Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 17:30, реферат
Лантаноидтар химиялық активті, олар берік оксидтер, галогенидтер, сульфидтер түзеді; сутек, көміртек, азот және фосформен әрекеттеседі. Суды ыдыратады, тұз, күкірт және азот қышқылдарында ериді. Лантаноидтар нашар еритін тұздардың қорғағыш қабықшасымен жабылғандықтан тұрақты болып келеді. Органикалық қосылыстармен кешенді қосылыстар түзеді. Барлық Лантаноитарды олардың тұзды балқымаларындағы қосылыстарын электролиздеу арқылы алуға болады. Механикалық коррозияға тұрақтылығын, ыстыққа төзімділігін арттыру үшін Лантаноидтарды болат, шойын, т.б. құймаларға қоспа ретінде, шынылардың арнайы түрлерін алу үшін, атом техникасында, т.б. қолданады. Лантаноидтар қосылыстарын лактар дайындау, радиоэлектроникада катодтар жасау үшін, тері, мақта-мата өнеркәсібінде, т.б. мақсаттарда пайдаланылады.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Лантаноидтардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы
2. Лантаноидтардың табиғата таралуы және алынуы.
3. Лантаноидтардың физико – химиялық қасиеттері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет
Гадолиний - Гадолиний жай зат түріңде күмістей ақ түсті металл, болат, титан, магнийді летирлеуде, атомдық реакторлардың реттеуші өзектері үшін аса маңызды материал ретінде қолданылады.(9)
Тербий (лат. Terbіum) - күмістей жылтыр ақ металл, тығызд. 8,272 г/см3, балқу t 1450оС. (10)
Гольмий, Гольмий үш валентті түрлі қосылыстар түзеді, қосылыстары парамагнитті. Оның радиоактивті изотопы (166Но) аналит. химияда радиоактивті индикатор ретінде, өнеркәсіпте арнайы шыны жасау үшін, т.б. қолданылады. (11)
Эрбий (Erbіum) – металл, тығызд. 9,062 г/см3, балқу t 1475 – 1525оС, қайнау t 2390оС, қосылыстарында үш валентті. Эрбий тотығы Er2O3 және тұздары ашық қызғылт түсті. Жерде сирек кездесетін элементтер минералдарының құрамында көп болуына қарамастан, Эрбийді ол қоспалардан тазарту өте қиын. Эрбий темір, кобальт, никельдің магнитті құймаларын алу үшін және боялған шыны өндірісінде қолданылады. (12)
Иттербий (Ytterbyum) - тығыздығы 6,98 г/см3; балқу t 8210С; қайнау t 12110С. Жұмсақ, күмістей ақ түсті металл. Белгілі изотоптарының саны – 27. Иттербийді 1878 швед. химигі ЖЫЛЫМариньяк ашқан. Иттербийді атауы, сондай-ақ итрий, тербий, эрбий элементтерінің атаулары Швецияның Иттербю қаласының маңынан табылған иттербит (гадолинит) минералы атауына байланысты қойылған. Электрвакуумдық аспаптарда газсіңіргіш материал ретінде, радиоэлектроникада қолданылатын кристаллофосфор люминофор жасау үшін және арнайы қорытпа ретінде пайдаланылады. (13)
Қорытынды
Лантаноидтар – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобында орналасқан элементтер жиынтығы. Сирек жер элементтері тобына кіреді. Лантаноидтар табиғатта өте сирек кездеседі. Олардың жер бетіндегі жалпы мөлшері салмағы бойынша 0,004 пайыз. Лантаноидтардың физикалық және химиялық қасиеттері ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен бөліп алу өте қиын. Лантаноидтар химиялық активті, олар берік оксидтер, галогенидтер, сульфидтер түзеді; сутек, көміртек, азот және фосформен әрекеттеседі. Органикалық қосылыстармен кешенді қосылыстар түзеді. Механикалық коррозияға тұрақтылығын, ыстыққа төзімділігін арттыру үшін Лантаноидтарды болат, шойын, т.б. құймаларға қоспа ретінде, шынылардың арнайы түрлерін алу үшін, атом техникасында, т.б. қолданады. Лантаноидтар қосылыстарын лактар дайындау, радиоэлектроникада катодтар жасау үшін, тері, мақта-мата өнеркәсібінде, т.б. мақсаттарда пайдаланылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Металлдар және бейметаллдар химиясы пәні бойынша тақырыбы: Лантаноидтар