Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 21:23, курсовая работа
Нағыз ерітінділер мөлдір келеді және ерітілген заттың бөліктері көп уақытқа дейін өзгерместен өз қасиетін сақтай алады. Тұз, қышқыл және сілті ерітінділері нағыз ерітіндіге мысал бола алады.
Коллоидты ерітінділер ішіндегі бөліктер көптеген молекулалардан тұрады. Бұл ерітіндінің сапасы еріген бөліктерінің ірілігіне байланысты болады. Бөлік іріліктері кіші болса, көп уақытқа дейін коллоидты ерітінді өз қасиетін бұзбайды. Зат бөліктерінің қандай мөлшерде ұсатылғанын дисперсиялық көрсеткіш дейді. Коллоидтық ерітінділер біраз уақыттан кейін өздерінің қасиетін жоя бастайды. Еріген зат тұнба болып шөгеді де, іркілдек масса тәрізденеді. Коллоидтық ерітінділерге сұйық тшыны, желатин, желім т.б. жатады.
Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім Бұрғылау ерітінділері туралы түсінік
1.1. Ерітінділердің түрлері......................................................................................5
1.2. Балшық ерітінділерін өңдеу............................................................................6
1.3. Балшық ерітіндісін дайындау..........................................................................9
ІІ Бөлім Балшық ерітіндісін дайындау
2.1. Балшық ерітіндісінің құрамы........................................................................11
2.2. Балшық ерітіндісінің өзгеріске ұшырауы....................................................13
2.3. Балшық ерітіндісінің параметрлерін анықтау.............................................15
2.4. Балшық ерітінділерін тазалау........................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................29
Балшық ерітіндісінің ішіндегі құм мөлшерін анықтау үшін тұндырғышқа көлемі 50 см3 балшық ерітіндісін және 450 см3 су құю керек. Тұндырғыш қақпағының көлемі 50 см3 – ге тең болғандықтан, балшық ерітіндісін тұндырғышқа осы қақпақпен құяды да, оның үстіне тұндырғыштың бүйіріндегі тесіктің деңгейіне жеткенше су құяды. Содан кейін тұндырғыштың қақпағын жауып, балшық ерітіндісі мен суды жақсылап араластыруы үшін тұндырғышты жылдамдатып шайқайды. Араластыру біткесін тұндырғышты тік ұстап тұрады да, мензуркадағы шкаладан бір минуттың ішінде көлемі қанша тұнба отырғанын анықтайды. Уақытты сағатпен немесе секунд есептегішпен анықтауға болады. Мензурканың шкаласы көрсеткен тұнба көлемінің санын екіге көбейтіп, ерітіндіде неше процент құм мөлшері бар екенін анықтайды. Оқылған санды екіге көбейтетін себебіміз – көлемі 100 см3 ерітіндінің ішінде құм мөлшерінің неше процент екенін білу. Қалыпты жағдайда балшық ерітіндісінің ішіндегі құм мөлшері 4 проценттен асып кетпеуі қажет.
Су беру.
Балшық ерітіндісінің ең
Балшық ерітіндісінің су беруі азайса, тау жыныстарының опырылуынан скважинада авария тумайды. Ерітіндінің су беру параметрін әр сменада бір рет тексеріп тұруы керек. Су берудің көрсеткіші ретінде 30 мин уақыт ішінде, көлмі 100 мл балшық ерітіндісінен ( 1 ат қысыммен қысқанда ) диаметрі 75 мм, ауданы 100 см2 қағаз сүзгіден көлемі қанша су сүзіліп шыққанын алады.
Су беру параметрін ВМ – ы. Бұл прибор негізгі төрт бөліктен тұрады: кронштейн мен тақта темір 8, қысым цилиндрі 2, сүзбе сауыт 5 және шкаласы бар салмақ 1.
ВМ – 6 приборының техникалық сипаттамасы
Өлшеу шегі ( сүзгісінің диаметрі 75 мм ) см3. . 40
Шкала бөліктерінің мөлшері, см3 . . . 1
Өлшемнің дұрыстығы, см3 . . . 0,5
Сүзу үшін жұмсалатын қысым, кг/см2 . . 1
Тексерілетін балшық ерітіндісінің көлемі, см3 . 120
Сүзбенің нақтылы диаметрі, мм . . 53
Таза салмағы, кг . . . . 7
ВМ – 6 приборының
құрастыруын балшық
Балшық ерітіндісінің
су беру параметрін өлшеу үшін
прибордың астындағы клапанды
жоғары көтеріп тұрған винтті 1
Балшық қабыршағының қалыңдығы. Су беруін өлшеп болғаннан кейін, ВМ – 6 приборын бөлектеп, оның ішіндегі қағаз сүзбенің бетіне отырған балшық қабыршағының қалыңдығын өлшейді. Қабыршақтың жұқа, тез келуі, ерітіндінің жақсы екенін көрсетеді. Қабыршақтың қалыңдығын өлшеуден бұрын оның бетін қысымсыз судың ағынымен шайып жібереді. Одан кейін қабыршақты қағаз сүзбеден айырып алып, шынының үстіне салады да, арнаулы аспаптың столына қояды. Бұл аспаптың арнайы инесімен қабыршақтың қалыңдығын өлшеді. Өлшеуді миллиметрлік бөліктері бар металдан жасалған сызғышпен де анықтайды. Колонкалы бұрғылауда және жерден су алу үшін бұрғылағанда қолданылатын балшық ерітіндісі қабыршағының қалыңдығы 3 мм – ден артық болмауы керек.
Коллоидтылық
және тәуліктік тұнба. Балшық
ерітіндісінің коллоидтылығы
Өлшеуді жүргізі үшін көлемі 100 см3 балшық ерітіндісін өлшеуіш цилиндрге құйып, бетін жауып, орнықты жерге 24 сағат қояды. Осы мерзімнен соң цилиндрдегі балшық ерітіндісінің үстіне жиналған мөлдір судың көлемін анықтайды. Мөлдір судың көлемі неше см3 болса, балшық ерітіндісінің тәулік тұнбасы сонша процент болады. Цилиндрдегі балшық ерітіндісінің күңгірт көлемі, ерітіндінің неше процент коллоидтылығының бар екенін көрсетеді. Қалыпты жағдайда ерітіндінің коллоидтылығы 96 проценттен кем болмауы керек. Тәулік тұнбаның мөлшері мұндай жағдайда 4 проценттен аспайды. Балшық ерітіндісінің коллоидтылығы мен тәулік тұнбасын көбінесе лабораторияда анықтайды.
Тұрақтылық. Балшық
ерітіндісінің тұрақтылығын
Ығысудың статикалық кернеуі. Бұл параметрді лабораторияда анықтайды. Ығысудың статикалық кернеуі деп балшық ерітіндісінің өз құрылымын бұзылудан сақтап қалуға жұмсайтын кедергі күшін, екінші сөзбен, қозғалмай тұрған балшық ерітіндісін орнынан қозғап ағызу үшін ( ығыстру үшін ) қандай күшпен әсер ету керек екенін анықтайды. Егер балшық ерітіндісін ығыстыруға яғни орнынан жылжытуға ерітіндінің ішіндегі бұрғылау ұнтақтарының қүші жетпесе, мұндай ерітіндіні сапалы ерітінді деп атайды.Сапалы ерітіндінің ішіндегі бұрғылау ұнтақтары төмен қарай батпай, бі қалыпта көпке дейін қалықтап тұра береді. Әйткенмен ерітінді ығысуының бастама күші ұнтақтардың жер бетіндегі тұндырғыштарда тұнуына кедергі жасамауы керек, басқаша айтьқанда, ұнтақтардың тұндырғышита бату күшінен кем болмауы қажет.Балшық ерітіндісінң ығысудың статикалық кернеуіне қарсы қандай күшпен кедергі жасайтынын анықтау үшін СНС – 2 приборын қолданады.
Бұл прибор мына бөлшектерден тұрады: ішкі цилиндр 3, серпімдіоігі күшті болат сым 1, шкалалы лимб 5, сыртқы цилиндр 9, көрсеткіш 12, электр моторы 10, тіреу 6, тақта темір 7 және теңестіргіш винт 8.
Анықтаманы мына жолмен жүргізеді. Сыртқы цилиндрдің ішіне ішкі цилиндрдің жоғарғы бетімен бірдей етіп балшық ерітіндісін құяды. Содан 1 мин уақыт өткенше приборға тимейді, себебі бұл уақытта балшық еріңтіндісі мен прибор бөлшектері қозғалуларын тоқтатып тынышталады. Уақыт өткени соң электр моторын жібереді, бұл мотор бір минуттың ішінде бір рет айналады. Электр моторымен қоса-қабат сыртқы цилиндрде айналады. Айналу кезінде ішкі цилиндр аздап кейінірек қалуы мүмкін. Болат сымның есілуге қарсы жұмсаған балшық ерітіндісі мен ішкі цилиндр арасындағы үйкеліс күшіне теңелгенде, ішкі цилиндрдің айналуы тоқтап, ол кері айналады. Осы мезгілде тіреудегі көрсеткіш арқылы шкалалы лимбтен ішкі цилиндрдің балшық ерітіндісімен бірге неше градусқа дейін айналғанын анықтайды. Содан кейін прибордың паспортынан болат сымның 10 – қа айналғанда, есілуге қарсы қанша күш жұмсайтындығын біледі.Оны сымның нөміріне байланысты алады. Бұл санды барлық айналған градус санына көбейтіп, көрсеткіштің мөлшеріне көбейтіп, көрсеткіштің мөлшерін мг/см2 есебіне айналдырады. Осындай анықтаманы 10 минут өткеннен кейін де екінші рет жасайды. Егер екі рет өлшегенде анықталған көрсеткіштің мәні бірдей болса, онда осы көрсеткішті ығысудың статикалық кернеуіне балшық ерітіндісінің қарсы жұмсалған кедергісінің мөлшері деп түсінеді. Қалыпты жағдайда ол 10 мг/см2 – ден түспеуі керек.
2.4. Балшық ерітінділерін тазалау
Бұрғылау
процесінде балшық
Скважинадан шыққан
сұйықтың ішіндегі жыныс
Науаны металдан, ағаштан немесе жерден қазып істеуге болады. Науаның көлденең өлшемі 30 см, биіктігі 20 см, ал ұзындығы 15 – 20 м – ден кем түспеуі керек.
Балшық ерітіндісі науа жүйесімен жылдам ақса, яғни ағын жылдамдығы секундына 14 – 18 см – дей болса, науа жүйесінде ұнтақтар жақсы тұнады. Мұның себебі: жылдам аққанда ерітіндінің құрылымы жақсы бұзылады және оның ұнтақтарды көтеріп әкету қабілеті азаяды. Осыған байланысты, науа жүйесінің көлбеулігін 1 : 100 – ден 1 : 150 – ге қатынасындай мөлшерде алу керек. Науа жүйесінің бойында балшық ерітндісінң құрылымын бұзып тұратын тосқауылдар орнатып қояды. Олардың ара қашықтығын 1 – ден 2 м – ге дейін алған абзал.
Сұйық ағатын
науа жүйесінде жерден
Егер балшық
ерітіндісін құрамындағы
Гидроциклон
қондырғысымен тазалау үшін
Тазаланған ерітінді
шығатын құбыр мен ажыратылған
ұнтақтар түсетін қондырма
Информация о работе Бұрғылау ерітінділері. Балшық ерітінділері