Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 21:23, курсовая работа
Нағыз ерітінділер мөлдір келеді және ерітілген заттың бөліктері көп уақытқа дейін өзгерместен өз қасиетін сақтай алады. Тұз, қышқыл және сілті ерітінділері нағыз ерітіндіге мысал бола алады.
Коллоидты ерітінділер ішіндегі бөліктер көптеген молекулалардан тұрады. Бұл ерітіндінің сапасы еріген бөліктерінің ірілігіне байланысты болады. Бөлік іріліктері кіші болса, көп уақытқа дейін коллоидты ерітінді өз қасиетін бұзбайды. Зат бөліктерінің қандай мөлшерде ұсатылғанын дисперсиялық көрсеткіш дейді. Коллоидтық ерітінділер біраз уақыттан кейін өздерінің қасиетін жоя бастайды. Еріген зат тұнба болып шөгеді де, іркілдек масса тәрізденеді. Коллоидтық ерітінділерге сұйық тшыны, желатин, желім т.б. жатады.
Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім Бұрғылау ерітінділері туралы түсінік
1.1. Ерітінділердің түрлері......................................................................................5
1.2. Балшық ерітінділерін өңдеу............................................................................6
1.3. Балшық ерітіндісін дайындау..........................................................................9
ІІ Бөлім Балшық ерітіндісін дайындау
2.1. Балшық ерітіндісінің құрамы........................................................................11
2.2. Балшық ерітіндісінің өзгеріске ұшырауы....................................................13
2.3. Балшық ерітіндісінің параметрлерін анықтау.............................................15
2.4. Балшық ерітінділерін тазалау........................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................29
Балшық ерітінділерін
бұрғылау ұнтақтарынан тазалау
үшін дірілдеуік елеуішті
Қорытынды
Бұл курстық жобаның тақырыбы «Балшық ерітіндісін дайындау». Жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде бұрғылау ерітінділері туралы түсінік берілген. Яғни, ерітінділердің түрлері оларды қолдану, балшық ерітінділерін өңдеу балшық ерітіндісін дайындау жұмыстары толығымен қамтылды.
Бір заттың ішінде екінші заттың біркелкі таралып кетуін ерітінді дейді. Еріткіш заттың ішіндегі еріген зат бөліктерінің іріліктеріне қарай, ерітінділер нағыз, коллоидты және суспензиялы болып бөлінеді.
Нағыз ерітінділер мөлдір келеді және ерітілген заттың бөліктері көп уақытқа дейін өзгерместен өз қасиетін сақтай алады. Тұз, қышқыл және сілті ерітінділері нағыз ерітіндіге мысал бола алады.
Коллоидты ерітінділер ішіндегі бөліктер көптеген молекулалардан тұрады. Бұл ерітіндінің сапасы еріген бөліктерінің ірілігіне байланысты болады. Бөлік іріліктері кіші болса, көп уақытқа дейін коллоидты ерітінді өз қасиетін бұзбайды. Зат бөліктерінің қандай мөлшерде ұсатылғанын дисперсиялық көрсеткіш дейді. Коллоидтық ерітінділер біраз уақыттан кейін өздерінің қасиетін жоя бастайды. Еріген зат тұнба болып шөгеді де, іркілдек масса тәрізденеді. Коллоидтық ерітінділерге сұйық тшыны, желатин, желім т.б. жатады.
Екінші бөлімде балшық ерітіндісін дайындау жұмыстары. Соның ішінде балшық ерітіндісінің құрамы, балшық ерітіндісінің өзгеріске ұшырауы және балшық ерітіндісінің параметрлерін анықтау жұмыстары қамтылған. Балшық ерітінділерін тазалау әдістері жазылған.
Балшық ерітіндісін дайындауға жарайтын балшықтың құрамында ірілігі 0,1 мм-ден жоғарырақ құмды бөліктер 6 проценттен артық болмауы, 0,05 мм-ден ірірек бөліктер 12 проценттен кем түсуі, ал, 0,0001 мм-ден ұсақ негізгі балшық ерітіндісін құрайтын бөліктер 40-50 проценттен аз келмеуі қажет. Балшық құрамында тұзды қосындылар көп болмаса, оны балшық ерітіндісін дайындауға жарайтын және сапалы балшық деп санайды.
Балшық ерітіндісін дайндайтын судың сапасы жоғары болуы керек. Егер әр түрлі суда құрамы бірдей балшықтан ерітінді жасалса, сапалы ерітінді тұзы жоқ тұщы судан шығады.Теңіз суынан жасалған балшық ерітінділерінің сапалары төмен болады. Себебі, теңіз суындағы тұздардың әсерінен балшық бөліктері коагуляцияланады. Басқаша айтқанда, қатайған ірімтіктер пайда болып, ерітінді түбіне тұна бастайды.
Қоршаушы жыныс пластарының және скважинаға жіберілген балшық ерітіндісінің қысымдары әр түрлі болады. Сол себепті балшық ерітіндісі скважина қабырғасындағы қуыстар мен жарықшақтарға кіріп кетеді. Балшық ерітіндісі коллоидты- суспензиялы жүйе, сондықтан оның құрамында іріліктері, яғни дисперсиялық дәрежелері әр түрлі балшық бөліктері бар екенін айтып өткенбіз. Балшықтың ұсақ бөліктері, үлкендеріне қарағанда, жарықшақтарға тереңірек кіреді, ал ірілері скважина бетінде іркіліп қалады. Егер ерітінді ішіндегі коллоидты ұсақ бөліктер аз болса, сумен бірге жарықшақтар мен қуыстарға балшықтың ірі бөліктері кіріп кетеді. Барып тоқтағаннан кейін ол өз ірілігіндей бөліктердің өтуіне жол бермейді. Сондықтан жарықшаққа су ғана өте алады. Мұндай жағдайда скважина қабырғасында қалың,іркілдек қабыршақ пайда болады. Бұл берік қабыршақ емес, себебі, ол балшықтың ірі бөліктерінен жасалған және бөліктердің аралығы сумен толтырылғын.
1. Шишкин Г.В. Справочник по проектированию нефтебаз- М:Недра, 1978
Информация о работе Бұрғылау ерітінділері. Балшық ерітінділері