, май бездері, шарбы (қарынның сыртындағы жұқа май), түйенің өркеші жөне дельфин сүтінің 40%-ы майдан тұрады. Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі рөлі ерекше. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді, керісінше іштен сыртқы ортаға жасуша заттарын шығармаудың нөтижесінде, оның химиялық ортасы тұрақты болады. Сол сияқты липидтер жүйке ұлпасында, мида көп мөлшерде бар. Сонымен қатар жүйкенің миелинді қабықшасын зерттеудің нәтижесінде фосфолипидтердің маңызы айқындала түсті. Май төрізді заттарға: холестерин, майда еритін А, D витаминдері және кейбір гормондар жатады.

Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б

Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруынша мүмкіндік береді. Ұлпалардың, жасушалардың және олардың органоидтерінің мембраналары фосфолипид молекуласынан түзіледі. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық косылыстардың түзілуіне қатысады.

Липидтердің ішіндегі табиғатта көп таралғаны—майлар. Майлар — организм тіршілігіндегі негізгі энергия көзі. Организмге қажетті энергияның 25—30%-ын липидтер береді. Майдың 1 грамы толық ыдырағанда, 38,9 кДж Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және адамның тері асты қабатында, шарбыда, көптеген өсімдіктердің тұқымдарында және т.б. мүшелерінде май қоры жинакталады. Жануарлар мен өсімдіктер осы әртүрлі мүшелерде жинақталған май корын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайды, әсіресе май қорының қысқы ұйқыға кететін организмдер үшін маңызы ерекше.

Май жылуды нашар өткізеді. Осыған байланысты жануарлар тері астындағы май қабатының есебінен дене температурасын тұрақты сақтайды. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 м-ге дейін жетеді, бұл оның солтүстік теңіздердегі суық суда үнемі тіршілік етуге бейімділігін арттыра түседі. Өсімдік түқымдарында майдың көп болуы — жаңа дамып келе жатқан өсімдікке, оның тамыр жүйесінің бекініп, өзіне тиісті қызмет атқара бастағанша энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет.

1 кг май тотығып ыдырағанда, 1,1 кг су түзіледі. Мұндай суды “метаболит су” деп атайды. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар (кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер және т.б.) организміндегі тотығып, ыдыраған майдың суын пайдаланады.

Адамның ұлпасындағы негізгі липидтерге: фосфолипидтер мен гликолипидтері, глицерофосфолипидтер, сфингофосфолипидтер, гликофосфолипидтер.

Глицерофосфолипидтер (фосфоглицеридтер) – биологиялық мембрана липидтерінің негізгі класы болып табылады. Олардың атында көрсетілгендей, фосфоглицеридтер, глицерол молекулаларынан, майлы қышқылдармен этерифицирленген екі гидроксильді таптардан, үшіншісі – спиртпен этерифицирленген фосфор қышқылы қалдығынан тұрады. Полярлық липидтердің көп бөлігі құрылысы жағынан үлкен емес ауытқуы бар.

Сфинголипидтер - мембраналық липидтердің екінші негізгі типі болып саналады. Ең таралған сфинголипидтер – фосфатидилхолин, немесе фосфатидилэтаноламині бар церамидтер болып табылады. Миелин, липидті заттар, қоршайтын және оңашалайтын көптеген жүйе талшықтары негізінен сфинголиеминнен тұрады. 
        Гликосфинголипидтер: клиникалық корреляция.  
Гликосфинголипидтер – сфинголипидтердің үлкен тұқымдас асты болып саналады. Қарапайым гликосфинголипидтер – бұл цереброзидтер. Цереброзидтер орталық жүйке жүйесі мембраналарында болады және нейрондардың оқшаулануына қатысады.

Гликолипидтер — құрамында оттек үзінділері бар липидтер. Күрделі құрылысты вирустардың қабықтарына кіреді. Липид бөлігінің құрлысына қарай оларды нейтральды. Гликолипидтер гликосфинголипидтерге, гли- гликофосфолипиды.Гликолипидтер — құрамында қант қалдығы болатын күрделі липидтер. Жасушаның биологиялық жарғақтарының құрылымдық құрамын құрайды. Гликолипидтер-жүйке ұлпасының құрамында көптеп кездседі

Фосфолипидтер — майларға жатады. Майдың бір шетіндегі орналасқан май қышқылының орнына фосфор қышқылының қалдығы арқылы фосфолипидті радикал байланысқан. Фосфолипидті радикал ретінде холин, серин, инозитол немесе этаноламин болуы мүмкін. Фосфолипидтер биомембрананың маңызды құрамдас бөлігі.Фосфолипидтер күрделі липидтер,эфирлі көпатомды спирт және майлылығы жоғары қышқылдар болып табылады.Құрамында фосфор қышқылының қалдығын және оған қосымша әртүрлі химиялық атомдардан тұрады.Фосфолипидтер құрамына байланысты 3 топқа бөлінеді:

глицерофосфолипидтер (глицерофосфатидтер)- глицерин қалдығынан тұрады.

фосфосфинголипидтер

фосфоинозитидтер

Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуі жасуша тіршілігінде маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады.. Осы молекулалар жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды.Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады.

Сфинголипидоздар – гликолипидтер метаболизмінің ерекше аспектесі- шамамен 10- ға жуық өзгешелік лизосомды жинақтау аурулары – сфинголипидоздардың болуымен байланысты. Сфинголипидоздардың бірі – аутосомды – рецессивті түрде тұқым қуалайтын Гоше ауруы. Бұл ауру кезінде бауырдың көк бауырдың, өкпенің және т.б мүшелердің клеткаларында гликозилцерамид жинақталады.

Эйкозаноидтар – бұл реттеуші молекулалардың ең үлкен тобы. Ол барлық дерлік организмдерде болады. Олардың синтезіне 20 көміртегі атомдаырмен май қышқылдарына толықтай қаныққан заттар қатысады. Эйконазоидтардың көп бөлігі эйконазотетрлік май қышқылдарынан түзіледі.

Антиоксиданттар

 

(грекше: antі — қарсы және oxіs — қышқыл) — тотығуға қарсы және оны тежеу үшін қолданылатын заттар; ағзаның қартаюын бәсендететін қышқылдану процестерін баяулататын химиялық заттар.

Олар полимердің тозуын, тағамдық майлардың ашуын, жанармайлар мен техникаға қажетті майлардың қоюлануын, қоқыстануын азайту үшін қажет.

Антиоксиданттар аталған мақсаттарға 0,01-0,001% мөлшерінде қолданылады. Табиғаты әртүрлі қаныққан және қанықпаған табиғи және синтетикалық органикалық қосылыстар ферменттердің, оттектің және тотығу — тотықсыздану қасиеті төмен иондардың әсерінен асқын тотықтар түзеді де үздіксіз тізбекті реакцияға түсіп, тотыға отырып ыдырайды. Бұның бәрі бос радикалдардың пайда болуы нәтижесінде әрі қарай ыдырау процестерінің тізбектеле жүруіне себеп болады.

Антиоксиданттар бос радикалдармен әрекеттесіп, өздері тұрақты бос радикалдарға айналады да тізбектеле өршіп, тотығу реакциясын тоқтатады не тежейді. Табиғи Антиоксиданттарға витаминдер, ал синтетикалық Антиоксиданттарға әртүрлі ароматты қосылыстар жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды

Қорытындылай келе, липидтер адам организмі үшін маңызды роль атқарады. Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді. Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Сейтембетов. Т.С, Төлеуов.Б.И, Сейтембетова.А.Ж, «Биологиялық химия» - Қарағанды. 2007ж.
  2. Тапбергенов.С.О «Медициналық биохимия» - Павлодар 2008ж.
  3. Николаев.А.Я «Биологическая химия» - М.2004г.
  4. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл- корр. РАН, проф. Северина.Е.С – М.,2005г
  5. Wikipedia.ru

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Адам ұлпаларының маңызды липидтері